Шымкентте газ құбырындағы апаттың жай-жапсары белгілі болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Pixabay.com

"ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ қоғаммен байланыс бөлімінің ақпаратына қарағанда, 3 ақпанда “ҚазТрансГаз Аймақ” АҚ апаттық-диспетчерлік қызметіне Шымкент қаласының Мәртөбе шағын ауданындағы Ақдала көшесінде газдың иісі шығып жатқаны туралы хабарлама келіп түскен.

“Диаметрі 325 мм жоғары қысымды жерасты газ құбырында газдың ауаға тарап жатқаны анықталды (газ құбыры 1970 жылдары пайдалануға берілген). Қауіпсіздік мақсатында және Апатты жою үшін жеке сектордың 1 450 тұтынушысы, 7 өнеркәсіптік кәсіпорын және  12 коммуналдық-тұрмыстық объекті газдан шұғыл жүйесінен ажыратылды”, – деп мәлімдеді “ҚазТрансГаз Аймақ” АҚ.

Апатты жағдайды жоюға және газды қайта қосу жұмыстарына “ҚазТрансГаз Аймақ” АҚ ШӨФ, “Шымкент” МГҚ “Интергаз Орталық Азия” АҚ және “ҚазТрансГаз Өнімдері” ЖШС тарапынан 40 адам, сондай-ақ 5 арнайы техника жұмылдырылғаны айтылады.

  • Көлігін берешегін толық төлеген соң алады: Шымкентте 33 миллион теңге қарызы бар жүргізуші анықталды
  • Шымкентте ер адам қыз алып қашқаны үшін 12 жылға сотталу алдында тұр

“Айта кетейік, газ құбырындағы бұл жағдай жақында болған жер сілкінісі салдарынан пайда болды. Бұған дейін де осындай жағдай Қайнар ауылының маңындағы орта қысымды жерасты газ құбырында тіркелген болатын”, – деп қосты “ҚазТрансГаз Аймақ”.

Өз кезегінде “ҚазТрансГаз Аймақ” АҚ, “Интергаз Орталық Азия” АҚ және “ҚазТрансГаз Өнімдері” ЖШС-мен бірлесіп өткен жер сілкінісінен кейін 23 қаңтардан бастап қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін күн сайын газ құбырларын тексеріп келетінін жеткізді. Бұл жұмыстар үшін  “ДЛС-Пергам” мобильді зертханасы қолданылады.

Бұған дейін Газ құбырында болған апат салдарынан Шымкент тұрғындары газсыз қалғаны хабарланған. Мәртөбе елді мекенінде жоғары қысымды газ құбырынан газ шығыны анықталып, апат салдарынан 1500 жеке тұтынушы мен 7 кәсіпорынға газ беру тоқтатылған. 


Автор: Ербол Нурланов

Ербол — талантливый фотограф, зафиксировавший красоту природы и городской жизни Казахстана. Его работы придают нашим материалам визуальное великолепие.