Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Еламан Шертаев UFC тұжырымының экс-чемпионы Чарльз Оливейраның жаттықтырушысы Алиреза Ноеймен жекпе-жек өткізеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Prosports.kz

Еламан Шертаев 24 ақпан күні өтетін Naiza 57 турнирінде UFС лигасының жеңіл салмақтағы экс-чемпионы Чарльз Оливейраның еркін күрестен бапкері Алиреза Ноеймен жұдырықтасады. Алматыда өтетін турнирде қос спортшы жартылай жеңіл салмақта (66 келі) өнер көрсетеді.

Екі спортшы да шаршы алаңда 11 жекпе-жек өткізіп, 9 кездесуде жеңіп, 2 рет ұтылған.

Айта кетейік, Naiza 57 турнирінің басты жекпе-жегінде UFC-дің экс-жауынгері Жалғас Жұмағұлов төбелеседі.


Автор: Даулет Байгонусов

Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.