“Air Astana” компаниясының акцияларын сату 14-15 ақпанда басталады. Сондай-ақ компания IPO-ға шығу кезінде акцияға шаққандағы ұсыныстың шамамен баға диапазонын атады. Бұл туралы өткен брифингте әуе компанияның басшысы Питер Фостер мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

“Air Astana” ресми сайты

Әуе компания өкілінің сөзінше, IPO бойынша роуд-шоу бүгін яғни, 29 қаңтарда басталған. Сол себепті инвесторлардың қазірден бастап өтініш жолдауына болады. 

“Шартсыз сауда 14-15 ақпанда басталады деп күтілуде. Ал өтініштер бүгіннен бастап қабылданады”, – деді Фостер журналистердің сауалына жауап беріп.

Бұған дейін “Air Astana” АҚ жоспарланған IPO ұсынысының баға диапазонын жариялаған. Бағалы қағаздарды бастапқы орналастыру (IPO) үшін болжамды баға диапазоны бір ГДР (әлемдік депозитарлық қолхат) үшін 8,5 доллардан 11 долларға дейін және бір акция үшін 2,13 (965 теңге) доллардан 2,75 долларға (1 237 теңге) дейін белгіленген.

Соңғы баға теңгемен белгіленеді, инвесторлардың KASE және AIX акцияларына өтінімдері де теңгемен берілуі тиіс екені хабарланған. 

IPO-да “Air Astana” АҚ шамамен $300 млн тартуды жоспарлап отыр, оның 120 млн-ға жуығын компаниялар арқылы табады. Осылайша компанияның күтілетін нарықтық капитализациясы 770 миллион доллардан 962 миллион долларға артады. Бүгін компания 8 ақпанға дейін жалғасатын өтінімдерді қабылдауды бастады.


Автор: Даулет Байгонусов

Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.