«Протон» деген сґзді естісе, ќазац баласы їйќыдан шошып оянардай болган еді



Дата24.04.2019
өлшемі164.5 Kb.
#113616

Қанатұлы Б

Гептил енді шығыста «жауа ма»?/Б.Қанатұлы // ? [Б. Қанатұлы // Нұр Астана. - 2008. - 17 шілде (№29), - 6 бет
«Протон» деген сөзді естісе, қазақ баласы ұйқыдан шошып оянардай болған еді. Бірақ жеріміздің ұзақ жыл сынақ алаңына айналғанынан ба, радиацияға әбден бойы үйреніп алғандай тым самарқау. Бұлай деуіміздің себебі бар. Солтүстіктегі көршіміз-Ресейді әскери, ғылыми және басқа да мақсаттардағы сан түрлі жер серіктерін аспанға шығар үшін қолданып жүрген бұл зымыран тасығышы соңғы жылдары Жезқазған даласын қайта-қайта құлап, оның қалдықтары мен гептил деп аталатын улы отыны арқа төсін жайыла тарап, елдің зәресін алған. Әйтсе де, Ресей ғарыш агенттігінің мамандары осындай әр келеңсіз оқшадан соң «мұның ешқандай зияны жоқ, жерге бір тамшы да гептил тамбайды» деген уәж айтудан жалықпады...

Әрине, Қазақстан мен Ресей арасындағы келісімге сәйкес, ғарыш саласында атқарылатын шаралар жетіп артылады. Бірақ, Ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы, ғарышкер Талғат Мұсабаевтың «Біздің жерімізде әлемде теңдесі жоқ бірегей ғарыш айлағы орналасқанына қарамастан, Қазақстан ешқашан іс жүзінде космонавтикамен айналысқан жоқ. Бір ғана спутниктің ұшырылуымен ғарыштық держава бола алмадық. Тәуелсіздік алған 16 жылда бұл салада табысқа жетпегенімізді мойындау керек» деуінде үлкен мән жатыр. Үлкен жетістік ретінде бағаланған алғашқы спутник Каzsat-тың өзі жерден басқаруға көнбей, қолдан шығып тұр. Тамыз айының 26-сы мен қазанның 16-сы аралығында спутник орбитаның көлеңкелі тұсында болады. Одан кейін ғалымдар басқаруды ретке келтіру үшін бірнеше арнаулы іс-шараны қолданады. Сонда бұрынғы қалыпқа келмесе Каzзаt-тың жағдайы мүшкіл болуы ықтимал. Екі жақты келісімге сәйкес, мұндай қиын кезде спутникті Ресейдің «Сколково» ұшуды басқару орталығы өз қолына алады екен. Бүкіл техникалық құжаттар да Ресейде сақтаулы. Ал біздің мамандар спутникті заңды тұрғыда да, моральдық тұрғыда да басқара алмайды. Міне, мәселе қайда жатыр?

Жеті қат көктен Жөзқазған даласына құлайтын зымыран тасығыштардың қалдықтары енді Шығыс Қазақстан облысының Күршім ауданы аумағына да «жауатын» болды. Бұл туралы Ресей ғарыш саласы ведомоствосының бір топ мамандары жергілікті халықпен кездесуде айтты. Ресейдің М.В. Хруничев атындағы ғарыштық ғылыми-зерттеу орталығы «Протон М» зымыран тасығышының жаңа трассасын негіздеп жасаған екен. Сол бойынша, «Протон» қалдықтары Күршім ауданындағы алты бірдей шаруа қожалығына қарасты кең алқапқа түсетіндей етіп есептелген. Ресейлік мамандардың жағдайды түсіндіріп, елдің ешқандай алаңдамауын өтініп жүргендері осы жағдай. Ал, бұған не дерсің? Тақыр ауылының тұрғындарын қулайтын ғарыш аппараттарының калдықтарынан гөрі, күнделікі тұрмыс-тіршіліктеріне қатысты мәселелер көбірек мазалайтын болып шықты.

Ресей ғарыш орталығының экологиялық қауіпсіздік жөніндегі қызметінің басшысы Виктор Борисенконың айтуына қарағанда, зымыран отыны адамдар мен жануарлар денесіне тікелей тигенде ғана зиянын тигізеді. Ал «Протоннның екінші сатысы қулаған кезде жерге бір тамшы да гептил тамбайтын көрінеді. Осы кезде зымырандағы қалдық отын - 300 литр гептил 20 шақырымдық биіктікте жанып кетеді.

Күршім жұртшылығымөн кездөсуде тағы бір Ресей маманы - Ұшу трассасын қамтамасыз ету жөніңдегі қызмет жетекшісі Олег Роспин:

«Жаңа трасса екі жылдан бері жан-жақты негізделді. Нәтижесінде Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік өңірі таңдалып алынды» - дейді. Оның айтуына қарағанда, жергілікті тұрғындар алдын ала ескертіліп, шаруа қожалықтарындағы адамдар зияны тимеу үшін» уақытша көшірілуі де мүмкін.

Онсыз да көдедей көп полигоннан көз ашпаған еліміздің бұған дейін мұңдай зұлматтан ада болып келген, экологиялық ахуалы таза тағы бір пұшпағы көпе-көрнеу қасірет тырнағынаі ілінгелі тұр. Ғарышты Ресеймен бірігіп зерттеген дұрыс шығар, бірақ жерімізге зияны тимейтіндей жағдай қалыптастыру керектігін неге ұмыта береміз?

Ресей зымыран тасығығыштарының қалдықтары құлайтын жерді алдын ала анықтап, халықты құлағдар етуге келген топтың ішінде ғарыш орталығының жергілікті тұрғындар қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі бөлімінің меңгерушісі Владимир Урязов пен «Бәйтерек» Қазақстан-Ресей бірлескен кәсіпорны акционерлік қоғамының бас маманы Идирис Баринов та болды. Екі ел үкіметтерінің келісімімен дүниеге келген зымыран трассасының траекториясына сәйкес енді Өскеменде арнаулы топ құрылғанын Урязов баяндап берді. Яғни, 45 адамнан тұратын топ «Протон» қалдықтары құлаған жерде экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, зымыранның фрагменттерін алып кетеді. Әйтпесе, зымыран қалдықтарының біздің қазекең мал қорасы мен үй қорғандарын жасау үшін арбасына салып алып кететін жағдайлар жиі кездеседі. Сондықтан да ...





Сондықганда ел алаңдамасын деген емеуірін бұлардың қай-қайсысынан да сезіліп тұр. Спутниктердің жүк көтеру мүмкіндігінің ұлғаюына байланысты зымыран трассасының езгергенін абден түсіндірген ресейлік мамандар гептилге келгенде тақырыптан ауытқи сөйлейді. Олар аса улы зымыран отынының зияндылығын Күршім даласына зымыранның тек кейбір фрагменттері ғана түсетінін айту арқылы жоққа шығарғысы келеді. Сөйтіп отырып, жаңа ұшу трассасы 2009 жылы коммерциялық және федеральды ұшу базасына айналатынын айтады. Бұл трассамен 2020 жылға дейін Қазақстан 12 ғарыш аппаратын ұшырады. : Академик Михаил Паниннің дерегіне қарағанда, еліміздің радиоэкологиялық жағдайы таң қаларлықтай күрделі. Мәселен, Қазақстанның 350 мың шаршы шақырым аумағы, яғни, барлық жерінің 13 пайызы радиациялық қауіпті нысандар қатарына жатады. Жоғары радиоктивті аудандарда 1 миллионнан астам адам тұрып жатыр. Енді бұл қатарға Алтайдың табиғаты сұлу сауырына жалғасатын Күршім даласы қосылуы әбден мүмкін. Жаңадан қалыптастырылған зымыран ұшыру траекториясы арқылы қанша ғарыш аппараттары шырқау көкке көтеріледі. Солардың әрқайсысынан зымыран фрагменттері түсіп, гептил төгіліп отырса, қоршаған ортаның қандай жағдайда болатыны айтпаса да түсінікті. Ресейлік мамандардың жергілікті ел-жұртты зымыран қалдықтарына қалыпты жағдай ретінде қарауға үгіттеуі жай ғана алдаусыратқан әрекет демеске лажың жоқ. Себебі, болары болып, бояуы сіңіп қойған. Осы шілде айында бұл өңір гептилді «Протон»-ның құлаған фрагменттерін көріп қалатын сияқты. Өйткені, атышулы зымыран арқылы «Байқоңырдан» кезекті ғарыш аппарат ұшырылуы нақты жоспарланған.
Каталог: download -> DBases -> Ecology of the CK -> Files
Files -> Адамныњ аѓзасы жања климаттыќ-географиялыќ ортаѓа мањызды организм ќызметтерініњ ж±мысын ќайта ќ±ру арќылы бейімделеді
Files -> Балқаш аллбүғасы Табиғи түрде өсіп-өнуі мүлде азайып барады. Бұ л түрі «Қызыл кітапқа»
Files -> Орманды күте білейік: Табиғат байлық көзі/Т. Тоқметов // Орталық Қазақстан. 2001. 27 қазан
Files -> Єбдірахманов, О
Files -> Балқаш көлі бүкіл жер шарындағы аса ірі көлдердің қатарына жатады. Бүл су қоймасы біздің респүбликамыздың аса ауқымды аймағындағы экологиялық жүйенің барлық түрін
Files -> Ақпамбетова, К. М
Files -> СарыарќА Ґзендерініѕ орогидрографиялыќ жаєдайы
Files -> Айтуѓанова З
Files -> Талжанов, С. А. Орталық Қазақстан жайылымды жер ресурстарының экологиялық мәселелері және оны шешу жолдары [Текст] / С. А. Талжанов // Әрқилы биологиялық деңгейдегі физиологиялық бейімделуі және санокреатиологияның өзекті мәселелері
Files -> Әбдіраш, Ә. Қоршаған ортаға қамқорлық / Ә.Әбдріраш // Орталық Қазақстан. – 007. – маусым (№86)


Достарыңызбен бөлісу:




©kzref.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет