Өскемен қалалық қорғаныс істері басқармасының басшысы пара алды деген күдікке ілінді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: ortcom.kz

ШҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Өскемен қалалық қорғаныс істері департаментінің кадрлық қамтамасыз ету бөлімінің бастығына қатысты сотқа дейінгі тергеудің аяқталғанын хабарлады.

"Ол Қазақстан азаматтарынан мерзімді әскери қызметтен кейінге қалдыру үшін бірнеше рет пара алды деген күдікке ілінді. Қазіргі уақытта қылмыстық іс сотқа жіберілді", — деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ресми өкілі Арман Тілеуқанов.

Айта кетейік, бұған дейін 2024 жылы әскерге үш мың азамат шақырылатыны туралы жазған едік.  Еліміздің Қорғаныс министрлігі "Әскери қызметке міндеттілерді 2024 жылға әскери дайындыққа шақыру туралы" бұйрық дайындады. 

Бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығына жүктелген.

Бұйрық жобасы 23 қаңтарға дейін қоғамдық талқылау үшін "Ашық НҚА" сайтында орналастырылды.

Еске сала кетейік, 2023 жылы Қорғаныс министрлігі 1 500 қазақстандықты әскери дайындыққа шақырды.


Автор: Даулет Байгонусов

Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.