Өз әйелін өлтірді деген айыппен сотқа тартылған Қуандық Бишімбаевтың адвокаты Ерлан Ғазымжанов судьяны ауыстыруды талап етті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Тікелей эфирден скриншот

Қазір Ғазымжанов сот залында Бишімбаевтың жалғыз қорғаушысы болып отыр. Назкен Құсайынова мен Ләйлә Рамазанова сот процесіне кешіккендіктен, судья Айжан Құлбаева олардың сот отырысына үзілістен кейін ғана қатыса алатындарын айтты.

Судья сотқа шақырылмаған куәгерлердің айғақтарын оқуға рұқсат берді. Ерлан Ғазымжанов мұның заңсыз екенін айтты. Сол үшін Қуандық Бишімбаевтың адвокатына судья Айжан Құлбаева сот процесіне қатысушыларды адастырғаны үшін ескерту жасады. Осыдан кейін енді қорғаушылар судьяны ауыстыруды сұрап отыр. 

Алқабилер сот залынан шығарылып, сот процесінің тікелей эфирі тоқтатылды.

Еске салайық, Бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді деген күдікпен ұсталған. Кейіннен қылмысты жасырды деген айыппен Салтанат Нүкенова көз жұмған мейрамхананың директоры да тұтқындалды.


Автор: Ербол Нурланов

Ербол — талантливый фотограф, зафиксировавший красоту природы и городской жизни Казахстана. Его работы придают нашим материалам визуальное великолепие.