«психологиядағы психобиографиялық Әдістер» ПӘні бойынша


Өзін тексеруге арналған сұрақтар



жүктеу 1.13 Mb.
бет3/5
Дата01.09.2018
өлшемі1.13 Mb.
1   2   3   4   5

Өзін тексеруге арналған сұрақтар:

Проблеманы анықтау.

2.Гипотезаны ұсыну.Гипотезаны тексеруді жүзеге асыру.

3.Нәтижені тексеруді интерпретациялау.

4. Психологиялық зерттеу жұмыстарының этаптарын талдау

Әдебиет:


  1. Брызгалова С.И. Введение в научно-педагогическое исследование. Изд. Калининградского государственного университета, 2003

  2. Борытко Н.М., Моложавенко А.В., Соловцова И.А. Методология и методы психолого-педагогических исследований. – М., «Академия», 2008

  3. Волков Б.С., Волкова Н.В., Губанов А.В. Методология и методы психологического исследования: Учебное пособие для вузов. – М.: Академический Проект; Фонд «Мир», 2005.

  4. Образцов П. И. Методы и методология психолого-педагогического исследования. — СПб.: Питер, 2004.



Тақырып 7: Тұлғаның өмірлік жолда дамуының психологиялық механизімдері. Өмірлік таңдау. Биографиялық ойлау. Әлеуметтік ойлаудың келтірілеген өзіндік түрлері

Мақсаты: Студенттерді ғылым талабына сай ғылыми зерттеу жұмыстарын безендендіру тәртібімен таныстыру Ғылыми зерттеулердің әртүрлі формаларына білім беру: ғылыми баяндама, ғылыми статья, тезистер. Өздік жұмыс дағдыларын ғылыми әдібиеттермен бекіту.
Тұлғаның өмірлік жолда дамуының психологиялық механизімдері.

Өмірлік таңдау

Алдыңғы тарауларда біз тұлғаның дамуын оның барлық өмілік ауқымында қарастырдық.Бірақ көрінбейтін тұлғалық өзгерістері тұлғаның психикалық білімі бұзылған немесе нығайған кезде күнделікті жүреді. Тұлға құрылымының «құрылыс материалы» болып , тұлғаның барлық іс-әрекеті мен мінез-құлқына сонымен қатар , оның өмірлік жолында өмірлік іс-әрекетіне қызмет ететін, психологиялық процесстер болып табылады. Тұлға қасиеттерінде процесстердің қарым-қатынас арқылы өтуі теориясын С.Л.Рубинштейн белгілеген. Мотивтер қорытындысы мінез бітістерінің тұрақты көрінуіне, әрекеттер қорытындысы – қабілетке әкеледі (1).

Психикалық процесстердің көкейкестілігі, олардың мазмұны мен бағыттылығы өмірлік жағдайлар сипаты мен құрылымы , сонымен қатар, тұлғаның құрылымы мен мінезіне байланысты болады. Алайда, өмірлік жол контексінде психикалық процесстер жаңа формаға еніп, «не үшін және қалай өмір сүреді? » тақырыбында экзистенционалды қобалжулар дәрежесіне дейін жетеді. Сонда қабылдау пайымдау сапасын иеленіп, ес еске түсіруге, ойлау- толғанысқа, ой- ойлауға, эмоциялар- эстетикалық, этикалық және интеллектуалды қобалжуларға айналады. Осының барлығы тұлғаның ішкі өмірін, оның субьективті әлемінің феноменологиялық суретін құрайды.

Ішкі өмірлік белсендіру тағдырлық және тұлғалық-дамытушы мағынаға ие болатын ерекше жағдайда болады. Ол жағдайлар немесе оларға деген қажеттілктің болуы арқылы шақырылады. Ол үшін адам жағдайды оған адрестелген , оны іштей ақыл-ой арқылы жоспарлап, кейін амалын шешетін өмірлік мәселе ретінде қабылдау керек. Нақтыланған құндылықтарды бекітуге бағытталған, өмірлік маңызды сұрақтардың шешімдерін қабылдап, оларды іске асыру , осылайша өмірлік таңдау іске асады.

Адамның өмірлік жолындағы мәселесі

Қазіргі адамдардың өмірі бұрынғыдан қарағанда, тез өзгеретін жағдайлар арқылы өтіп жатыр. Саяси құрылыстар, әлеуметтік құрылымдар, заңдылықтар, қоғам идеологиясы өзгеріп, жаңа техникалар ал онымен қатар, жаңа мамандықтар, еңбек , қарым-қатынас , адамдардың демалысы үшін жаңа мүмкіндіктер шығады. Қоғам тұлғаға жиі кездесетін оның өзіндік ұмтылысы мен қабілеттеріне жиі қайшы келетін алуан түрлі талаптар қояды. Бұл тұлғаның өмірлік жолындағы имманенттік (имманентную) мәселені білдіреді, яғни ол тез тарихи-әлеуметтік немесе апат жағдайларының қайта құрылуы кезінде көтерілетін деңгей.

Расыменде, нақты тариғи жағдайлар, оладың қатысушылары мен куәгерлері болатын адамдардың дамуы мен өмірлік бөлінуіне қатысады. Әрине, тарихи тектен шыққан өмірлік мәселеден басқада, микроорта жағдайлары арқылы шығатын нақты мәселелер де бар.

Проблемалық жағдайлар тұлға арқылы сезіліп, өз өмірінің негізін және жақын адамдары, сонымен қатар кіші және үлкен топтағы әртүрлі қарым-қатынас арқылы байланысты адамдардың өмірін шыңдау мен нығайту үшін шешімін табуды қажет ететін міндеттер ретінде қарастырылады. Туындаған мәселе осылайша қабылданбауы да мүмкін, осындайда адам соған сәйкес міндеттерді қоймайды, сондықтан ештеңе шешпейді. Ондай жағдайда, ол үшін шешімді оның жақын адамы іздейтіні анық, немесе бұл мәселе уақыт өте келе өмірлік жағдайлардың обьективті динамикасында өзінің маңыздылығын жоғалтады .

Адамдар өмірлік міндеттерді әртүрлі қояды және шешеді:

1) Өмірлік жоспар, жеке өмірлік бағдарлама, жалпы түпкі ойға сәйкес;

2) Әлеуметтік бағдарлама, қоғам ұйғарымына сәйкес;

3) Алдыға қарамастан жағдайлық, нақты жағдайда маңызды қажеттіліктерге сүйене отырып;

4) Кейбіреулері мәселені мүлдем көрмеуді және ештеме шешпеуді ұйғарады.

Тұлғаның өмірлік жолында өмірлік іс-әрекетінің психологиялық механизімдері болып , өмірлік таңдау кезінде өмірлік міндеттерді шешу мен қойылу тәсілдерін іске асыру болып табылады.

Тұлға жалпы «мәселені шешуші» ретінде қатысады. Ол үшін онда бірінші кезекте ойлау мен сана бар. Өмірлік міндеттерді шешуде ол биографиялық ойлау ретінде қатысады. Осындай ойлауда биографиялық (автобиографиялық) ес процесстері, елестету (арман, мұрат), ішкі сөздер( өз өзімен іштей диалог, «ар-ұждан дауысы!») бірігеді. Осының барлығы өмірлік мәселелер арқылы шақырылған қабылдаулар, эмоция арқылы еніп, мотивтермен оқталған, барлық ішкі өмірлік жиынтықты құрайды.
Биографиялық ойлау

«Биографиялық ойлау» термині психологияға жат және жақында шыққан (мысалға, Р.А. Ахмеров диссертациясында, алайда ол онда арнайы дәлелденбеген) (2). Оның қолдануы аналогия бойынша биографиялық (автобиографиялық) ес түсінігімен анықталып көрсетілген.

Биографиялық ойлау- субьектінің өмірлік іс-әрекетіндегі маңызды танымдық қабілеттер, өмірді адекватты түрде түсіну жетістігінің инструменті. Биографиялық ойлаудың тәжіриблік жағы өмірге, өмір сүру іс-әрекетіне және өмірлік шығармашылыққа деген ерік-жігер ретінде көрінетінің ескерген жөн.

Біз биографиялық ойлауды К.А.Абульханованың лабораториясының зерттеу пәніне айналған әлеуметтік әртүрлілілік ретінде қарастырамыз. Ол былай деп жазады: «Әлеуметтік ойлау пәні болып, феноменологиялық жиынтықтардағы және мазмұнды сипаттағы (адамдардың қарым-қатынасы мен мінез-құлқы, олардың тұлғасы,әлеуметтік процесстері, жағдайлары), сонымен қатар өзіндік өмірдегі , барлық әлеуметтік шындықтар жатады» . Тұлға өмір субьектісі ретінде ондағы ойлау мен қажеттілік қабілетіне ие (3,41).

Дәйексөзде көрсетілгендей әлеуметтік ойлау тарихи-әлеуметтік (тарихи уақиғалардың мағыналары, макроортада қоғамдық құбылыстарды түсіну), коммуникативті-әлеуметтік (тікелей қатынас кезіндегі адамдардың тұлғасы мен қарым-қатынасты түсіну) және биографиялық (өзіндік өмірлік жолын түсіну) аспектіден тұрады.

Біздің көзқарасымыз бойынша, әлеуметтік ойлаудың осы үш аспектілері оның– тарихи-әлеуметтік, коммуникативті-әлеуметтік және әлеуметтік- биографиялық үш түрлігімен есептеуге болады (4). Әдетте адам қоғамда әлеуметтік-саяси процесстерді терең талдайды, сонымен қоса, болашақта толығымен саяси жағдайлар, қарым-қатынас, кәсіби жұмыстар шеңберіне еліктеп, жақын адамдарының мінезін нашар талқылайды немесе өзіндік өмірлік жағдайларын адекватсыз түсінеді, өзін және өз тағдырын аз ойлайды.

Әлеуметтік әсіресе биографиялық ойлаудың маңызды қызметі проблематизация болып табылады, яғни, нақты орын жағдайы мен уақытта шешім қабылдауға тура келетін өмірлік қайшылықтардың адекватты көрінісімен сәйкес өмірлік міндеттерді қалыптастыру. Қоғамдық және тұлғалық қарым-қатынас «кеңістігі» макро және микроортада нақты жағдайларды ескеріп, мезгілімен және ретті болған жағдайда ғана шешім табысты болады. Егер ақылды шешім нақты әрекет ету уақыты мен орын жағдайында үзінді кезінде қабылданса, онда ол өнімсіз және зиянды болуы мүмкін.

Әлеуметтік ойлау процедурасына категоризация жатады. Ол өз кезегінде – категория деп аталатын ұқсас әлеуметтік құбылыстарды қорытындылау болып көрсетіледі. Олар өздерінің есімдерін алып үлгермей, «бүркеншік есім» арқылы өмір сүріп жатқанда , әсірсе қоғамада түбегейлі өзгерістің болып жатқан кезінде оңай емес.

Әлеуметтік ойлаудың негізгі процедурасы интерпретация болып таылады. Ол көптүрлі қатынастар мен байланыстарды өзіне сіңіретін құбылыстардан, субьектінің өзі жасаған ойлары, жағдайларын соған ұқсас етіп қайта қалыптастырудан тұрады.

Тарихи-әлеуметтік және коммуникативті-әлеуметтікке қарағанда биографиялық ойлауды тұлғалық елігу мен жоғары қызығушылықпен сипатталады деп болжауға болады.

Көп мөлшерде биографиялық ойлау каузальды атрибуцияның қорғаныс механизімдерінің әрекетінде еліккіш, яғни олар иллюзиялық шешімді армандау сезіміне жеткізуі мүмкін. Ойлау нысанының өзгеруі (деформация) қорғаныс механизімдерінің ықпал етуі арқылы, тұлға құрылымында мінез-құлықтың еріктік және қорғаныс балансы механизімдерімен интеллект деңгейіне байланысты болуы мүмкін.

Әлеуметтік ойлаудың келтірілеген өзіндік түрлері

Мен деңгейінің елігуі обьектісінде ғана емес, сонымен қоса ақыл-ой жемісіне де тән. Осылайша, тарихи-әлеуметтік ойлаудың қорытынды жемісі, тарихи процесстер мен қоғам имплициталық теория болып табылады. Коммуникативті-әлеуметтік ойлау тұлғаның адами қарым-қатынасын , имплициталық теорияны орнату үшін қызмет етеді. Биографиялық ойлау процессінде тұлға өзіндік өмірлік жолы концепциясын қалыптастырады. Ол өз кезегінде өмірлік фактілердің категоризациясы, интерпретациясы, проблематизация актерінің көптеген варианттарын көрсетеді және жалпы өмірлік жолдың субьективті суретінің тұрақты ядросы болып табылады.

Өмірлік жолдың субьективті суреті түсінігін Б.Г.Ананьев енгізген. Оның көзқарасы бойынша тұлғаның сана сезімінде өмірлік жолдың субьективті суреті «тарихи- биографиялық күндегі салыстыруға келетін, әлеуметтік және индивидуалды дамуға сәйкес» (5,155) құрылады. Тарихи-әлеуметтік немесе биографиялық дағдарыс жағдайында деформациялануы кезінде тұлға құрылымы бұрмаланады: субьективті болашақ қысқартылады, тез арада болашақ екпінделіп, өткен шақтағы тәжірибелер жоғалады (2,6,7). Өмірлік жол мен субьективті сурет концепциясы негізінде тұлғалық процесстер , олардың әлеуметтік өмірлік іс-әрекеті реттеледі, нақты өмірлік шешімдер қабылданады.

Ойлаудың барлық түрі- ол ең алдымен интеллектуалды процесс. Когнитивті бағыт тұлғаны өмірлік іс-әрекеттің субьектісі ретінде , оның ақпаратты қайта өңдеуі , соның ішінде, өзіндік қажеттіліктері мен потенциалы , шешім қабылдау нәтижесі мен жағдайлары, өмір жағдайлары туралы ақпаратты қайта өңдеуі бойынша , ортақ интеллектуалды қабілеттері, өмірлік шешім қабылдауына байланысты назар аударады.Интеллект қаншалықты жоғары болса, индивидуалдылық соншалықты ықпалданған (интегрирована) болады және адам қажетті ақпараттарды өңдеп, өмірлік міндеттерді табысты орындай алады. Американдық психолог Дж.Зиманның (8) ойы осындай. Германиялық психолог Г.Томэ (10) мен финдық психолог Х. Хурмеде (9) осыған ұқсас ойлайды. Олардың пікірлерінше, тұлғаның мінез-құлқында нақты өмірлік жағдайларда өкілетті болатын, когнитивті құрылым үлкен рөл ойнайды. Осы жоспар бойынша өмірлік жол әрекетінің «жоспарлары» мен «сценарилерінің» инструменталды біліміне байланысты «схемалар», «тақырыптар», «конструкторлар» зерттелінеді.

Б.Г.Ананьев тұлға құрылымындағы маңызды ортақ интеллектінінің орнын ұсынып, кешенді зерттеуде өзінің әріптестерімен бірігіп осы сұрақты зерттеген. Ол тұлға мен интеллектіні дәйексіз өзара жекелену деп есептеген, себебі әлеуметтік қызметтер, қоғамдық мінез-құлық пен мотивациялар ( әлеуметтік өмірлік іс-әрекетті қосамыз- қосымшада. И.Л.) әрқашанда қоғамды, басқа адамды және өзін-өзі түсіну, бейнелеумен байланысты (5,307), ал интеллект көбінесе тұлғаның өмірлік жоспарларының адекваттылығымен анықталады.

Әлеуметтік перцепция саласында зерттелетін, әлеуметтік интеллект деп аталатын байланысты биографиялық ойлаумен байланыстыру заңды сұрақ. Адамдарды түсіну және олармен адекватты қарым-қатынас орната білу – субьект өміріндегі маңызды қабілет, ал қоршаған ортамен қарым-қатынас, серіктесу немесе қақтығысу- әр адам өмірінің маңызды бөлшегі. Биографиялық ойлау мазмұнының бар болуы өзіндік өмір контексінде қоршағандардың мінезі мен адами қарым-қатынастар туралы ойлануды құрайды.

Биографиялық ойлау тұлғалық рефлексияға өте жақын, бірақ онымен бірікпейді. Биографиялық ойлау ол тек қана рефлексия ғана емес, сонымен қатар ол өмірлік міндеттердің шешімі. Бұл құбылыстардың арақатынасы жайлы сұрақ әлі зерттелмеген.
Биографиялық ес

Биографиялық ойлауда ой обьектісі көбінесе биографиялық (автобиографиялық) ес формасында көрсетіледі (11,12). Онда өткен шақтағы аз немесе көп сүрген тірі бейнелер, басқаша- еске түсірулер сақталады. Олар биографиялық ойлаудың сезімдік негізін құрайды. Бұдан басқа, ойлауда қазіргі және болашақтағы бейнелер , сонымен қоса, қорытынды ойлар қолданылады.

1966 жылғы В.В.Нуркованың мақаласын шолуда биографиялық ес табиғатының теориялық көріністері және қазіргі деректері баяндалған. Осы ес түрі XX ғасырдың 80-ы жыл соңында белсенді зерттеліне басталды. Бірақ алғашқы зерттеулер ертеректе жүргізілген, мысалға, 30-ы жылдары П.П.Блонский жүргізген, бірақ ол В.В.Нуркованың мақаласында неге екені белгісіз аталынбайды. Нәтижесінде В.В. Нуркованың әртүрлі зерттеу материалдарын талдай келе, автобиографиялық еске келесідей анықтама береді: «бұл тұлғаның өзара ұқсастығы арқылы анықталатын автобиографиялық маңызды жағдайлар мен уақиғалардың актуализациясы, интерпретациясы мен адамның өмір жолында өткен кесінділерінің субьективті бейнесі» (12,27).

Тұлға өзін және өзінің өмірлік жолын ойлай келе, көрініс түрінде жазылған уақиғалық құрылымды өзінше түсіндіреді немесе түсіндірмейді (неинтерпретирует). Биографиялық ойлау биографиялық еске сүйенеді, бірақ-та биографиялық ес мазмұныда өткен шақтағы шынайы әсерлерді ойша ұқсатуға байланысты. Көп жағдайда олардың құрылымы тұлғаның мотивациялық-қажеттілік сферасына байланысты болғандықтан, олар психо-логикаға бағынады . З.Фрейд заманынан бастап, биографиялық ес процесінде маңызды рөлді психологиялық қорғаныс (ығыстыру, орнын басу, оқшаулау, мойындамау, регрессия) ойнайтыны мәлім , өзін-өзі ақтау, өзін-өзі қорлау, өкіну мотивтері әрекет етеді.

Биографилық ес өмірді нығайтатын (немесе өкінішке орай, өмірді бұзатын) күшке ие. Адам өмірлік шешім қабылдар кезінде таңдау жасауда одан адамгершілік тірегін табу үшін немесе қате жіберіп алмас үшін өз өткен шағына жүгінеді.

Болып кеткен жылдар ішіндегі немесе сол жылдардыға белсенді боялған еске түсірулер адамды қуантады, жұбатады немесе қинайды. Ары қарай өмір сүру күші болу үшін, адам кейде кейбір жарақатталған жағдайларды еске түсірмеуі де жақсы болады. Бірақ жағдайлар өте қатты және маңызды болғандықтан, ол бейсаналық қорғаныс заңдылықтарына ығыстырылмай, керісінше, саналық жабырқауды талап етеді. Онда біз ұмытудың ерекше формасы – естен шығарумен жұмыс атқарамыз. Бұл енді тек қана мнемикалық процесс қана емес, сана мазмұнына бағытталған, моральдық әрекет. Дені сау тұлға өткен шақтан сабақ алып , бастан кешкенін есте сақтай отырып, өзінің өткен шақта «тұрып қалмайтын», невротикалық қабілетімен ерекшеленеді.

Қайта жаңғыру процесі биографиялық есте алауан түрлі.Ол өткен шақта белсенді реконструкция жүріп жатқанда, өткендегі оқиғаларды еске түсіру ерікті мақсатқа бағытталған болады. Еске түсіру қиындығын алдын алу үшін және еске түсіруді растауға қажетті естен басқа, ойлау мен ерік қатысады, онда мнемологиялық іздеу жүреді. Бірақ еске түсірулер ырықсыз, ассоциативті түрде туындауы мүмкін, себебі, биографиялық еске маңызды түйсіктер мен қабылдаулар , сонымен қоса, «екінші дәрежелі» модальдылықтар (кинезтезия, дәм, иіс сезу) қатысады. (Осыған орай, Б.Г.Ананьевтің керемет көрегендігін ескеріп кетпеске болмақ, ол өзінің зерттеулерінде түйсік және қабылдаудың барлық түрлеріне назар аударып, олардың тұлға санасы құрылымындағы маңызын түсінген ).

Биографиялық ес туралы А.Адлерде қарастырған болатын. «әрбір еске түсіру, мейлі ол адам үшін бос болып көрінгенімен, оған ескелерлік дүние болып табылады. Ол оған айтады: « Міне осыны күтуге тиіссін» немесе « Міне осыны болырмау керексін» немесе «Міне өмір деген осы». Осы жерде ескеретін нәрсе жағдайдың өзі емес, сол кездегі күй есте тұрақты қалады және өмірде сол мағынада қолданылады. Әрбір еске түсіру- еске салу» (14.67) А.Адлер ерте еске түсіру әдісін қолданған.

Өткен шақ биографиялық есте тұрақталады және өңделеді. А.Н.Леонтьев жазғандай ,«...субьекнің өткен әсерлері, оқиғалар, және өзіндік әрекеттері оның тәжірбиесінің нәтижесі ретінде көрсетілмейді. Олар оның қарым-қатынас, әрекетіндегі обьектісі бола бастайды, сол себепті тұлғалық өзгеруіне ықпал етеді. Біреуі өткенде ұмытылады, өзінің мағынасын жоғалтады және жай ғана шартқа айналады; ал екіншісі жаңа қырынан танылады және бұрын байқалмаған мағынаға ие болады; әйтеуір өткеннен біреуі субьект тарапынан қабылданбайды, субьект оны мүлдем жоқ деп есептейді, дегенмен ол естің бір қабатында сақталады. Бұл өзгерістер ылғида болып тұрады.

Биографиялық еске қатысты жүзжылдық зерттеулерді жалпылап, қорытындыласақ, оған келесідей мінездеме беруге болады. Ол уақытша, яғни еске түсіру әрдайым нақты уақыт пен күндерге қатысты. Олай болудың себебі, субьектіде бұл уақытта естің тарихи түрі жұмыс атқарады. Өткендегі индивидуаланған бейнелер біздің психикалық «Мен»ді құрайды., жоғары тұрақтылық- осы ес түрінің үшінші мінездемесі. Шынымен, адам көп уақыт бұрын өткен оқиғаларды есіне түсіріп, қайтадан сол күйді кеше алады. Сондай-ақ ол эмоционалдығымен және хабарлығымен сипатталады. Еске түсіру үдерісі өзімен немесе біреумен әңгімелескен кезде өрістейді. Ал бірге өткен жайлы әңгімелер көп жағдайда жүйелі болып келеді, субьект әңгімелеу барысында тағдырының орын алуы немесе болдырмалылығы жайында сөз етпек. Өзінің өткеніне деген қатынасы бүгінгі позициясын және ертеңгі келешегін анықтауға әсер етеді.

Жеке тұлғаның өмірлік таңдауы

Өмірлік таңдау барысында биогафиялық ойлау өңделген түрде пайда болады және процессуалды механизм ретінде қызмет атқарады. Оның одан басқа тұлғалық құрылымға негізделген жалпы механизмдері де бар. Таңдау үдеріснің өзі ерекше әрекетке айналады- тұлғаның ішкілік жұмысы (16). Өмірлік таңдау мәселелеріне қатысты құнды зерттеу диссертациясын Л.С.Кравченко арнаған болатын (17). Кравченко өмірлік ттаңдау түсінгін өмір жолындағы оқиға ретінде қарастырды, артынан өмір белгілі бір бағытта түбегейлі өзгереді деген пікірде болды. Л.С.Кравченко тұлға үшін әртүрлі мағынаға ие 10 биополярлы құндылықты бөлді. Ол: альтуризм-эгоизм, шығармашыл-бейім, күрес- тыныштық, тұрақтылық- жаңашылдық, міндет- тәуелсіздік, гуманистика- дүниеқорлық, гностика- эстетика, праксикалық-гедонистикалық, сыртай өзін-өзі таныту- іштей өзін- өзі таныту.

Әрине, белгілі бір құндылықтарды таңдауда жастық және жыныстық артықшылықтар байқалды. Әйел адамдарға қарым-қатынастық (коммуникативті) құндылықтар тән, ал ер адамдарға-праксикалық.

Бұл құндылықтар жеке тұлғаның өмірлік ұстанымдарын негіздейді. Егер ұстанымдар нақты болса, онда тұлға альтернативсіз шешімдер қабылдайды. Л.С.Кравченко деректері бойынша, көп жағдайда альтернативсіз шешімдерге әйел адамдар бейім: олар ұстанымдарға сәйкес өмір сүреді және оған күдік келтірмейді. Ер адамдар көбінде рационалды шешім қабылдайды, олар болатын салдарды және жағдайларды ескереді.

Өмірлік таңдауға әсер ететін тұлғаның басқа да құрылымдық ерекшеліктері бар. Ол дегеніміз, таңдау тұлғаның құрылымына детермиленген, өмірлік функцияларына және индивидуалдық (жас,жыныс) ерекшеліктерімен байланысты.

Л.С.Кравченко анықтағандай психологиядағы танымал заңдылықтардың бірі- жеке тұлғаға қатысты кері заңдылык, атап айтһнада:

жеке тұлға күндегі ой мен әрекеттерінен бас тартып, басқа таңдау жасауы мүмкін, бұл кезде жеке тұлға өзін еңсеріп, жаңаша шешім қабылдайды.

Демек, индивид құрылымы және сананың жұмыс атқаруы (бастысы интервалды биографиялық ойлау) өмірлік таңдаумен жүзеге асады, ал ол өз кезегінде жеке тұлғаның өмірлік функцияларын анықтайды.

Өмірлік таңдау кері мағынаға ие болған уақытта адам әлеуметтік орта, әлеуметтік жағдайлар туралы жан-жақты сараптай бастайды. Мұның барлығы «Мен» концепциясына, өмірлік мақсаттар мен жоспарларға қатысты Биографиялық ойлау барысында өмірлік жағдайлар және оқиғалар жан –жақты қарастырылады.

Өмірлік таңдау жасау қиынға түседі. Бұл тек түп негізі түсінбеуден немесе ақпараттың жеткіліксіздігінен немесе ой қабілетінің әлсіздігінен емес. Негізгі қиыншылықтар бұрынғы қатынастарға, әдеттенген әрекеттерге, орныққан өмір ортасына және өмірлік таңдауды жүзее асыруға қажет психологиялық, психофизиологиялық және физикалық қысымдармен байланысты.

Адам өмірлік сыңдарды өте бастаған уақытта өмірлік таңдау жайлы ойлана бастайды. Өмірлік таңдау да психологиялық бағаға ие. Адам бүкіл күшін жетістіктің нәтижесін көруге жұмсайды, бірақ ол нәтижесіз болуы мүмкін, берілген өмірлік перспективаларды қолдана алмай қалады. Міне, таңдаудың құны жоғары. Бұл құнды ойласа, ол алдын-ала компромисске баруы мүмкін.

Таңдау кезінде анық аспектілер де байқалады: егер жетістіктің тиімділігі, нәтижелігі аздық етсе, онда субъект көбінде «аспанға қолын созбай, барына қанағат етеді».

Адам өміріндегі басты құндылық- тән мен жанның өір сүруі. Менің ойымша өмірлік таңдаудың мотиві ретінде өзін сақтау - болып табылады, бірақ ол әртүрлі формада көрінеді. Индивид деңейінде- өмір сүру және тіршілік ету қажеттілігі түрінде, жеке тұлға деңгейінде- көппен бірге немесе бірі болу, әлеуметтік қатынаста болу, индивидуалдық деңгейінде-өзімен-өзі болу, өзіне деген адалдықты сақтау, әмбебаптылық деңгейінде- парызға адалдығын сақтау,өзіне жүктелген міндетті атқару.

Биографилық ойлау үрдісі келесі фазалардан тұрады:



  • Мәселені қабылдау (проблематизация)

  • -дайындық фазасы (ақпараттарды жинау, категоризация және интерпретация)

- болжау, шешімді тексеру(мұнда болар жағдайды ойша өткізу).

Өмірлік шешімнің соңғысы – әрекет болып табылады, яғни таңдауды жүзеге асыру. Бұл фаза практикалық сипатқа ие және ерік- күшті қажет етеді.

Өмірлік шешімді жүзеге асырған сәтте субъектінің өмірі түбегейлі өзгереді. Оның қоршаған ортаға,адамдарға деген қатынасы өзгереді. Ендігі ол басқалардан өзіне деген көзқарасының өзгеруін қалайды, өзіне басқаша қарауды міндет қояды. Өмірлік шешімді өзгерте отырып, жеке тұлға өз өмірін басқа қырдан көре бастайды және дамудың жаңа жолдарын іздестіре бастайды.

Шешім негізінде жасалған әрекеттен кейін де адам өз таңдауы туралы ойлай береді. Ендігі ол жеңістің нәтижесінде алынған өмірлік жоспарларды сараптай бастайды.

Өткен және істелген істерді ой елегінен өткізген сәтте біз өмірлік сабақ аламыз, баға жетпес өмірлік тәжірбиеге кенелеміз. Бұ қаншаа жыл өткізген уақытпен, мейлі ол көп жағдайларға толы болсада , салыстыруға келмейді.

Ол- тұлғаның өзімен-өзі жұмысының жемісі, ондағы негізгі рөлді биографиялық ойлау атқарады. Сонымен, дамудың өзара қатыты 2 түрі бар.Бірінші орта жағдайы және әрекеттермен байланысты, екінші сананың автоматты жұмысына қатысты. Осы екінші жолы адам индивидуалды түрде дамыған уақытта ғана мүмкін, оны Б.Г.Ананьев көрсеткен болатын.



Жеке тұлғаның ішкі әлемі


Өзін тексеруге арналған сұрақтар:

  1. Зерттеу жұмысының мазмұнына қойылатын талаптар

  2. Диссертациялар және ғылыми есептер

  3. Курстық және квалификациялық (дипломдық) жұмыстар

  4. Монографиялар, оқулықтар

  5. Ғылыми статья, баяндама, рецензиялар.

Әдебиет:

  1. Брызгалова С.И. Введение в научно-педагогическое исследование. Изд. Калининградского государственного университета, 2003

  2. Борытко Н.М., Моложавенко А.В., Соловцова И.А. Методология и методы психолого-педагогических исследований. – М., «Академия», 2008

  3. Волков Б.С., Волкова Н.В., Губанов А.В. Методология и методы психологического исследования: Учебное пособие для вузов. – М.: Академический Проект; Фонд «Мир», 2005.

  4. Образцов П. И. Методы и методология психолого-педагогического исследования. — СПб.: Питер, 2004.

Тақырып 7: Тұлғаның психологиялық уақыты

«Уақыттың өмірде басқа да атаулары бар» - бұл шындық ерте не кеш болса да әркімге өзіндік тәжірибесі кезінде сезіледі. Өмірге деген қарым-қатынас – бұл бірнеше он жылдыққа ғана шектелген өмір уақытына деген қарым-қатынас. Адамға осы қысқа ғана уақыт аралығында өз өмірін сүру ғана емес, сонымен қоса құрауы да күтіледі. Адам өзіне берілген уақыт аралығын қалайша басқарады? Өзінің өмірлік жоспарлары мен ойларын іске асырып үлгере ме? Оған өзінің өте маңыздысын істеп, осылайша тұлға ретінде қалыптасып үлгере ме? Әр адамды айқын қобалжытатын, бұл барлық өмірлік маңызды экзистенционалды сұрақтар. Өмірлік іс-әрекет субьектісі болу үшін, уақыт әміршісі болмаса да, оны басқару мен қолдануда шебер болуы керек. Себебі уақыт өзінің обьективті заңдылықтарына бағынатынын ескеруіміз жөн.

Уақыт материя деңгейіне сәйкес әртүрлі формада болады. Біріншіден, физикалық уақыт бар. Біз оны әдетте еске түсіріп және бұрыннан өлшеуді үйренгенбіз. Физикалық уақыт фундаменталды, оған деген қатынаста басқа уақыт формаларының сипаты беріледі.

Биологияның, әсіресе онтогенез және эволюция теориясының дамуы , тірі материяның өмір сүру формасы ретінде биологиялық уақыттың шындығын айқындаған. Биологиялық уақыт- жалпы тірі табиғат пен ерекше түрдің тіршілік ету уақыты. Ол кері айналмайтын фазалардың тізбегі мен ұзақтығымен сипатталады.

Гуманитарлық ғылымда адам өміріне қатысты тарихи уақыт зерттелінеді. Онда жекелей мезеттер (моменты) – тарихи уақиғалар мен дәуірлер белгіленеді. Оларда дәл солай кері айналмайды: тарихты алдыға айналдыруға болмайды. Әр тарихи дәуір қайта келмейтіндей кетіп және алдағы тарихи даму табалдырығы үшін қызмет етеді.

Психологтар физикалық, биологиялық және тарихқа байланысты, бірақ спецификалық ерекшеліктеріне ие психологиялық уақытпен айналысады.Психология тарихында нақты уақыт модальдылығына сол немесе басқа да ғылыми бағыттың заңдылықтар қызығушылығы белгіленген. Тұлғаны нақты стимулдар аймағынан табу, оның қабылдауы мен мінез-құлқына себепші: осылайша, гештальтпсихология бәрінен бұрын қазіргі уақытпен айналысқан.

Егер де айтып кеткендей, гуманистік психология болашаққа көп мән берсе, онда психоанализ тұлға мінез-құлқының өткен шағын қарастырып, тұлға тарихында неврозбен оның актуалды мәселелер тамырын іздейді. Бихевиоризмге келетін болсақ, онда ол өткен шақ (дағдылар мәселесі) пен қазіргі шаққа (қазіргі мезетте әрекет етіп тұрған стимул реакциясына байланысы) көп назар аударады.

Адам жасы жоспары бойынша психологиялық уақыт мәселесін Б.Г.Ананьев терең ойластырған (1). Ол былай деп жазады: «Индивидтің жасы метрлік және топологиялық уақыт қасиетімен бірігеді : ол өмір сүру ұзақтығы ( )және индивид даму кезеңінің нақты құрылу фазасы » (1,41). Сонымен, жас шамасы өз кезегінде адам дамуындағы биологиялық және тарихи уақыттың табиғи және мәдени қоспасын көрсетеді. Тарихи уақыттың терең енуі индивидуалды – психикалық дамудың ішкі механизімдерінде қолданылады. Б.Г.Ананьев өмір жолындағы алуан түрлікті және сол дәуірдегі жастық шақтың өзгеруін және соған байланысты психологиялық даму аймағында биографиялық әдісті жоғары бағалап, экономикалық-әлеуметтік факторларды зерттеудегі маңызды әсерін ылғи да көрсетіп отырған.


Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Ќазаќстан республикасыныњ білім жєне ѓылым министірлігі
umkd -> Ќазаќстан Республикасы Білім жєне ѓылым министрлігі
umkd -> Бағдарламасы «Мектептегі атыс дайындығы»
umkd -> Семей мемлекеттік педагогикалыќ институты
umkd -> «Кәсіптік қазақ тілі» ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Ќазаќстан республикасыныѕ білім жјне єылым министірлігі
umkd -> Ќазаќстан республикасы
umkd -> «Инженерлік-технологиялыќ факультеттіњ»
umkd -> Ќазаќстан республикасыныњ білім жєне ѓылым министрлігі
umkd -> «Таңдап алған спорт түрінің техникалық, тактикалық және дене дайындығы» пәні бойынша


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет