Ақтөбеде белгісіз біреу мектептерде жаппай атыс болатынын Telegram-арнасы арқылы хабарлағаннан кейін білім ордалары полицияның бақылауына алынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Ақтөбе полициясының хабарлауынша, лаңкестік актісі туралы көрінеу жалған хабарға қатысты тергеу басталды.

"Қазір құзырлы органдармен бірлесіп, осы ақпаратты таратқан тұлғаларды анықтау бойынша жедел іс-шаралар жүргізіліп жатыр. Білім беру ұйымдарындағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ерекше ден қойылады. Мектептердің жанында полиция қызметкерлері болады. Білім беру мекемелерінде оқушыларды ішке тексеріп кіргізу жүйесі де бақылауға алынды", — делінген хабарламада.

 

 
 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

 
 
 

 
 

 
 
 

 
 

Публикация от Polisia AKTOBE (@polisia_aqtobe)

Полиция жыл басынан бері осындай жалған хабарламалар Ресей Федерациясының бірқатар қалаларында тарағанын айтты.

"Бұл хабарламалар халық арасында дүрбелең тудыру мақсатында жасалған. Азаматтардан арандатушылыққа бой алдырмауды және сабырлық сақтауды сұраймыз! Жағдай құқық қорғау органдарының бақылауында", — деп хабарлады Ақтөбе полициясы.

Сондай-ақ осы ақпарат тарағаннан кейін ата-аналар мектептегі балалары үшін алаңдай бастады. Мектептерде жаппай атыс болады деп белгіленген күні қаладағы оқу орындары бос болады. 

Әлеуметтік желіде қазақстандықтар әлеуетті қылмыскерлерді күзетшілер тоқтата алмайтынын айтып, алаңдап жатыр. Олар балаларын мектепке жібермейміз деп шешім қабылдаған. 

Кейбір қолданушылар құқық қорғау органдарының қызметіне күмәнмен қарайтынын жеткізді. 

 

 
 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

 
 
 

 
 

 
 
 

 
 

Публикация от АКТОБЕ СЕРГЕК | AQTOBE SERGEK  (@aqtobe_sergek)


Автор: Даулет Байгонусов

Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.