Пунктуация жазуда ќолданылатын тыныс белгілерініѕ ќўрамын атќаратын ќызметтері мен білдіретін маєыналарын жјне оларды ќолда


Тыныс белгінінің түрлері және оларды дұрыс қолдана білу



жүктеу 0.52 Mb.
бет2/3
Дата04.03.2018
өлшемі0.52 Mb.
түріДиплом
1   2   3

1.2. Тыныс белгінінің түрлері және оларды дұрыс қолдана білу
Әрбір тыныс белгісі – сөйлемнің мағынасын айқындаушы көрсеткіш. Сондықтан бір тыныс белгісінің орнына екінші тыныс белгісін қоя салсақ, бір сөйлемнен әлденеше мағына ұғынылатынын түсіну керек. Тіпті кейбір оңашаланған айқындауыш мүшесі бар сөйлемдегі сөйлемдегі айқындауышты үтірмен бөліп жазсақ, оны қарсылықты жалғаулықсыз салалас деп қалуға болады. Мысалы: Халықтың қалап ұсынған кандидаттары әр түрлі мамандықтың адамдары – ірі ғалымдар мен өндіріс жаңашылдары, жазушылар мен жұмысшылар, тоқымашылар мен академиктер.

Демек, әрбір тыныс белгісі – әр сөздің, әрбір сөйлемнің мағыналарын дәлелдеп дұрыс түсіндіруші шартты белгі, олай болса, аяқталған ойды білдіретін тілдің бір бүтін бөлшегі сөйлем болса, ол бір сөзден де, бірнеше сөзден де құралады. Сөйлем арқылы адам өзінің айтайын деген пікірін екінші біреуге ауызша не жазбаша түрде жеткізеді. Сөйлем сазына қарай қойылатын тыныс белгілері сөйлемдегі айтылатын оймен тығыз байланысты болады.

Тіліміздегі тыныс белгілері сан жағынан онша көп болмағандарымен, мағыналары, қолданылатын орындары жағынан алуан түрлі болып келеді.

Енді солардың әрқайсысның түрлері мен мағыналарына, атқаратын қызметтеріне тоқталайық.


Сөйлем соңында келетін тыныс белгілері
Біршама аяқталған ойды білдіретін жай немесе құрмалас сөйлемдерден кейін олардың мағыналарына, айтылу саздарына қарай нүкте, сұрау, леп белгілерінің бірі қойылады. Сондықтан тыныс белгілерінің бұл үш түрі сөйлем соңында келетін белгілер деп аталады.

Сөйлем келетін белгілердің әрқайсысы, негізінен екі түрлі мағынада екі түрлі функцияда қолданылады: біріншісі – сөйлемнің аяқталғандығын білдіріп, оны басқа сөйлемдерден бөліп көрсету, екіншісі – сөйлемнің қандай мақсатта, қандай мағынада айтылатындығын байқату. Бұл екеуі – сөйлем соңында қолданылатын тыныс белгілерінің қай-қайсыларының да ең негізгі мағыналары мен функциялары. Сонымен бірге, олардың әрқайсысының кейде сөйлем ішінде тұрып та атқаратын қосымша функциялары мен қосымша мағыналары болады. Оларға өз орнында тоқталамыз:



1. Н ү к т е. Нүкте, біріншіден, сөйлемнің аяқталғандығын білдіріп, оны басқа сөйлемдерден бөліп тұрса, екіншіден, ол сөйлемнің хабарлы сөйлем екендігін байқатады. Мысалы, Жанат – осы үйдің ер жеткен жалғыз баласы. Ұлы да, қызы да қадірлі қонағы да бір өзі. Шаршап шыққанға ұқсайды. Тіл қатпастан қарақат көзін анасына бір, Бейсенге бір төңкере салмақпен қарады да, үлкен бөлмеде ерсілі-қарсылы жүре берді. Айсыз ашық аспан. Жұлдыздар сайрап тұр. Тымырсық аяздағы тымық әуені сіміре, Жақып күндегі әдетімен аулын аралап келеді. (Ғ.Мұстафин). Бұл мысалды жай сөйлем де құрмалас сөйлем де бар. Олардың барлығы да хабарлау, баяндау, суреттеу түрінде айтылған. Бірақ нүкте әрдайым хабарлау, баяндау, суреттеу түрінде айтылған сөйлемдерден кейін ғана қойылып отырмайды, солармен қатар, ерекше екпінсіз айтылған бұйрықты сөйлемдерден, жауап алу үшін айтылмаған, бірақ сұраулық мәні бар сөйлемдерден кейін де қойылады. Мысалы: Қазір аттаныңдар да, күн батқанша қайтып оралыңдар. Малқардың келіні еркімен отыр ма, зорлықпен отыр ма оңашалап сұраңдар. Егер зорлықпен отырса, күйеуімен қосып, осында алып келіңдер. (Ғ.Мұстафин).

Сөйлем соңында келетін тыныс белгілерінің қай-қайсылары болса да, сөйлемнің құрылысына қарай қойылмайтыны сияқты, нүкте қоюда да сөйлемнің құрылыс ерекшіліктері ескерілмейді, тек мағыналық жағы, айтылу сазы ескеріледі. Соныдықтан нүктемен бөлінетін сөйлем құрылысы жағынан алуан түрлі (жалаң, жайылма, толымды, толымсыз, жай, құрмалас т.б.) бола беруі мүмкін.

Жоғарыда ескерткеніміздей, сөйлемнің аяқталғандығының және оның мағыналық ерекшелігінің көрсеткіші болы – нүктенің ең негізгі функциясы. Бірақ осы негізгі функциясымен қатар, оның қосымша функциясы да бар. Олар мыналар:

а) Драмалық шығырмаларда әркімнің сөзінің алдында сол сөздің иесі болып табылатын кейіпкердің аты-жөні келтіріледі де, олардан кейін әрдайым нүкте қойылады. Мысалы:

Ғ а н ш и н. Алдындағы қашқын, артындағылары қуғыншылар, ә?

Қ а д и ш а. Қашқан екеу ғой.

М ұ р а т. Қысқасы, бұл, тегі, сыртқы ел драмасының бір сахнасы ғой өзі. (М.Әуезов).

Драмалық шығармаларда оның кейбір жақтарын актерлерге түсіндіру мақсатымен автор тарапынан берілетін ремарка деп аталатын ескертпелер болады. Ондай ескертпелер кеіпкерлер аттарынан кейін тұруы да, оған берілген сөз ішінде тұруы да мүмкін. Егер ремарка кейіпкер атынан кейін берілсе, нүкте кейіпкер атынан кейін қойылмайды, жақшамен қоршалған ремаркадан кейін қойылады. Мысалы:

М ұ р а т (бинкольмен қарап). Тоқтай қал. Мынауың не қылған серуен?

Қ а д и ш а ( о да қарап). Артындағы шаңның молын байқаймысың? (М.Әуезов).

Егер ремарка кейіпкер сөйлемдерінің арасында келсе, оның тыныс белгісі кейіпкер сөйлеміне байланыссыз, дербес болады да, ол жақшаның ішінде тұрады. Мысалы:

М ұ р а т. Е, Садық, сен бе едің? (Жарқынға.) Сенің атың кім?

М ұ р а т (халыққа). Не әзәрләктерің бар, не айтасыңдар? (Үн жоқ.) Қарсысыңдар ма, әлде? (Үн жоқ.) Қарсы болсаңдар оларыңды айт. (М.Әуезов).

Егер ремарка кейіпкердің бір сөйлемінің ішінде келсе, ол нүктемен бөлінбейді, тек жақшамен қоршалады. Мысалы:

С а д ы қ. Мен оған (Жарқын кеткен жаққа қарап) көрсетермін.

ә) Санай көрсетілген ой тәртібін, ой қатарын білдіру үшін қолданылатын пункттік цифрлардан, әріптерден кейін нүкте қойылады. Бірақ онда әр пункттің аяқталған сөйлемдер болып тұруы шарт. Мысалы:

1. Тізбектеліп бір ұғымды білдіретін бірнеше зат есімдер.

2. Тізбектеліп бір ұғымды білдіретін зат есім мен көмекші есім.

3. Күрделі сан есімдер.

4. Зат есім мен есімшенің тізбегі.

5. Заттық мағынадағы түрлі қос сөздер т.б. («Қазақ тілі грамматикасы».)

б) Кейбір сөздердің шартты түрде қысқартылып жазылған графикалық белгілерінен кейін нүкте қойылады. Мысалы: Ж.Жабаев, А.Құнанбаев, Тург., Мұст., «Х. М.» журналы, т.б., с. С., т., ж.

Бұл мысалда Жамбыл, Абай, Тургенев, Мұстафин, «Халық мұғалімі», тағы басқа, тағы сол сияқты, тағы тағылар, жыл деген сөздер қысқартылып беріледі де, олардан кейін нүкте қойылып отырылған. Бірақ тіліміздегі қалыпты қысқарған сөздер мен қысқартылып алынған ұзындық, ауырлық және көлем өлшеулерінен кейін нүкте қойылмайды. Мысалы: МТС, совхоз, пединститут, КазПИ, 50 м, 20 кг, л, С.

2. С ұ р а у б е л г і с і. Сұрау белгісі де негізгі екі түрлі мағынада, екі түрлі функцияда қолданылады: біріншіден, сөйлемнің аяқталғандығын білдіріп, оны басқа сөйлемдерден бөліп тұрады, екіншіден сөйлемнің мағыналық жағынан сұраулы екендігін аңғартады. Мысалы:

Коммунизмді бүгін орнат демекпісің? Әлде мені сабаққа жаңа түскен бала деймісің? Бұдан он бес жыл бұрын кім сенің үйіңе ат басын бұрып еді? Ал бүгін бұрған екен, осынша көкуің не? (Ғ.Мұстафин).

Нүкте сияқты, сұрау белгісі де сөйлемнің құрылысына қарай қойлмайды. Сондықтан сұрау белгісі қойылатын сөйлем толымды, толымсыз, жай я құрмалас т.б. болып келе береді. Кейде сөйлем бірыңғай сұраулы ғана болмай, оның үстіне лепті мағынада болуы да мүмкін. Мұндай жағдайда сұрау белгісіне қабаттаса леп белгісі де қойылады, яғни екі түрлі белгі тіркесе қолданылады. Мысалы:

Мұрның құрғыр пысылдаған, не іздеп кетті екен, ә?!

Е, үйтіп жібермек пе едің?!

Бетім-ау, өмірі екеуі шай деспей, келіп, бұнысы несі?!

Бұл мысалдағы сөйлемдердің ешқайсысы да таза, жалаң сұрау емес, сұрауға қосымша оларда реніш, кею, таңдану, ашу, кекету бар. Сондықтан мұндай сөйлемдерден кейін тек сұрау белгісін ғана қою жеткіліксіз.

Сұрау белгісінің жоғарыда аталған негізгі екі түрлі функциясымен қатар, кейбір қосымша функциялары да бар. Жазушы біреудің еңбегінен келтірген цитаттың кейбір сөзінен кейін жақша ішіне сұрау белгісін қоятыны болады. Мұндай жағдайда сұрау белгісі автордың цитат иесінің сөзіне түсінбегенін, оның дұрыстығына күмәнданатынын немесе «мұнысы несі» дегенін білдіреді. Мысалы: Екатерина Ивановна отыра қалып, рояльдің баспаларын қос қолдап басып-басып жіберді; онан кейін іле-шала (?) бар пәрменімен тағы басып жіберді. (Т.Ахтанов). Цитат иесінен кейінің әбден тіліміздегі іле-шала деген сөзді іле-шыға теріс қолдануының түсініксіздігін байқату және оның солай бұрмаланып қолдануының дұрыстығына өзінің күмәнданатындығын білдіру үшін, іле-шыға дегеннен кейін жақша ішіне сұрау белгісін қойған.



3. Л е п б е л г і с і. Леп белгісі лепті мағынада айтылған қуанышты, күйінішті, өкінішті, қорқынышты, өктем бұйрықты, тілекті, таңдануды, түңілуді, үндеуді, кекесінді, қарғысты сөйлемдерден кейін қойылады. Сөйлем соңында қойылатын басқа да тыныс белгілері сияқты, леп белгісі де негізгі екі түрлі мағынада, екі функцияда қолданылады. Оның бірінші мағынасы мен бірінші функциясы – сөйлемнің аяқталғандығын білдіріп, оны басқа сөйлемдерден бөліп тұрса, екінші мағынасы мен екінші функциясы – сөйлемнің лепті сөйлем екендігін білдіру. Мысалы: Жеңіл барып, ауыр қайт! Жеңіліп барып, жеңіп қайт! Рақмет, достарым, айтқандарың келсін! Қазанқап Шәкенге қосып отряд әкелсе де, тобыңды жазба! Бермейміз! Тәукені! Не көрсек те, бір көреміз! Пай-пай, сенің дегбірсізің-ай! Түсінсеңші! Шолпан, қайт! Түс, алдыма! Құдай берді қолға! Асықта басың қалғыр-ай, қаңсытты-ау! Ұстап қана берсеңдерші біреуің! (Ғ.Мұстафин).

Леп белгісі қойылатын сөйлемдер құрылысы жағынан алуан түрлі болады: ол бірнеше жай сөйлемнен құралған құрмалас сөйлем болуы да, оқшауланып айтылған жеке бір қаратпа немесе одағай сөз болуы да мүмкін.

Леп белгісі лептікпен қатар азды-көпті сұраулық та мағынасы бар сөйлемдерде сұрау белгісімен қабаттаса да қолданылады.

Сұрау белгісі сияқты, леп белгісі де кейде төл сөздің кейбір сөзінен кейін жақша ішіне алынып қолданылатыны болады. Ондай леп белгілері автордың цитат иесінің сөзіне таңданатынын, оған өзінің қосылмайтынын немесе оқушының назарын аударғысы келетінін байқатады. Мысалы: «Өзі аса ірі. Екі тізесі аттың екі құлағын қағып (!) келеді. Жалмұрат кірпігі жыпылықтап, бөксе жағы қыпылық қағып (!), жер шұқылап қалды. Балықшылар жарыла (!) күлді. Оның сөзіне Федоров та ылығып (!) қалған сияқты» - деп жазады Ә.Нүрпейсов. (Жұлдыз журналынан).


1.3. Пунктуация ережелері
Сөйлем ішінде қолданылатын тыныс тыныс белгілерінің атқаратын негізгі қызметі – оқушыларға сөйлемнің құрамын, оның қандай бөлшектерден құралатындығын, ол бөлшектердің бір-бірімен мағыналық және синтаксистік қатынастарын байқату. Солай болғанмен, сөйлем ішінде қолданылатын тыныс белгілері түр-тұрпаты жағынан да, мағыналары мен функциялары жағынан да алуан түрлі. Енді солардың әрқайсысына жеке тоқталайық:

1. Ү т і р. Үтір – тыныс белгілері ішіндегі функцияға ең бір бай белгі Бұл жай сөйлемдерді бір-бірімен бөлу үшін де, сөйлемдегі сөздерді немесе сөз тіркестерін бір-бірінен бөлі үшін де қолданылады. Үтірдің қолданылатын орындары мен атқаратын қызметтері төмендегідей:

а) Үтір құрмалас құрамындағы жай сөйлемдерді бір-бірінен бөліп көрсеті үшін қолданылады. Мысалы: Абай, Әбіштер келгенде, ауыр ойда отыр еді. (М.Әуезов).

Күн бұрының жоқ демесең, ортаңа түспей кететін нем болушы еді менің, деп, Боздақ биге қарап езу тартты да, Игілік өзінің ел аузына таратқысы келген сөзімен аяқтады. (Ғ.Мүсірепов). Рахимовтың Степнов пен Борисовтай сенімді көмекшілері болғандықтан, олардың ісіне көп араласа қоймаушы едім. (Б.Момышұлы). Ушков Қарағандыдан Некрасовты алдырып, Бернер екеуімен ақылдасты да, Рязановқа алдын ала қайтарар жауабын айланып жалғыз қалды. (Ғ.Мүсірепов)

ә) Үтір сөйлемнің бірыңғай мүшелерін бір-бірінен бөліп тұрады. Мысалы: Аңға Байжан, Самарқан, Дәулет үшеуі ғана шықты. Экскаваторлар, комбайнда, грейдерлер аз күнде каналдың арнасы жүретін жерлерді жыртып тастады. (С.Мұқанов).

б) Үтір қаратпа сөзді сөйлемнің басқа мүшелерінен бөліп тұрады. Мысалы:

Арылма, өлең, арыла.

Домбырам, күйден жаңылма» (Жамбыл).

Таласпаңыз, Карл Карлович, қазақша Алма-ата емес, Алматы, Алмалы деген сөз. (Ғ.Мүсірепов).

в) Үтір қыстырма сөзді сөйлемнің басқа мүшелерінен бөліп тұрада. Мысалы: Жабайдың айтуынша, көп уақыттан бері бұл өзеннің аса бір мол тасуы екен. (С.Мұқанов). Бүгін де кешкі шайдан кейін, Ұлжанның қозғауы бойынша, кеше бітпей қалған әңгімесіне кірісті (М.Әуезов).

г) Үтір одағай сөзді сөйлемнің басқа мүшелерінен бөлу үшін қолданылады. Мысалы: Ойбай, Шықаң мәселені қабырғасынан қойды ғой! (Ғ.Мұстафин). Е, ол белгілі ғой! Жә, әлгілер қайда кетті, жаным-ау?! (Ғ.Мүсірепов).

д) Үтір сілтеу, мақұлдау, келіспеу мәнінде айтылатын кейбір оқшау сөздерден кейін қойылады. Мысалы: Иә, айта беріңіз. Жоқ, мен сізге ештеме де айтпаймын. Қазір, міне, бүгінгі жүрісті өзі билеген Дәрмен Әбішті сол ауылдың үстінен байқаусызда түсірген кісі болды. (М.Әуезов). Әне, өздері де келе жатыр. Бәрекелді, болсаң, осындай бол! Кәне, енді жүрмейміз бе? (Ғ.Мұстафин).

е) Үтір оңашаланған мүшені сөйлемнің басқа мүшелерінен бөліп тұру үшін қолданылады. Мысалы: Абай соңғы күндерде, әсіресе осы соңғы түнде, өзіне бұрын дағдылы болмаған бір халде. Жақын жерде, көгелды бұлақ басында, жеті-сегіз үйлі ауыл отыр екен. (М.Әуезов).

ж) Үтір хабарлы сөйлем түрінде айтылған төл сөзден кейін, автор сөзінің алдында қойылады. Мысалы: «Таулы жер бұлақсыз, сулы жер құрақсыз болмас», – дейді халық мақалы. Итбай толық денесін бұрып алып:

Мен сыны жоқ, сыпайылығы жоқ, құр абажадай бірдеңе бола ма екен деп те қорқып едім. Әзір жат көрініп тұрған жоқ сияқты екен, деді.

2. Нүктелі үтір. Нүктелі үтір – хабарлы сөйлемдерден кейін қойылатын нүкте мен үтірдің аралығындағы тыныс белгісі. Мұның мәні, нүктеден дәрежесі төменірек те, үтірден жоғарырақ. Бұл – аралары үтірмен бөлінген сөйлемнің күрделірек бөлшектері арасында да, мағыналары өз ара байланысты, ортақ немесе бірыңғай тұлғалы мүшесі (әсіресе баяндауышы) бар талдап, саналап, пункттеп баяндау түрінде айтылған тиянақты сөйлемдер арасында да қолданылады. Мысалы: Колхоздың қырманына баратын ұзақ жолдың үстінде, ай далада, жүк машинасының үстінде ұйықтап, соққан желге қарсы қарап отырып шырқатып ән салу; дәнінің салмағынан сабағы майысқан ұшы-қиыры жоқ қалың егіннің арасында жұмыс істеу; толқындай жайқалған ақ сұлының арасында маужыраған майда түнде армансыз әңгімелесіп, саңқылдап күлу; үйлердің төбесінде ұзық түндерді кірпік қақпай өткізу оларға қатты ұнайтын еді. (А.Фадеев).

Нүктелі үтір тек жай сөйлемдер арасында ғана емес, сонымен қатар мағыналары өз ара жақын, ұласа айтылған құрмалас сөйлемдер арасына да қойылады. Мысалы: Кімде-кім өзін сынаудан қорықса, оның әлсіздігі; кімде-кім өз мінін көре алмаса, оның саяздығы. (Ә.Әбішев).

3. Қос нүкте. Қос нүкте мынадай орындарда қолданылады:

а) Соңғы жай сөйлемі алдыңғы жай сөйлемдегі пікірді талдап, саралап ашып түсіндіретін құрмалас сөйлемнің жай сөйлемдері арасына қойылады. Мысалы:



Кісі Қызылорда елінің екі ісіне қайран қалады: бірі – кетпен шабу, бірі – егін ору. (С.Мұқанов). Қазір жайлаушылардың дені екі жерге жиналған: бір жиын Аман отырған көп ауылда, енді бір жиын Шәкен аулында. (Ғ.Мұстафин).

ә) Бірыңғай мүшелер алдында келген жалпылауыш сөзден кейін қойылады. Мысалы: Мұстафаның оларға қолданған шаралары мыналар: байталдың төрт сирағы төрт жылқы, денесі бір жылқы, барлығы бес жылқы. (С.Мұқанов).

б) Төл сөзден бұрын келген автор сөзінен кейін қолданылады. Мысалы: Шалабайдың бойынан табылған документ, құралдарға қарап отырып: Қағаздағы аты жөніңіз басқа екен ғой? – деді Аман. – Аман біздің ауылдың мөрін кім басқан?

4. Көп нүкте. Көп нүкте пікірдің аяқталмағанын, әлдеқандай себептен сөйлемнің түсіп қалғандығын білдіреді. Көп нүкте көркем шығармалардың кейіпкерлерінің сөздерінде жиі кездесіп отырады. Оларда, негізінде, сөйлеушінің қуанғаннан я қысылып ұялғаннан сөзі аузына түспей, сөз таба алмай мүдіргнін, сасқалақтағанын білдіру үшін, немесе сөз, сөйлем аралығында ұзақ кідіріс болғандығын білдіру үшін қойылады. Мысалы:

Тақсыр... қарағым... шырағым-ау... Арғы атам Арғынбайдың шаңырағына мініп келген... – дей бергенде Аман келді де, қолтықтап апарып скамейкаға отырғызды. (Ғ.Мұстафин).

Ие, кітап... Ойдан шығару... Сырлау... Соын да мыжушылар бар-ау әлі! Маған тіпті бір алты қырдың астында тұрғандай-ау өзі... Қайда, қайда!? Қашан да қашан боп сырғып кетіпті-ау, сірә... Е, барса, барсын... өмір кітабы да жетеді...

Әзірше бір жағына маман қазақ дайындау ниетіндеміз ғой. Сондықтан... – деп, жөткіріп ап, – он студентке степендия... тағы төрт студентке степендия... Дауласар, айтар сөз жоқ.



Сонда да Қасен:

Біз кадр... кадр... Өлкелік мекеме... жауапты қызметкер! – дей беріп еді, келгендер қараған жоқ. (М.Әуезов).

Кейіпкерлердің сөзінде кездесетін, бірақ жазуға ерсі, дөрекі, тұрпайы сөздер жазылмай, оның орнына көп нүкте қойылады.

Көп нүкте саяси, ғылыми әдебиеттерде, көбінесе, цитаталарда кездеседі. Цитата келтіруші цитата иесін сөздерін, сөйлемдерін толық алмай, қысқарту, ықшамдау мақсатымен кейбір сөздерін түсіріп қалдырған орындарға көп нүкте қойылады.

5) Сызықша. Үтір сияқты, сызықша да мағынаға, функцияға орасан бай тыныс белгісі. Мұның мағынасы мен функциясы үтірден де көп. Сызықша сөйлеудің белгілі бір бөлшектерін басқа бөлшектерден бөлу үшін де, жақындастыру, қосу үшін де, сөздердің арасындағы мағыналық, синтаксистік қатынастарды айқындау үшін де қолданылады. Мұндай функцияда қолданылғанда, сызықша кейде қосарлы, кейде дара болып келе береді.

а) Сызықша бастауыш пен баяндауыш мүшелер арасына қойылады. Бұл орында ол бұл екі мүше арасында азды-көпті кідіріс барын білдіріп, ол екеуін сөйлемнің басқа мүшелерімен шатастырмауға, бұл екеуінен құралған сөйлемді оған ұқсас сөздер тіркесі мен шатастырмауға жәрдемдеседі. Мысалы: Адам – ардақты ат. Астық – халық дәулеті.

ә) Өзінің алдындағы сөздің немесе сөздер тіркесінің мағыналарын айқындау, саралап ашып көрсету үшін қолданылатын оңашаланған айқындауышты бөлу үшін қойылады. Мұндай орында ол қосарлы түрде қолданылады.

6. Тырнақша. Тырнақшаның қойылуы кідіріске, интонацияға немесе сөйлеудің құрылыс ерекшеліктеріне байланысты болмайды. Сондықтан ол шын мәнісіндегі тыныстық белгі де емес. Тырнақшаның мағынасы да, функциясы да алуан түрлі, ол бір жағдайда тырнақшаға қоршалған сөздің я сөйлемнің бөгде біреудікі екенін білдірсе, екінші бір жағдайда тырнақшаның ішіндегі сөздің, сөздер тіркесінің өзінің тура мағынасында қолданылмай тұрғандығын, болмаса бірдеңелердің шартты аталуы екендігін білдіреді.

7. Жақша. Жақшаға алынатындар, негізінде, сөйлеммен тікелей байланысы жоқ, оның мүшелерімен грамматикалық қатынаста тұрмайтын, жазушының айтқанын айқындай түсу үшін қолданатын кейбір ескертпе сөздері мен сөйлемдер.

Жоғарыда келтірілген бұл ережелер М.Балақаев пен Т.Қордабаевтың негізінде көрсетілсе, енді Р.Сыздықованың ережесі бойынша келтірейік:



Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықша.

Бастауыш зат есімнен немесе заттанған басқа сөз таптарынан жасалып, баяндауыш та атау тұлғадағы зат есімнен не заттанған басқа сөз таптарынан болғанда, бастауыштан кейін сызықша қойылады: Тіл – қоғамдық құбылыс.

Баяндауыштың алдында не артында ғана, ғой т.б. сияқты шылаулар тұрса, сызықша қойыла береді: Қаланың қасында көз толатын табиғат шалқар көл ғана (С.Мұқанов).

Бастауыш I, II жақтық жекеше не көпше тұлғадағы есімдіктен, баяндауыш жіктік жалғауы түсірілген есімдердің біреуінен болғанда, бастауыштан кейін сызықша қойылады: Мен – тауда ойнаған қарт марал (Махамбет). Біз – қырғауыл, сіз – тұйғын (Абай). т.б.

Бастауыш та, баяндауыш та сан есімнен болғанда, екеуінің арасына сызықша қойылады: Үш жердегі үш – тоғыз. Екі бесіміз – он.

Бастауыш ол, бұл, мынау, сонау, анау деген сілтеу есімдіктерінен жасалып, баяндауыш атау тұлғадағы зат есім немесе зат есім мағынасындағы басқа сөз табы болғанда, сілтеу есімдіктерінен кейін сызықша қойылады: Бұл – адам көз сүйегі, - деді ханға (Абай).



Ол, бұл деген сілтеу есімдіктерінен болған бастауыштар өзінен кейінгі сөздің анықтауышына ұқсап, шатасып кететін жағдайда, бастауышы қай сөз табынан жасалса да, одан кейін сызықша қойылады: Мұндай бастауыштары бар сөйлем өзінің алдындағы сөйлемдермен логикалық байланысты болады, сондықтан олар контеске қарай ажыратылады: Тіл-тілдің қай-қайсысында болсыг сөз мағынасы көбіне метафора арқылы ауысады. Сөйтіп, бұл – сөз мағыналарының ауысу тәсілдерінің ішіндегі метафораның айрықша орын алатындығын көрсетеді. (К.Аханов).

Ескертулер. Бұл ережені орынсыз қолдана беруге болмайды. Анытауыш деп танылып кететін қаупі жоқ жерде ол, бұл деген есімдіктерден дасалған бастауыштан кейін сызықша қойылмайды: Ол біздің үйге келді.

Бастауыш у жұнақты етістіктен не ол араласқан тіркестен жасалса, баяндауыш атау тұлғадағы зат есімнен немесе – у жұрнақты етістіктен және керісінше болғанда, бастауыштан кейін сызықша қойылады: Елдің шетін күзету – ең ардақты правоң (Жамбыл).

Бастауыш – ған (-ген, -қан, -кен) жұрнағымен жасалған есімшеден (не есімше аралас тіркестен) болса, баяндауыш не зат есім, не есімше, не есімдіктен жасалғанда, бастауыштан кейін сызықша қойылады: Бұған таяу отырған – Ыбырайдың Ысқағы (М.Әуезов).

Бастауыш зат есімнен не сілтеу есімдігінен, баяндауыш есімшеден болғанда, екеуінің арасына сызықша қойылмайды., өйткені мұнда есімше өзінің етістік қызметінде қолданылады: Мектеп үйі жаңадан салынған. Сол екі жігіт Абайды таңдандырған.

Ал баяндауыш болып тұрған есімше зат есім мағынасында қолданылған болса, бастауыштан кейін сызықша қойылады: Осы кездік – саған тартқаным (соңғы есімше тұлға «тартқан сыйым» деген мағынада қолданылып тұр). Енді осы – тоқтатқаны (Ғ.Мүсірепов).

Бастауыш бірі, біреуі, біріншісі, екіншісі, алдыңғысы, соңғысы деген заттанған сан есім, сын есімдерден және көбі деген сөзден, баяндауыш атау тұлғадағы зат есімнен не жұрнақты етістіктен (және керісінше) болғанда, бастауыштан кейін сызықша қойылады: Жаяу Мұса – Біржан бастаған Арқадағы әншілер тобының көрнектілерінің бірі (М.Әуезов).

Бастауыш болып тұрған сөз баяндауыштың құрамында қайталап, бастауышқа жалғас тұрса, бастауыштан кейін сызықша қойылады: Физикалық денелерден құралған заттар сол қалпында: шыны-шыны қалпында (қалады), парафин-парафин қалпында (қалады), мыс-мыс қалпында қалады («Химия оқулығы»).

Қаратпа сөздердің тыныс белгілері.

Жанды, жансыз заттарға қарата қарата айтылған сөздер сөйлем ішіндегі басқа сөздерден үтірмен ажыратылады. Қаратпа сөз сөйлемнің басында тұрса, үтір оның соңынан, ортасында тұрса, екі жағынан, соңында тұрса, одан бұрын қойлады:



Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат. Жүрегім, нені сезесің? Сөз түзелді, тыңдаушы, сен де түзел (Абай).

Қаратпа сөздің алдында өз анықтауыштары болса, қаратпа сөзден тыныс белгісімен бөлінбейді. Қаратпа сөз анытауыштармен тұтасып, сөлемнің басқа мүшелерінен үтңрмен ажыратылады:



Қарағанды шахтерлері , ұр еңбектің дабылын!(И. Байзақов)

Алдынан не соңынан келген эпитет сөздері бар қарапалар да тұтас тізбек құрайды, эпитет пен қаратпа сөз бір-бірінен тыныс белгісімен ажыратылмайды:



Жарайды, Абайға аға, қаршыға жайында ма?

Қаратпа сөзбен қатар келген одағайдан кейін үтір қойылады:



Каталог: wp-content -> uploads -> 2013
2013 -> Министерство сельского хозяйства Республики Казахстан 010 000, г
2013 -> Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы №21 хаттама
2013 -> Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы №2 хаттама
2013 -> Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы №6 хаттама
2013 -> Министерство сельского хозяйства Республики Казахстан 010 000, г
2013 -> Тақырыптың өзектілігі
2013 -> «Алаш» либералдық-демократиялық қозғалысы идеологиясының маңызд


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет