Әлеуметтік желіде Алматыдағы жер сілкінісі салдарынан әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университететінің жатақханасы құлап қалғаны туралы ақпарат тарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Желіде тараған фото

Желідегі ақпаратта №6 және №8 жатақханада апат болғаны айтылған. ҚазҰУ басшылығы әлеуметтік желіде тараған ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді. 

“ҚазҰУ жатақханаларында, соның ішінде №6 және №8 жатақханаларда қираулар мен құрбандар туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Құрбандар мен құлаған ғимараттар жоқ”, – делінген хабарламада. 

Полиция жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді. Полиция азаматтарды ақпараттық мәдениетті сақтауға шақырады және ресми ақпарат көздерінен алынған ақпаратқа сенуге кеңес береді.

"Жалған ақпарат таратпаңыздар, жалған ақпараттың көбеюіне ықпал етпеңіздер, дүрбелең мен қорқыныш ұялатпаңыздар", – деп ескертті ІІМ.


Автор: Ербол Нурланов

Ербол — талантливый фотограф, зафиксировавший красоту природы и городской жизни Казахстана. Его работы придают нашим материалам визуальное великолепие.