"Қазспецэкспорт" компаниясының бас директорының міндетін атқарушы Аршат Аяғанов қамауға алынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: sputnik-abkhazia.ru

Қаржылық мониторинг агенттігінің хабарлауынша, Аршат Аяғанов 2024 жылы 23 ақпанда броньдалған әскери техниканы жеткізу бойынша мемлекеттік қорғаныс тапсырысын орындау кезінде қызметтік өкілеттіктерін теріс пайдаланды деген күдікпен ұсталған.

  • Сыбайлас жемқорлықпен ұсталғандар мемлекеттік сатып алуға қатыса алмайды – Вице-министр
  • "Төленбеген кадастрлық құн 307 миллион теңге": Алматыда урбанистика басқармасының басшысы жемқорлықпен ұсталды

Қылмыстық кодекстің 201-бабы бойынша өзге ақпараттар жария етілмейді. 

Еске салайық, бірнеше күннен бері интернетте Қазақстанның әскери-өнеркәсіп кешеніндегі (ӘӨК) сыбайлас жемқорлыққа қатысты атышулы іс бойынша тінту жүргізілгені туралы ақпарат тарап жатыр.

Айта кетейік, бұған дейін Қарағандыда көпқабатты үйдің кіреберісіне тастап кеткен сәбидің ата-анасы ұсталғаны туралы жазған едік. 


Автор: Ербол Нурланов

Ербол — талантливый фотограф, зафиксировавший красоту природы и городской жизни Казахстана. Его работы придают нашим материалам визуальное великолепие.