ҚР-Ғы халықаралық миграциялық Ұйымның негізгі қызметтері мен миграцияны реттеудегі орны



жүктеу 74.79 Kb.
Дата22.04.2019
өлшемі74.79 Kb.

УДК 495.12
ҚР-ҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МИГРАЦИЯЛЫҚ ҰЙЫМНЫҢ

НЕГІЗГІ ҚЫЗМЕТТЕРІ МЕН МИГРАЦИЯНЫ РЕТТЕУДЕГІ ОРНЫ
Амрабеков А.Д., Тұрғынбек Г.Р.

М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Тараз қ.
«Халықаралық қатынастарда қазіргі таңдағы ең өзекті мәселелердің бірі – тұрғындардың бір мемлекеттен екінші мемлекетке көшіп-қонуы. Өйткені, бұл құбылысты бақылау да, болжау да қиын. Әр азаматтың жеке басының ісі бола тұрып, миграция әлемнің жалпы даму қарқынына ерекше ықпал етіп отыр. Баспасөз құралдары пайда болғанға дейін, саяси идеялар мен жаңа технологиялар осы халықтардың қоныс аударуы арқылы Жердің барлық түкпіріне тарап отырды. Ал, қазіргі халықаралық қатынастардың жаһандану жағдайында миграциялық үрдістер одан әрі тереңдей түсіп, оны зерттеудің маңыздылығы арта түсті» [1].

Демографиялық және көші-қон үрдістері саласындағы тұңғыш зерттеулер Батыс елдерінде жүргізілді. Әсіресе, АҚШ-тың ғылыми мектебі өз зерттеулерінің ауқымдылығымен және тереңдігімен ерекшеленеді. Бұл, әрине, АҚШ-тың тарихи ерекшеліктеріне сай болса керек.

Көші-қон мәселесін зерттеу ХХ ғасырдың басында басталды. Бұл кезде Америка құрлығына Еуропадан мигранттардың ағылып келуі байқалды. Осы уақытта жүргізілген зерттеулер адамдардың қоныс аударуына түрткі болған себептерін, алғышарттарын, сондай-ақ, оның салдарын анықтаумен айналысты. ХХ ғасырдың орта тұсында миграциялық үрдістерде 40 жылдық үзіліс болып, зерттеушілер мигранттардың екінші және үшінші ұрпағының ассимиляциялану мәселесіне көбірек назар аударды. Ал, Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін басты мәселе этникалық және нәсілдік қарым-қатынастар болды [20].

1970-жылдардың басында интеграция және жаһандану үрдістерінің одан әрі тереңдей дамуына байланысты жаппай көші-қон тарихында жаңа кезең басталды. 1990-шы жылдарда миграция тақырыбы зерттеулердің ерекше бір саласына айналып, әлеуметтік аспектіден саяси көзқарастарға ерекше ден қоя бастады [2].

Миграция – бұл халықтар арасындағы жер аудару немесе тұрғылықты мекен - жайын ауыстыру процесі танылады. Миграциялық процесс - бұл барлық мемлекеттердің арасында болатын құбылыс болғандықтан, халықтар жер ауыстырғанда өзге мемлекеттердің ұлттық заңнамаларына ауысады. Демек, өзі келген мемлекеттің ұлттық заңнамасына тиесілі болады. Әр адам өзі тиесілі мемлекеттің азаматы болғандақтан, оның құқықтары мен бостандықтарының кепілі болып, өзінің мемлекеті танылады. Миграциялық процестерге тікелей қатысатын азаматтардың құқықтарын негізінен сол азамат шыққан мемлекет қорғайды. Халықаралық миграция құбылысы күрделі және ауқымды болғандықтан, мигрант болып келген адамдардың құқықтық статусы анықталады. Мысалы, егер адам бір мемлекетке оқуға, демалуға, еңбек шарты бойынша жұмыс істеуге және т.б жағдайлармен келсе, онда бұл процестер құқықтық жағынын заңды деп есептелінеді. Егер келген азамат тіркеуге тұрмай, не заңсыз кәсіппен айналысатын болса, онда кез-келген мемлекет ол азаматты өз территориясынан шығаруға толық құқығы бар.

«Халықаралық ұйым – халықаралық қатынастарды реттеудегі халықаралық құқықтық жүйенің объективті қажетті көрінісі. Халықаралық тәжірибеде халықаралық ұйымдардың қызметіне әсер ететін және олардың көптеген бағыттарда дамуын белгілейтін факторлар мен жағдайлар жүйелері бар» [3].

«Халықаралық ұйымдардың негізгі функциялары әр алуан және өзара біртектес. Бірақ негізгі атқаратын қызметтері мен мақсаттары әртүрлі. Халықаралық ұйымдар мемлекеттер мен халықаралық құқықтың басқа да субъектілері арасындағы өзара қарым – қатынасының бірден – бір маңызды құқықтық нысаны болып табылады» [4].

Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының басымдық берілетін бағыттары бірінші кезекте біздің еліміздің географиялық орналасуы және оның ұлттық мүдделері сияқты ұзақ мерзімді сипаты бар факторлардың ықпалымен қалыптасты. Жаңа технологиялардың және ғаламдану процесінің дамуына, планеталық сипаттағы қауі-қатердің пайда болуына, жаңа экономикалық құрылымның қалыптасуына, аймақтық деңгейдегі халықаралық ынтымақтастықтың тереңдеуі мен әртүрлілігіне байланысты әлемде болып жатқан өзгерістер – мұның бәрі мемлекетіміздің сыртқы саясатының бағытына түзетулер енгізуге мәжбүр етеді, көкейтесті халықаралық проблемаларды шешуге қатысты жедел әрі икемді жұмыстар жасауда, осы мәселелерде жаңа көзқарастарды әзірлеуді іске асыруды талап етеді. Алайда, сыртқы саясаттың негізге алынатын қағидаттары өзгеріссіз қала береді.

«Саяси салада халықаралық проблемаларды ғаламдандыру үрдісу байқалады. «Қырғи – қабақ» соғыстың аяқталуы және екі ядролық державаның, сондай-ақ екі қоғамдық – саяси жүйенің келмеске келуі – принциптерінде ядролық қаруды таратпау проблемасын шешкен жоқ. Онға жуық жаңа елдер ядролық қаруды иемдену табалдырығында тұр. Экономикалық қауіпсіздік проблемасы ғаламдық сипат алды. Коммуникацияның дамуы қарудың, есірткінің және қаржының заңсыз айналымының ауқымын ұлғайтуға ықпал етті. Ұлттық шекаралар символиклық функциялар атқара алатын жаңа ақпараттық кеңестік қалыптасты. Адамзат осы ғаламдық проблемаларды шешудің барабар нысаны мен әдістерін әзірге таба алмай отыр» [5].

Осындай проблемалардың бірі болып, халықаралық миграцияның ұдайы өршуі де мемлекеттерді алаңдатады. Мұндай мәселелермен бірден – бір айналысатын халықаралық ұйым ол – Халықаралық Миграциялық Ұйым болып табылады. Миграция бойынша Халықаралық Ұйым (әрі қарай МХҰ) - [International Organisation for Migration,] - 1951 ж. құрылған халықаралық үкіметаралық ұйым, штаб-пәтері Женева қаласында орналасқан (Швейцария).125 мемлекет осы ұйымға мүшелікте және 18 мемлекет қадағалау мүшелігінде. Дүниежүзі бойынша 100 ге тарта өз миссиялары қызмет атқарады. Әлемде 400 ден астам бөлімшелері құрылған.

Халықаралық Миграциялық Ұйымына мүше мемлекеттер тізімдемесі: Ауғанстан, Албания, Алжир, Ангола, Аргентина, Армения, Австралия, Австрия, Азербайджан, Багамы, Бангладеш, Беларусь, Бельгия, Белиз, Бенин, Боливия, Босния и Герцеговина, Бразилия, Болгария, Буркина Фасо, Бурунди, Камбоджа, Камерунская, Канада, Чили Колумбия, Конго, Коста-Рика, Республика Кот-д’Ивуар, Хорватия, Кипр, Чехия, Демократическая республика Конго, Дания, Доминиканская Республика, Эквадор, Египет, Сальвадор, Эстония, Финляндия, Франция, Габон Гамбия, Грузия, Германия, Гана, Греция, Гватемала, Гвинея, Гвинея-Бисау, Гаити, Гондурас, Венгрия, Иран, Ирландия, Израиль, Италия, Ямайка, Япони Иордания, Кабо-Верде, Казахстан, Кения, Киргизия, Латвия, Ливия, Либерия, Литва, Люксембург, Мадагаскар, Мали, Мальта, Мавритания, Маврикий, Мексика, Молдавия, Черногория, Марокко, Непал, Нидерланды, Новая Зеландия, Никарагуа, Нигер, Нигерия, Норвегия, Пакистан, Панама, Парагвай, Перу, Филиппины, Польша, Португалия, Корея (Южная), Румыния, Руанда, Сенегал, Сербия, Сьерра Леоне, Словакия, Словения, Южная Африка, Испания, Шри Ланка, Судан, Швеция, Швейцария, Таджикистан, Таиланд, Того, Тунис, Турция, Уганда, Узбекистан,Украина, Великобритания, Танзания, Соединенные Штаты Америки, Уругвай, Венесуэла, Вьетнам, Йемен, Замбия, Зимбабве.

Ал қадағалау мемлекеттерінің тізімдемесі: Бахрейн, Бутан Китай, Куба, Эфиопия, Гайана, Ватикан, Индонезия, Мозамбик, Намибия, Папуа-Новая Гвинея, Катар, Россия, Сан-Марино, Сан Томе и Принсипи, Македония, Туркмения, Саудовская Аравия.

Алғашқыда Еуропадағы босқындар мен мәжбүрлі қоныс аударушыларға көмек көрсету мақсатында құрылып, Еуропадағы көші-қон мәселесі бойынша Үкіметаралық комитет деп аталды. 1980 ж. оның қызметі Еуропаның аумағынан кеңейген кезде Көші- қон мәселелері бойынша Халықаралық ұйым аталды. Қазіргі кезде МХҰ-на 101 мемлекет мүше, 30 мемлекет бақылаушы дәрежесінде. МХҰ бюджеті мүше - мемлекеттердің жыл сайынғы жарналарынан және қоғамдық ұйымдардың ерікті және аймақтық жарналардан құралады. Өз қызметінде МХҰ адамгершілікті әрі реттелген миграция қоғам мен мигранттардың мүдделерін толық қанағаттандырады, осы жолда халықаралық миграциялық процестерді тиімді басқару үшін оған мүдделі елдердің күшін біріктіру шарт. МХҰ қызметінің негізгі бағыттары: елдердің ерекше мүқтаждықтарын ескере отырып халықтың реттелген көші-қонын қамтамасыз ету; заңсыз көші-қонды болдырмау; мемлекеттердің экономикалық, әлеуметтік және мәдени дамуы мақсатында білікті адамдар ресурсын қайта бөлу; мәжбүрлі қоныс аударушыларды ұйымдасқан түрде көшіру; үкіметтерге және үкіметтік емес ұйымдарға тәжірибе және ақпарат алмасу мүмкіндіктерімен қамтамасыз ету. Жалпы МХҰ өз қызметі аясында шамамен 11 млн. мигранттарға көмек көрсетті. «МХҰ-ның аса ірі бағдарламалары: Таяу Шығыстағы мигранттардың өз еліне қайтарылуы (1990-1991), 800 мың. көшіп кеткен ирактық курдтардың қайтып оралуы (1991), бұрынғы Югославиядан көшіп кеткен отбасылардың қайта табысуы және қоныс аударуына арналған Югославиялық төтенше бағдарлама (1992), ТМД елдеріндегі миграциялық мәселелерге техникалық көмек (1993-1997), көрші елдерден 1, 2 млн. халықтың Руандаға қайтып оралуы (1994), 190 мың босниялық босқындардың (1996) және 150 мың Косово тұрғындарының еліне қайта оралуына жәрдем жасау (2000)» [6].

Бұл ұйым алдымен негізгі 4 түрлі бағытта жұмыс атқарады:


  • Миграция және даму;

  • Миграцияға көмектесу;

  • Миграцияны реттеу;

  • Мәжбүрлі миграция;

«Осы бағыттағы негізгі жұмыстар халықаралық құқық таныған жалпыға бірдей принциптердің орындалуын қамтамасыз етеді және халықаралық шарттардың міндеттілігін көрсетеді.Сонымен қатар, ұйымның қызмет көрсету бағытына стратегиялар жасау және оларды талдау, мигранттардың құқықтарын қорғау, мигранттардың денсаулығын сақтауға жәрдем беру және де миграцияға гендерлік баға беру жатады» [24].

Жалпы Халықаралық Миграциялық Ұйым елімізде толықтай миграциялық процестерді реттеуге қатыса алады, себебі ол халықаралық құқықта құқықсубъектілігі бар. Заңды түрде мемлекеттің миграциялық саясатына атсалыса алады, сонымен қатар мемлекетаралық келісім шарттарды қабыдап, мигранттардың құқықтары мен босатндықтарын қорғауда үлкен рөл атқарады.

Халықаралық Миграциялық Ұйымның Жарғысына сәйкес, 27 – бабында көзделгендей, бұл ұйым өз толықтай сотта заңды жауапкер мен талапкер бола алатын, жалпы құқық субъектісі болатын және шығындарды өтеу мен төлеу қызметін жүзеге толықтай асыра алады. ХМҰ – ң құқықтық жағдайы нормативтік – құқықтық актімен реттелген.

Бұл әлемдегі ерекше халықаралық ұйым болап табылады, себебі бұл мекемеге өздерінің бұзылған құқықтар мен бостандықтарын қалпына келтіруге мигранттар келеді. Сондықтан да осы аталғандарды ескере отырып, еліміз қызмет етуге рұқсат еткен халықаралық ұйымның жалпы функциясын күшейту керек деген ұсыныс осы диссертацияда зерттеліп отыр. Оның маңыздылығы, егер барлық облыстарда осы халықаралық ұйымның филиалы болатын болса, онда мигранттарға құқықтық көмек көрсету жеңілірек болар еді және де қол жетімді болады.



Көптеген мигранттарға әлеуметтік, саяси және құқықтық, экономикалық көмектер көрсетідер еді. Ал, өазіргі таңда қаншама мигранттар адам саудасына айналып жатыр, трафика дамып, заңсыз миграция әлі де жалғасуда,әсіресе, шекаралық аймақтарда бір күндік заңсыз миграция өте қатты дамыған. Осы мәселенің шешімін алуға осы халықаралық ұйымның тигізер пайдасы зор болады деп сенемін.
Әдебиет


  1. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексі (2010.04.05. берілген өзгерістер мен толықтырулармен);

  2. «ҚР - ң Нормативтік – құқықтық актілер» туралы Қазақстан Республикасының Заңы 1998 жылғы 24 наурыздағы N 213 (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., 2-3, 25-құжат);

  3. Алехин А., Кармолицкий А., Козлов Ю. Административное право Российской Федерации. М., 1997г, с - 4.

  4. Баянов Е. Әкімшілік құқық. Оқулық. Алматы, 2007ж, 13 – бет.

  5. Қазақстан Республикасының «Халықаралық шарттар туралы» 2005 жылғы 30 мамырдағы N 54 Заңы., Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2005 ж., N 10, 35-құжат; "Егемен Қазақстан" 2005 жылғы 4 маусым N 123-124;

Каталог: rus -> all.doc -> Konferencia -> konf 2015 III
konf 2015 III -> Туннельды су тастағыштардың соңҒы жағындағы бьеф жалғастыру режимдері тәңірбердиева Ү., Жұрымбаева Р
konf 2015 III -> Әож 626. 81(574) талас өзені алабының жер беті суларының мониторингі және қазіргі жағдайы
konf 2015 III -> Әож 627. 886 Жоғары арынды су тораптарының су тастау қҰрылымдарынан келетін қауіптер
konf 2015 III -> Әож 627. 843: 532. 533 ТӨменгі бьефтің ҚҰрылғыларының ЕҢ тиімді формалары мен мөлшерлерін анықтау
konf 2015 III -> Жамбыл облысындағы экономика салаларының сумен қамтамасыз етілуін болжау
konf 2015 III -> Әож 627. 886: 532.(075. 8) Жалғастыру қҰрылымдарынан кейін болатын гидравликалық шапшыманы зерттеу
konf 2015 III -> Cырдарья өзенінің ТӨменгі саласының гидрологиялық жағдайы қарлыханов Т.Қ., Байниязова А. С
konf 2015 III -> Cырдарья өзенінің гидрологиялық ЖӘне гидрохимиялық жағдайы қарлыханов Т.Қ., Нахатова А. А
konf 2015 III -> Cырдарья өзенінің ТӨменгі саласының табиғи техногендік жағдайы қарлыханов Т.Қ., Байниязова А. С
konf 2015 III -> Әож 28. 12: 591. Шу өзенінінің мойынқҰм тұстамасындағы сипаттамасы


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет