Қазақстандық эстрада жұлдызы Бейбіт Қорған тапсырған ДНҚ қорытындысы шықты. Атыраулық келіншек Нұргүл Зиханованың ұлының әкесі Бейбіт Қорған болмай шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото желіден

ДНҚ қорытындысында баланың Бейбіт Қорғанның ұлы емес екені көрсетілген. 

“Азаматтық іс қозғалып, сот отырысында соттың тарапынан баланың әкесін анықтау мақсатында сараптама тағайындалды. Сот ұйғарымы бойынша осы жылдың 24 қаңтарында Бейбіт Қорған аталған ұйғарымда көрсетілген міндеттерін атқару барысында келіп сот биологиялық үлгілерін тапсырды. 27 ақпанда сот барысында барлық қатысушылардың көзінше сараптама ашылып, сараптама қортындысы оқылғаннан кейін, әкелігі анықталмауына байланысты арызданушы берген арызын қайтарып алды. Жіне ол соттан шағымды қараусыз қалдыруды сұрады”, – деді адвокат Ұзаққалиева Орынгүл.

  • "Қараған сайын жүрегім ауырады": Ләйлә Сұлтанқызы марқұм жолдасын есіне алды

  • "Дүниеге 6 айлық болып келді": Асқар Жүнісбеков шетінеп кеткен қызын есіне алды

Заңгер сонымен қатар, әншінің жеке басына, ар-намысына кір келтіріп, жеке өмірінің деректерін рұқсатсыз бөліскен “Астарлы ақиқат” бағдарламасы да заң алдында жауапқа тартылатынын алға тартты. 

Адвокат Бейбіт Қорғанның осы күнге дейін журналисттер алдына шығып пікір білдірмеуінің себебі де бірден сот арқылы шындықты көрсету болғанын атап өтті. 

Еске салсақ, атыраулық келіншек әншімен көңіл жарастырғанын айтып, Бейбіт Қорғаннан ұлы бар екенін алға тартқан еді.

 

 
 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

 
 
 

 
 

 
 
 

 
 

Публикация от Бейбіт Қорған (@beibitkorgan)


Автор: Ербол Нурланов

Ербол — талантливый фотограф, зафиксировавший красоту природы и городской жизни Казахстана. Его работы придают нашим материалам визуальное великолепие.