Танымал әнші, “Құрмет” орденінің иегері Мөлдір Әуелбекова бала тәрбиесі туралы ойын бөлісті. Екі баласына қандай тәрбие беріп жатқанын Medina Style youtube арнасына айтып берді. 

Фото: Подкастан кадр

Өнер иесі жалғыз өзі ұлы мен қызын бағып отыр. Екінші некесі де сәтсіз болып, ажырасып кеткен еді. 

“Балаларыммен көбірек уақыт өткізуге тырысамын. Ұлым өте ақылды болып өсіп келеді. Жиі сырласамын. Бірақ қызыма көбірек уақыт бөледі екенмін. Ұлым соны байқап қалыпты. Қызымның бала күтушісі бір аптаға сұранып кетіп еді. Балам мазасыз болып, жылай бастады. Өйткені қызыма көбірек көңіл бөліп қойыппын. Жұмысқа кетсем, 50-60 рет хабарласып, жылап тұратын. Мен түсінбей жүрдім. Осыған дейін мазасыз болған емес. Сөйтсем, бір күні балам “Айаруды ғана еркелетесіз. Маған көңіл бөлмейсің” деді. Содан кейін барып, қателескенімді түсіндім”, – деді әнші. 

  • "Бір ғана өтінішім болды": Ерке Есмахан Тоқаевтың Раимға берген сыйлығын көрсетті

  • "Жан-жағын тазалап кеттім": Ләйлә Сұлтанқызы не себепті Алматыға жиі келетінін түсіндірді

Өнер иесі ұлының білімді, ақылды жан-жақты болып өсуін қалайды. Сол үшін балаларының болашағы үшін ұстаз таңдайтынын жасырмады. 

“Қазір түрлі қосымша білім беретін үйірмелер бар. Мен ұлыма ұстазды таңдадым. Бірнәрсе айтсам, қатты таңғалып қаласыздар. Менің ұлым орыс мектебінде оқиды. Сол мектептен алғаш рет ашылған қазақ сыныбына барды. Гүлдана апайымыз өте керемет адам. Ұлым сол кісінің сабағын мақтап, қалмауға тырысады. Ойнатып жүріп, сабақ түсіндіреді. Бірақ біздің үйде әкеміз орысша сөйлеуге рұқсат етпейді. Ауладан шыққанда неше түрлі тілде сөйлей береміз. Керемет білім беретін, ақылы мектептердің барлығына барып көрдім. Балам даярлық сыныпта оқыған мектебінде қалғысы келді. Апайын қимай қалды”, – деп жансырын ақтарды өнер иесі. 

Еске салайық, Мөлдір Әуелбекова орамалына тиіскен оқырманына жауап берген еді. 


Автор: Ербол Нурланов

Ербол — талантливый фотограф, зафиксировавший красоту природы и городской жизни Казахстана. Его работы придают нашим материалам визуальное великолепие.