Радиоэлектроника


- дәріс. Тақырыбы: Шала өткізгіш аспаптар



жүктеу 1.16 Mb.
бет9/12
Дата24.09.2017
өлшемі1.16 Mb.
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

5 - дәріс.

Тақырыбы: Шала өткізгіш аспаптар.

Дәрістің мазмұны:

  1. Шала өткізгіштердің өткізгіштігі

  2. Электрондық- кемтіктік өтулер. Диодтар

Мақсаты: Шала өткізгіштердің өткізгіштігі түрлерімен, p-n -өту қасиеттерін еске түсіру.

  1. Шала өткізгіштердің өткізгіштігі

Шала өткізгіштер деп өткізгіштігі жағынан өткізгішпен диэлектриктің аралығында , бірақ ішкі процестер мағынасы бойынша сол орталардан ерекшелінетін қатты заттардың ерекше тобын айтады. Заряд тасымалдаушылары - электрондар мен кемтіктер. Меншікті өткізгіштігі- нашар қоспалық өткізгіштігі жоғары болуы мүмкін. Қоспалық өткізгіштік: донорлық, акцепторлық болып бөлінеді.

2.Электрондық- кемтіктік өтулер. Диодтар

Донорлық және акцепторлық шала өткізгіштерді жанастырғанда, арасындағы шекара аймақта пайда болады. Осы өтудің маңызды қасиеті: Бір жақты өткізгіштігі. Ондай құрылғыларды диодтар деп атайды. p-n -өтуі – электрндық – кемтіктік өту деп атайды. Бұл аймақта заряд тасымалдаушылар аз болып, кедергісі үлкен болуы мүмкін. Шала өткізгіш диодтар: түзеткіш диод, стабилитрон, варикап деген түрлері бар.



Өзін - өзі тексеру сұрақтары

  • Шала өткізгіштер деп қандай заттарды айтады?

  • p-n - өту дегеніміз қандай зат?

  • Шала өткізгіш диодтардың маңызды сипаттамасы қандай?

  • Түзеткіш диодтың маңызды қасиеті қандай?

  • Стабилитронның маңызды қасиеті қандай?

  • Варикаптың маңызды қасиеті қандай?

Әдебиет: Силлабусты қара.
6 – дәріс

Тақырыбы: Шала өткізгіш аспаптардың түрлері

Мазмұны:

1. Шала өткізгіш аспаптардың басқа түрлері.

2. Шала өткізгіш аспаптардың арнайы түрлері

3. Фотоэлектрлік аспаптар



Мақсаты: Шала өткізгіш аспаптардың ерекшеліктерін, жұмыс істеу принципін түсіндіру.

1. Шала өткізгіш аспаптардың басқа түрлері.

Транзисторлар мен тиристорлар

Электрондық- кемтіктік өтуі болатын қондырғыларға диодтан басқа, транзистор мен тиристорлар жатады. Транзисторлар: биполярлы және униполярлы болып бөлінеді. Басты ерекшелігі: Транзистордың 2 p-n өтуі– яғни шала өткізгіштердің 3 қабатынан құралуы немесе шала өткізгіш пластинада сыртқы өрістің әсерінен өзгеретін өткізгіш каналдың болуы.

Биполярлы транзистордың үш шала өткізгіш қабат,екі p-n өтуі болады.3 контактісі – эмиттер(Э), база(Б), коллектор-(К). Базадағы ток электрондық тізбегінен өтетін қуатты токтың өтуіне елеулі әсерін тигізеді. Сондықтан Э- Б – тізбегінен өтетін әлсіз токтар. Электрондық тізбегінде күшейтіледі деп айтуға болады.



Өрістік транзисторда3 контакт: бастау(И), бекітпе (З), құйма (С) деп аталады. Бастау-құйма тізбегінен өтетін токты , бекітпедегі электр өрісінің көмегімен басқаруға болады.Сол арқылы әлсіз сигналдарды күшейтуге болады.

Тиристорды үш p-n - өту болады. Тиристордағы токтың өту- өтпеуі оның арасындағы шала өткізгіш қабаттардың потенциалдарына және алдыңғы моменттердегі токқа байланысты. Тиристор электр сұлбасында айырып-қосқыш қызметін атқарады. Тиристордың екі электроды болса, оны динистор деп атайды, үш электроды болса - тринистор. Вольтамперлік сипаттамасы координат басына қатысты симметриялы болса - симистор деп аталады.



2. Шала өткізгіш аспаптардың арнайы түрлері

Шала өткізгіш аспаптардың техникада көптеген ерекше түрлері қолданы-лады. Бұлар: 1)айналдырылған шала өткізгіш диодтар. 2)туннелдік диодтар, 3)варикап, 4)Ганн-диодтары, 5)Шоттка диодтары, 6)варистор 7)терморезисторлар.



3. Фотоэлектрлік аспаптар

Фотоэлектрлік аспаптар деп оптикалық сәуле энергиясын электрлік энер-гияға айналдыратын аспаптарды айтады. Олардың жұмысы сыртқы және ішкі фотоэффектіге негізделген. Ішкі фотоэффектіге негізделгендер: фоторезисторлар, фотодиод, шала өткізгіш фотоэлементтер. Сыртқы фото-эффектке негізделген: электрвакуумдық фотоэлементтер және фотоэлект-рлік көбейткіштер.



Өзін - өзі тексеру сұрақтары

  • Шала өткізгіш аспаптардың қандай түрлері бар?

  • Транзисторлар мен тиристорлар

  • Үш электродты шала өткізгіш аспапты қалай айтады?

  • Үш p-n –өтуі бар шала өткізгіш аспапты қалай атайды?

  • Тиристордың қандай түрлерін білесің?

- Шала өткізгіш аспаптардың арнайы түрлері

- Фотоэлектрлік аспаптар деп қандай аспапты айтады?



Әдебиет: Силлабусты қара.
7 – дәріс

Тақырып: Интегралдық микросұлбалар.

Дәріс мазмұны:

  1. Интегралдық микросұлбалардың негізгі ерекшеліктері, классификациясы

  2. Орташа және үлкен цифрлік интегралдық микросұлбалар

Мақсаты: Интегралды микросұлбаларды құру принциптерімен таныстыру

  1. Интегралдық микросұлбалардың негізгі ерекшеліктері, классификациясы

Интегралдық микросұлба деп сигналды түрлендіру және өңдеудің белгілі бір функциясын атқаратын және электрлік қосылған элементтердің жеке кристалдарда өте тығыз орналасқан жүйесі бар микроэлектрондық бұйым-ды айтады.

Микросұлбалардың түрлері: шала өткізгіш, қабыршақты және (немесе үлдірлі) және гибридтік микросұлбалар. Интегралдық микросұлбалар элементтерінің санына қарай маңызды сипаттама: интеграция дәрежесі. Микросұлбалардың 1-ден 5–ке дейін интеграция дәрежелері бар. Осы сипаттамасына сәйкес олар ИС (интегралдық сұлба), СИС (орта ИС), БИС (үлкен ИС ), СБИС(аса үлкен ИС). Шала өткізгіш пен қабыршақты микросұлбалардың өзіндік кемшіліктері бар. Гибридтік микросұлбалар осы екі түрінің артықшылықтарын қосып, кемшіліктерін азайтады. Өңделетін сигналдың түріне қарай микросұлбалар цифрлік және аналогтік болып бөлінеді.



  1. Орташа және үлкен цифрлік интегралдық микросұлбалар

Орта және үлкен цифрлік микросұлбалар БИС және СБИС микросұлба-лардың ерекшелігі: бір кристалда орналасқан логикалық элементтер санының көптігі ғана емес, үнемділігі мен сенімділігінің жоғарылылығы-мен ерекшеленеді. Микросұлбалар –динамикалық және комбинациялық деген түрлері бар. Динамикалықпен салыстырғанда комбинациялық ИС-тің ерекшелігі информацияны жадыға сақтамай түрлендіреді. Үлгілері: деши-фратор, шифратор, мультиплексор, демультиплексор, кодты түрлендіргіш, қосындылағыш, арифметикалық құрылғылар.

БИС-тердің жаңа класы –микропроцессорлық БИС-тер. Ал бір немесе бірнеше микропроцессоры бар, басқарушы программаларды және интерфейстік сұлбаларды сақтайтын жады бар құрылғыны Микроэвм деп атайды.



Өзін - өзі тексеру сұрақтары:

- Интегралдық микросұлбалардың құрылысына қарай қандай түрлері бар?

- Интегралдық шала өткізгіш микросұлбалардың құрылысы қандай?

- Интегралдық қабыршақты микросұлбалардың ерекшелігі қандай?

- Комбинациялық интегралдық микросұлбалардың ерекшелігі не?

- Микро ЭВМ дегеніміз қандай құрылғы? Құрылысы қандай?



Әдебиет: Силлабусты қара.

8 – дәріс

Тақырып: Интегралдық микросұлбалардың негізгі логикалық элементтері.

Дәріс мазмұны:

1.Электрондық кілттер.Триггерлер.

2.Интегралдық микросұлбалардың негізгі логикалық элементтері.

Мақсаты: Импульстық техниканың технологиясымен таныстыру.

1.Электрондық кілттер.Триггерлер.

Импульстық сигналдарды қалыптастыру үшін электрондық аспап тек екі жұмыстық режимде жұмыс істей алуы керек: "ашық" не "жабық". Бұл режимдер - кілттік режим деп аталады. Ең көп қолданылатыны: транзис-торлық кілт. Оның екі режимі бар: "қиылу" режимі,"қанығу" режимі. Триггерлер деп екі орнықты күйі бар құрылғыны айтады. Триггерлердің түрлері: RS - триггерлер, Д- триггер, JK – триггер, Т- триггер.



2. Интегралдық микросұлбалардың негізгі логикалық элементтері.

Негізгі логикалық функцияларды орындайтын логикалық интегралдық сұлбалар – базалық логикалық элементтер деп аталады. Олар қолданыла-тын схемотехникалық элементердің түрлерімен, өндірістік технологиясы-мен, конструкциясымен, тұтыну қуатымен, кернеуімен және т.б көрсеткіш-термен ерекшелінеді. Басты топтары: РТЛ, ДТЛ, ЭСЛ, ТТЛ солардың ішін-де МДПТЛ, КМДПТЛ.



Өзін - өзі тексеру сұрақтары:

- Электрондық кілттер.

- Триггерлер туралы не білесің?

- Интегралдық микросұлбалардың негізгі логикалық элементтері.

- Санауыштар дегеніміз не?

Әдебиет: Силлабусты қара.
9-дәріс

Тақырыбы: Тербелмелі жүйелер.

Дәріс мазмұны:


  1. Тербелмелі контурлар.Еркін тербеліс.

  2. Тербелмелі контурдың сипаттамалары.

Мақсаты: Тербелмелі контурлардағы процесстермен және негізгі сипаттамаларымен таныстыру.

  1. Тербелмелі контурлар. Еркін тербеліс.

Тербелмелі контур дегеніміз индуктивті және сыйымдылық элементтері бар тізбек учаскелерін айтады. Осы элементтерде энергия жинақталуы мүмкін. Соның нәтижесінде осы элементтер арасында энергия алмасуы болып, бұл процесс тербелмелі сипатта болады. Тізбекте бұл элементтер реактив элементтер деп аталатыны сондықтан. Резисторлық элементтер-де электромагниттік энергия жылу энергиясына не т.б түрлеріне қайтымсыз айналады. Сол себепті бұндай элементтер активті элементтер деп аталады.

2. Тербелмелі контурдың сипаттамалары.

Нақты тербелмелі контурда реактив элементтермен бірге актив элемент-тер болады, сондықтан еркін тербелістер өшетін сипатта болады. Тербелістердің ұзаққа созылуын сипаттайтын параметр- контур сапалылы-ғы Q және контурдың характеристикалық кедергісі

ρ=, Q= R/ρ

Тербелістер өшпейтін болуы үшін энергия көзі жалғануы керек. Бұл ток көзінен электромагниттік энергия тербелмелі контурда L және C элементтеріндегі энергия қорларын толықтырып тұруы керек. Яғни актив элементі арқылы болатын энергия шығынының орнын толтыруы керек.



Өзін - өзі тексеру сұрақтары:

- Реактив элементтер деп конденсатор мен катушканы атайтыны неліктен?

- Актив элемент деп қандай элементті атайды?

- Контур сапалылығы деп қандай шаманы айтады?

- Тербелмелі контурлардың түрі қандай?

Әдебиет: Силлабусты қара.
10 - дәріс

Тақырыбы: Тізбекті және параллель тербелмелі жүйелер.

Дәріс мазмұны:

1. Тізбекті және параллель тербелмелі контурлар.

2. Кернеулер резонансы және токтар резонансы.

Мақсаты: Тербелмелі контурлардың түрлерімен, резонанс күйлерімен таныстыру.
1. Тізбекті және параллель тербелмелі контурлар.

Контурда L және C элементтерінің контурда жалғану әдісіне қарай: тізбекті және параллель тербелмелі контур деп бөледі. Тізбекті контурда L, C –тізбектеп жалғанады. .Параллель тербелме-лі контурда L және C параллель жалғанады. Тербелмелі контурларды генераторларда және және электр сүзгіштерде қолданады. Тізбекті және параллель тербелмелі контурлар әртүрлі жиіліктегі сигналдарды өткізу қабілеті бірдей болмағандықтан, оларды электр сүзгілерінде пайдаланады. Бұл кезде тербелмелі контурлардың өткізу жолағы басты сипаттамасы болып табылады.



2 Кернеулер резонансы және токтар резонансы.

Сыртқы кернеудің жиілігі контур жиілігіне тең болғанда - кернеулер резонансы деп аталатын құбылыс болады. Онда ток максималды болып, қуатты процестер жүріп жатады. Бұл кезде Xc= XL яғни индуктивті және сыйымдылық кедергілер тең болады. Онда толық кедергі: Z=R, ал тізбектегі ток: Iрез =Imах .

Параллель контурда сыртқы тогінің жиілігі контур жиілігіне тең болғанда – токтар резонансы деп аталатын құбылыс болады. Онда тармақтардың өткізгіштіктері тең болып: BL=Bc, онда ток Iрез =Imin болады.



Өзін - өзі тексеру сұрақтары:

- Токтар резонансы деп қандай құбылысты айтады?

- Кернеулер резонансы деп қандай құбылысты айтады?

- Тізбекті және параллель тербелмелі контурлардың қандай айырмашылық-тары бар?

- Тізбекті және параллель тербелмелі контурлардың өткізу жолақтары қандай?

Әдебиет: Силлабусты қара.
11- дәріс

Тақырыбы: Радиотолқындарды тарату шарттары.

Дәріс мазмұны:


  1. Жер бетінде, атмосферада радиотолқындардың таралу шарттары.

  2. Электромагниттік толқындардың диапазондары және олардың таралу шарттары.

Мақсаты: Радиотолқындардың таралу шарттарымен таныстыру.

1. Жер бетінде, атмосферада радиотолқындардың таралу шарттары.

Радиотолқындардың таралуына әсер тигізбей қоймайтын жер бетінен басқа үш облысты көрсетуге болады: тропосфера, стратосфера, ионосфера.Осы облыстарда таралатын толқындарды: тура, жер беткейлік және ионосфералық деп бөледі. Ионосфералық толқындар ионосфера қабатынан шағылады. Сол арқылы Жер бетіндегі қашық пункттердің арасында байланыс орнатуға болады. Жер беткейлік толқындар Жер беті бойымен таралады.

Толқындарды ұзындығы бойынша: ультрақысқа(УКВ), қысқа, орташа, ұзын және аса ұзын деп бөледі. Немесе жиілігі бойынша аса жоғары жиілікті (СВЧ), жоғары жиілікті, орта жиілікті, төмен жиілікті толқындар деп бөледі.

2.Электромагниттік толқындардың диапазондары және олардың таралу шарттары.

Толқындарды ұзындығы бойынша: ультрақысқа(УКВ), қысқа, орташа, ұзын және аса ұзын деп бөледі. Немесе жиілігі бойынша аса жоғары жиілікті (СВЧ) , жоғары жиілікті, орта жиілікті, төмен жиілікті толқындар деп бөледі.олардың таралу шарттары әртүрлі болғандықтан қолданылу салаларында да ерекшеленеді. Тура және ионосфералық толқын етіп қысқа және УКВ толқындарды жіберген ыңғайлы, ол жер беткейлік етіп ұзын және аса ұзын, орта толқындарды жіберген ыңғайлы, жұтылуы аз болып, кедергілерді орап өтеді.



Өзін - өзі тексеру сұрақтары:

  • Жер беткейлік толқын деп қандай толқындарды айтады?

  • Ионосфералық толқын деп қандай толқындарды айтады?

  • Толқындарды ұзындығы бойынша қалай бөледі?

Әдебиет: Силлабусты қара.
12- дәріс

Тақырыбы: Антенна - фидерлік құрылғылар.

Мазмұны:

1. Антенна және олардың түрлері, сипаттамалары.

2. Фидерлер

Мақсаты: Радиотолқындарды шығарып, қабылдайтын құрылғылардың жұмысымен таныстыру.

1.Антенна және олардың түрлері, сипаттамалары.

Антенна деп радиотолқындарды шығаратын және қабылдайтын радиотех-никалық құрылғыларды айтады. Антенналардың басты қызметі: жоғары жиілікті электромагниттік тербелістер энергиясын радиотолқындар энер-гиясына айналдыру немесе қабылданатын радиотолқындар энергиясын жоғары жиілікті электромагниттік энергиясы етіп түсіру.

Антенна және ұзын жолдар үлестірілген параметрлі тізбектерге жатады. Айырмашылығы: ұзынжолдар электрмагниттік энергияны сыртқа шығармай, мейлінше алыс қашықтыққа жеткізу мақсатында қолданылады, ал антенналар, керісінше кеңістікке мейлінше үлкен сәуле шығаруды қамтамасыз етуге бағытталған. Бұл үшін антенна құрылысы әртүрлі етіп жасалады.

Антеналардың басты сипаттамалары: бағыттылық диаграммасы және әсерлік биіктігі.



2. Фидерлер

Фидерлер деп аса жоғары жиіліктегі электромагниттік тербелістерді таратқыштан антеннаға жеткізу үшін қолданылатын толқынжолдарды айтады. Конструкциялық белгісі бойынша әуе, кабельдік және толқынжол-дық фидерлер деп бөледі. Әуе - фидер екі сымды жол, кабельді фидер – екі сымды немесе коаксиальді кабель. Ал толқынжолдық фидерлер – бұл іші қуыс металл труба.

Өзін - өзі тексеру сұрақтары:

  • Антенна деп қандай құрылғыны айтады?

  • Антенна түрлерін тізіп айтыңыз.

  • Фидер деп қандай құрылғыны айтады?

Әдебиет: Силлабусты қара.
13– дәріс

Тақырыбы: Күшейткіштер.

Дәріс мазмұны:

1.Күшейткішке негізгі сипаттама

2. Күшейткіштердің классификациясы.

мақсаты: Радиоэлектрониканың маңызды құрамдас бөлігі –күшейткіштер жайында түсінік беру.


  1. Күшейткіштердің түрлері, сипаттамалары.

Күшейткіштер – аналогтық микроэлектронды құрылғыға жатады. Міндеті: кіріске түскен радиосигналды күшейтіп, кейінгі тармақтарға жеткізу. Бірақ сигналды бұрмаламай жеткізуі мақсат.жалпылама түрде сұлбасы:

Бұл үшін күшейткіште сызықсыз басқарылатын элемент болу керек. Бұл электронды шам, не транзистор, не басқа элемент болуы мүмкін.Осы элементтің түрі бойынша: транзисторлық, лампылы және т.б бөлінеді. Күшейткіш әлсіз сигналды қуатты сигналға айналдыру үшін бірнеше күшейткіш каскадтан құралады. Каскад деп күшейту функциясын атқаратын сұлбаның ең кіші бөлігін айтады.



2. Күшейткіштердің классификациясы.

Күшейткіштерді қуаты бойынша : әлсіз сигналды күшейткіш және күшті сигналды күшейткіш деп бөледі. Күшейткіште реактив элементтер болғандықтан, кейбір жиіліктер күшейту жоғары, кейбір жиіліктерде төмен болып, сигналды бұрмалайды. Сондықтан күшейту бірқалыпты болатын жиілік диапазоны болады.



Өзін - өзі тексеру сұрақтары:

  • Күшейткіштердің қандай түрлері бар?

  • Күшейту каскады дегеніміз не?

Әдебиет: Силлабусты қара.
14- дәріс

Тақырыбы: Күшейткіштердің сипаттамалары

Дәріс мазмұны:

1. Күшейткіштердің түрлері, сұлбалары.

2. Күшейткіштердің негізгі сипаттамалары, кері байланыс.

1. Күшейткіштердің түрлері, сұлбалары.

Жиілік диапазоны бойынша күшейткіштерді 3- ке бөледі: а) тұрақты ток күшейткіш б) төменгі жиілік күшейткіш с) жоғары жиілік күшейткіші

Күшейтетін диапазоны еніне қарай:

1.Кең жолақты күшейткіш

2. Таңдаушы күшейткіш

Жүктеменің сипаты және мақсаты бойынша бөлінуі: қуат күшейткіші, кернеу күшейткіші, ток күшейткіші деп бөледі.



2. Күшейткіштердің негізгі сипаттамалары. Кері байланыс.

Күшейткіштердің негізгі сипаттамалар: түрлендіру коэффициенті және күшейту коэффициенттері.

Графиктік сипаттамалары: 1. Амплитудалық сипаттамасы Uшығ = f (u кір)

2. Амплитудалық-жиіліктік сипаттамасы

3.Фаза- жиіліктік сипаттамасы

4. Өтпелі сипаттама

Күшейткіштерде сигналды қажетті деңгейге жеткізіп күшейту үшін кері байланыс қолданылады. Бұл байланысқа шығыстағы ток немесе кернеудің кірістегі ток пен кернеуге әсерін асыратын тізбек элементтері.

Өзін - өзі тексеру сұрақтары:


  • Күшейткіштің қандай сипаттамасы бар?

  • Амплитудалық сипаттамасы деп нені айтады?

  • Өтпелі сипаттама деп нені айтады?

  • Фаза- жиіліктік сипаттама деп нені айтады?

  • Түрлендіру коэффициенті дегеніміз не?

  • Күшейту коэффициенттері дегеніміз не?

Әдебиет: Силлабусты қара.


15-дәріс

Тақырыбы: Екінші реттік қоректендіру көздері.

Дәріс мазмұны:

1. Түзеткіштер және олардың қызметі.

2. Сүзгілер.

Мақсаты: Екінші реттік қоректендіру көздері жайында түсінік беру.

1. Түзеткіштер және олардың қызметі.

1. Екінші реттік қоректендіру көздері деп желіден алынған электр энергиясын тұтынушыға қажетті деңгейдегі кернеу мен ток күші болатындай күйде жеткізеді.



Екінші ретті электр қоректендіру көздері: қуатты трансформатордан (1), түзеткіштен(2), тегістеуіш сүзгіден(3) және кернеу тұрақтандырғышынан (4)тұрады.

Түзеткіш - айнымалы кернеуді тұрақты кернеуге айналдыратын электрон-дық құрылғы. Оның негізгі элементі – диод.

Негізгі сұлбалары- бір жарты периодты түзеткіш, екі жарты периодты түзеткіш және көпірлі сұлбасы.


2. Сүзгілер.

Түзеткіштің шығысында кернеудің өзгерісі өте үлкен интервалда болады.-"лүпілдеуі" жоғары болады. Оны азайту үшін шығысында тегістеуіш сүзгі қойылады. Тегістеуіш сүзгі деп конденсатор мен катушкалардан құралған тізбекті айтады.Тегістеуіш сүзгілер Г және П тәрізді болып бөлінеді. Олар өзіне келген сигналдың лүпілін азайтып,тегістеуі керек.



Өзін- өзі тексеру сұрақтары

  • Екінші реттік қоректендіру көздері деп қандай құрылғыны айтады?

  • Екінші реттік қоректену көзінің құрамына не кіреді?

  • Трансформатордың қазметі не?

  • Түзеткіштің басты қызметі не?

  • Тегістеуіш сүзгі деп нені айтады,қызметі не?

Әдебиет: Силлабусты қара.

16 – дәріс,

Тақырыбы: Тұрақтандырғыштар мен кернеу түрлендіргіштер.

Дәріс мазмұны:

1. Тұрақтандырғыштар

2. Кернеу түрлендіргіштер.

Мақсаты: Екінші реттік қоректендіру көздерінің соңғы бөліктері жайында түсінік беру.

1. Тұрақтандырғыштар

Кернеу тұрақтандырғышы – токты немесе кернеудің белгілі бір деңгейде сақтап тұрады. Стабилизация екі әдіспен орындалуы мүмкін:

а) параметрлік әдіс б) теңгеру әдісі

Тұрақтандырғыштың негізгі сипаттамалары Uст, I ст және тұрақтандыру коэффициенті. К ст



2. Кернеу түрлендіргіштер.

Кернеуді түрлендірушілер кішкене кернеуді үлкен кернеуге түрлендіреді. Ол үшін тұрақты кернеуді айнымалы кернеге айналдырып,одан кейін трансформатордың көмегімен оны өсіріп, кейін қайта түзетеді.



Өзін- өзі тексеру сұрақтары:

- Тұрақтандырғыштар дегеніміз не?

- Кернеу тұрақтандырғышында стабилизация қандай әдістермен орында-луы мүмкін?

- Кернеу түрлендіргіштер

- Кернеу тұрақтандырғышы не үшін керек?



Әдебиет: Силлабусты қара.

17- дәріс

Тақырыбы: Кернеудің гармониялық тербелістер генераторлары.

Дәріс мазмұны:

1.Гармониялық сигналдар генераторлары.Жалпы сипаттама.

2.Амплитудалық және фазалық байланысының шарттары. RC – генераторлар.

Мақсаты: Радиотартқыштың маңызды бөлігі: гармониялық сигнал генераторларына сипаттама беру.

1. Гармониялық сигналдар генераторлары

Тұрақты ток көзінің энергиясын электрмагниттік тербелістер энергиясына айналдыратын құрылғыны сигналдар генераторлары деп атайды.Олар гармониялық сиганлдар генераторлар және және синусойдалық емес тербелістер генераторлары деп бөледі.

Гармониялық сигналдар генераторлары: қоздыру әдісіне қарай, күшейткіш элементінің типі бойынша, генерациялайтын сигналдың жиілігі бойынша бөледі.

2. RC – генераторлар

RC – генераторлар деп өшпейтін тербелістерді генерациялайтын құрылғылар түрін айтады. Олар кері байланыс коэффициентінің мәні кризистік мәнге тең болатын күшейткіш негізінде жасалады β = 1/К. Жалпы 1.β> β к - болуы керек. (амплитудалар балансының шарты)



  1. φкүш + φ кері байл. = 2 π

Яғни күшейткіш түскен сигнал фазасын не 0-ге не 2П өзгертуі тиіс(фазалар балансының шарты).

Өзін - өзі тексеру сұрақтары:

- Гармониялық сигналдар генераторлары. Жалпы сипаттама бер.

- Амплитудалық және фазалық байланысының қандай шарттары бар? --- Өшпейтін тербелістер болу үшін қандай шарт орындалуы тиіс?

- Гармониялық тербелістер болу үшін қандай шарт орындалуы тиіс?

RC – генераторлар



Әдебиет: Силлабусты қара.
18-дәріс

Тақырыбы: Гармониялық тербелістердің автогенераторлары.

Дәріс мазмұны:

1. Генераторларының сипаттамалары және жұмыс режимдері.

2. LC – генераторлар

Мақсаты: Генераторлардың маңызды сипаттамалары және жиілігін тұрақтандыру әдістерін көрсету.

1. Генераторларының сипаттамалары және жұмыс режимдері.

Маңызды сипаттамасы- тербелістік анықтамасы. Тербеліс жиілігін тұрақтандыру әдістері- стабильді ток көзін қолдану және кварц пластиналарын қолдану әдісі белгілі.



2. LC – генераторлар

Құрамында тербелмелі контуры бар генераторларды LC – генераторлар деп атайды. Өшпейтін тербелістерді туғызу шарты: электрлік басқарылатын шамдармен транзистордың көмегімен тұрақты ток көзінен энергия беріліп тұрады. Жұмыстық нүктенің сипаттамада орналасуына байланысты қатаң қозу режимі немесе жұмсақ қозу режимі болады.



Өзін - өзі тексеру сұрақтары:

  • Синусойдалық емес тербелістер деп қандай тербелістерді айтады?

  • Сыртқы не тәуелсіз қозуы бар генераторлар не өздігінен қозу болатын генераторлар деп нені айтады?

  • Амплитудалар байланысының шарты деп нені айтады?

  • Фазалар балансының шарты депа нені айтады?

  • Қатаң қозу режимі деп нені айтады?

  • Жұмсақ қозу режимі деп нені айтады?

  • Кварц пластиналарын не үшін қолданады?

Әдебиет: Силлабусты қара.
19 – дәріс,

Тақырыбы: Импульстік және есептеу техникасының элементтері.

Дәріс мазмұны:

1.Информация сигналын көрсетудің импульстық әдісі

2.Логикалық элементтер

3.Санауыштар және жадылық құрылғылар.



Мақсаты: Қазіргі техникалық прогресстің негізгі импульстық техниканың негіздерімен таныстыру.

  1. Информация сигналдарын көрсетудің импульстық әдісі

Қазіргі замандық радиоэлектрондық құрылғылар аналогтік және цифрлік деп бөлінеді. Осы уақытқа дейін аналогтік құрылғыларды зерттеп келдік: күшейткіштер, сүзгілер, генераторлар және т.б. Бұл құрылғыларда сигналдың бұрмалануын азайту жолындағы күрес- оларды күрделендіруге жетелейді.

Цифрлік құрылғылар дискретті сигналдармен жұмыс істейтіндіктен бұрмалануды азайту жолы жеңіл: Цифрлік құрылғылар – екілік кодпен жұмыс істейді – 0 және 1. Транзисторлар бұл режимде аз қуат жаратады. Цифрлік құрылғылар импульстермен жұмыс істейді.Импульстерді пішіні, ұзақтығы,қайталану периоды,қуыстылығы және т.б параметрлермен сипаттайды.




2.Логикалық элементтер.

Цифрлік құрылғыларды проектілеудің теориялық негізі- логика алгебрасы.

Логикалық функцияларды орындайтын электрондық тізбектер- логикалық элементетр деп аталады. Кез- келген логикалық функцияның ең жай логикалық элементтердің көмегімен атқаруға болады:"емес", "немесе","және," т.б. Логикалық элементтерді қолданудың теориялық негізі- Буль алгебрасы ережелерімен беріледі.

3.Санауыштар және жадылық құрылғылар.

Санауыштар (счетчики) – кіріске келген сигналдарды санау және осы санды код түрінде сақтау үшін арналған құрылғылар. Санауыштар қызметі бойынша, жұмысты ұйымдастыру әдісі бойынша, разряд арасында тасымалдау тізбектерінің ұйымдастыру әдісі бойынша бөлінеді.

Жадылық құрылғылар: оперативті және тұрақты деп бөлінеді. (ОЗУ- (ОЖҚ) және ПЗУ-(ТЖҚ)). Тұрақты жадылық құрылғылар(ТЖҚ) диодты матрица түрінде немесе басқа түрде жасалуы мүмкін. ОЖҚ-ларда – адрестік матрица қолданылады.



Өзін - өзі тексеру сұрақтары:

  • Цифрлік жүйелер қайда қолданылады?

  • Цифрлік сигалдардың қандай түрлері бар ?

  • Цифрлік құрылғылар қандай функцияларды орындайды?

  • Импульстердің қуыстылығы деп қандай шаманы айтады?

  • "және- емес" логикалық элементтің схемалық белгісін сыз?

  • Кілттік дегеніміз қандай режим?

  • Триггер дегеніміз не?

  • ДТЛ деп қандай логикалық элементті айтады?

Әдебиет: Силлабусты қара.
20 – дәріс.

Тақырыбы: Радиотаратқыш құрылғылары.

Дәріс мазмұны:

  1. Радиотаратқыш құрылғылар, олардың классификациясы

  2. Беруші генераторлар

  3. Модуляция түрлері. Амплитудалық модуляция.

Мақсаты: Радиотаратқыштың құрылысы және жұмысымен таныстыру.

1. Радиотаратқыш құрылғылардың классификациясы

Радиотолқындар шығарып, солапрдың көмегімен информацияны тарататын құрылғы – радиотаратқыш деп аталады. Оның құрылымы:



информациялық сигналмен араластырылып күшейткіштен кейін антеннадан кеңістікке шығарылады.



2.Беруші генератор

Беруші генераторлар- ұзын, орта және қысқа толқындарды өндіру үшін қолданылатын автогенераторлар.Беруші генератордың үш түрі қолданылады: бір контурлы, екі контурлі және аса жоғары жиілікті автогенераторлар.Алғашқы екі түрі - LC – генераторлар. Соңғы түрінде жоғары жиілікті арнайы электрондық шамдар не тарнзисторлар мен диодтар қолданылады.



3. Амплитудалық Модуляция.

Модуляция – тасымалданатын сигналдың түріне сәйкес тасымал тербелістерінің параметрлерінің өзгерісі модуляция түрлері: амплитуда-лық, жиіліктік, фазалық болып бөлінеді. Амплитудалық модуляция- шамдық генераторларда 2 түрі: торлық және анодтық деп, ал транзистор-лық генераторларды 3 түрі: А) базалық Б) коллекторлық В) қиыстырыл-ған деп бөлінеді.



Өзін - өзі тексеру сұрақтары :

  • Радиотаратқышта жоғары жиілікті тасымал сигналын өндіретін бөлігі қалай аталады?

  • Дыбыстық жиіліктегі сигналды тасымал тербелістермен қай бөлігінде араласады?

  • Қызметі бойынша радиотаратқыштар қалай бөлінеді?

  • Толқындар диапазоны бойынша қалай бөлінеді?

  • Беруші генератор түрлері қандай?

  • Жиіліктік девиациясы деп қандай шаманы айтады?

Әдебиет: Силлабусты қара.
21 – дәріс

Тақырыбы: Аса жоғары жиілікті таратқыштар.

Дәріс мазмұны:

1. Жиіліктік модуляция. Импульстік модуляция.

2. Аса жоғары жиілікті таратқыштар.

Мақсаты: Жиіліктік, және импульстік модуляцияға, аса жоғары жиілікті таратқыштар жайында түсінік беру.

1. Жиіліктік модуляция.

Модуляцияның екінші түрі. Бұл кезде сигналдың амплитудасы тұрақты болып, тербелістердің жиілігі сигналға сәйкес өзгереді. Жиіліктік модуляция амплитудалық модуляциядан артықшылқтары бар. Бұдан басқа импульстық модуляция бар. ω-ωс = ∆ω шамасы сигнал амплитудасына пропорционал. Ең үлкен - ∆ω жиілік девиациясы деп аталады, ал

mf= ∆ωmax

шамасы жиіліктік модуляция индексі деп аталады. Егер mf<1 болса, таржолақты жиіліктік модуляция, ал mf>1 болса- кеңжолақты жиіліктік модуляция. Импульстік модуляция – сигналға сәйкес бұрыштық импульстердің амплитудасын, ұзақтығын, фазасын өзгерту арқылы орындалады.



2. Аса жоғары жиілікті таратқыштар.

Аса жоғары жиіліктерді қарапайым таратқыштармен шығару қиын. Қарапайым таратқыштарды қолданғанда, ондағы паразиттік сыйымдылық-тар мен индуктивтіктер генератор жиіліктерін өзгертіп, бұрмалауды күшейтеді. Сондықтан бұл мақсатта арнайы шамдар: клистрондар мен магнетрондар қолданылады. Аса жоғары жиілікті таратқыштар радиолокацияда қолданылады.



Өзін - өзі тексеру сұрақтары :

- Жиіліктік модуляция дегеніміз не?

- Импульстік модуляция дегеніміз не?

- Аса жоғары жиілікті таратқыштар туралы не білесің?


22- дәріс.

Тақырыбы: Радиоқабылдағыш құрылғылар.

Дәріс мазмұны:

  1. Радиоқабылдағыш құрылғылардың классификациясы

  2. Радиоқабылдағыштың құрылымдық сұлбасы

  3. Радиоқабалдағыштың негізгі параметрлері.

Мақсат: Радиоқабылдағыштардың жұмысымен таныстыру.

1. Радиоқабылдағыш құрылғылардың классификациясы



Радиоқабылдағыш құрылғылар кеңістікке шығарылатын көптеген радиосигналдың ішінен белгілі бір сигналды бөліп алып, оны күшейтіп, түрлендіріп, одан информациялық сигналды бөліп алу үшін қажет.

  1. Жұмыс орны бойынша бөлінуі:






  1. Байланыс жолдарының ұзындығы бойынша бөлінуі:





  1. Электр қоректендіру көздері бойынша желілік және аккумуляторлық батареялық деп бөледі.

  2. Құрылымдық сұлбасы бойынша супергетеродинді, детекторлы, тікекүшейтетін деп бөледі.

  3. Сигналдар түріне қарай:


6.Актив элементтің түрі бойынша:

Электрон шамдары, шала өткізгіш аспаптар, интегралдық микросұлбаларқолданылады.

2. Радиоқабылдағыштық құрылымдық сұлбасы.



(КБ) Кірістік блогы- сигналды таңдап алады. (РЖК) – радиожиілікті күшейтеді, Д- детектор информация сигналын бөліп алады.(КАР) – күшейтуді автоматты реттеу. ДЖК(УЗИ) дыбыстық жиілікті күшейткіші. ДЗ- дыбыс зорайтқышы.




Гетеродин - гармониялық жиіліктердің көмекші генераторлары.

Өзін - өзі тексеру сұрақтары:

  • Радиоқабылдағыш дегеніміз не?

  • Профессионалдық радиоқабылдағыштар дегеніміз не?

  • Профессионалдық қабылдағыштардың жұмыс диапазоны қандай?

  • Радиохабар қабылдағыштарының жұмыс диапазоны қандай?

  • Дыбыс зорайтқышы деп құрылымдық сұлбада қандай құрылғыны айтады?

  • Гетеродиндік жиілік не үшін керек?

Әдебиет: Силлабусты қара.

23 – дәріс

Тақырыбы: Радиоқабылдағыштың негізгі параметрлері.

Дәріс мазмұны:

1. Радиоқабылдағыштың негізгі параметрлері.

2. Жиілікті түрлендіргіштер.

Мақсаты: Радиоқабылдағыштардың жұмысымен таныстыру.

1. Радиоқабылдағыштардың негізгі параметрлері.

Радиоқабылдағыштардың негізгі параметрлері: А) Жұмыстық жиіліктер аумағы Б) қабылдағыш сезгіштігі В) кірістегі сигналдың ең үлкен қуаты Г) динамикалық диапазон Д) таңдаушылық



2. Жиілікті түрлендіргіштер

Супергетеродинді қабылдағыштарда жиілік түрлендіргіштер деп гетеродин мен араластырғыш жүйесін айтады. Ол түскен сигналдан информациялық сигналды бөліп алу үшін керек. Жиілікті түрлендіру дегеніміз қабылданатын сигнал спектрін радиотолқындардың бір диапазонынан екіншісіне модуляция түрі мен параметрлерін өзгертпей көшіру.



Өзін - өзі тексеру сұрақтары:

  • Гетеродиндік жиілік не үшін керек?

  • Радиоқабылдағыштың негізгі параметрлері қандай?

Әдебиет: Силлабусты қара.


24-дәріс

Тақырыбы: Теледидар құрылғылары

Дәріс мазмұны:

  1. Таратушы теледидар арнасының құрылымы

  2. Теледидар қабылдағышы

Мақсаты: Теледидарласу жайында мәлімет беру

  1. Таратушы теледидар арнасының құрылымы.

Теледидар- электрмагниттік толқындардың көмегімен қозғалатын обьектілердің бейнесін үлкен қашықтыққа жеткізіп, қайта жаңғыртатын құрылғылар жүйесі.

Теледидар принципі таратылатын бейненің кескінін элементтерге бөліп,әрбір элементтегі жарқырауын талдау,оған пропорционал сигналды өндіру, радиоарка бойынша беріп, қабылдағышта бөліп алынған сигналды кинескоп экранында бейнені элемент бойынша құрастыру үшін қолдану.

Таратушы теледидар арнасының құрылымдық сұлбасы.

ТТ- теледидар түтігі, ЖБ- жаймалау блогі, СГ- синхрогенератор, АЖ- ауытқытушы жүйе, ТК-теледидар каналы, Т-таратқыш, А-антенна.




  1. Теледидар қабылдағышы.

Қабылдағыштың құрылымдық сұлбасы:

А-антеннадан сигнал Қ қабылдағышқа, БК-бейнекүшейткіш, СИС- синхроимпуль селекторында- синхроимпульстер бөлініп қабылдағыштың ЖБ – жаймалау бөлігін басқарады. Ол АЖ- ауытқытушы жүйеге әсер етіп, экранда бейне туғызады.


Өзін - өзі тексеру сұрақтары:

-Теледидар дегеніміз не?

- Теледидардың таратушы арнасының құрылымдық сұлбасын сыз?

- Түрлі-түсті кескінді қалай шығарып алады?

- Ауытқытушы жүйе не үшін керек?

- Теледидар қабылдағышының құрылымдық сұлбасын сыз?

-

Әдебиет: Силлабусты қара.
25– дәріс

Тақырыбы: Теледидар бейнесінің түзілуі.

Дәріс мазмұны:

1. Теледидар жаймалау процесінің түрлері.

2.Таратушы теледидар түтігі.

Мақсаты: Теледидар бейнесін қалыптастыру жөнінде мәлімет беру.

1. Теледидар жаймалау процесінің түрлері

Жаймалау дегеніміз- бейнені түзу процесі. Жаймалаудың екі түрі болады.: 1. прогрессивті жаймалау және жоларалық жаймалау. Экран ұзындығы в, биіктігі h болса онда b/h= R кадр форматы деп аталады. КСРО да бұрын R = 4/3, ал кадрдегі жолдар саны z = 625 болған.

Толық теледидар сигналында бейне элементерінің жарқырауының өзгеруі жайындағы информация мен синхроимпульстер болады.

2.Таратушы электронды –сәулелік түтіктер

Таратушы электронды –сәулелік түтіктер түпнұсқада көрінетін оптикалық бейнесін –теледидар сигналына түрлендіру үшін керек. Таратушы теледидар түтіктердің түрлері: ортикон, супер ортикон, видикон, статикон, резистрон, люминикон.

Видикон дегеніміз - таратушы теледидар түтігі.Видиконда оптикалық кескінді электр сигналдарына түрлендіру үшін ішкі фотоэффект құбылысы қолданылады. Оның экранына түскен жарық өзінің интенсивтігіне сәйкес теледидар сигналы болып түрлендіреді. Экраны бір-біріне тақалып орналасқан фотоэлементтерден құралған деп есептеуге болады. Әрқайсысын жалпы түрде элементар конденсатор арқылы бейнелеуге болады. Түскен сигнал оны зарядтайды. Егер соған электрондық сәуле түссе тізбектеп, конденсатор разрядталып, ток пайда болады. Оның мөлшері фотоэлементтің жарықталуына тәуелді. Видиконның ішіндегі сәуле барлық конденсаторларды белгілі-бір тәртіппен өте шыққанда осы жүйедегі жүктемеде электр сигналы пайда болады. Электрондық сәуле шоғы экран –нысанадағы барлық нүктелерді бірінен соң бірін периодты сәулелендіріп шығады. Нысана электр тізбегіне қосылған, одан өтетін ток күші элементтердің жарықталынуына тәуелді. Жүктемеден бейнесигналы өтеді.
Өзін - өзі тексеру сұрақтары:

- Теледидар жаймалау процесінің түрлері қандай?

- Таратушы теледидар түтігі

- Жоларалық жаймалау қалай орындалады?

- Видиконда бейнесигналын қалай қалыптастырады?

Әдебиет: Силлабусты қара.
26-дәріс

Тақырыбы: Радиолокациялық құрылғылар

Дәріс мазмұны:


  1. Радиолокациялық станциялар параметрлері.

  2. Радиолокациялық таратқыш және қабылдағыш

Мақсаты: Тыңдаушыларға радиолокация жайында білімін қалыптастыру

1.Радиолокациялық станциялар параметрлері

РЛС жұмысын сипаттайтын бірнеше параметр бар: 1.шолу зонасы 2.шолу периоды 3.РЛС сөздігінің дәлдігі. 4.РЛС-тің қашықтықты ажырату қабілеті. 5.Зондтаушы импульстердің қуаты. 6.Импульстердің қайталау жиілігі 7.Тасымалдау жиілігі 8.Радиолокациялық қабылдағыштың сезгіштігі 9.Кеңістікті шолу түрлері 10.бағыттылық диаграммасы және т.б.



2.Радиолокациялық таратқыш және қабылдағыш.

Радиолокациялық таратқыштардың ең жай сұлбасында жинағыш және шектегіш элементтер болады.

ТТК- тұрақты ток көзі.


Ж- жинағыш(конденсатор)

К-кілт (электрондық,иондық және шала өткізгіш аспап)

Rж – жүктеме (клистрон немесе магнетрон)

Бұларда қалыптасқан аса жоғары жиілікті (АЖЖ) , өте қуатты тербелістер фидерлік жол арқылы антеннаға түседі де кеңістікке шығарылады.Қабылдағыштар супергетерогинді жүйе немесе бейнежиілікті күшейткіші бар детекторлы жүйе болуы мүмкін.



Өзін - өзі тексеру сұрақтары :

  • Радиолокация деп нені айтады?

  • Радиолокацияның пайда болуына электромагниттік толқындардың қандай қасиеті себепші болды?

  • Радиолокациялық станциялардың антенналары қандай етіп жасалады?

  • Жауабы бар активті радиолокация дегеніміз қандай түрі?

  • Радиолокациялық станциялардың жұмыс режимдері қандай?

  • Ілесе жүру режимі деп қандай режимді айтады?

  • Радиолокациялық станциялардың бағыттылық диаграммасы дегеніміз не?

  • Радиолокациялық станциялардың кеңістікті шолу түрлері қандай?

  • Радиолокациялық таратқыштың негізгі бөліктері қандай?

Әдебиет: Силлабусты қара.

27 – дәріс.

Тақырыбы: Радиолокация

Дәріс мазмұны:

1.Радиолокацияның түрлері.

2.Радиолокациялық құрылғының жалпы сұлбасы және қолданылуы.

1.Радиолокациялық түрлері.

Радиолокация түрлері: активті, жартылай активті, жауабы бар активті және пассивті шығарылатын сиганл түрлері бойынша радиолокация : импульсті үздіксіз және квазиүздіксіз сәуле шығарушы болып бөлінеді.

РЛС- лар әртүрлі режимде жұмыс істейді: іздеу режимі, ілесе жүру режимі.

2 . Радиолокациялық құрылғылар.

Радиолокация деп радиотолқындардың көмегімен әртүрлі обьектілерді табу, бақылау, танып алу, орналасқан орнын,параметрлерін және қасиеттерін анықтау процесін айтады.

Радиолокациялық бақылау обьектілері жердің жасанды серіктері, ұшақтар, жер бетіндегі және су бетіндегі әртүрлі учаскелері,жер атмосфе-расының біртексіздіктері, күн жүйесі планеталары және басқа денелері.

Радиолокациялық станциялар - радиотаратқыш және радиоқабылдағыш құрылғылардан, басқару және бейнелеу жүйелерінен құралады.



Радиолокация : активті, жартылай активті және пассивтіден бөледі. Шығарылатын сигнал түрлеріне қарай: импульсті үздіксіз және квазиүздіксіз сәуле шығарушы деп бөлінеді.



Өзін - өзі тексеру сұрақтары:

- Радиолокациялық түрлері.

- Радиолокациялық құрылғының жалпы сұлбасы және қолданылуы.

Әдебиет: Силлабусты қара.

28-дәріс

Тақырыбы: Есептеу техникасының құрылғылары

Дәріс мазмұны:


  1. Комбинациялық БИС элементтері

  2. Электронды жадылық элементтері

Мақсаты: Есептеу техникасы элементтері жайында мәлімет беру.

1.Комбинациялық БИС элементтері.

Электрондық жадылық құрылғылар ЭВМ-нің маңызды бөлігі.Олар интег-ралдық сұлбалар негізінде құралады. Интегралдық сұлбалардың ішінде үлкен (БИС) және аса үлкен(СБИС) деп аталатын элементтерінің артық-шылықтары көп. БИСтің ішіндегі логикалық элементтердің ішіндегі негізгі динамикалық логикалық элементтер. Оның жадылық мүмкіндігі бар. Ал цифрлік информацияны тек қана жадыға сақтамай оны түрлендіретін болса, оны комбинациялық ИС деп атайды. Комбинациялық ИС-тің түрлері: дешифраторлар, кодты түрлендіргіштер, қосындылағыштар, мультиплек-сор, арифметикалық құрылғылар.



2.Электронды жады элементтері

Электрондық жадының элементтері: регистрлер және санауыштар.

ЭВМ – де цифрлік информацияны сақтайтын жады түрлері: Тұрақты және оперативті. Тұрақты жадылық құрылғыларда информация ұзақ уақыт сақталады, тіпті қоректендіру көздерінен айырса да жойылмайды. Ал ОЖҚ- ларда информация тек ЭВМ жұмысы кезінде ғана жазылып сақталады.

Өзін - өзі тексеру сұрақтары :


  • БИС дегеніміз не?

  • БИС-тің құрамына қандай элементтер кіреді?

  • Комбинациялық БИС пен динамикалық логикалық элементтердің айырмашылығы қандай?

  • Электронды есептеуіш машиналарда қандай жады түрлері бар?

  • Тұрақты жады мен оперативті жадының айырмашылығы неде

  • Дешифратор дегеніміз не?

  • Мультиплексор деп қандай құрылғыны айтады?

  • Қосындылағыш деп қандай торапты айтады?

Әдебиет: Силлабусты қара.

  1. Микропроцессорлық БИС және МикроЭВМ


29– дәріс

Тақырыбы: МикроЭВМнің құрылысы.

Дәріс мазмұны:

1. Микропроцессорлық БИС элементтері.

2. МикроЭВМ құрылымдық сұлбасы.

Мақсаты: Микроэлектронды есептеуіш машинаның элементтеріне сипаттама беру.

1. Микропроцессорлық БИС және МикроЭВМ

БИС- тердің интеграция дәрежесінің өсуі қолданылу өрісін тарылтып, специализациясы жоғарылатады. БИС- тердің жаңа класы: микропроцес-сорлық БИСтер. Олардың функциялары сыртқы электр сигналдары арқылы беріледі және программа арқылы өзгертілуі мүмкін. Микропроцес-сорлар - мәліметтерді өңдейтін универсалды программалар басқарылатын құрылғылар.



2. МикроЭВМ құрылымдық сұлбасы.

Бір не бірнеше микропроцессоры бар, басқарушы программаларды және интерфейстік сұлбаларды сақтайтын жады бар құрылғыны МикроЭВМ деп атайды.



Интерфейстік сұлбалар МикроЭВМ-ді кіріс- шығыс құрылғыла-рымен байланыстырады. Аталған тораптар бір- бірімен магистарльдарсмен байланысқан. МикроЭВМнің негізгі құраушылары микропроцессор, программаларды сақтайтын тұрақты жады, оперативті жады, тактілік импульстер генераторы, басқару пульты және интерфейстік құрылғылар.



Өзін - өзі тексеру сұрақтары :

  • Микропроцессор деп қандай құрылғыны айтады?

  • МикроЭВМ нің құрамына қандай құрылғылар кіреді?

  • Есептеу алгоритмі дегеніміз не?

Әдебиет: Силлабусты қара.

30-дәріс

Тақырыбы: Қорытынды

Жалпы шолу


6. Практикалық сабақтардың жоспары.

Оқу жоспарында көрсетілмеген


7. ПӘНДІ ОҚЫТУҒА ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

Оқу жоспарында көрсетілмеген




  1. ЗЕРТХАНАЛЫҚ САБАҚТАРҒА ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

Дәрістерге дайындалғанда мына нәрселерді ескерген дұрыс:

Алдағы дәріс тақырыбына сәйкес:

а)өткен дәрістердің материалдары бойынша конспектіні және оқулықты қарап шығу.

б)осы тақырып бойынша мектепте не зерттелгенін еске түсіру.

В)Дәрісте баяндалған материалды мұқият түсіну (тәжірибелер, гипотезалар, теориялар, түсініктер, шамалар, заңдар және т.б.).

Г)Дәріс берген мұғалімнің қойған мәселелерінің шешілуіне қатысу.

Сұрақты тек дәріс тақырыбына сәйкес қою.

Физика курсын жақсы меңгеру үшін және жоғарғы оқу орнында оқуға әзірлену үшін ең алдымен сабақтың әдістемесін жасап алу керек. Жетістіктің негізгі шарты – жүйелі түрде оқу. Кез келген кітапты оқи беру пайдасыз, оны конспектілеу қажет. Яғни өзіңе керегін, яғни өзіңнің түсін-геніңді жазып алу керек. Кітапты тұтас көшіруге болмайды. Ал түсінбей қалған нәрселеріңді келесі сабақта мұғалімнен сұрап алып, қайта қосымша конспектілеу керек. Егер кітаптың белгілі бір тарауы түсініксіз болып қалса да, бұл сіздің қабілетіңіздің көрсеткіші емес, бұл тек өзіңізге және басқа адамдарға сұрақ қоя білмегеніңізден. Орта мектептің көлемінде де «неге?», «не үшін?», «қайдан?» деген сұрақтарсыз оқуға мүмкін еместігі белгілі.

Курста кездесетін қорытындыларды өз беттерімен жасау қажет (белгілі бір уақыт өткеннен кейін, конспектіге қарамай немесе оқулыққа қарамай жасауға тиісті.)

Сіз физикалық және грамматикалық дұрыс анықтама беріп үйренген-нен кейін, физикалық заңдарды жазып және олардың, қайда және қалай қолданылатындығын түсіндіріңіз, өздігіңізден зертханалық жұмыстарды істеп, жоғарыда көрсетілген сұрақтарға жауап беріп, қорытынды жасап үйренуіңіз керек. Бұл жағдайда, берілген тарауды оқып үйрену, аяқталған деп есептеуге болады.

Қорытындыларды, анықтамаларды және тұжырымдамаларды бірден жаттап алуға үйренбеу керек. Олардың мәнін түсініп, содан кейін жаттау қажет.

Қажетті жағдайда, түсінілген және бекітілген оқу материалы жадымызға енеді. Оқу материалын меңгеру үшін әртүрлі оқулықтарды пайдалану тиімді. Ал, емтиханға әзірленген кезде, студенттің өзінің конспектісі жеткілікті.

Радиоэлектроника пәні бойынша зертханалық жұмыстары негізінен электрлік аспаптармен жұмыс істеуге бағытталған. Әртүрлі аспаптарды жалғап үйрену, сұлба құрастыра білу және т.с.с..Осы дағдылардың бәрі де болашақ қызметте пайдаға асып оқытушының біліктілігін жоғарылатады.

Зертханалық жұмысты тез, әрі өнімді етіп қалай орындауға болады? Жұмысқа кіріспестен бұрын, допуск тапсырылады. Яғни студент жұмыстың теориясын меңгергендігін, тапсырмаларды ұғынатындығын көрсету керек. Допускі кезінде студент түсінбейтін мәселелерін де анықтап алуына болады. Бірақ, сөзсіз, студент допускіге тиянақты дайындалып келу керек. Осыдан кейін, рұқсат алған жағдайда, студент жұмысқа кірісе алады. Алдын ала дайындықтың қажеттігі сол- жұмысты тезірек орындап қою, түсініп істеу керек. Жұмыс бір сабақтың өне-бойы орындалуы тиіс. Үйге тек есептер шығаруды, және алынған тәжірибелік нәтижелерді математикалық жағынан өңдеуді қалдыруға болады.Әр жұмыстың орындалуына бір сағат уақыт беріледі. Жұмыс толық орындалып болғаннан кейін, тапсыру сұрақтарына жауап бере отырып, істелінген жұмысына есеп береді. Және өзінің істеген жұмысына қорытынды жасауы тиіс. Яғни жұмыстағы приборларды, формулаларды қолдануды түсінгені, меңгергені, сонымен қатар болашақта өз тәжірибесіне қолдана алатындығы туралы қорытындыға келу керек.


А) Зертханалық сабақтарды өткізу бойынша әдістемелік нұсқаулар
1 Зертханалық жұмыc

Тақырыбы: Кіріспе.

Мақсаты: Зертханалық жұмыс терең және бекітілген теориялық білім әдісін эксперименттік жолмен тексеру және құралдармен, аппаратура-лармен зертханада қалай қолдану керек екенін үйрену.

Әдебиет: Горин А.Ф, әдістемелік нұсқау
2 Зертханалық жұмыс

Тақырыбы: Электр өлшеуіш аспаптар және электрөлшеулер

Мақсаты: Негізгі өлшеуіш құралдар дың құрылысы мен жұмыс істеу принциптерімен танысу.

Керекті құрал жабдықтар: Омметр, микроамперметр, вольтметр, ваттметр, жүктемеге арналған резистор, вариант бойынша өлшеуіш аспаптардың жиынтығы, тұрақты ток көзі.

Жұмыс реті:

1. Вариант бойынша аспаптармен және зертханалық жұмыс жасауға арналған құрал-жабдықпен танысу.

2. Электр өлшеуіш құралдарды сипаттайтын шамаларды таблицаға толтыру.

Бақылау сұрақтары:


  1. Амперметр, вольтметр және ваттметр тізбекке қалай жалғанады?

  2. Амперметр мен вольтметрдің өлшеу шегін қалай кеңейтуге болады?

  3. Өлшеуіш құралдардың шкалаларының құны қалай анықталынады?

  4. Әртүрлі жүйедегі электр өлшеуіш құралдардың жұмыс істеу принципі қандай?

  5. Олардың бір-бірінен ерекшелігі неде?

  6. Мектептегі физикалық эксперименте қандай жүйедегі электр өлшеуіш құралдар қолданылады?

  7. Өлшеуіш құралдардың өлшеу қателіктерін қалай анықтайды?

  8. Әр түрлі жүйедегі электр өлшеуіш құралдардың таңбасы қандай?

  9. Егер тізбекте амперметр, параллель, ал вольтметр тізбектей жалғанса не болады?

  10. Өлшеуіш құралдар жүйесіндегі жұмыс істеу принципі қандай?

  11. Комбинацияланған құрал дегеніміз не?

  12. Әр түрлі жүйедегі өлшеуіш құралдардың артықшылығы және кемшілігі?

  13. Өлшеуіш құралдардың абсолюттік және салыстырмалы қателігін қалай табуға болады?

  14. Өлшеуіш құралдар қандай белгі және символдармен анықталады?



Әдебиет: Горин А.Ф, әдістемелік нұсқау

ОСӨЖ: Зертханалық жұмыстың нәтижесін есептеп, қортындылап, есеп беріп таныстыру.



Әдебиет: Горин А.Ф, әдістемелік нұсқау

3 Зертханалық жұмыс



Тақырыбы: : Өткізгіштердің тізбекке жалғану түрлері.

Мақсаты: Өткізгіштерді әр түрлі жалғау заңдылықтарына тәжірибе негізінде көз жеткізу

Керекті құрал жабдықтар:

1. Кедергі – 7 шт;

2. Амперметрлер- 4шт;

3. Вольтметр(300В);

4. Жалғанушы сымдар;

5. Стенд;

Тапсырма:


  1. Өткізгіштерді тізбектеп жалғау заңдылықтарын тексеру.

  2. Параллель жалғау заңдылықтарын тексеру.

  3. Өткізгіштерді аралас жалғап, осы тізбек үшін Ом мен Кирхгоф заңдарының орындалатынына көз жеткізу.

Жұмыс реті:

1. Кедергінің тізбектей қосылуы.

2. Электр сұлбасын тізбектей қосу. Тізбекті жинау керек. Токты қосу керек.

3.Вольтметрмен токтың екі жақты тізбегін және жалпы токты өлшеу керек. Көрсеткішін кестегі жазу керек. Кестеде қарастырылған есептеуді орындау керек.

Б) Кедергілердің параллель жалғануы

4. Схеманы жинау керек. Токты қосу керек.

5. Амперметр және вольтметр көрсетулерін қадағалау. Аспаптардың көрсетілуін кестеге жазу. Кестедегі есепті орындау.

В) Араласқан кедергілерді қосу.

6. Барлық кедергілерді қолдану арқылы схеманы жинау керек. Токты қосу керек.

7. Кестеге амперметр және вольтметр көрсетулерін жазу керек. Кестеде көрсетілген есептеуді орындау керек.

Сұрақтар:


  1. Өткізгіштерді тізбектеп жалғағанда қандай заңдар орындалынады?

  2. Өткізгіштерді параллель жалғағанда қандай заңдар орындалынады?

  3. Тұрақты ток тізбегі үшін Ом заңы.

  4. Тұрақты ток тізбегі үшін Кирхгоф ережелері.

Әдебиет: Горин А.Ф, әдістемелік нұсқау

4 Зертханалық жұмыс



Тақырыбы: Тұрақты ток электр тізбегін зерттеу.

Мақсаты: Тұрақты токта екі сымдық электр желісінің жүктемелік режимінің ерекшеліктерін зерттеу.

Керекті құрал жабдықтар:

Тапсырма:

1. Тұтынушыға түсетін кернеу (U2) мен желіге түсетін кернеудің (U) токқа тәуелділігін зерттеу. ;

2. Тұтынушыдағы токтың қуаты мен ток көзінің клеммаларындағы қуат және желідегі шығындалатын токтың қуатының ток күшіне тәуелділігін зерттеу.



Жұмыс реті:

1. Аспаптармен және құрал жабдықтармен танысу. Қысқа техникалық мәліметтерін жазу.

2. 5 суретте көрсетілген схеманы жинау керек

3. Схеманы токка қосу арқылы барлық аспаптардың жұмысқа жарамдылығын тексеру.

4. Тұрақты токтағы екі сымды электртаратқыш берілістің жүктемелік режимін зерттеу

5. 5-6 мәселелерде қарастырғандай берілген өлшеулерді 1 кестеге салу керек.

6. Әр түрлі мәселелерден пайда болған шамаларды анықтау керек:

R= U/I L= RS/ p R- линияның ұзындығы

P - өткізгіштің меншікті кедергісі

S - өткізгіш қимасының ауданы.

7.Өлшеулер

Сұрақтар:


  1. Электр тізбегі неден тұрады?

  2. Тұрақты ток тізбегіндегі тұтынушыдағы кернеу не себепті кемиді?

  3. электр энергиясының көзінен тұтынатын ток қуаты ток күшіне қалай тәуелді?

  4. Қысқаша тұйықталу режимінде тұтынушыдағы ток қуаты неге тең?

  5. Тұтынушыдағы ток қуаты Р2max болған кездегі ток шамасын қалай анықтауға болады?

  6. Үлкен кернеу түсетін электр желілері үшін не себепті өткізгіш сымның қимасын анықтайды?

  7. Электр энергиясы желісіндегі кернеу мен қуат шығыны жүктемеге қалай тәуелді?

  8. Электр желісінің п.ә.к. жүктемеге қалай тәуелді?

  9. Кирхгофтың екінші заңын қалай қорытып шығаруға болады?

  10. Күрделі электр тізбектері үшін Кирхгоф заңдарын қалай қолдануға болады?

5 Зертханалық жұмыс

Тақырыбы: Бірфазалық трансформаторларды сынау

Мақсаты: Тура жүктемелеу, қысқаша тұйықталу және бос жүріс әдістерін қолданып бір фазалы трансформатордың құрылысымен және жұмыс істеу принципімен танысу.

Тапсырма:

  1. Тікелеу жүктеу әдісін қолданып трансформаторды сынау.

  2. Қысқаша тұйықтау және бос жүріс әдістерін қолданып трансформаторды сынау.

Жұмыс реті:

1. Трансформатор құрылысымен танысу.

2. Аспаптармен және аппаратуралармен танысу, техникалық мәліметтерін жазу.

3. 8 суреттегі трансформатор сұлбасын жинау керек.

4. Схеманы және токты қосу арқылы трансформаторларды U –ға теңеп зерттеу.

5.Трансформатор қорытындысын анықтау

6. Реостат арқылы жүктемені 2- ші ретте тізбекте жоғарылатқан кездегі ток күшін есептеу керек.

7. Өлшеулерді кестеге жазу керек.

8. Жұмысты 2-ші рет қайталап жазу керек.

9. Өлшеулерге байланысты мына шамаларды анықтау керек:

P2= I2 U2 cos 2 ; cos 2 = P1/ I2 U1

10. 1 таблицаға қарап трансформатордың негізгі жұмыстық мінездемесін құрастыру керек.

11. Жұмысты қорытындылау.



Сұрақтар:

  1. Бір фазалы трансформатордың құрылысы мен жұмыс істеу принципі.

  2. Трансформатордың орамдарында пайда болатын ЭҚК шамасы неге байланысты?

  3. Трансформатордың бос жүріс режимі мен осы режимнің векторлық диаграммасы?

  4. Қысқаша тұйықталу режимінің ерекшеліктері?

  5. Жүктемеге қосылған трансформатордың векторлық диаграммасы?

  6. Трансформатордың п.ә.к. қалай анықталынады?

Әдебиет: Горин А.Ф, әдістемелік нұсқау

6 Зертханалық жұмыс



Жұмыстың тақырыбы: Конденсатордың зарядталу және разрядталу процесін зерттеу Мақсаты: Тұрақты ток көзіне қосылған актив кедергі мен сыйымдылық бар тармақталған тізбектегі процесстерді және конденсатордың разрядталуын зерттеу

Тапсырма:

  1. Конденсаторды резистормен тізбектен тұрақты ток көзіне қосқандағы процесті зерттеуі

  2. Конденсатордың зарядталу және разрядталуының анықтау.

3. Кедергі белгілі болғандағы конденсаторлардың сыйымдылықтарын

С1, С2, С 3 анықтау

Сұрақтар:


  1. Конденсатор деген не?

  2. Конденсатордың электр сыйымдылығы?

  3. Конденсаторды параллель және тізбектей жалғағандағы жалпы сыйымдылық қалай анықталады?

  4. Конденсаторды тұрақты ток көзіне қосқанда қандай процесс жүреді?

Әдебиет: Горин А.Ф, әдістемелік нұсқау

7 Зертханалық жұмыс



Жұмыстың тақырыбы: Параллель тербелмелі контурды зерттеу

Мақсаты: Контурдың бірінші типті параметрлерінің (R,L,C,) оның резонанстық қасиеттеріне әсерін анықтау.

Тапсырма:

  1. Контурдың резонанстық жиілігін есептеу.

  2. Rі һ 30 кОм және 10 кОм болғандағы резонанстың сипаттаманы алу

  3. Резонанстың сипаттамасының графигін салып, сол бойынша генератордың контурдың резонанстық қасиетіне әсерін анықтау

  4. Катушканың меншікті актив кедергісін анықтау


Сұрақтар:

  1. Генератордың ішкі кедергісінің контурдың жұмысына әсері қандай?

  2. Контурдың кедергісінің өзгеруіне байланысты оның резонанстық жиілігі қалай өзгереді?

  3. Контурдың актив кедергісі мен омдық кедергісін қалай анықтауға болады?

  4. Контурдың толық сиымдылығы қандай құраушылардан тұрады?

  5. Контурдың меншікті сиымдылыгын қалай анықтауға болады?

  6. Радиотехникада параллель контур қандай мақсатпен қолданылады?

Әдебиет: Горин А.Ф , әдістемелік нұсқау

8 Зертханалық жұмыс



Жұмыстың тақырыбы: Жартылай өткізгішті диодтарды зерттеу.

Мақсаты: Германий және кремниден жасалған диодтардың вольт –амперлік сипаттамасын алу.

Тапсырма:

  1. Германийден жасадған диодтың вольт-амперлік сипаттамасын алу

  2. Кремнийден жасадған диодтың вольт-амперлік сипаттамасын алу

Сұрақтар:

  1. Жартылай өткізгіштердің өткізгіштігі қандай?

  2. Жартылай өткізгіш қайда пайдаланылады?

  3. Диодтардың негізгі параметрлері қандай?

  4. Германий мен кремний диодтарының вольт-амперлік сипаттамаларын салыстырғаннан не көрдіңіз?

Әдебиет: Горин А.Ф, әдістемелік нұсқау

9 Зертханалық жұмыс



Жұмыстың тақырыбы: Жартылай өткізгішті диодтарды зерттеу.

Мақсаты: Германий және кремниден жасалған диодтардың вольт –амперлік сипаттамасын алу.

Тапсырма:

  1. Германийден жасадған диодтың вольт-амперлік сипаттамасын алу

  2. Кремнийден жасадған диодтың вольт-амперлік сипаттамасын алу

Сұрақтар:

  1. Жартылай өткізгіштердің өткізгіштігі қандай?

  2. Жартылай өткізгіш қайда пайдаланылады?

  3. Диодтардың негізгі параметрлері қандай?

  4. Германий мен кремний диодтарының вольт-амперлік сипаттамаларын салыстырғаннан не көрдіңіз?

Әдебиет: Горин А.Ф, әдістемелік нұсқау

10 Зертханалық жұмыс



Жұмыстың тақырыбы: Транзисторларды зерттеу.

Мақсаты: Әртүрлі жалғағандағы транзисторлардың қасиеттерін зерттеу.

Тапсырма:

  1. МП-40 транзисторының тізбекке жалпы эмиттері арқылы қосылғандағы статистикалық сипаттамаларын алу

  2. Тізбекке жалпы эмиттері арқылы жалғанғандағы динамикалық сипаттамаларын алу

  3. Транзистордың күшейту коэффициентін анықтау


Сұрақтар:

  1. Транзистордың құрылымы

  2. Транзисторды қосу сұлбасы.

  3. Транзистордың жұмысы және оның сипаттамалары.

  4. Транзистордың статикалық күшейту коэффициенті

  5. Транзистордың динамикалық режиміндегі жұмыс.

Әдебиет: Горин А.Ф, әдістемелік нұсқау

11 Зертханалық жұмыс



Жұмыстың тақырыбы: Транзисторларды зерттеу.

Мақсаты: Әртүрлі жалғағандағы транзисторлардың қасиеттерін зерттеу.

Тапсырма:

  1. МП-40 транзисторының тізбекке жалпы эмиттері арқылы қосылғандағы статистикалық сипаттамаларын алу

  2. Тізбекке жалпы эмиттері арқылы жалғанғандағы динамикалық сипаттамаларын алу

  3. Транзистордың күшейту коэффициентін анықтау


Сұрақтар:

  1. Транзистордың құрылымы

  2. Транзисторды қосу сұлбасы.

  3. Транзистордың жұмысы және оның сипаттамалары.

  4. Транзистордың статикалық күшейту коэффициенті

  5. Транзистордың динамикалық режиміндегі жұмыс.

Әдебиет: Горин А.Ф, әдістемелік нұсқау

12 Зертханалық жұмыс



Жұмыстың тақырыбы: Кернеу тербелістерінің күшейткіші.

Мақсаты: Жұмыс арқылы байланысқан біркаскадты күшейткіштің жұмысымен танысу, кірістік және шығыстық сипаттамаларын құру әдісін меңгеру.

Әдебиет: Горин А.Ф, әдістемелік нұсқау

13 Зертханалық жұмыс



Жұмыстың тақырыбы: Күшейткіштердің құрылысы мен жұмыс істеу принципі Мақсаты: Біркаскадты қарапайым күшейткіштің жұмыс істеу принципімен танысу.

Тапсырма:

  1. Транзистордың сұлбаға жалғану әдістерін , жұмыс істеу принципін оқып танысу.

  2. Транзистордың күшейту коэффициентін анықтау

  3. Транзистордың коэффициентінің кірістегі кернеуге тәуелділігінің графигін салу .



Сұрақтар:

  1. Кернеуге байланысты транзистор арқылы өтетін ток қалай өзгереді?

  2. Транзистор күшейтілген режимде жұмыс істеуі үшін п-р-п өтуде қандай ығысулар болуға тиісті?

  3. С1 , С2 конденсаторлар не үшін керек?

  4. Күшейткіштің теріс кері байланысы деген не?

Әдебиет: Горин А.Ф, әдістемелік нұсқау

14 Зертханалық жұмыс



Жұмыстың тақырыбы: Биполярлық транзистор.

Мақсаты: Биполярлы транзистордың жұмыс істеу принципімен танысу

Тапсырма:

  1. Биполярлы транзистордың (п-р-п; р-п-р типті) сұлбаға жалғану түрлерімен танысу

  2. Транзистордың күшейту режимін қарау


Сұрақтар:

  1. Жалпы эмиттері арқылы жалғанған транзистордың қандай параметрлері оның жұмыстың нүктесін сипаттайды.

  2. Не себепті жалпы эмиттерлер арқылы жалғанған транзисторлар көп қолданылады?

Әдебиет: Горин А.Ф, әдістемелік нұсқау

15 Зертханалық жұмыс



Жұмыстың тақырыбы: Электрлік тербелістердің генераторлары.

Мақсаты: Әр түрлі генераторлардың жұмыс істеу принциптерімен танысу

Тапсырма:

  1. Төменгі жиілікті күшейткіштің (дыбыс) жұмысымен танысу

  2. Периодты тербелістердің генераторының жұмысымен танысу

Сұрақтар:

1. Қандай жағдайда төменгі жиілікті күшейткіш УНЧ генераторының функциясын атқара алады.

2. Автотербелістердің пайда болу шарты қандай?

3. Оң және терісбайланысты қалай түсінесіз?



Әдебиет: Горин А.Ф, әдістемелік нұсқау

Зертханалық жұмыстың тақырыптары:

1.Кіріспе.

2. Электр өлшеуіш аспаптар және электрөлшеулер

3. Өткізгіштердің тізбекке жалғану түрлері.

4. Тұрақты ток электр тізбегін зерттеу.

5. Бір фазалы трансформаторды сынау.

6. Тұтынушылар үшбұрыш әдісімен жалғанғандағы үш фазалы жүйені зерттеу.

7. Тұтынушылар жұлдызша әдісімен жалғанған үш фазалы жүйені зерттеу.

8. «Электр энергиясының есептегішімен танысу»

9. Конденсатордың зарядталу және разрядталу процесін зерттеу

10. Параллель тербелмелі контурды зерттеу

11.Жартылай өткізгішті диодты зерттеу

12.Транзисторларды зерттеу..

13. Күшейткіштердің құрылысы мен жұмыс істеу принципі

14.Биполярлық транзистор.

15. Электр тербелістерінің генераторлары
С) Радиоэлектроника пәні бойынша ОЖСӨЖ тақырыптары.


  1. Радиотолқындардың шығарылуы және таралуы. Радиоэлектрондық жүйелер.

Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Халыќаралыќ экономика курсы бойынша баѓдарлама
dmdocuments -> Бқму-да оқу үрдісінде ақпараттық және білім беру технологияларын пайдалану
dmdocuments -> Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы
dmdocuments -> Барлығы – 180 сағат
dmdocuments -> Барлығы – 135 сағат
dmdocuments -> Жаратылыстану-математика факультеті деканы
dmdocuments -> Семинар 30 сағат Оқытушының жетекшілігімен студенттің өзіндік жұмысы (ожсөЖ) 60 сағат СӨЖ 60 сағат
dmdocuments -> Тақырып: Ауыл шаруашылығы тарихы
dmdocuments -> Бастапқы әскери мамандығы бойынша Оқу әдестімілік комплекстік пәні бойынша арналған Атыс дайындығы
dmdocuments -> Бастапқы әскери мамандығы бойынша Оқу әдестімілік комплекстік пәні бойынша арналған Атыс дайындығы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет