Рахмет саған, анашым!



Дата07.05.2019
өлшемі31 Kb.
#136802

Рахмет саған, анашым!
Акимбаева Камила Қозыбекқызы

7 «ә» сынып оқушысы
Жетекшісі: А.Мухсинова

Қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі
Ана туралы тебіреніп, жыр арнамаған ақын жоқ шығар, сірә. «Тоғыз ай көтеріп, омыртқасы үзілген, аязды күнде айналған, бұлтты күнде толғанған, тар құрсағын кеңіткен, тас емшегін жібіткен» -Ана! «Көмекей әулие» Бұқар жырау жарлаған еді.

Осы ардақты есімді естігенде кез-келген жұмыр басты пенденің жан дүниесі тебіренбеуі мүмкін емес. Анаға теңесер дүниеде жан жоқ. Дүниенің есігін ашып, шыр етіп өмірге келгеннен бастап түнімен іңгәлаған дауысыңды анадан басқа жан тыңдаған ба? Былдыр-былдыр тіліңе, тәй-тәй басқан қадамыңа қуанып, жылағаныңда жұбатып, қуанғанда қуанышыңды бірге бөлісетін ананың кең пейілі ғой. Ананың аялы алақаны сәбиіне күш-қуат береді. Оның ақ сүтін емген баланың бойында адамгершілік пен мейірім, инабаттылық, ізгілік шуағы мол болады, өмірдің бар қызығы да асылы да анада. Анасы бар адамдар ешқашан қартаймайды.

Барлық ана бейбітшілікті және баласының бақытты болуын ғана тілейді. Даңқы асқан патша да, найзасы көк тіреген батыр да анадан туылады. Анаға барлығымыз қарыздармыз. Жұмақтың төріне үш рет арқалап апарсаң да ол қарызды өтей алмайсың, өйткені ана сүтінің қарызы - өтелемейтін парыз.

Әкем өлсе өлсін, анамды құдай алмашы, өзі аш қалса да мені өлтірмейді, - деп ашаршылық кезінде бір пенде құдайға жалыныпты. Ана сорлы баласы қиналса баламның табанына кірген тікен, неге менің маңдайыма кірмейді деп, - деп өмірін баласы үшін құрбан етеді. Өз басым анасын сыйламаған перзентке бақыт қонбас деп ойлаймын.

«Ана» деген сөз – менің өміріммен тікелей байланысты. Сәбилердің ең алғашқы тілі «ана» деген қымбатты сөзден басталады.

Менің анам – жер бетіндегі ең құрметті, құдіретті жан. Ол өте әдемі, қайырымды, мейірімі мол, қол үшін беруге үнемі дайын тұратын адам. Анашым мені тұмсықтыға шоқытпай, қанаттыға қақтырмай аялап келеді. Әлі есімде, бастауыш сыныпта жүргенімде қызуым көтеріліп ауырып қалдым. Сабақты да босаттым. Осы ауырған кездерімде қасымнан күні-түні табылған жалғыз анашым ғана. Тіпті жұмысқа да барған жоқ. Дәрісіз-ақ бал қосқан сүтін беріп, алақанымен маңдайымнан сипағанда өзімді дүниедегі «ең бақытты баламын» деп сезініп, ауыруымнан тез айығып кеттім. Кішкене кезімде қараңғылықтан қатты қорқатынмын. Анам мен тәтті ұйқының құшағына енгенше қасымда отырып, түнгі уақытта көрпемді қымтап жауып, жарықты жағып кететін.

Менің анам ең сүйкімді, сүйікті адам. Жұмыста тамаша қызметкер, ал үйде – нәзік жан. Кейде, анам қалай бәріне үлгереді? –деп ойлаймын.

Әлі күнге дейін балалық сәттерімдегі анамның еркелеткен жылы үні, нұрлы көздері, аймалаған нәзік алақанының жылуы көз алдымнан кетер емес. Мен анама мәңгі қарыздармын, өйткені ол маған өмір сыйлады.



  • Қымбатты анашым, саған үлкен рахмет!

Сәби кезімде анам мен үшін түн ұйқысын төрт бөліп, түнде бесіктің жанында таянып отырды. Есейе келе маған әріптердің қалай жазылатынын, хат жазуды үйретті. Мектеп табалдырығын аттаған жылдарда менің оқудағы табыстарым мен сәтсіздіктерді бірге бөлісе білді. Анам әрдайым менімен бірге. Мен анашыммен өзімнің құпиялы сырларыммен бөлісе аламын. Өйткені баласының жан сезімін анасы ғана түсіне алатындығын мен жақсы білемін.

Иә, небәрі үш әріптен құралған «Ана» сөзінің ішінде қаншама мейірімділік, ықылас жатыр десеңізші?!

Ана –шексіз махаббат пен нәзіктікке толы біртұтас алып әлем. Қоңыр дауысымен баласын тербетіп, бесік жырын айтқан кезде, сәбиінің бойына аналық адамгершілік жылуы мен лебін қатар сіңіреді.

Ана-күллі әулеттің берекесі, бүкіл шаңырақтың іргесі. Ол – өскелең ұрпаққа тәрбие беретін, рухани біліммен нәрлендіретін асыл қазына. Ол ертеңгі мен бүгінгіні біріктіріп, игі істермен болашаққа жетелейтін сарқылмас кен.



Мен білетін қазақ әйелі, қазақпын дейтін қара көз, қара баланың анасы, сенің жүрегің нәзік, сенің махаббатың балаға тіл жеткісіз биік. Өзінің бақыты мен қуанышын перзентінен іздейтін аяулы Анам менің! Сізге әлемдегі бар жақсы тілекті үйіп-төксем де аз. Алла сізге ең алдымен мықты денсаулық берсін! Әрқашан жүзіңізден мейірім нышаны кетпей, айналаңызға нұрыңызды шашып, Аналық бақытқа кенеле беріңіз! Маған өмір сыйлағаныңыз үшін, мені шексіз сүйіспеншілікке баулығаныңыз үшін Сізге айтар алғысымның шегі жоқ.

Ананың жүрегі өте нәзік, жел соқса ұшып кететін мамықпен тең, оны жақсылығымыздың ығына басып, көңіліне қаяу, кірбің түсірмесек, ананың шын ықыласына, ризашылығына бөленеріміз хақ!


Достарыңызбен бөлісу:




©kzref.org 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет