Ќ±райлысай ауыл округі



жүктеу 35.78 Kb.
Дата16.05.2018
өлшемі35.78 Kb.

Жұбан ауылдық кітапханасы

Құрайлысай ауыл әкімшілік округінің орталығы.

Аудан орталығы Чапаев ауылынан шығысқа қарай 67 шақырым қашықтықта, Жайық пен Өлеңті өзендерінің аралығында Құрайлысай ауылы орналасқан.

Солтүстік және шығысында Теректі ауданымен Оңтүстікте Қаратөбе, батыста Есенсай округімен шектеседі.

Округке қарасты Құрайлысай, Әтібек, Сайкұдық ауылдық кітапханалары, мәдениет үйі, екі орта, бастауыш мектеп, дәрігерлік амбулатория, фельдшерлік пункт бар.

Жұбан ауылдық кітапханасы мәдениет үйі ғимаратының 40 кв.м көлеміне орналасқан.

Бүгінде Ақжайық ауданы, Жұбан Молдағалиев атындағы ауылда мәдениеттің бірден-бір көзі, ошағы, ақпараттың ордасы болып отырған Жұбан ауылдық кітапханасы бар. Жұбан Молдағалиев (қазіргі) сол кездегі Киров колхозында 1959 жылы алғашқы «қызыл бұрыш» ашылады. Қызыл бұрышта 500 дана кітап қоры болған. Алғашқы мәдени ошақта Адайбаева Насиха 1961 жылға дейін жұмыс істеген.

1961 жылы Киров колхозы біріктіріліп Өлеңті совхозы құрылған. Сол жылы орталық клуб салынып, оның жанына кітапхана ғимараты орналасты. 1961 жылы наурыз айында Н.Адайбаевадан Қанымзия Мамбешова қабылдап алып, кітапхана жұмысын жандандырған.

1964 жылы Қ.Мамбешованың басқа жаққа көшуіне байланысты кітапхананы ауыл тұрғыны жоғары білімді маман Дәулетова Мағия алады.

1966 жылы Д.Мағия Калмыково селосына кетеді. Ол сол жерде кітапханада істеп, зейнеткерлікке шықты.

Даму қарқындап келе жатқан аулымыздың кішкене мәдениет ошағын 1968 жылдан бастап клубтың көркемдік жетекшісі әуесқой композитор сазгер Жасталап Қуанғалиев (суретте) басқарды. (клуб меңгерушісі) Ол «Бозторғай» сынды әндердің авторы.

Осы жылдар аралығында М.Қуанғалиева, А.Нығмалова кітапханада қызмет істеп өз үлестерін қосты.

1972 жылы жұмысқа кіріскен Таня Жапашева кітапхана жұмысын ала жүре 1975 жылы Ақтөбе мәдени ағарту училищесінің кітапханашы мамандығы бойынша бітіріп арнаулы орта білімі бар маман болып қызметін жалғастырды.

1978 жылы Құрайлысай ауылында мәдениет үйі салынып, ішінде кітапхана бөлмесімен 9 мамыр күні ашылу салтанаты болды.

2005 жылы облыстық Ж.Молдағалиев атындағы ғылыми-әмбебап кітапханасының ұйымдастырған «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында ауыл кітапханалары арасында өткізілген «Ауыл энциклопедиясы-Шағын Отан» тақырыбындағы сайысқа қатынасып жүлделі екінші орынға ие болды.

2006 жылы кітапханашылар күніне орай кітапханашының еленіп жүрген еңбегін дәріптеуде, кітапхананың көне көз маманы ретінде құрметтеліп марапатталды.

Т.Жапашева «Әр кітап өз оқырманын табуға тиіс» деген ұранмен жұмыс істейді. Осы бағытта кітаптардың ұсынба тізімін жасап оқырмандарға таратып отырды.


Кітапханада қонақта
Сан түрлі ақын-жазушылар тоқтаған бұл кітапхананың сырлы шежіресі тереңнен тамыр тартқан. Әр жылдары кітапханаға көптеген ақын-жазушылар аялдады. Солардың ішінде Берқайыр Аманшин, Б.Соқпақпаев, Сұлтан Қалиев, А.Бақтыгереева, Қ.Мырза Әлі, Әкім Тарази, С.Жиенбаев, Ы.Боранбаев, С.Еркебаев олармен қатар жерлес ақындарымыз Ж.Молдағалиев, С.Сейітовтар (суретте) туған жерге жиі оралып, кітапханада өткізілген шараларға қатысып мән беріп отырған.

Сағынғали Сейітов Құрайлысай ауылында дүниеге келген. Ақын, әдебиетші филология ғылымының кандидаты. Ұлы Отан соғысына қатынасып, «Қызыл жұлдыз» орденімен, бірнеше медальдармен марапатталған. Орта мектепке арналған оқулық авторларының бірі. Бірнеше өлең жинақтары бар. Сағынғали аға туған жерге үнемі жүрегі бұрып тұратын азамат еді. Ол туған ауылында бірнеше болып олармен сұхбаттасып, «Елге келсем, бір баламын» деп жүретін.



Туған жер- тәрбелейін, тебіренейін,

Шығайын шыңдарыңа, өрмелейін,

Халқымның құдіретіне құлдық ұрып.

Басымды жеткізейін жерге дейін –деп халқының алдында кішілік танытып жүруші еді.

Сағынғали ағаға арналған әдеби кештер көптеп өткізілді. Рухына табынып, шабытына шабыт қосып, ақындығын пір тұтып, өлеңдерін жаттап өскен ауылымыздың жастары, кітапхананың тұрақты оқырмандары былай деп жырға қосты:



Тербеткен дүниені жырыменен

Талантымен өргізген сиқырлы өлең

Жұбан аға,қазақтың біртуары

Жас дарындар өзіне пір ғып жүрген.

Тыңдашы мені! Жұбан аға!

Талдашы балғын жырымды ұға

Дем беріп қолдап рухыңмен биік,

Жетеле мәңгі ұрпақты алға!
Тәтібай Сұлтанғалиев – Жұбан ауылының көркеюіне еңбек сіңіріп, мәдениет саласының гүлденуіне де үнемі үлкен колдау көрсеткен ауылдың ардақты азаматы. Кішіпейіл, қарапайымдылығымен ауылдастар арасында сыйлы болған ол, жерлес ақын Жұбан Молдағалиевтің Біздерміз,Тәке,Тәтібай!» өлеңінің кейіпкері. Кейін Тәтібай Сұлтанғалиевтің құрметіне ауылымызда көше аты берілді.
1990 жылы Жұбан Молдағалиевтың зайыбы София апай ұлдарымен, ақын С.Сейітовпен Жұбан ағаның туған топырағына келіп ақынның ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, ауыл тұрғындарымен еске алу кешін өткізді. Сол кезде С.Сейітов «Жетпісіне жеткізе алмай Жұбанды, Көзіме жас шыланды.

Қандығымда туса деймін, Жұбандай ұланды»-деп туған халқына арнау айтқан.



Қазіргі таңда 12824 кітап қоры, 804 оқырманға қызмет көрсетуде. (2012 жылдың қорытынды көрсеткіші бойынша).





Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет