Распределение тем и учебных часов



жүктеу 1.84 Mb.
бет6/10
Дата12.09.2017
өлшемі1.84 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


Әдебиеттер тізімі:
а) негізгі:

  1. В.П. Леонтьев. Новейшая энциклопедия персонального компьютера. ОЛМА-ПРЕСС. Москва 2004 г. стр.733

  2. Энди Ратбон. Модернизация и ремонт ПК. Диалектика Москва-Санкт-Петербрг-Киев 2003 г., стр. 370

  3. Вычислительная техника и её применение. Аппаратный состав ЭВМ. Издательство «Знание», Москва 1988 г.

  4. С.В. Симонович «Информатика - базовый курс», Санкт-Петербург «Пресс», 2004 г.

  5. П.Нортон "Архитектура персональных компьютеров фирмы IBM.

  6. С.Симонович, Г.Евсеев, А.Алексеев. Специальная информатика, учебное пособие. Москва 2002 г.

  7. В.А.Урнов, Д.Ю.Климов Преподавание информатики в компьютерном классе М.1990 г.

б) қосымша

  1. В.Макаров «Информатика-практика по технологии работы на компьютере», Москва 1998 г.

  2. Комягин В.Б., Кобюцинский А.О. «Современный самоучитель работы на компьютере», Москва 1997 г.

10. Н.Ермеков, М.Ермеков, С.Ноғайбаланова. Информатика. Алматы «Жазушы», 316 б.

11. Л.Омельченко, А.Федоров. Самоучитель Microsoft Windows XP. Санкт-Петербург, «БХВ-Петербург», 2003, 556 стр.

12. М.К.Байжұманов, Л.Қ.Жапсарбаева. Информатика.Астана-2004, 230 бет.

Е.Қ.Балапанов, Б.Б.Бөрібаев, А.Б.Дәулетқулов. Жаңа информациялық технологиялар: Информатикадан 30 сабақ. Алматы, ЖТИ, 2004, 409 б.

1-ші лабораториялық жұмыс.

Тақырып: Жабдықтарды жүйелі блоққа қосу.

Жұмыс технологиясы


    1. Компьютерлік жүйе токтан ажыратылғанына назар аударыңыз.

    2. Жүйелі блокты артқы қабырғасын өзіңізге қаратыңыз.

    3. Клавиатура қосқышының пішіміне қарап аналық платаның форм-факторын анықтаңыз (PS/2 форматтағы қосқыш – форм-фактор АТХ, DIN5 форматтағы қосқыш - AT).

    4. Томендегі қосқыштардың жайларын табыңыз:

  • жүйелі блокқа ток жеткізу үшін;

  • мониторға ток жеткізу үшін;

  • монитор сигнал кабелін;

  • клавиатураның;

  • кетпе-кет порттар (екі қосқыш);

  • параллель порт.

    1. Жүйелі блоктың артқы қабырғасына шығарылған барлық қосқыштар бір-біріне түспейтініне көз жеткізіңіз, яғни әр бір негізгі құрылғы бір жағдайда қосылуын қарастырыңыз.

    2. Дыбыс картасы бар болса оның қосқыштарын қарап шығыңыз. Томендегі қосқыштардың жайын табыңыз:

  • бас телефонның;

  • микрофонның;

  • сыртқы күшейткішке сигнал шығаратын;

  • тысқы электромузыкал аспаптардың және компьютер ойындарын басқарушылар-дың (джойстик, джойпад, геймпад ж.б.).

    1. Мауыстың қосу әдісін уйрену: Мауыс тізбекті порт қосқышына немесе арнайы домалақ формаға ие PS/2 портына қосылуы мүмкін. Кетпе-кет әдіс осы күндік және ыңғайлы есептеледі. Бұл жағдайды мауыс меншікті ажыратылған қосқышқа ие болып тізбекті порттарға қосылған басқа құрылғылармен таласпайды. Ақырғы модельдер клавиатураға USB интерфейсы қосқышына тіркеледі.



2-ші лабораториялық жұмыс.

Тақырып: Жүйелі блок компоненталарын уйрену.

Жұмыс технологиясы

1. Компьютерлік жүйе токтан ажыратылғанына назар аударыңыз

2. Ток көзінің жайын табыңыз.

3. Аналық платаның жайын табыңыз.

4. Аналық платаның ток көзіне қосылуын қарастырыңыз. АТ форм-факторына ие аналық платалар ток көзіне екі қосылғышпен қосылады. Қара түсті өткізгіштер орналасуына көңіл бөліңіз – ол қосқыштардың дүрыс қосылуына өте қажет.

5. Қатты дискінің жайын табыңыз. Оның ток көзіне қосатын қосқыш жайын табыңыз. Қатты дискіні аналық платамен жалғайтын өткізгіштер шлейфтерінің жайласуын қарастырыңыз. Қызыл боялған өткізгіш жайына көңіл бөліңіз. Ол ток көзі қосқыш жанында болуы керек.

6. Иілгіш дисктер және CD-ROM дискжетектерінің орнын табыңыз. Жалғайтын өткізгіштер шлейфтерінің жайласуын қарастырыңыз. Қызыл боялған өткізгіш жайына көңіл бөліңіз. Ол ток көзі қосқыш жанында болуы керек.

7. Дыбыс және бейне карталар жайласуын қарастырыңыз.



8. Қосымша құрылғылар бар болса олар жөнінде инструктордан сұраңыз.
3-ші лабораториялық жұмыс.

Тақырып: Аналық платаның компоненталарын үйрену.

Жұмыс технологиясы

  1. Компьютерлік жүйе токтан ажыратылғанына назар аударыңыз Жүйелі блок қақпағын ашыңыз да оны горизонтал жайластырыңыз.

  2. Процессор орналасқан жайын тауып оның сауыту жүйесін үйреніңіз. Маркировкасына қарап процессор типіне және дайындаған фирмасын анықтаңыз.

  3. Жедел жад модульдерін орнататын қосқыштар жайын табыңыз. Олардың санын және қолданған модульдер типын анықтаңыз.

  4. Кеңейту платаларын орнататын слоттар жайын табыңыз. Олар санын және типтарын анықтаңыз (ISA, VLB, PCI, AGP). Олар формаларының және түстерінің айырмасына қараңыз:

    Шина қосқышы

    Түсі

    Өлшемі

    ISA

    қара

    Үзын

    PCI

    Ақ

    Орта

    AGP

    Қоңыр

    қысқа



    Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет