Қрдсм «Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы» шжқ рмк



жүктеу 0.77 Mb.
бет1/5
Дата01.10.2017
өлшемі0.77 Mb.
  1   2   3   4   5






ҚРДСМ «Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы» ШЖҚ РМК

Дәрілер технологиясы кафедрасы



044 -43/18-___ (2014 -2015 )

52беттің -беті



«Дәрілер технологиясы» пәні бойынша дәріс кешені



Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы

Дәрілер технологиясы кафедрасы

Дәріс Кешені

Пән: Дәрілер технологиясы

Мамандық: 5В110300 Фармация

Оқу сағаттар көлемі: 360 (8 кредит)

Курс және семестр: 5 курс 10 семестр

Дәріс сабақтары: 15 сағат

Кафедра мәжілісінде __ ___ 2013 ж.

(хаттама № ___ ) талқыланған

Каф.мең., фарм.ғ.д., профессор

____________Сағындықова Б.А.

Шымкент 2014 ж.

кредит 5

Дәріс № 1

Тақырыбы: Стерильді және асептикалық жағдайда дайындалатын шаншуға арналған дәрілік түрлер. Өндіру жағдайлары. Бөлмелер тазалығының кластары. GMP талаптары.

Мақсаты: Стерильді және асептикалық жағдайда дайындалатын шаншуға арналған дәрілік түрлер туралы білім қалыптастыру.
Дәріс тезистері:

  1. Стерильді және асептикалық жағдайда дайындалатын шаншуға арналған дәрілік түрлер.

  2. Өндіру жағдайлары. Бөлмелер тазалығының кластары.

  3. GMP талаптары.

Инъекциялық ерітінді – бір немесе бірнеше дәрілік заттарды еріту жолымен алынған, парентеральды қолдануға арналған сұйық дәрілік түр.

Қазіргі заманғы медицинаны дәрілерді парентеральды қолдану тәсілінсіз қөз алдымызда елестету мүмкін емес.

Дәрілерді организмге парентеральды енгізу тәсілінің пайда болуы және шприцті ойлап шығару медицинада маңызды оқиға болып табылады және оны басқы ғылымдар саласындағы үлкен жетістіктермен бір қатарға қоюға болар еді.

Емдеу мекемелері дәріханасында дайындалатын дәрілік түрлердің 60%-дан астамы, ал шаруашылық есептегі дәріханаларда дайындалатын дәрілік түрлердің 1%-ға жуығы инъекцияға арналған ерітінділер екені көптеген зерттеулер нәтижесінде анықталды.

Петербург фармацевті, профессор А.В.Пельдің 1885 жылы ампуланы ойлап табуы стерильді дайындалатын дәрілердің болашағына көп мүмкіндіктер ашты.

Ампулалардың ең негізгі артықшылығы – стерильді дәрілер қорын және оны дозаланған (дозалар бөлінген) түрде жасауға мүмкіндіктер беруі.

Қазіргі кезде ампулалардағы инъекциялық ерітінділер мамандандырылған химиялық-фармацевтік зауыттарда шығарылады.

Инъекциялық дәрілерге организмге тесік ине арқылы тері бетінің және шырышты қабықтың бүтіндігін бұза жіберілетін дәрілік түрлер жатады. Инъекциялық ерітінділерге, сулы және майлы ерітінділерден басқа, суспензиялар мен эмульсиялар, стерильді ұнтақтар мен таблеткалар (оларды стерильді еріткіштерде дәріні егу алдында ерітеді) жатады.

Мемлекеттік Фармакопеяның Х, ХІ – басылымдарына дәрілердің осы тобына арналып «Инъекцияға арналған дәрілік түрлер» мақаласы енгізілген.

Дәріні енгізу тәсілі бойынша тері іші, тері асты, бұлшық ет іші, тамыр іші, бас сүйек іші, плевра іші, буын іші және т.б. болып бөлінеді.

Ерітіндімен толтырылған ампулаларды шығарар алдында оларды көзге көрінер механикалық қоспалардың бар жоқтығына 100% түгел тексереді.

- ампулалық шынының сапасы өте маңызды роль атқарады. Себебі, ол көптеген жағдайларда инъекциялық ерітіндінің тұрақтылығын анықтайды. Ол мөлдір, химиялық және термиялық төзімді, оңай балқитын болуы тиіс.

Инъекцияға арналған дәрілерге келесі негізгі талаптар қойылады:

1. Механикалық қоспалардың болмауы.

2. Стерильдік.

3. Апирогендік.

4. Тұрақтылық.

Инъекциялық ерітінділердің технологиясының ерекшелігі: қосымша материалдарды дайындау, инъекцияға арналған су алуды толық регламентациялау; асептикалық дайындау жағдайларын ұыймдастыру.

Инъекциялық ерітінділердің стерильдігі мен апирогендігі асептика ережелерін мінсіз орындау және стерильдеудің түрлі әдістерін енгізумен қамтамасыз етіледі.

Асептика – бұл соңғы өнімді оған микроорганизмдер түсуінен қорғауға бағытталған технологиялық және гигиеналық шаралардың жиынтығы, яғни, стерильді ерітіндіні оны стерильдемей - ақ алу.

Инъекциялық ерітінділерді дайындаудың асептикалық жағдайларын қамтамасыз ету.

Инъекциялық дәрілердің ластануымен күрес проблемасы өте көп жақты, дегенмен оның бірнеше негізгі көздерін бөліп көрсетуге болады: өндіріс орындары, персонал, шикізат көзі, жабдықтар және орауыш ыдыстың тазалығы.



Өндіріс орындары.

Инъекциялық препараттарды тек осы мақсатқа арналған арнайы өндіріс орындарында ғана дайындайды. Бұл өндіріс орындарының құрылысы ең басты мақсат - өнімнің таза болуына бағынуы тиіс.

Мұндай өндіріс орындарында шаң-тозаң жиналатын жерлердің аз болуы қолға алынады, тазалығы бақыланып отыратын ауа жіберу қамтамасыз етіледі, жоғарғы қысым, белгілі температура мен ылғалдылық әрдайым бір қалыпта ұсталып отырады. Мұндай өндіріс орындары «таза» деп аталады.

Біздің елімізде «таза» өндіріс орындарында ауа қысымы айырмашылығы 4 мм. сын. бағ., температура 23±2?С, салыстырмалы ылғалдылығы 30-40% болуы қамтамасыз етіледі. Ауа қысымы айырмашылығы – бұл «таза» өндіріс орнындағы қысым мен осыған жанасып жатқан кез-келген бөлмедегі қысым арасындағы айырмашылық.

Ылғалдылықтың белгілі мәні бар: егер ылғалдық 50%-дан астам болса, металл детальдердің коррозиясы басталады. Ылғалдылық төмен болғанда диэлектрлік металдарда статикалық электр ағымы жинақталады, бөлшектер онда жабысып, ұсталып қалуы мүмкін.

Таза өндіріс орындарын үйдің ортасында орналастыру қажет, ол сыртқы қабырғамен жанаспауы керек. Өндіріс бөлмесіне кірер жерде ауа шлюзін қою керек, оның көмегімен персоналдың сырт және аяқ киімдері шаң-тозаңнан тазартылады.

Газ, су және электр құбырлары жасырын болуы тиіс, жылу тасымалдағыш ретінде жылытылған стерильді ауа қолданылады. Қабырғалар, еден, бөлменің төбесі жылтыр, оңай тазартылатын болуы керек. Қабырғаларды жылтыратылған металмен, пластмасса немесе эпоксидті эмальдермен қаптайды. Еденді қаптау үшін поливинилхлорид, эпоксидті және полиуретанды шайырлар қолданылады. Бірақ еденді қаптауға ең қолайлы болып керамикалық плиталар табылады. Орындықтар мен үстелдер пластмассадан және металдан жасалғаны жөн.

Өндіріс бөлмелерінің ауасы дәрілердің ластануының негізгі көзі, оны тазалау технологиялық гигиенаның ең маңызды мақсаты. Ауа тазалығының дәрежесі тазалық кластарын анықтайды. Ауаны ерітінділерді құю бөлімінде, туннельде салқындату бөлімінде, жинаушы үстел үстінде және оператордың жанында бақылап отырады. Әр квартал сайын құюға арналған асептикалық қондырғыны микробиологиялық бақылауға алады: 10000 ампулаға қоректік ортаны бөліп салады да, 14 күннен кейін ампуланың ішіндегі ерітіндіні тексереді. Дәл осылай жылына 2 рет бөлшектеп өлшеу қондырғысын да тексереді. Стерильді емес ампулалар саны 0,3 % аспауы керек.

1982 жылы 1 қаңтардан бастап «Асептикалық жағдайларда дәрілік құралдарды дайындауға арналған өндіріс орындарында қойылатын талаптар» деп аталатын технологиялық шарттар енгізілген.

Өндіріс орындары мен технологиялық операцияларды орындау зонасында ауа ортасының механикалық және микробтық бөлшектермен ластануы бойынша 4 тазалық классы белгіленеді.

Өндіріс орындарының ауа ортасының тазалық кластары

Кесте 5


Кластар


1 л ауадағы механикалық бөлшектердің ең жоғарғы мөлшерлері

мауадағымикроорганизмдердің

еңжоғарғысаны



0,5 мкм және одан жоғары

4 мкм және одан жоғары

5 мкм және одан жоғары

1

2

3



10

350


3500

0

15

50



0

10

25



0

50

100



4

12.1.005-76 ГОСТ-ы бойынша нормасы белгіленбейді

Бөлмелердегі ауаның қажетті микробтық тазалығын қамтамасыз ету үшін бактерицидтік лампалар қолданылады.

Бөлмелерді тазарту – тазалықты қамтамасыз етудің ең маңызды шараларының бірі. Кейде тазалауды дезинфекция деп атап, бұл мәнісінде барлық микробтарды жоюды түсінеді. Бірақ бұл өте сирек қамтамасыз етіледі, себебі, химиялық зат споротүзгіш микроорганизмдерге әсер етпейді. Бөлмелерді тазалауда 2-6% сутегі асқын тотығы ерітіндісінің «Сульфанол» немесе «Прогресс» жуғыш затымен коспасын колдану ұсынылады. Сонымен қатар формальдегид булары да қолданылады. Қандайда болмасын дезинфекциялаушы затты ұзақ қолдану тұрақты штаммдардың пайда болуын тудырады. Сондықтан оларды әрбiр 14 күнде алмастырып тұру керек.



Өндiрiс персоналы (жұмысшылар)

Адам қозғалмай тұрып-ақ 1 мин. iшiнде айналаға 100 мың бөлшек бөлiп шығарады. Қарқынды жұмыс кезiнде бөлiнетiн бөлшектер саны 10 млн-ға дейiн көтерiледi. Адам 1 минутта орташа есеппен 1500-3000 микроорганизмдер бөледi. Сондықтан да, дәрiнi осы ластау көзiнен қорғау — технологиялық гигиенаның негiзгi проблемаларының бiрi болып табылады. Ол негiзiнен қызметкерлердiң жеке гигиенасы және арнайы технологиялық киiм қолдану арқасында шешiледi.



Иллюстрациялық материалдар: кестелер, үнсіз карталар слайдтар түрінде.

Әдебиет:

негізгі:

  1. Сағындықова Б.А. Дәрілердің өндірістік технологиясы: оқулық – Шымкент, 2008. – 348 бет.

  2. Технология лекарственных форм. - (Под ред. Ивановой Л.А.) – Том 2. - 1991.

  3. Руководство к лабораторным занятиям по заводской технологии лекарственных форм. - (Под ред. А.И. Тенцовой).- М.- 1986. - 272 с.

  4. В.И. Чуешов. Промышленная технология лекарств, в 2-х томах, г. Харьков, 2002 г.

  5. ҚР МФ – 1 басылымы. – Астана – 2008 ж.

  6. Фармацевтическая технология. Под редакцией И.И.Краснюка и Г.В. Михайловой, Москва Асаdemia – 2006 г.

қосымша:

  1. ССРО Мемлекеттік фармакопеясы, IХ, Х және ХI басылымы.

  2. ҚР МФ – 1 басылымы. – Астана – 2008 ж.

  3. Макхамов С.М. Основы таблеточного производства. Ташкент, 2004, 146 с.

  4. В.И. Чуешов. Промышленная технология лекарств, в 2-х томах, г. Харьков, 2002 г.



Қорытынды сұрақтары (кері байланысы):

  1. Парентеральды енгізуге арналған препараттарға қандай дәрілік түрлер жатады?

  2. Стерильді дәрілік түрлерді дайындау үшін қандай жағдайлар талап етіледі?

  3. Асептика дегеніміз не? Ол қалай қамтамасыз етіледі?

  4. Стерильді препараттар дайындауда тазалық кластары қалай ұйымдастырылады? Әр тазалық кластарында қандай операциялар орындалады?

  5. Өндірістің таза бөлмелерінде жұмыс істейтін персоналға қандай талаптар қойылады?

кредит 5

Дәріс № 2

Тақырыбы: Ампулаларды, флакондарды және шприц-тюбиктерді өндіруге арналған шыны және полимерлі материалдар. Ампулаларды жасау және оларды толтыруға дайындау.

Мақсаты: Өндірісте ампулалар жасау және оларды толтыруға дайындау процесімен таныстыру.

Дәріс тезистері:

  1. Шыны маркалары және оның қасиеттері.

  2. Дроттарды ампулалар жасауға дайындау.

  3. Ампулаларды жасау және оларды толтыруға дайындау.

  4. Ампулаларды жуу тәсілдері.

Шыны – силикаттар мен металдар тотықтарының балқытылған қоспасын салқындату арқылы алынған қатты ерітінді және оған қатты денелердің барлық механикалық қасиеттері тән. Шыны құрамына SiO2, Al2O3, Na2O, K2O, CaO, B2O3 және т. б. тотықтар кіреді.

Ең жоғарғы термиялық және химиялық тұрақтылық кварц құмынан алынатын кварцты шыныға тән. Кварц құмы 95-98% кремний диоксидінен тұрады. Мұндай шыныдан ампула жасау және оны дәнекерлеу өте қиын, себебі, оның балқу температурасы жоғары (1550-1800?С). Сондықтан оның құрамына балқу температурасын төмендету үшін әртүрлі модификаторлар: натрий және калий оксидтерін қосады. Оларды енгізу шынының химиялық тұрақтылығын күрт төмендетіп жібереді және ерігіш немесе сұйық шыны алынуы мүмкін – натрий және калий силикаттары Na2SiO3, K2SiO3. Тұрмыстық қажетке арналған шыныны кварц құмын, әк, натрий карбонаты немесе сульфатын балқытып қосу арқылы алады. Оның күрделі құрамын Na2ОСаО 6SiO2 түрінде көрсетуге болады. Бұл шынының термиялық және химиялық тұрақтылығының төмендігі салдарынан тек терезе шынысын, бөтелкелер және т.б. тұрмыстық құралдар дайындауға қолданады.

Химиялық тұрақтылықты алюминий және бор оксидтерін енгізу арқылы жоғарылатады. Бұл жағдайда жаңа сапалы құрам алюмоборосиликатты қиын диссоциацияланатын комплекс түзіледі. Осы құрамға магний оксидін қосу оның термиялық тұрақтығын көтереді. Бор, алюминий және магний оксидтерінің мөлшерін реттеу шынының беріктігін жоғарылатады және сынғыштығын төмендетеді.

Шыны жасауға негізгі шикізат ретінде: кварц тотығы (кремний қос тотығы) – SiO2; нефелин – KNa3{AlSiO4}4; магнезит (магния карбонаты) MgCO3; доломит (кальций және магний карбонаты) – Ca ↔ Mg(CO3)2; кальцийленген сода (натрий карбонаты) – Na2CO3; натрий сульфаты – Na2SO4; натрий тетрабораты – Na2B4O7; бор қышқылы – H3BO3; ізбес (әк) (кальций карбонаты) – CaCO3; поташ (калий карбонаты) – К2СО3 қолданылады.

Компоненттердің құрамын және олардың концентрацияларын өзгерте отырып, қажетті шыны алуға болады (кесте 6).

Медициналық шынының маркалары мен құрамы

Кесте 6











SiO2

±0,50


Al2O3

±0,20


B2O3

±0,25


CaO MgO

±0,30


Na2O

±0,25


К2О

±0,20


Fe2O3

±0,30


MnO2

±0,50


BaO

±0,20


НС-3

72,80

4,50

6,0

6,90

8,10

1,70

-

-

-

НС-1

73,00

4,50

4,00

8,00

8,50

2,0

-

-

-

СНС-3

67,00

4,10

5,20

6,30

7,50

2,0

2,90

5,0

-

НС-2

73,00

3,5

2,50

8,00

11,00

2,0

-

-

-

НС-2А




























АБ-1

73,00

3,0

-

9,50

13,50

1,0

-

-

-

ХТ

74,00

5,0

8,00

1,20

5,00

2,80

-

-

4,0

ХТ-1

72,00

6,0

10,50

0,80

6,70

1,80

-

-

2,20

МТО

73,00

1,50

-

10,00

15,50

-

-

-

-

ОС

73,50

1,50

-

9,50

15,50

-

-

-

-

ОС-1

73,00

1,30

-

10,00

15,70

-

-

-

-

Ампулалар жасау үшін шынының арнайы маркалары (түрлері) қолданылады, олар ОСТ 64-2-78-72 документі бойынша белгіленген. Бұл шынының келесі маркалары: НС-1, НС-2, НС-2А, НС-3, АБ-1, СНС-1, ХТ-1, МТО, ОС, ОС-1;

Шынының ең маңызды қасиеті – оның химиялық төзімділігі болып табылады. Химиялық төзімділік шынының агрессивтік орталардың әсеріне қарсы беріктігін сипаттайды.

Шыныға әртүрлі химиялық агенттер оның құрам бөліктерін еріте және коррозияға ұшырата әсер етеді. Шыныға әсер етуші ең зиянды заттардың бірі – су болып табылады, ол силикаттарды негіздерге айналдырып жібереді. Шынының жоғарғы қабаты әрқашан сілтілік және сілтілік-жер металдардың иондарына толы болады. Сондықтан натрий ионы бөлме температурасының өзінде-ақ басқа иондарға ауыса алады. Шыныға қышқыл ерітінділер әсер еткенде, сілті бейтараптанады. Егер ерітіндінің рН=3,0 тең және одан төмен болғанда (қышқыл орта), онда шыны бетінде сілті бөліну сутегі иондары концентрациясының өзгеруінсіз жүреді. Егер шыныға рН ортасы 3,0-тен жоғары және су әсер етсе, онда рН қатты көтеріліп кетеді. Осы кезде шыны бетінде кремний гиодрототығынан түзілген, шынының сілтілік-жер металдарымен байытылған пленканың пайда болуы байқалады. Сілті бөліну нәтижесінде таза кремнезем пайда болады, ол өте майда қоспа түрінде ерітіндіде қалқып жүреді және ерітіндіні ластайды, организмге зиянды әсер етеді. Ал шыныға негіздік ерітінділер әсер еткенде Si-O-Si байланысы үзіліп кетеді және натрий силикаты Si-O-Na түзіледі, мұнда да пленка пайда болуы байқалады.

Ампулалық шынылардың осындай негативтік (жарамсыз) қасиеттерінің алдын-алу үшін шынының қасиеттерін және сонымен бірге ерітіндінің шыны компоненттерімен қалай әрекеттесетінін білу қажет.



Шыны сапасын анықтау. Шыны сапасын бағалау кезінде оның химиялық және термиялық төзімділігін анықтайды.

1. Химиялық төзімділік. Кейбір жағдайларда шынының химиялық төзімділігін сыртқы түрінен-ақ анықтауға болады. Сақтау кезінде шынының бет жағында силикаттарды біртіндеп сілтіге айналдыратын ылғалды пленка пайда болады. Ауадағы көмір қышқылы сілтілерімен әрекеттесіп, сілтілік-жер металдарының карбонаттарын түзеді, олар кепкен кезде лас қабықтар қалады. Мұндай ластанудың өзі-ақ шынының химиялық төзімділігінің төмен екенін көрсетеді. Шынының химиялық төзімділігі ГОСТ 10780-64 бойынша анықталады.

Іріктеп алынған ампулаларды ыстық сумен мұқият жуады, дистилденген сумен 2 қайтара шайқайды, жаңадан айдалған дистилденген сумен номинальды көлеміне дейін толтырып, дәнекерлейді. Ампулаларды 2 атм. қысым жағдайында 30 минут бойына автоклавта 120-121?C температурада қыздырады. Сонан кейін олар салқындаған соң рН өзгеруін потенциометр көмегімен анықтайды: рН өзгеруі АБ-1 маркалы ампулаларда 4,5 жоғары болмауы керек; НС-1 маркасы үшін – 1,3 және НС-3 маркасы үшін – 0,9-дан; СНС-1 – 1,2-ден жоғары болмауы тиіс (потенциометрлік әдіс).



Сонымен қатар фенолфталеиндік әдіс те қолданылады. Ампулаларды фенолфталеин индикаторы қосылған су ерітіндісімен толтырады (2 мл суға 1 тамшы 1% фенолфталеин ерітіндісін қосады). Дәнекерленген ампулаларды 3 бөлікке бөледі: бірінші бөлігін 100?C температурада 30 минут; екінші бөлігін-120 C температурада 20 минут стерильдейді, ал 3-бөлігін салыстырып бақылау үшін алып қалады. Химиялық таза шыныдан (НС-1) жасалған ампулаларда автоклавта стерильденгеннен кейін ерітіндінің түсі өзгеремейді. Егер автоклавта стерильденгеннен кейін ампулада қызыл түсті бояу пайда болса, ал 100?C температурада мұндай өзгеріс байқалмаса, онда бұл шыны маркасы НС-2 болғаны. Ал екі жағдайда да ерітінді түсінің өзгеруі (қызыл бояу пайда болуы) шынының химиялық төзімділігінің төмен екенін көрсетеді, яғни, бұл шыны маркасы АБ-1 және ол тек майлы ерітінділермен толтыруға арналады.

2. Термиялық төзімділікті анықтау. Ампулалар термиялық төзімді болуы керек, яғни, стерильдеу кезінде сынып кетпеуі керек. Термиялық төзімділікті төмендегідей анықтайды: тексерілетін ампулаларды дистилденген сумен толтырып, дәнекерлейді және 120?C температурада 30 минут бойына автоклавта қыздырады. Егер ампулалардың 98% бүтін қалса, онда ампулалар партиясы термиялық төзімді деп саналады. Екінші тәсіл бойынша да анықтауға болады. 50 ампуланы 18?C температурада 30 минут ұстап тұрады, кептіргіш шкафта кассетаға ГОСТ-та көрсетілген температурада 15 минуттан кем емес мерзімге салады. Кассеталарды тез 5 с арасында шкафтан шығарып алады да, температурасы 20 ± 1?C суға толық батырып, 1 минут осы күйде ұстап тұрады. Тексеруге алынған ампулалардың 98% бүтін қалуы керек. НС-3 шыны маркасынан дайындалған ампулалар бүтін қалуы керек және 160?C температура өзгерісіне, ал НС-1 – 130?C, СНС-1 – 150?C және АБ-1 – 110?C температура өзгерістеріне шыдамды болуы керек.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет