Халықаралық футбол федерациясының (ФИФА) президенті Джанни Инфантино жанкүйерлері трибунада қарсыластарына нәсілшілдік сөздер айтқан командаларға автоматты түрде техникалық жеңіліс беруге шақырды. Бұл жөнінде ол өзінің Instagram-дағы парақшасында мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі ВВС-ге сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: ВВС

ФИФА президенті сенбі күні италиялық "Удинезе" және "Милан", ағылшынның "Шеффилд Уэнсдей" және "Ковентри Сити" клубтары арасындағы матчтарда болған жағдайды "өте жиіркенішті" деп бағалап, осы оқиғалардан кейін техникалық жеңіліс беру туралы мәлімдеме жасады.

Инфантино X әлеуметтік желісінде "жанкүйерлері нәсілшілдік қорлауды қолданатын командаларды автоматты түрде ұтылды деп есептеуді, сондай-ақ мұндай командаларға бүкіл әлем бойынша стадиондарда ойнауға тыйым салуды” қажет деп санайтынын жазды.

"ФИФА мен футбол нәсілшілдік кемсітушіліктің кез келген құрбанымен бірге деген ниеттестігін білдіреді. Нәсілшілдікке жол жоқ! Кез келген кемсітушілікке жол жоқ! Біз жанкүйерлері нәсілшілдік танытқан және матчты тоқтатуға себеп болған команда үшін автоматты түрде жеңіліс енгізуіміз керек, сонымен қатар нәсілшілдерді бүкіл әлемдегі стадиондарға барудан шеттетіп, оларға қылмыстық  жауапкершілік көзделу керек. Сенбі күні Удин мен Шеффилдте болған оқиғалар өте жиіркенішті және мүлдем қабылданбайды. Жәбірленген ойыншыларға менің қолдауым шексіз", — деп жазды ФИФА президенті Джанни Инфантино.

20 қаңтарда футболдан Италия чемпионатының 21-туры аясында Удинезе мен Милан арасындағы матчтың бірінші таймда француздық қақпашы Майк Меньянға қарсы нәсілшілдік әрекет көрсетіп, айқайлай бастағаннан кейін ойын тоқтатылды.

Матч шамамен 10 минуттан кейін қайта жалғасты. Итальян клубтары арасындағы матчта "Милан" жеңіске жетті.

 


Автор: Айгерим Жумабаева

Айгерим — опытный редактор с богатым опытом в изучении и письме о культуре и истории. Ее страсть к языкам и письму помогает создавать увлекательные тексты.