Рецензент: Нұрғалиева Сара Дүйсембайқызы



жүктеу 1.66 Mb.
бет1/8
Дата16.09.2017
өлшемі1.66 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8

Май ауданының білім беру бөлімі

ТӘРБИЕШІНІҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ҚОРЖЫНЫ

2013 ж



Павлодар облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының Эксперттік Кеңесімен ұсынылған (2013 жылдың ___ ақпанынан №___ хаттамасы).



Рецензент:
Нұрғалиева Сара Дүйсембайқызы, Павлодар облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының басқару және білім сапасы кафедрасының аға оқытушысы.

Құрастырушы: Мухамедова Зухра Димяновна, Май ауданы білім беру бөлімінің әдістемелік кабинетінің әдіскері.


Тәрбиешінің әдістемелік қоржыны
Бұл әдістемелік жинақта әдіскерлер мен тәрбиешілер өз жұмыстарында қолдана алатындай Май ауданының мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің әдіскерлері мен тәрбиешілері әзірлеген ертеңгіліктер сценарийлері, ойын-сауықтар, сергітулер, 2012 жылы аудан көлемінде өткізілген семинарлар құжаттары жинақталған.

МАЗМҰНЫ



Кіріспе

4

1

Ертеңгіліктер сценарийлері

5

2

Ойындар, сергітулер

63

3

Баяндамалар

82

4

Қорытынды

92

5

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

93

6

Қосымша

94


КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының негізгі бағыты білім сапасын жаңа деңгейге көтеру болып табылады.

Мемлекеттік бағдарламаның мақсатына жетуі мектепке дейінгі білім деңгейі мазмұнын ұйымдастыра алатын педагогикалық корпустың басым шоғыры болуына байланысты.

Шебер педагог – не ойды, не технологияны дайын күйінде қабылдамайтын – оларға қатыстыны өздігінен анықтайтын және жеке шеберлігін қалыптастыра алатын маман. Тәжірибелі маман сабақты өз қабілетіне қарай тәжірибесіне сүйеніп өткізеді және өзінің «білім жиынтығын» қалыптастырады, оны кәсіби мәселелерді шешуге жұмсайды. Отандық мектепке дейінгі білім беру мекемелеріне қойылған мәселені шешу құралдарының бірі – әдістемелік жұмыс.

Берілген жинақта Май ауданы әдіскерлері мен тәрбиешілерінің әдістемелік қоржындарындағы жұмыстары жинақталған. Жинақтың бірінші бөлімінде мерекелеік ертеңгіліктер сценарийлері, екінші бөлімінде ойындар, сергітулер және үшінші бөлімінде баяндамалар берілген. Осы жинақты тәрбиешілер күнделікті жұмыстарында қолданып, өздерінің әдістемелік қоржындарын толықтырады деген үміттеміз. Осылайша, біртіндеп, мемлекеттік бағдарламаның жүзеге асырылуына ат салысамыз.



І. ЕРТЕҢГІЛІКТЕР СЦЕНАРИЙЛЕРІ
Мерекелер – мектепке дейінгі жастағы балалар үшін жарқын және қуанышты сәттер. Олар балаларға үлкен ықпал етіп, өмірінде жайдарлы із қалдырады. Мерекелерді ұйымдастыру мен өткізу бүлдіршіндердің эстетикалық, рухани тәрбиеленулеріне бағыттайды: олар бір-бірімен алған әсерлері жайында бөліседі, ұжымдық негіздері қалыптасады, патриоттық сезімдері оянады, этномәдени бағыты бойынша тәрбиеленеді, өз-өзін ұстау мәдениеті қалыптасады. Өлеңдер, тақпақтар, билерді жаттай отырып өз елдері, табиғаттары, әдет-ғұрыптары, салт-дәстүрлері, түрлі ұлт өкілдері туралы көптеген жаңа нәрселерді біледі. Бұл балалардың білімдерін молайтып, есте сақтау қабілеттерін, сөйлеудегі тіл байлықтарын, ойлау, көз алдарына елестету қабілеттерін дамытады.

Мерекелік атмосфера, залдың салтанатты безендірілуі, костюмдер әдемілігі, балалар қойылымдарының қызықтылығы – бұлардың барлығы эстетикалық тәрбие берудің маңызды факторлары.

Тәрбиеленушілердің өлең айтуда, ойындарда, билерде қатысуы бала ағзасын дамытып, қозғалыс координациясын жақсартады. Мерекелерге дайындық жүйелі және жоспарлы түрде, бала өмірінің жалпы ырғағын бұзбай ұйымдастырылуы керек. Егер тәрбиеші балаларды жақсы білсе, олардың қызығушылықтарын, жеке бас ерекшеліктерін ескеріп отырса, әр бөбектің күн сайынғы өмірін қызықты ұйымдастырып, мерекеге дайындықтарының өзін мейрамға айналдыра алады.

Әр мерекенің негізінде әр балаға жеткізілуі тиіс белгілі бір ой жатыр. Мысалға, 16 желтоқсан – бұл Отанымыздың Тәуелсіздік күні, 8 наурыз – сүйікті Аналарымыздың, қадірлі Апаларымыздың күні және т. с. с. Берілген бөлімде Республикамызда тойланатын мерекелердің сценарийлері жинақталған.


МЕРЕКЕЛІК ЕРТЕҢГІЛІГІНІҢ СЦЕНАРИІ
Тәрбиеші: Гүлсан Науановна Бостанбаева, Абай бөлімшесі, Абай БМ жанындағы шағын орталық

Тақырыбы: Аналар-мәңгі жасасын!

Жүргізуші:

  • Аяулы біздің аналар мен әжелер, Сіздерді Бүгінгі көктемнің алғашқы мерекесі - Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймыз. Біздің сәбилеріміз сіздерге, аналарға деген ыстық лебіздері мен шексіз махаббатарын ән мен таппақ арқылы жолдамақ. Қабыл алыңыздар!

Армысыздар, аяулы аналар,

Армысыздар әжелер мен апалар!

Мерекемен құттықтайды сіздерді,

Шашу шашып, өнерімен балалар.

- Балалар, сонда қазір жылдың қай мезгілі? (Көктем.)

- Көктемде табиғатта қандай өзгерістер болады? (Күн жылынады, қар ериді, жер көктейді, бәйшешектер шығады, құстар қайтып келеді.)

- Қазір қандай ай? (Наурыз.)

- Сонда бүгін қандай мереке? (Аналар мерекесі.)

- Балақайлар, аналардың бүгінгі мерекесіне дайындаған қандай сыйлықтарың бар?

1. Көктем келді жадырап,

Күн нұрымен таласып.

Жайнай берші жарқырап,

Жаны жайсаң анашым.

2. Көктем келді, алақай!

Көктеп жатыр даламыз.

Біз бақытты балақай,

Мәнгі жүрсе анамыз.

Көктем келді, балалар!

Асыр салып ойнайық.

Түн ұйқысын төрт бөлген

Анамызды сыйлайық.

3. Көктем келді, балалар,

Жердің беті жаңарар.

Ақ сүт беріп өсірген,

Аман болсын аналар!

4. Көктем келді,балалар,

Ән айтайық, би билеп.

Мейрамында аналар,

Қабылдасын сый қылып.

5. Менің анам аппақ,

Кәмпит берсе - тәтті-ақ.

Күні бойы тынбастан,

Үйретеді тақпақ.

6. Менің анам ақылды,

Тарап берді шашымды.

Қалтасы бар әдемі,

Шалбарды сатып әперді.

7. Анашым, асылым,

Аяулы ғасырым.

Сен жоқта мұңайып,

Бар болсаң - тасыдым.

8. Анашым, ақ таңым,

Ақ сүтін ақтаймын.

Жүректе атыңды

Тұмардай сақтаймын.

9. Анашым, жүрегім,

Өмірлік тірегім.

Аман боп жүрші тек,



Алладан тіледім.

Жүргізуші:

  • Келесі балалардың орындауындағы ән - «Нұрын төккен маған».

Жүргізуші:

  • Барлық балалар бүгін аналарына сыйлық жасап әуре болуда. Осы мерекеге Мақта қыз да, анасына сыйлық дайындап жатқанда, бір қызық оқиға болыпты. Мақта қыз ертегісін тамашалаңыздар!

Сахна ортасында үстел басында Мақта қыз отырады. Ол қағаз, бояу алып, анасына сыйлық жасау үшін, сурет салып отырады. Үстел үстінде түрлі-түсті бояу, стаканда су, қарандаштар. Мақта қыздың қасына мысық келеді.

Мысық:

  • Мақта қыз не істеп отырсың? Маған да көрсетші.

Мақта қыз:

  • Сурет салып жатырмын. Ары тұршы. Қазір бір нәрсені бүлдіріп тастарсың.

Мысық:

  • Қарайыншы, енді, ақырын ғана қараймын.

Мақта қыз:

  • Көрсетпеймін!

Мысық:

  • Көрсетпесең, мен сенің бояуыңды төгіп тастаймын.

Мақта қыз:

  • Осыдан төгіп көр, құйрығынды кесіп аламын.

Қырсық мысық бояуды төгіп тастайды. Мақта қыз мысықты шап беріп, құйрығын кесіп алады. Мысық қатты мияулап, Мақта қызға Жалынады.

Мысық:

  • Мақта қыз-ау, Мақта қыз, құйрығымды берші. Кешірші.

Мақта қыз:

  • Бермеймін. Маған қағаз бен бояу тауып әкеліп берсең ғана құйрығыңды қайтарамын.

Мысық жан-жағына қарап енді не істеймін деп қатты уайымдайды.

Мысық:

  • Мен бала бақшаға барайын, балаларда қағаз бен бояу деген көп болады ғой.

(Балаларға барады)

Мысық:

  • Балалар, менің құйрығыма күлмеңдер. Оны Мақиа қыз кесіп алды. Мен оның бояуын төгіп, қағазын бүлдіріп тастадым. Маған қағаз бен бояу тауып беріндерші.

Осы кезде балалар:

  • Сен бізге кәмпит әкеп берсең, біз сенің іздегеніңді тауып береміз.

Мысық жан-жағына қарап ойланып тұрып, сахнаны айналып шығып кетеді.

Сахнада дүкеннің көрінісі. Тәттілер, әр түрлі ойыншықтар бар. Бір қыз дүкенші болып отырады.

Мысық:

  • Дүкенші, маған ойыншықтар, тәттілер берші, - дейді.

Дүкенші:

  • Әуелі маған ақшасын төле. Сонан соң қалағаныңды беремін.

Мысық:

  • Менде ақша жоқ.

Дүкенші:

  • Онда саған ештене бере алмаймын.

Жүргізуші:

  • Мысық, енді ақшаны қайдан табарын білмей, көп ойланады. Осы кезде сахнаның екінші бұрышында, есік алдында жұмыс істеп жүрген әже көрінеді. Мысық оған жақындайды.

Мысық:

  • Әже, мен сізге көмектесейін, есік алдын тазалап берейін.

Әже:

  • Сөйтші айналайын, өзім де белімді көтере алмай тұрмын, дейді.

Мысық сыпырып көмектеседі.

Әже:

  • Ой, айналайын саған көп разхмет. Өте еңбекқор екенсің. Ұзақ жаса, сабағыңды жақсы оқып тәртіпті бол! Бүгінгі мерекеде аналары мен әжелерін құттықтап жатқан ұл-қыздарыңда денсаулықтары да мықты болсын. Осы бүлдіршіндердің бәрі үлкен азамат болып өссін.

Осылай деп әже, мысыққа көмектескені үшін ақша береді. Мысық ол ақшаны дүкеншіге беріп, кәмпит пен ойыншықтар алады. Кәмпит пен ойыншықтарды балаларға апарып береді. Балалар, мысыққа бояу мен қағаз береді. Мысық бояу мен қағазды Мақтақызға апарып береді. Мақтақыз мысықтың құйтығын тағады. Осымен Мақтақыз бен мысық татуласады.

Мақтақыз:

-мен - Мақтақыз, Мақтақыз,

Өнерліміз баршамыз!

Міне, осындай, қойылым,

Дайындады бақшамыз.

Мысық, 8-наурызымен құттықтап сыйлық береді. Осы кезде, балаларда, мерекелік сыйлықтарын аналар мен әжелеріне табыс етеді.



  • Балалар, бүгінгі ертегіден қандай тәрбие алдық? Айтыңдаршы. Мақтақыздың бояуын төгіп тастаған мысық дұрыс істеді ме?

  • Жоқ!

  • Оның құйрығын жұлып алған Мақтақыз дұрыс істеді ме?

  • Жоқ!

  • Жамандық істеуге бола ма екен?

  • Жоқ!

  • Біреу жамандық істесе, оған жамандықпен жауап қайтару керек пе?

  • Жоқ!

  • Ал, қалай ойлайсыңдар, не істеу керек?

  • Жамандық жасағанын түсіндіру керек.

  • Жамандық жасауға болмайтынын айту керек.

  • амандық жасаған кісі көп қиналатынын айту керек.

Жүргізуші:

  • Құрметті, аналар мен әжелер. Сіздерді “Болашақ” тобының бүлдіршіндері атынан бүгінгі мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз. Аспандарыңыз ашық, дендеріңіз сау болсын. Осы өсіп келе жатқан ұл-қыздарыңыздың қызығын көріп, жүз жасаңыздар. Осымен мерекелік кешіміз аяқталды.



МЕРЕКЕЛІК ЕРТЕҢГІЛІГІНІҢ СЦЕНАРИІ
Тәрбиеші: Гүлсан Науановна Бостанбаева, Абай бөлімшесі, Абай БМ жанындағы шағын орталық

Тақырыбы: «Аналар мерекесі»

Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар!

Ақ жаулықты әжелер, асыл да,

Аяулы аналар, ару қыздар!

Сіздерді 8 Наурыз халықаралық аналар мерекесімен құттықтаймыз!

Ақ тілекті ағытып бір тастайық,

Аналардың мерекесін бастайық .

Көздеріңнен көрем шаттық арайын,

Өтсін солай әр бір күнің әр айың.

Қадірлі аналар көңілі,

Көктемдей жайнап гүл ашсын.

Бақытқа толып өмірі,

Шаттыққа шаттық ұлассын!

Жүргізуші: Бала, бала деп,

Түнде шошып оянған.

Түн ұйқысын төрт бөліп,

Түнде бесік таянған.

Аялы қолды талпынтқан,

Қаймақты сүттей қалқытқан.

Суық болса жөргегі,

Қорғасындай балқытқан.

Айналысына ас қойып,

Өзенді көлдей шалқытқан.

Қолын қатты тигізбей,

Кірлі көйлек кигізбей,

Иісін жұпар аңкытқан.

Бұл кім?

Балалар: Ана! Ана! Ана!

Жүргізуші: Аналарға енді жырдан шашу шашайық.

«Айналайын, ана, мерекеңізбен» әні.

1 бала: Менің анам керемет,

Мейірімді адам ол ерек.

Ерте түрып, кеш жатқан.

Сиыр сауып, пеш жаққан.

Бізсіз асын татпаған,

Анам үшін мақтанам.

2 бала: Жылылықтан жаралған,

Құшағы оның таң м(а) екен.

Менің айдай анамнан,

Асқан сұлу бар м(а) екен?

3 бала: Құшағыңа кіргенде,

Жылынамын бір демде.

Не жетеді көзіңе,

Мейірімді күннен де.

4 бала:Үн қатасың бал тілмен,

Еркелеймін әр күн мен.

Құттықтаймын анашым,

Сегізінші Наурызбен!

5 бала: Таусылмайды өлеңі,

Күнде айтып береді,

Барған сайын бір жаққа

Кәмпит алып келеді.

Әжем мені өйткені,

Өте жақсы көреді.



  • Ендігі кезекте, бүлдіршіндеріміз дайындаған концерттік бағдарламамызды тамашалаңыздар!

(Өлеңдер айтылып, балалар билерін ұсынады).

  • Осымен, біздің мерекелік концертымыз аяқталды. Келгендеріңізге көп рахмет, мейрамдарыңыз құтты болсын!



«НАУРЫЗ» МЕРЕКЕСІНІҢ СЦЕНАРИІ
Дайындаған: Сара Қапанқызы Естаева, Көктөбе ауылы, «Балдаурен» балабақшасы

Тақырыбы: «Күлімде, Наурыз, күлімде!»

Мақсаты: Наурыз мерекесінің мән – мағынасын балаларға түсіндіру,

ақ тілек, бата, наурыз көже, құт – береке ұғымдарын қалыптастыру, жақсылыққа адамгершілеке тәрбиелеу.



Көрнектілер: Залды мерекеге қазақ дәстүрі бойынша көркемдеу. Жартылай кигіз үй

көрнісі, қазақша киімдер, дастархан жасау, баурсақ, ет, наурыз

көже, құрт, ірімшік және домбыра, көрпешілер, ыдыстар.

Қатысушылар: Балалар, әже, Қыдыр ата, Наурыз.

Жүргізуші: Құрметті қауым! Бүгінгі балабақшамызда өткізілетін Наурыз

мерекесі ертеңгілігіне қош келдініздер!

Береке де осында,

Мереке де осында.

Болып жатыр той думан,

Қырандарың қасыңда.

Асқақтаған ән дайын,

Күмбірлеген күй дайын.

Ал, қанекей, қонақтар, ата – аналар,

Төрге шығыңыздар!



«Наурыз-думан» - әнінің әуенімен қонақтар, балалар залға кіріп, жайғасды.

Жүргізуші: Құрметті әріптестер! Қадірлі қонақтар, ата – аналар, балалар!

Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі құтты болсын!

Наурыз күні қазанына ортаймасын.

Жаңа жыл шаттық әкел, той тойласын!



Жүргізуші: Күннің жаңа нұры бар.

Мұның ғажап сыры бар.



Наурыз кіреді: Халық сүйген бұл мейрам,

Қарсы алайық келіңдер.



Айша 1б Наурыз келді тағыда,

Жасыл желек тағына.

Құтты болсын мереке,

Жаңа жылға береке.



«Наурыз келді» - әні орындайды.

Наурыз: Армысыңдар, қонақтар!

Айналайын, балалар!

Қыдыр ата – аман ба?

Жаңа жайла заманда.

Енді балаларымыздың орындауларында «Наурыз» - әнін тыңдаңыздар.

Армысыңдар, халайық,

Бармысыздар, халайық.

Наурыз жайып жүр жазбай,

Жылды қарсы алайық!

Ал, халайық, тұрмайық,

Әндетейік, жырлайық.

Ортамызды ашайық.

Ырыс тілек бұл жылға,

Жырдан шашу шашайық.

Қазір қыздарымыз Мухамеджанова Диляра мен Догалакова Айшагүлдің орындауында «Бипыл» биін қабыл алыңыздар.

Мейрхан: Кел, балалар, келіндер.

Тамашаны көріңдер.

Бізде қызық ойын бар,

Ойынға әбден тойыңдар.

«Көкпар», «Арқан» ойындарын ойнайық.

Қыдыр ата: Ау, аманба, жараңдар!

Алтын таңға қараңдар!

Келе жатыр жылымыз,

Мейрамдаймыз мұны біз.

(Домбрасы, арқасында Қыдыр ата кіреді.)

Балалар, қонақтар бәрі қол шапалақтап қарсы алады.



Жүргізуші: Қыдыр ата, біздің балалардың да наурызға ән, би шашулары

бар. Соны да тыңдайық.



Ұлдар: Ақ сиса, қызыл сиса «Ақ сиса» биін билейді.

Қалмайды кімдер жаяу зорлық қылса.

Шорманның Мустафасы атымды алып,

Атамдым сол себептен Жаяу Муса.

Әй, гигай, гигай гигигай – гигай.

Ақ сиса, қызыл сиса, сиса

Жүрмейді, кімдер жаяу зорлық қылса

Аттыдан жаяу жүріп кек аламын,

Жігіттер, шамаң келсе маған ұқса.

Әй, гикай, гикай, гигай – гигай

Гигай – гигай.

Наурыз тойы, барыс жылы.

Құтты болсын ағайын!

Ұлыстың ұлы – күні.

Шырқап әнге салайық.

Амирханова Айман, Қуатбекова Камиланың орындауында «Қамажай» биін тамашалайық.



Алихан: Көктем тойы – әніміз.

Көктем өнер сәніміз.

Күй шертілсін, ән айтып,

Би билейік бәріміз.



Диляра: Қым өтеп, қар кетіп.

Шырайлы, жаз жетіп.

Келді міне – мереке.

Құтты болсын – Наурыз.

Барлық бала «Қошақан» әнін орындаймыз.

Дінмухамед: Сәлем ана – алтын күле.

Сәлем қарты – халқымның.

Бақытына шалқыдым.

Айшагуль: Жас қосады жасына

Жыл – басы – Наурыз.

Ән кізген асына,

Бал татыған сары уыз, балалар біз енді ортамызға Наурыз шашу шашып, наурыз көже пісіріп әкелген әжелерімізді шақырайық.



Әжелер: Оу, айналайын, балалар!

Наурыз көже пісірдім.

Көктем Наурыз жайында,

Бал көжеден татыңдар.



Жүргізуші: Рахмет әже, рахмет!

Шашылғандай мұң, кірбің Наурыз тойда.

Нағыз әже ойлайды, нағыз салтты.

Оу, ағайын, келіңдер бүгін бізге,

Наурыз көже, құрт, қатық бәрі бізде.

Жүргізуші: Ұлы күнде халайық

Қалай қарап қалайық.

Ортамызға шақырып,

Қыдыр атамыздан

Ақ батасын алайық! (Қыдыр ата бата береді.)

Жүргізуші: Құрметті қонақтар, ата аналар, әріптестер, тағыда сіздерді

Наурыз мерекесімен құттықтаймын, «Балапан» тобының

Наурыз мерекесіне арналған ертеңгілігіміздің аяқталауы

таяу қалды, келесі тілекті меңгерушісі Мира

Жасұланқызына беріледі.

«Шақырады көктем» әнінің музыка әуені ойналады.

МЕРЕКЕЛІК ЕРТЕҢГІЛІКТІҢ СЦЕНАРИІ
Тәрбиеші: Гүлсан Науановна Бостанбаева, Абай бөлімшесі, Абай БМ жанындағы шағын орталық

Тақырыбы: Береке – бірлікте, ырыс – ынтымақта

Мақсаты: Балалардың бірлік, ынтымақтастық туралы түсініктерін кеңейтіп, көп ұлтты халқымыздың тыныштығы мен бірлігін нығайтуға ат салысатын азамат болуға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Ұрандар, қима көгершіндер, шарлар, гүлдер, ұлттық костюмдер.

(Ән ұран орындалады.)



Жүргізуші:

Бірлік пен ынтымағы халықтың -

Көгімізде жарасқан жарық күн!

Ырыс, дәулет бақыты үшін халықтың,

Жайнай берсін, жайнай берсін алтын күн!


  • дей келе Қазақстан халқының бірлігіне арналған «Береке-бірлікте, ырыс-ынтымақта» атты мерекемізді тамашалауға шақырамыз.

Жүргізуші:

Бұл мереке бұрын бүкіләлемдік «Еңбекшілер күні» болып тойланды.

Қазір ол «Дүниежүзілік ынтымақтастық күні» болып есептеледі.

(«Елім менің» атты ән орындалады)

Оқушылар әр ұлттың киімдерін киіп, шеруге шығады. (Монтаж)

1-оқушы:

Жан біткендей жас тауға,

Шуақ ойнап арайлы.

Күн күлімдеп аспанда,

Мамыр әні тарайды.

Жайдары жаз түрге еніп,

Жадыратты жанымды.

Жер-дүние тербеліп,

Дала, қала құлпырды.

2-оқушы:

Болсын жер мен су да ортақ.

Болсын біздің ту да ортақ.

Ақпыз, қара, сарымыз,

Ағайынбыз бәріміз.

3-оқушы:

Сары, ақпыз, қарамыз,

Бәрімізде баламыз.

Біз Отанда тұрамыз,

Біз мектепке барамыз.

4-оқушы:

Алтай, Кавказ ұласып,

Бауырайы кең жатыр.

Бақытты әні асқақтап,

Құлаққа даусы кеп жатыр.

5-оқушы:

Қырғыз, қазақ, өзбектер,

Моңғол, ұйғыр, дүнгендер,

Армян, тәжік, грузин,

Орыс пенен украин,

Терезесі тең жатыр.



6-оқушы:

Енді бүгін қарасам,

Айналам бақыт кең жатыр.

Бірімен-бірі туысқан,

Қол ұстасқан ел жатыр.

7-оқушы:

Достығымыз жарасқан,

Ақпыз, қара, сарымыз.

Қара жер мен көк аспан,

Ортақ дала тауымыз.

8-оқушы:

Ортақ жұтар ауамыз,

Ортақ жарық күніміз.

Достық туған анамыз,

Жердің қызы, ұлымыз.

Хормен:

Отан ортақ,

Жер ортақ,

Еңбекпен қостық тағдырды.



9-оқушы:

Алтын бесік-ағайын, жұрт туғаным,

Дос байыса қыза түсер думаның.

Барлық ұлттың өкілдері жарасып,

Асырайық іс-жүзінде Тіл заңын.

10-оқушы:

Қазақ елі-қашаннан да жыр елі,

Тарихында тұлғалар көп киелі.

Қазақстан аясында бұрыннан,

Бірнеше ұлт өмір сүреді.

11-оқушы:

Бір-бірімен тату тәтті тұрады,

Бәрінің де Қазақстан - тұрағы.

Туған жерге тебіренген сәттерде.

Ағаларды өлең-жырдың бұлағы.

12-оқушы:

Бойымызда әлі бұлақ жатыр бұрқырап,

Сол бұлақтан сыр ағыздым жыр құрап.

Тілейтінім барша ұлтқа бір ғана

Ырыс, бақыт, татулық пен ынтымақ!

(Орыс биі)



Жүргізуші:

Отаным ордасы ғой игіліктің,

Көңіліне күн орнатқан күлкі жұрттың.

Шаңырағы кң биіктен Отанымның,

Баянды бағы өрлеген әрбір ұлттың!

-демекші біздің Республикамызда әр ұлшттың өкілдері тұрады.



Жүргізуші:

Ел тарихы, жер тарихы өзіміз,

Болашақтың қасиетті көзіміз.

Барлық ұлтпен бауыласып жетерміз,

Ақ-қараны тіліп тұрса сөзіміз.


  • дегендей XXI ғасырда Қазақстанда бейбітшілік, тыныштық болып, еліміздің егемендігі ұзағынан болсын деп тілейміз.

(Ән «Атамекен»)

Жүргізуші:

Міне, осындай кең байтақ Республикамыздың егінді даласы, күмісін шашқан көлдері, кенге байтақ өңірі, малға толы өрісі, Қазақстан Республикасының болашақ ұрпағы, келешек азаматтары, сендерге өсиет болып қалады. Елбасының «Қазақстан-2030» бағдарламасында:

«Қазақстан келешекте дамыған мемлекеттердің біріне айналуы үшін мұнда тұратын барлық халықтар өзара достығы мен бірлігін нығайтып, сапалы білім, саналы тәрбие алуға құлшына алу керек» делінген.

Би.


Каталог: wp-content -> uploads -> 2013
2013 -> Министерство сельского хозяйства Республики Казахстан 010 000, г
2013 -> Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы №21 хаттама
2013 -> Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы №2 хаттама
2013 -> Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы №6 хаттама
2013 -> Министерство сельского хозяйства Республики Казахстан 010 000, г
2013 -> Тақырыптың өзектілігі
2013 -> «Алаш» либералдық-демократиялық қозғалысы идеологиясының маңызд


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет