Рецензент: Нұрғалиева Сара Дүйсембайқызы



жүктеу 1.66 Mb.
бет2/8
Дата16.09.2017
өлшемі1.66 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8

Жүргізуші:

Мамыр қандай, шіркін-ай, мамыр қандай!

Айнала жасыл кілем жамылған жай.

Алатауым басына ақ шәлі орап,

Мойнына гүлден алқа тағылғандай.

Мамыр қандай, шіркін-ай құлпырады.

Күй толқын көңіліне жыр тұнады.

Жыл еркесі гүл мамыр, сұлу мамыр,

Секілді адамзаттың ынтымағы.

Өлең.


Жүргізуші:

Егемен ел болдық, қаһарман ерлікпен.

Бағымыз жанады, бауырмал елдіктен.

Қазақтың мерейі жұлдыздай жоғары,

Мәңгілік жасаймыз бірлікпен, ерлікпен.

Халқымыздың қанға сіңген осы берік бірлігі, ұйымшылдығы, басқа халықтармен одақтасып, достаса білуі жеңістен жеңіске жеткізеді.

Би.

Жүргізуші:

Бірлік - халық салты. «Халқымыздың бірлік салты отбасынан басталып, бүкіл елдің, барлық адам баласының бірлігімен ұласады».

Бейбітшілік құсы, ақ көгершін,

Биік ұшып самғасын.

Тілегімізді жерге жайсын,

Қанаттары талмасын.

Ән.

Қағаздан жасалған ақ көгершіндерді биікке шарға байлап ұшыру. Барлық қатысушылар бірге шығып, көрермендермен қоштасады.



Жүргізуші:

Осымен мерекелік кешімізді аяқтаймыз. Көріп тамашалағандарыңызға көп рахмет.



«АЛТЫН КҮЗ» МЕРЕКЕСІНІҢ СЦЕНАРИІ
Дайындаған: Жадыра Манатовна Шарипбекова, Көктөбе ауылы, «Ақбота» бөбектер бақшасы

Қатысушылар:шегіртке-үлкен адам.

Құмырсқа-үлкен адам,балалар.

Күз ханшайымы-үлкен адам.



Жүргізуші:Сәлеметсіздер ме, құрметті ата-аналар, балалар! Бүгінгі «Алтын күз» мерекесіне қош келіпсіздер!!! Біздің балаларымыздың мерекеге арналған тақпақтарын қабыл алыңыздар. Ортаға Ақбота, Тамерлан, Сәния, Дана шақырылады.

Ақбота:Алтын нұрдай тамшылап,

Жапырақтар төгілді.

Біздің өмір таңшуақ,

Біздің өмір көңілді.



Тамерлан:Алуан-алуан жапырақ,

Ой, алақай, тамаша!

Шашу шашты жапырақ.

Сәния:Ағаштардан жамырап,

Ұшты кенет жапырақ.

О, алақай, тамаша!

Шашу шашты жапырақ.



Дана:Күзгі бақта күлімдеп,

Көз тартады атырап.

Күн шуақта маужырап,

Жатыр, әне, жапырақ.



Жүргізуші:Балалардың орындауында «Күз жомарт» әнін қабыл алыңыздар.

Ертегі:

Шырылдауық шегіртке,

Ыршып жүріп ән салған.

Көгалды қуып, гөлайттап,

Қызықпен жүріп жазды алған.

Жылы жаз жоқ, тамақ жоқ,

Өкінгеннен не пайда?

Суыққа тоңған, қарны ашқан,

Ойын қайда,ән қайда?

Секіру қайда сүрініп,

Қабағын қайғы жабады.

Сабанда жатып дән жиған.

Құмырсқаны іздеп табады.

Селкілдеп келіп жығылды,

Аяғына бас ұрды.

Шегіртке:Қарағым жылыт, тамақ бер.

Жаз шыққанша асыра.



Құмырсқа:Мұның жаным сөз емес,

Жаз өтерін білмеп п(а) ең?

Жаның үшін еш шаруа.

Ала жаздай қылмап п(а) ең?



Шегіртке:Мен өзіңдей шаруашыл,

Жұмсақ елеу илі ме?

Көгалды қуып ән салып,

Өлеңнен қолым тиді ме?



Құмырсқа: Қайтсің, қолың тимепті.

Өлеңші, әнші, есіл ер.

Ала жаздай ән салсаң,

Селкілде де, билей бер!!!

Шегіртке кетіп қалады, оның артынан құмырсқалар барып тамақтарын береді. Шегіртке оларға алғысын білдіріп, ендігіде ондай жалқау болмайтынын айтады.

Тақпақ:Алема, Айгерім, Сандияр.



Алема:Дала сары киінді,

Самал соқты салқындау.

Қырмандарға иілді,

Алтын астық алтын тау.


Айгерім:Ой, балалар, балалар!

Қоңырқай күз болыпты.

Қурап жапырақ салыпты,

Ел егінін алыпты.



Сандияр:Көрініп еліне

Күндері береке,

Келді ғой желбіреп

Күз деген мереке.



Жүргізуші: Балалардың орындауында «Қарлығаш» биі.

Ортаға сән салтанатымен «Күз ханшайымы» келеді.



Күз ханшайымы:Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мерекелерің құтты болсын! Қайдай әсем шарлар, өздерің қандай әдемісіңдер! Мен сендерге өз сыйларымды ала келдім!

Жүргізуші: Төрлетіңіз, Күз ханшайымы. Біздің балалардың өнерін тамашалаңыз!

(Күз ханшайымы отырады.)



Жүргізуші: Балалардың орындауында «Көбелек» әні!

Күз ханшайымы:Рахмет сендерге, балалар! Өте өнерлі екенсіңдер. Сендердің мерекелеріңе ата-аналарың келіп отыр екен. Мен олармен ойын өткізейін деген ойдамын! Ойын: «Кім жылдам?».

2 ата-ана шығып алмұртты жеу керек.



Күз ханшайымы: Өте тамаша. Менің кететін уақытым болды. Рахмет сендерге, балалар! Келесі кездескенше, сау болыңдар!

Жүргізуші: Біздің балалардың орындауында тақпақтарды қабыл алыңыздар.

Іңкәр:Біздің дала - бай дала.

Алтын астық айнала.

Ашық дала сәулеті,

Ашық отан дәулеті.



Данеля:Көктемде егін егетін.

Күзде жиып беретін.

Біздің дала - бай дала,

Алтын астық айнала.



Елжан:Алғыс саған, алтын күз!

Бір уыс дән шаштық та,

Қап-қап қауын алдық біз.

Жүргізуші:Жемісін мол беретін күз дос екен бізбенен, дей келе балалардың орындауында «Күз ырғағы» әні.

«Вальс» биімен балалар залдан шығып кетеді.



Жүргізуші:Осымен ертеңгілігіміз аяқталды, сау болыңыздар!
МЕРЕКЕЛІК ЕРТЕҢГІЛІГІНІҢ СЦЕНАРИІ
Тәрбиеші: Гүлсан Науановна Бостанбаева, Абай бөлімшесі, Абай БМ жанындағы шағын орталық

Тақырыбы: Алтын күз

Мақсаты: Күзгі табиғат өзгерістерін бақылап, күз байлығын, әсемдікті, сұлулықты сезіне білуге үйрету.

Көрнекілік: Күзгі суреттер, жапырақтар

Жүргізуші:



  • Құрметті қонақтар, ата-аналар, балалар, бүгінгі «Алтын күз» ертеңгілігіне қош келдіңіздер!

(Осы кезде залға Жел жүгіріп келеді.)

Жел:


  • Сәлеметсіңдер ме, кішкентай балапандар! Мен күзгі желмін. Сендерге қонаққа келдім, өнерлеріңді тамашалауға. Қанекей, балалар, маған өз өнерлерінді көрсетіндерші!

Жүргізуші:

  • Балалар, біз қайда келдік? Желмен бірге біз күзгі орманға келдік. Күзгі орманның жапырағы қандай екен? Қане, қараңдаршы, жапырақтары сары, қызғылт, қызыл түсті. Өте әдемі екен. Солай ма, балалар? Ал орманды бізге кім әдемілеп қойғанын білесіңдер ме?

Балалар:

  • Сиқырлы күз әдеміледі.

Жүргізуші:

  • Дұрыс балалар.

Жүргізуші:

- Олай болса, балалар таппақтарымызды айтып берейік.

1. Алтын, сары, қызыл, көк,

Алуан-алуан жапырақ.

Күзгі бақта күлімдеп,

Көз тартады атырап.

2. Күншуаққа маужырап,

Жатыр еді атырап.

Ағаштардан жамырап,

Ұшты кенет жапырақ.

3.О, алақай, тамаша!

Шашу шашты жапырақ.

Бақтың іші алаша,

Аунар ма едім, жатып ап?!

4. Қуандырып бізді,

Мерекелі күз келді.

5. Кел, жемісті алтын күз,

Кемелденсін халқымыз.

6. Көк майсалы көрікті,

Алқаптағы көк егін.

7. Бұл күндері киіпті,

Сары жібек көйлегін.

8. Берекесін сыйлауға,

Өлкемізге күз келді.

«Кім жапырақты көп жинайды?» ойыны. Еденде жапырақтар шашылып жатады. Балалар белгі берілген кезде жапырақтарды жинап шығу керек. Көп жинаған бала жеңеді.

Жүргізуші:



  • Балалар, қане, қарайықшы, бізге қонаққа кім келді? Бізге гном келіпті.

Гном:

  • Сәлеметсіңдер ме, балапандар! Бүгін сендер қандай әдемісіңдер! Менде бүгін әдемімін. (Әрі-бері жүреді.)

Балалар:

  • Иә, әдемі.

Гном:

  • Балалар, сендер жаңбырдың қалай жауатынын білесіңдер ме?

Балалар:

  • Иә, білеміз.

Гном:

  • Өте жақсы. Жаңбырдың жай түрі болады. Оны салу үшін қолымызды жай шапалақтаймыз. Сонымен қатар, қатты жаңбырлар да болады. Қатты жаңбыр болса, қолымызды қатты шапалақтаймыз. Түсіндік пе? Ал, ендеше, «Қандай жаңбыр?» ойынын ойнайық.

Гном:

  • Ой, балалар, сендермен уақыт өте көңілді өтті. Рахмет. Мен енді үйге қайтайын. Сеңдердің ақылды, көңілді екендерінді достарыма айтып барамын. Сау болыңдар, балалар. (Гном қоштасып шығып кетеді.)

Жүргізуші:

  • Балалар, бүгін бізге гном келді. Ал сиқырлы күз болса, әлі жоқ. Ендеше, ортаға Алтын күзді шақырайық.

Балалар:

  • Келші, келші, Алтын күз.

(ортаға Алтын күз кіреді).

Алтын күз:

Сәлем, өрен достарым,

Алақанды тос бәрің.

Қымбатты сый алыңдар,

Қызығыма қаныңдар.

Сәлеметсіңдер ме, балалар! Балалар, мен өзіммен бірге көкөністер әкелдім. Осы көкөністен сеңдердің ата-аналарың қандай салат жасап береді екен? Енді ата-аналарынды сынайық.

«Жылдам салат жасау» ойыны. Ата-аналар ортаға шығып, ұсынылған көкөністерден салат жасайды.

Алтын күз:


  • Балалар, мен ағаштарды сары түске бояп келе жатқанымда мына сары орамалды тауып алдым. Бұл - сиқырлы орамал. Осы сиқырлы орамалмен сендерге сиқыр жасаймын.

Алтын күз:

Орамалды ашайық,

Астында не, қарайық?

Бұл не?


Бұл себет қой!

Себеттің бетін жапырақтар жауып тұрады. Ал жапырақтар астында алма шығады. Алтын күз балалардың әрқайсысына алма үлестіреді. Балалар күзге рахметін айтып қоштасады.

Жүргізуші:

Осымен біздің ертеңгілігіміз аяқталды. Келесі кездескенше сау саламат болыныздар!


АЛТЫН КҮЗ МЕРЕКЕЛІК ЕРТЕҢГІЛІГІНІҢ СЦЕНАРИІ
Тәрбиешілер: Бақыт Сагдатовна Аубакирова, Шарипжанова Мейрамгуль Мырзабековна, Баскөл ауылы, А. Иманов ат. ЖОББМ жанындағы шағын орталық

Тақырыбы: Арайлы алтын күз

Мақсаты: Балалардың күзгі табиғат ерекшеліктері туралы білімдерін кеңейте түсу, күз байлықтары алтын, көкөніс, жемістер туралы білетіндерін толықтыру. Еңбекті, табиғат сұлулығын сүюге тәрбелеу.

Мерекелік безендіру: Зал мерекеге сай безендірілген, күзге байланысты суреттер, шарлар.

Жүргізуші: Күз адам баласына молшылық, береке әкелетін мезгіл. Сондықтан да, адамдар күзге берекелі күз, алтын күз деп баға береді. Алтын дейтін себебі, біріншіден, айналаның бәрі сап-сары түске боялады, екіншіден, алтын байлықтың белгісі. Құрметті, ардақты қонақтар, алтын күз мерекесімен құттықтаймыз! Ақылды, тәртіпті, ата-аналарына қолғанат, оқуда озат, жанұяда бақытты болуларыңа тілектеспін!

Армысыздар, бүгінгі кеш куәсі,

Алтын күзім тойланатын күн осы.

Табиғатым сары көйлек киінді.

Күзгі балды тойлауға жұрт жиналды.

Рұқсат болса, бастайық осы кешті.

Балалар, мерекеміз қызықты өту үшін ортамызға Күз ханшайымын шақырайық.

Балалар: Хор

Келші, келші алтын күз,

Келші, келші жарқын күз.

Мерекені жалғастырып,

Ойнап-күлші, алтын күз!

Осы кезде мерекелік көңіл-күйімен залға Күз ханшайымы жәшігін арқалап кіріп келеді. Жәшіктің ішінде күзгі базарлық жемістер, көкөністер салынған.



  • Армысыздар ма, балдырғандар! Күзгі бақтағы қонақтар. Өздеріне әкелдім, күздің сыйын көз тартар.

Балалар: Көп рахмет сізге!

Жүргізуші: Алтын күз, мына сыйды балаларға таратып берсек бола ма?

Күз: Жоқ, бұл сыйды балалар еңбек етіп, тер төгіп, жеңіп алулары қажет өйткені күздің сыйлары жемістерде, көкөністерде тек адамның еңбегінің арқасында болады. Сондықтан балалар мен бір ойын ойнайық, егер ойын шартын ойнай білсе, ептілік көрсете осы сыйлықты алуларыңа болады.

Ойын: «Шар ұста» ойының ұйымдастырайық.

Сұрақтар:

Қызыл сары жапырақтар қай кезде болады?

Күз айларын ата.

Жапырақтарының түсі қандай болады?

Күзде құстар қайда кетеді?

Күз туралы қандай тақпақ, өлең білесің?

Жемістер мен көкөністерді қашан жинаймыз?


  • Қанеки, балалар, Алтын күз мерекесіне арналған тақпақтарымызды айтайық .

Балалар тақпақ айтады.

Жүргізуші: Ал, балалар, тұрмайық,

Қол соғайық, тұрмайық.

Күзгі бақта бүгінгі.

Шырқап әнге салайық!

Балалар ән орындайды.

Қыздардың орындауында «Аққу» биі.



Жүргізуші: Алтын күз, сізде толып жатқан сырлар көп, сондықтан бізге арналған қандай сыйымыз бар.

Күз: Менің жеміс жидектерім де өздерін таныстыруға осында келді. (Жемістердің макетін киген балалар ортаға шығады.)

Жүргізуші:

Күзгі бақтағы қонақтар,

Айналайын балалар.

Мерекеміз бүгінгі

Естен кетпес күн болды.

Бақыт тілеп бәрімізге,

Сау болыныздар, деп.

Аман-саулық тілеп,

Мерекені аяқтайық.

Осымен, Алтын күз мерекесін аяқтауға рұқсат етінңіздер. Зейін қойып тындағандарыңызға көп рахмет.


МЕРЕКЕЛІК ЕРТЕҢГІЛІК СЦЕНАРИІ
Тәрбиеші: Гульмира Калидоллаевна Жагипарова, Көктөбе ауылы, «Балдаурен» балабақшасы

Тақырыбы: «Менің елім – Қазақстан»

Мақсаты: Балаларды өз Отанын сүюге, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерінің нышандарының қойылуы себебі жайында толық мәлімет беру. Отаншылдыққа тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілі: Түсіндіру, сұрақ-жауап.

Сабақтың көрнекілігі: Мемлекетіміздің Рәміздерінің, Астана қаласының суреттері.

Қолданатын құралдар: Түрлі-түсті қағаз, желім.

Амандасу шеңбері: «Әдепті елдің баласы алдымен сәлем береді.»

Тәрбиеші: Амансыңдар ма, достарым!

Балалар: Сәлеметсіз бе, апай!

Тәрбиеші: Қане, балалар, шеңберге тұрайық, бір-бірімізге алақандарымыздың жылуын беріп, жақсы тілектер айтайық.

  • Күніміз шуақты болсын!

  • Аспанымыз ашық болсын!

  • Көк туымыз биік болсын!

  • Елімізде тыныштық болсын!

Тәрбиеші: Балалар, бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы «Менің елім - Қазақстан» деп аталады.

  • Балалар, біз қай елде, қай Республикада тұрамыз?

  • Қазақстан Республикасында тұрамыз.

  • Қазақстанның елордасы қай қала?

  • Астана.

  • Елбасымыз кім?

  • Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.

  • Біз Қазақстан Республикасының рәміздерін білеміз бе?

  • Иә, олар Әнұран, Ту, Елтаңба.

  • Ендеше кім Рәміздер туралы өлең айтып береді?

Даяна: Рәміздеріміз – елдігімнің белгісі,

Білу керек балаға дейін ең кіші.



Архат: Әнұраным – жан ұраным,

Сөйлер сөзім, айтар әнім.



Балалар: Қазақстан Республикасының Әнұранын хормен орындайды.

Сергіту сәті: Көтеріліп шаңырақ,

Уықтары шаншылар.

Керегелер керіліп,

Өрімдей боп өрілер,

Бәріміз жүрсек айналып,

Киіз үй боп көрінер.



Тәрбиеші: Балалар, кім Отан, туған жер туралы мақал-мәтелдер біледі?

Арсылан: Отан оттан да ыстық.

Аружан: Туған жер – алтын бесік.

Саян: Отан – елдің анасы.

Қортынды: Логикалық ойын «Кім жылдам?»

Шарты: Көк туды құрастырып, желіммен ақ қағазға жабыстыру.



МЕРЕКЕЛІК ЕРТЕҢГІЛІК СЦЕНАРИІ
Дайындағандар: «Балдаурен» балабақшасының тәрбиешілері

Тақырыбы: «Күн дидарлы Қазақстан!»

Мақсаты: Балалардың Отаны, Рәміздері, Елбасы, желтоқсан оқиғасы, Тәуелсіздік күні туралы түсініктерін молайту. Мәнерлеп тақпақ айтуға, сахналық көріністерді көрсетулер арқылы еліне, отанына деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Отанын, елін сүюге тәрбиелеу.

Еліміздің Тәуелсіздігіне орай өткізілетін мерекелік ертеңгілікке балалар залға вальс билеп кіреді. Мұнан соң барлығы Әнұранды орындайды.



Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме,балалар, қонақтар, әріптестер! Бүгінгі 16-желтоқсан Тәуелсіздік күніне арналған балабақшамыздағы мерекелік ертеңгілігімізді бастаймыз.

Рәміздерім – елдігімнің белгісі,

Білу керек бала –дағы ең кіші.

Рәміздерім- ӘНҰРАН, КӨК ТУ, ЕЛТАҢБА,

Рәміздерді жатқа білген жөн кісі.

Жүргізуші: Балалар, біздің Отанымыз қалай аталады?

Балалар: Қазақстан.

Жүргізуші: Қазақстан қандай мемлекет?

Балалар: Қазақстан тәуелсіз, егеменді мемлекет.

Жүргізуші: Балалар, бүгін міне осы Тәуелсіздік мерекесі күні. Еліміздің президенті кім?

Балалар: Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.

Жүргізуші: Еліміздің елордасы қай қала?

Балалар: Астана.

Жүргізуші: Астана қандай қала?

Балалар: Астана-бас қала, әдемі, үлкен қала.

Жүргізуші: Дұрыс айтасыңдар, балалар. Отан туралы тақпақтарымызды айтайық.

Мерей: Отан- жерім, Отан- суым,

Отан қуат, нәр береді.

Отан- ұран, Отан- туым,

Отан мәңгі гүлденеді!



Санжар: Қуат алған өзінен,

Туған елдің ұлымын.

Бақытты етіп өсірген,

Отанымның гүлімін.



Зарина: Шырқап көкке аспан – ән,

Болашаққа бас қадам.

Қазақ рухын биіктет,

Ей, бас қалам- АСТАНА !



Ерсұлтан: Қадамың бар баспаған,

Асуың бар аспаған.

Халқым жетсін мұратқа,

Ей, бас қала- АСТАНА!



Жүргізуші: Біз бүгін тәуелсіздік алған күнімізді мерекелеудеміз. Біздің еліміз тәуелсіз болғандықтан өз мемлекеттік Әнұраны, Елтаңбасы және өзінің мемлекеттік туы бар. Балалар, мемлекеттік туымыздың түсі қандай екен?

Балалар: Туымыздың түсі – көк.

Жүргізуші: Иә, өте жақсы.

–Ал, енді балалар, Рәміздерге байланысты тақпақтарымызды айтайық (балалардың тақпақтары тыңдалады).



Әділет: Елтаңбасы елімнің,

Неткен әйбат, әдемі!

Тұнығындай көңілдің,

Ортада- аспан әлемі.



Әділ: Құт, береке – шаңырақ,

Орын алған ол төрден.

Қанатты қос арғымақ,

Екі жақтан көмкерген.



Данель: Анаң- күнің, жүрегің,

Әкең – өмір тірегің.

Сен- бақытты ұлансың,

Бәрі саған қуансын!



Даяна: Көк аспандай көкпеңбек,

Қазақстан жалауы.

Көк емес ол тектен-тек,

Елдің ашық қабағы.



Жанарыс: Тәуелсіздік жолында,

Талай – талай тер тамған.

Билігім өз қолымда,

Еркіндігім – Елтаңбам.



Нарқыз: Аспанымдай мөлдірмін,

Жайлауымдай жазықпын.

Өзенімдей өршілмін,

Гүлдерімдей нәзікпін.



Архат: Ақ ниеті- алтын күн

Асқақ арман – қыраны.

Жалауы бұл- халқымның,

Мәртебесі, мақтаны.



Ән: «Ел қорғауға әзірміз».

Би: «Қара жорға».
МЕРЕКЕЛІК ЕРТЕҢГІЛІК СЦЕНАРИІ
Дайындағандар: Жадыра Манатовна Шарипбекова, Мейіргүл Ержанқызы Қожанова, Айгерим Кусмановна Абеуова, Көктөбе ауылы, «Ақбота» бөбектер бақшасы.

Тақырыбы: Менің тұңғыш Президентім!

Көрнекілігі: Елбасы суреттері, сөзжұмбақ, әнұран, т.б.
1-ші Жүргізуші: Сәлеметсіңдер ме, балалар!

2-ші Жүргізуші: Қайырлы күн, сүйікті де, сүйкімді балалар!

1-ші: Жүргізуші: Бүгінгі ашық сабақ Елбасымыз- Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа арналады. Балалар, біз алғаш Елбасы күнін атап өткелі жатырмыз.

2-ші Жүргізуші: Бүгінгі ашық сабағымызды әнұранмен ашайық.

Әнұран айтылады.



1-ші: Жүргізуші: Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 6-шілде 1940 жылы Алматы облысы Қаскелең ауданындағы Шамалған ауылында туған. Балалық шағы кейде айта беретініміздей таршылық жағдайда өтті. Үлкендердің мал бағуына, бау-бақша өсіруіне көмек көрсету керек болды, шөпшек теріп, отын жарды. Мектепте жақсы оқып, жақсы білім алды. Ата-анасын қатты құрмет тұтты.

2-ші Жүргізуші: Отбасылық жағдайына келетін болсақ, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жұбайы – Сара Алпысқызы. Олардың 3 қызы бар: Дариға, Динара, Әлия.

1991 жылы 1-желтоқсанда республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Республикамыздың Президенті етіп сайланды.



1-ші: Жүргізуші:

«Көбелектер» тобының орындауында ән «Отаным».



2-ші Жүргізуші:

1992 жылы 4-маусымда жаңа мемлекеттік рәміздер Елтаңба, Ту, Әнұран бекітілді.

«Таңбасыз ел болмайды, найзасыз ер болмайды», - дейді қазақ халқы. Кез-келген халықтың өз таңбасы болады. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы мемлекеттік құжаттарға қойылады.

Елтаңбаның авторлары – халқымыздың танымал ұлдары - Жандарбек Мәлібеков пен Шота-Аман Уәлиханов.

Шаңырақ –Отан отбасынан басталады. Ортақ шаңырақ биік, босаға берік болсын деген мағынаны, ал уықтар –үлкен үйдің уықтарын шын ниеттерімен қосыла танытқан елшілес ел жұртқа да бай, қуатты тілеймін дегенді білдіреді. Ай мүйізді, алтын қанатты қос пырақ-арыстанның жүректілігін, қыранның қырағылығын, өгіздің қара күшін, еліктің шапшаңдығын, қырмызы қызыл түлкінің жауын жер соқтырар айлакерлігін білдіреді. Бес бұрышты жұлдыз «Бағымыз ашылып, жұлдызымыз жарқырай берсін» деген асыл арманды арқалап тұр.



1-ші: Жүргізуші:

Мемлекеттік Ту-1992 жылы 4-маусымда қабылданып, 6-маусымда күшіне енді. Тудың ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген, ішкі бұрышты көгілдір матаның сол жағында қызыл өрнегі бар. Жалаудың ұзындығы -2 метр, ені-1метр. Жалаудың жобасын жасаған – суретші Шәкен Ниязбеков.

«Гүлдер» тобының орындауында «Қазақстан» әні.

2-ші Жүргізуші:

Қазақ елі, желбіреп көк байрағың,


Гүлге оранды ауылың мен аймағың.
Нұрсұлтаның биіктерге бастады,
Ол көрсеткен нұрлы жолдан таймағын.

1-ші: Жүргізуші:

Нұрсұлтан бар деп, нұрыңа сенің шомылғандай боп жүрем мен, 


Бейнеңді көрсем беймезгіл кезде қабағымды ашам түнерген.
Сүйеміз сені, санамыз сөніп қалмай тұрғанда сүйеміз, 
Алланың бізге бір өзі сеніп өкілісің сен жіберген.

Сөзжұмбақтың сұрақтары:

  • 1. Біздің мемлекетіміздің аты қандай?

  • 2. Біздің Елбасымыз кім?

  • 3. Қазақстан Республикасының бас қаласы қай қала?

  • 4. Біздің тіліміз қандай?

  • 5. Ал, ұлттық валютамыз, ақшамыз қалай аталады?

(Балалар сөзжұмбақты шешеді).



2-ші Жүргізуші: «Көбелектер» тобының орындауында ән - «Ағатайым-ай!».

1-ші: Жүргізуші:

Нұрсылтанға рух берген - кәрі тарих парағы.


Дара шыңы қазақтың,
Дана басып тудың, халық – алыптан.
Топырағы ол туған жердің киелі.
2-ші Жүргізуші:

Тұратұғын болашақтың үні кеп,


Тартылар күй айтылатын жыры көп.
Ерекше бір еркіндік, бауырлар,
Басшымыздың бүгін туған күні деп.

  • Балалар, бүгінгі сабағымызды «Жаса, Қазақстан!» әнімен аяқтайық.

Ән: «Жаса, Қазақстан!»

1-ші: Жүргізуші: Балалар, Елбасы күніне арналған тәрбие сағатымыз аяқталды.


ЕРТЕҢГІЛІК СЦЕНАРИІ
Тәрбиеші: Ахметова Сандуғаш Боранбаевна, Малайсары ауылы, Малайсары ЖОББМ жанындағы шағын орталық

Тақырыбы: «Менің Қазақстаным - менің болашағым»

Мақсаты:

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны, Елтаңбасы және Туы туралы білімдерін дамыту. Балалардың сезімталдық, қиялшылдық; естігенін, көргенін қайта жаңғыртып, есте сақтау, есіне түсіріп толқу, жақсылық істеуге талпыну сияқты қабілеттерін дамыту.

Өз республикасын танып –білуге, жақсы көруге, Отанына деген сүйіспеншілікке, патриоттық сезімге тәрбиелеу.


Каталог: wp-content -> uploads -> 2013
2013 -> Министерство сельского хозяйства Республики Казахстан 010 000, г
2013 -> Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы №21 хаттама
2013 -> Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы №2 хаттама
2013 -> Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы №6 хаттама
2013 -> Министерство сельского хозяйства Республики Казахстан 010 000, г
2013 -> Тақырыптың өзектілігі
2013 -> «Алаш» либералдық-демократиялық қозғалысы идеологиясының маңызд


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет