Рецензент: Нұрғалиева Сара Дүйсембайқызы


«Апа! Жіптер байланып қалды!»



жүктеу 1.66 Mb.
бет5/8
Дата16.09.2017
өлшемі1.66 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8

«Апа! Жіптер байланып қалды!»


Балалардың ішінен апаны таңдап алу. Қалған балалар оралған жіп болады. Апа дүкенге барып келгенше оралған жіп шатасып, байланып оратылады.

Балалар бір бірінің қолдарын босатпай аттап, астынан өтеді, бірақ ойын шартын бұзбай қолдарын үзбейді. Апа дүкеннен келе жатқанда: «Апа! Жіптер байланып қалды!» - деп айтады. Апа жіпті үзіп алмай шешіп, шеңбер жасап шығуы тиіс. Қолды әдейі босатуға болмайды.


Ахметова Сандуғаш Боранбаевна

Малайсары ЖОББМ жанындағы

шағын орталық

Малайсары ауылы



Ізденіс тақырыбы:

«Ойын арқылы балалардың ойлау жүйесі мен тілін дамыту».



Тақырыбы: «Жұлдызды сәт» интеллектуалды ойыны

Мақсаты: балалардың тіл дамыту, айналамен танысу, математика, көркем әдебиет сабақтарынан өткен тақырыптардан сұрақтар беріп, білімдерін тиянақтау.

Құралдар: Интербелсенді тақта, суреттер, жұлдыздыр.

Барысы:

  1. Ұйымдастыру. Жарысқа алты бала қатысады.

  2. Интеллектуалды ойын.

- Балалар, жарысты бастамас бұрын, ойынның шартымен таныстырамын. Ойын 4 турдан тұрады.

1 тур. Тіл дамыту, айналамен танысу, математика сабағынан болады. Барлығы 12 сұрақ берілген. Алты балаға екі сұрақтан келеді.

2 тур. Көркем әдебиет сабағы. Тақтадағы суреттің қай ертегі екенін айтамыз. 2 турдан кейін ұпайы аз екі бала ойыннан шығады.

3 тур. Топтастырылып берілген «Нелер?» деген сұраққа жауап береміз. 3 турдан кейін ұпайы аз екі бала ойыннан шығады.

4 тур. Бұл турда қалған екі балаға логикалық тапсырма беріледі. Қай бала дұрыс жауап берсе, сол бала жеңіске жетеді.

Ескертетін жайт: Сұрақтарға қол көтеріп жауап береміз. (Слайдта барлық сұрақтар жазылып, суреттер көрсетіледі.)



І тур

Тіл дамыту

Айналамен танысу

Математика

  1. Бұл қай құс?

(Қарлығаш)

  1. Бұл қай аң? (Аю)

  2. Суреттен нені көріп тұрсың? Түсі қандай?

(Шар. Түсі көк)


  1. Суретте адамның қай мүшесі бейнеленген?

(Көз)

  1. Суретте кімді көріп тұрсың?

(Дәрігер)

  1. Мынау қандай ыдыс?

(Шәйнек)

  1. Мынау не? (Ұя)

  1. Тақтада неше алмұрт тұр?

(Екі)

  1. Тақтада 4 балапан тұр. Тауық келіп бір балапанды алып кетті. Неше балапан қалды?

(Үш балапан қалды)

  1. Мынау қандай фигура?

(Төртбұрыш)

  1. Мынау не және түсі қандай?

(Жапырақ, түсі жасыл)

  1. Мынау қандай фигура?

(Үшбұрыш)




ІІ тур

ІІІ тур

Барлық суреттер тақтада көрсетіледі

Көркем әдебиет

Қай ертегі?



  1. Мақта қыз

  2. Шалқан

  3. Дәуіт пен қарлығаш

  4. Бауырсақ ертегісі

  5. Алтын балық

  6. Қарлығаштың құйрығы неге айыр?

Топтастырып айту. Нелер?

  1. Ыдыстар

  2. Құстар

  3. Аңдар

  4. Жемістер




IV тур. Ұпайы көп екі балаға арналған логикалық тапсырмалар.

1. Қайсысы алма? 2. Орамалдың өзіне келетін жамауды қой



Міне, балалар, қазір қолдарыңдағы жұлдыздарыңды санаймыз. Кімнің жұлдызы көп болса, сол бала «Көш басшы» болады. Көш басшы анықталды. Осымен ойынымыз аяқталды.


Ахметова Сандуғаш Боранбаевна

Малайсары ЖОББМ жанындағы

шағын орталық

Малайсары ауылы


ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАРЫ

Мақсаты:

Балаларға қуаныш әкелу. Ұлттық,тұрмыс, салт –дәстүрі туралы әсерлерін толықтыру. Ептілікті, шапшаңдықты, төзімділікті дамыту. Ұжым мақсат-әрекетіне баулу, назар ықыласын дамыту. Бір-біріне деген құрмен, жеңуге деген ұмтылысты дамыту. Ой-өрісін, жадыңдамытып, әрекет үйлесінін жетілдіру.



Ойын барысы:

Алдаркөсе балаларды жайлауға шақырып, онда жігіттер жарысын өткізіп, ойындар ойнауға шақырады.

"Киіз үй" қимыл – қозғалыс ойыны, 6-7 жастағы мектепалды тобының балалары.

Балалар төрт командаға бөлінеді де, ойыншығы бар орындықтар айналасында шеңбер құрады, орындықта орамал ілулі тұр. Орындық айна қасында музыка ырғағымен айналады да, өлең айтады:

"Күннің көзі жарқырайды, көктем елі шақырады".

Басқа музыка шырқалады, балалар шашылып, әр түрлі би қимылдарын орындайды. Осы кезде ойыншықтар орнын ауыстырады. Музыка үзіледі, балалар өз ойыншықтарына жүгіріп келіп, киіз үй тігеді.

"Нысанаға түс"- "Таяқ-тастау", "Балапандар", "Арқан тарту" ойын-аттаркционы.

Мақсаты: Төзімшілікті, күшті, белсенділікті дамыту, өз әрекетін әріптесінің әрекетімен келістіру дағдысын меңгерту.

Эстафеталар:


  1. "Күміс алу". "Сөре сызығын белгілеу. Алаңға көп күмістер тасталады. Белгі бойынша жігіттер шабысты бастайды. Жігіттер шабысты тоқтатпай, иіліп, күмісті көтереді де әрі қарай шабады. Кегліді айналып, кейін қайтады да эстафетаны береді. Барлық жастағы балалар қатысады.

  2. "Бәйге" (атжарысы). Балалар жұппен сөре сызына тұрады. Бірінші - ат – қолдарын артқа – төмен созады да, екіншісі - салтатшы - оны қолынан ұстайды, осы қалыпта екуі тірек тағанға дейін жүгіреді, оны айналып, кейін қайтады.

  3. Алдаркөсе балаларға бауырсақ әкеледі, балалар шай ішу үшін топтарға кетеді.


Ахметова Сандуғаш Боранбаевна

Малайсары ЖОББМ жанындағы

шағын орталық

Малайсары ауылы


Тақырыбы: Жол тәртібін білейік, аман есен жүрейік

Бастаушы: Балалар бүгін бізде ерекше күн. Біз қазір орманға саяхатқа барамыз. Жол алыс сондықтан, көлікпен баруымыз керек. Мен жұмбақ айтам, соның шешуін тапсаңдар, біз сол көлікпен саяхатқа шығамыз.

Бұл тұлпар су ішпейді, жем жемейді,

Ескеріп ешбір адам емдемейді.

Жүк емес жануарға жүз адам да,

Киіп ап төрт дөңгелек дөңгелейді.

Бастаушы: Енді жол ережелерін есімізге түсірейік. Өйткені, жолда түрлі жол белгілері кездеседі.

(кеуделеріне белгі ілген 5 бала ортаға шығады: бағдаршам, ескерту, тыйым, анықтама, көрсеткіш белгілері)

Бағдаршам: Менің атым – Бағдаршам!

Бар әдемі үш көзім,

Алдамаймын, аңғарсаң,

Ақылдымын тіпті өзім.

Ескерту белгісі: Қызыл шеңбер ішінде

Үшбұрыш боп тұрамын

Қателеспес үшін де,

Көз сал маған, шырағым!

Құрар үйде сауықты,

Жолдан аман келсе адам-

Жолда күткен қауіпті

Ескертемін мен оған.

Тыйым салу Болмау үшін қиын күн,

белгісі: Қажеті бар тыйымның.

Қызыл шеңбер ішінен

«Болмайды!» деп бұйырдым.

Тұрады әркез сапта аман-

Сол тыйымды сақтаған.

Тыйым көрсең, тұра қал-

Әрі қарай аттама!

Анықтама Түнде, күндіз, кеште де

белгісі: Жөн сілтеймін жолға сай-

Аңғармайсың ештеңе

Анықтама болмаса.

Ой-шұңқырды алдағы,

Қалай өту керегін,

Жылдамдықты, ал, кәне,

Анық айтып берейін!

Көрсеткіш Жол созылмақ қаншаға,

белгісі: Қайда асхана, монша бар,

Қонақүй бар қай жерде,

Қайда музей, қай көрме...-

Көрсетемін саған дәл,

Не көрсетсем, соған бар!

Арнұр: Шофер біткен бүгінде

Жол тәртібін біледі.

Бағдаршамның түбінде

Ережемен жүреді.

Бастаушы: Ал балалар, қане атобусқа жайғасайық. Ал қозғалдық. Сәт сапар! Біз казір қаланың көшесімен келе жатырмыз. Көше қиылыстарының бәрінде бағдаршам тұр екен. Бағдаршамның қай түсі жанғанда біздің автобусымыз жүру керек?

Ашса кезек үш көзін,

Айтты деп ұқ, үш сөзін:

-Тоқта!


-Сақтан!

-Жол ашық!

Жүрме жолға таласып.

Бастаушы: Балалар, жүргізүші неге жүрісін баяулатты?

Асемгуль: Бұл жерде «Абайла» деген белгісі тұр.

Бастаушы: Ол белгінің ішінде неге жануардың суреті тұр?

Мухамбетжан: Бұл «Абайла! Жануарлар!» деген белгі. Жүргізуші байқап жүрмесе, жануарды басып мүмкін.

Бастаушы: Ондай белгіні қалада қай жерлереде көруге болады.

Аида: Мектептердің жанындағы көшеде балалардың суреті салынған белгі тұрады. Көзі көрмейтін зағип адамдар өтетін жерде көзілдіріктің суреті салынған белгі тұрады.

Бастаушы: Ендеше «Жануарлар» деген ескерту белгісі тұрса, біз орманға да келіп қалған болдық қой. Әне, қараңдар, Аю мен Қонжық кетіп бара жатыр.

Көрініс «Аю мен Қонжық»

Аю: Көшеден өтереде әуелі сол жаққа, содан соң оң жағына қарау керек. Әйтпесе, машина басып кетеді.

Қонжық: Жоқ, мен оңға да, солға қараймын. Апай бізге көшеден өткенде тура бағдаршамға қараңдар деген.

Аю: Ақымағым-ау, ормандағы жолда қандай бағдаршам болуы мүмкін? Бағдаршам тек қала көшелерінде болады.

Бастаушы: Біз тоқтап, Қонжыққа бағдаршам жоқ жерде жолдан қалай өту керек екенін түсіндірейік. Қонжық сен бері кел. Бағдаршам жоқ кезде мынадай белгі салынған жерден өту керек. Бұны «Зебра» - яғни, жолақты белгі салынған жер дейді.

Дінмұхаммед: Әуелі жолдан өтерде сол жағыңа қарайсың. Жолдың ортасын келгесін, оң жаққа қараймыз. Бұндай белгі бар жерде машиналар жаяуға жол береді.

Қонжық: Рахмет, енді түсіндім.

Аю: Балалар, қонжығыма көмектескендерің үшін сендерге рахмет! Жолдарың болсын!

Бастаушы: Ал біз әрі қарай кеттік, жол қысқару үшін біз орман ішінде дыбыстарды тыңдап, айналамызға назар аударайық. Қараңдаршы, орман іші қандай әдемі, түрлі гүлдер өскен, құстар сайрап, қөбелектер гүлден гүлге қонады. (Жаралы түлкі мен қоянды көріп қалады.)

Түлкі: Мына қыли қоянның кесірі. Мені велигіне отырғызып, алдымыздан машина шыға келгенде, рульді бура алмай, құлатып тастады.

Қоян: Ой! Суайт! Қалай өтірік

айтасын. Өзің емес пе, «мен күшті-і тебем, мен күшті тебем» деп мақтанып, рульге отырған. Неге маған бале жабасың?

Бастаушы: Жарайды, дауласпаңдар. Кел, автобусқа отыра қойыңдар. Жолда сендерді Айболитке апарамыз. Балалар байқадыңдар ма, мына жерде қандай белгі тұр?

Балалар: «Велосипед тебуге болмайды!»-деген белгі.

Бастаушы: Мына қасқырға не болған, бұл неге жылап келе жатыр? Ау, Қасеке, саған не болған, бетің көгеріп, аяқ-қолың жара болыпты. Біреу ренжітті ме?

Қасқыр: Жоқ, мені кім ренжітуші еді. Бір машина үстіне қой мен ешкі тиеп кетіп бара жатыр екен. Соның біреуін алып қалайыншы деп, машинаның артына жабысып едім, құлап түсіп, аяқ-қолымды жаралап алдым.

Бастаушы: Балалар, жүріп бара жатқан машинаға жабысу дұрыс па? Жарайды, Қасеке, автобусқа кіріп, ана түлкі мен қояның жанына отыр, Айболитке барасың.


  • Балалар сендер Айболиттің кім екенін білесіңдер ғой?

Айдана: Айболит атамыз, бәрін де емдейді.

Ауырса адамды, аңды да емдейді.

Қадірлі, мейрімді, Айболит атамыз.

Айтыңдар, қанекей, оған кім келмейді.

Бастаушы: Балалар, Айболит атаны қалай табуға болады?

Айболит: Мына қасқырға не болған, бұл неге жылап отыр?

Қасқыр: Айтайын мен сізге шынымды жасырмай,

Жармасып малы бар машина артына

Домалап түстім де,

Шыңғырдым құлындай.

Айболит: Бір сәтке тойып жер мал үшін

Тәртіпті бұзыпсың.

Қарынның қамы үшін міне, енді

Еңіреп тұрғаның ұят-ай,

Аяқты сындырып, басынды жарыпсың.

Аңдар:- Айболит ата, енді «жолда жүру ережесін» үйренеміз.

- Машинаға жабыспайтын боламын.

- Рахмет, Айболит ата.

Дастан: Апай, ана жерде кафе бар екен, міне, белгі тұр.

Бастаушы: Балалар, онда кафеде тамақ ішу үшін бірнеше жұмбақты тамақтар туралы жасырайын:

Үсті тас,асты тас,

Ортасында піскен ас. (нан)

Алыстан қарасам аппақ

Татып қарасам тәтті-ақ (қант)

Айдалада ақ отау,

Аузы,мұрны жоқ отау,

Отыз күнде сол отау,

Айдалада жоқ отау. (жұмыртқа)

Сылдыр сүйық,су емес,

Ішсең сусын қанады,

Ақ болса да қар емес,

Шешуін кім табады? (сүт)

Бастаушы: Балалар, енді бақшаға ораламыз. Қане автобусқа отырайық.

Ән: «Бағдаршам»

(«Байқа! Балалар!» белгісі көрінеді). Мынау қандай белгі, балалар?

Балалар: Бұл «байқа, бұл жермен балалар жүреді» деген белгі.

Бастаушы: міне, біздер бақшаға да келіп қалдық. Саяхат ұнады ма сендерге? Бүкіл саяхат барысында біз сендермен қанша жол ережесін есімізге түсірдік, білімімізді толықтырдық.

Шуақты өміріміз күндей куліп,

Жүректе бүршік атып, гүлдейді үміт,

Арманға сапар тарту мүмкін емес,

Жол жүру ережесін білмей тұрып.
Ахметова Сандуғаш Боранбаевна

Малайсары ЖОББМ жанындағы

шағын орталық

Малайсары ауылы


Тақырыбы: От - тілсіз жау!

Қатысушылар: 2 бала, 1 бала – сіріңке рөлінде, 1 бала от рөлінде.

Мақсаты: оқушыларға өрт қауіпсіздігі ережесін жетік білудің маңызын ұғындыру. Өрт қауіпсіздігі ережесін қатаң сақтау арқасында түрлі жазатайым апаттың алдын алуға болатыны туралы түсінік беру.

Ұқыптылыққа, зеріктікке және адамгершілікке тәрбиелеу.



Керекті заттар: Сіріңке қорапшасы, жалын суреті салынған от бейнесі, өрт сөндіруші машинасының макеті, нөл және бір саны жазылған бас киім, от бейнеленген бас киім.

Тәрбиеші:

Өткен аптада, саябакта келе жатып, мен бір сұмдық жағдай болғанын көрдім. Кәдімгі сіріңке, бірақ өте зұлым от жағып, балаларды алдады.



Тәрбиеші:

Саябақта балалар серуендеп жүріп,

Сіріңкені жолықтырды.

Ол балалардан онымен достасуын сұрады.



Сіріңке: Үйім жоқ, тұратын жерім жоқ! (Балалар сіріңкені қолынан ұстап алды)

Сіріңке: Ой, зеріккеннен жынданатын болдым! Менің қалай жынданатынымды көргілерің келе ме? (Балалар кідіріп қалды. Бірақ олар таң қалды)

1-бала: Жағуға болады ма?

2-бала: Жамандықтан құтыла алмайсың?

Сіріңке:

Сендер не, сендер не! Бәрі орнында!

Мен тек жарық болып жарқыраймын!

Ештеңе жоқ, маған сеніңдерші!

Маған жарық жағыңдар!

Тәрбиеші: Балалар – чирк! Міне, мұнда жалын, жамандыққа шалынды.

Маңайдың бәріне жайылды, содан соң айналаның бәріне! Құдай-ау!



Тәрбиеші: 1-бала айқайлап жіберді.

1-бала: Қайтеміз, біз не істеуіміз керек? Жалын қазір бәріне жайылады! Үйге қарай қашайық!

2-бала: Жоқ, біздің қашуымызға болмайды, қаланы қорғауымыз керек! Біз не істедік?

Тәрбиеші: От лаулап жанып барады. Сіріңке болса билеп жүр! Бірақ, балалар саябағындағы, балаларға арналған үйшік жанып кетті!

Тәрбиеші: От қызыл-жасыл-көк, былай қарағанда өте әдемі! Бірақ одан ыстық тарайды, бар болғаны 5 минут жанды.

Тәрбиеші: 1-бала жылап жүр, 2-бала болса үрлеп жүр. Ал от болса маздап жанды. Ол ауаны жақсы көреді. Ол өмір бойы жанып тұруға дайын.

От: Мен аяусызбын және қатігезбін, мені жеңе алмайсыңдар. Балалар, сендер, зеріккен жоқсыңдар ма? Мен сендерге өрт шығарып берейін!

1-бала:Міне, түтін мен жалын қаптады. Не істеу керек? Біз білмейміз?

Тәрбиеші: Қорқынышты?! Оларға кім көмектеседі?

Әрине, бұл – 101 қызмет көрсету!



Нөл: Не айқай? Не жалын?

Қане, бір, тезірек көмекке!

Біз қазір оны жабамыз,

Ол жануын тоқтатады!



(матамен отты жабу)

Тәрбиеші: Бәрі басылды, кенет от қайта жана бастады. Қане, құтқарушылар, асығыңдар! Тезірек отты өшіріңдер!

Бір: Біз саған су шашамыз, сен жануды ойламау үшін сені қазір тез жуып тастаймыз. Жер бетінен алып тастаймыз.

1-бала: От сөнді, бәрі артта қалды, енді бұдан былай сіріңкені алмаймыз!

2-бала: Сен, сіріңкені алмаймыз дейсің-ау. Саябақтағы балалардың үйін құрттың ғой!

1-бала: Сені бұдан былай іске араластырмаймыз, бірақ сен, бұдан былай балаларға жолама!

2-бала: Адамға қызмет ет, Бұдан былай өрт шығарма!

Нөл:

Біз – 101 көмекке асығамыз –

Отты өшіріп,адамдарды құтқарамыз!

Бірақ, іштеріңде тағы кім түсінбей қалды.

Сіріңке – балалар үшін ойыншық емес?!

Бір:

Біз сендерден жауапкершілікті сұраймыз,

Зеріккеннен отпен ойнамаңдар!

Көршілерің біздерді

Тағы шақырып жүрмесін!

1-бала: Ұшқын машинаның моторын от алдырады.

2-бала: Отты тамақ пісіру үшін жағамыз!

Нөл: От пайдалы, бірақ оны бақылау керек.

Бір: Дер кезінде жалынды тоқтату керек!
Урюмова Сайраш Рахадыловна

Малайсары ЖОББМ жанындағы

шағын орталық

Малайсары ауылы


«Қазақ тілін білемін»

(мектепалды даярлық тобында ата-аналармен бірігіп өткізілген сайыс)
Мақсаты: Балалардың қазақ тілі сабағынан игерген білімдерін бекіту. Өзі туралы, өз Отаны туралы әңгімелей білуге баулу. Отансүйгіштік қасиетін қалыптастыру, мемлекеттік тілге деген қызығушылықтарын арттыру. Эмоционалдық көңіл – күйлерін көтеру. Ата - аналарды бала тәрбиесі мен оқыту мәселесіне тарту және оларға балаларының жетістіктерін көріп, өздерінің бала тәрбиелеудегі тәжірибесін байыту.

Қатысушылар: Балалар және ата - аналар

Жүргізуші: Армысыздар, қадірлі қонақтар, балалар! Сіздерді еліміздің Тәуелсіздік күні - мерекесімен құттықтаймыз. Қазақстанымыздың аспаны ашық, халқымыздың еңсесі жоғары болсын деп тілейміз.

Атыңнан айналайын егемен ел,

Тәуелсіз күнің туды кенеле бер.

Мерейің құтты болсын, Тәуелсіздік,

Ғасырдың тойы болшы, кенеле бер!

Әнұран айтылады

Жүргізуші: - БүгінТәуелсіздік мерекесі қарсаңында «Қазақ тілін білемін» тақырыбымен өткізілгелі отырған отбасылар сайысын бастауға рұқсат етіңіздер. Біздің балаларымыз өздерінің ата - аналарымен сайысқа қатысып, өз өнерлерін көрсетпек. Ал, енді сайыскерлерімізді ортаға шақырайық.

Залға «Елім менің» әнінің әуенімен сайыскерлер кіреді.



Жүргізуші:Ал, қазір қоржының ішінен асықтар таңдап алу арқылы (асықтың түсіне сәйкес, сайыскерлердің қызыл түсті асық - (1 нөмір), көк түсті - (2 нөмір ), сары түсті асық – (3 нөмір), жасыл түсті асық – (4- нөмір), сайыскерлеріміздің реттік нөмірін белгілейміз.

№1 Шувакиндер отбасы

№2 Юренковтар отбасы

№3 Воробьевтар отбасы

№4 Өмірғалиевтер отбасы

Жүргізуші:Біздің сайысымызды бағалап отыратын әділқазылар алқасымен танысайық. (әділқазылар алқасын таныстыру). Енді бүгінгі сайыстың барысымен таныстырып өтейін:

1- кезең «Өзім туралы» (өзін - өзі таныстыру сайысы)

2-кезең «Сен білесің бе?» (анасының баласымен сұхбаты)

3- кезең «Көркем сөз үлгілері» (мәнерлеп оқу, тақпақ )

4- кезең «Ұлттық тағам»

1- кезең «Өзім туралы»

Бала:

Менің аты - жөнім ....

Мен (бес, алты) жастамын.

Менің (ағам, апам, қарындасым,сіңлім, інім) бар.

Ол .... жаста.

Мен «Жігер» балабақшасына барамын.

Мен (сурет салғанды, ән айтқанды, би билегенді) жақсы көремін.

Ата - ана:

Менің аты - жөнім...

Менің отбасым бар.

Отбасында ... адам бар.

Менің мамандығым ....

Менің (ұлым, қызым) .... (билегенді, сурет салғанды, ән айтқанды) ұнатады.



Жүргізуші: әділқазылар алқасы сайыстың 1- кезеңін бағалағанша, «Қазақстан жалауы» әнін орындайық.

(Әділқазылар алқасына сөз кезегі)



Жүргізуші: Балалар, сендер Қазақстан республикасының рәміздерін білесіңдер ме? (Балалардың жауабы) Өте дұрыс балалар, Әрбір мемлекеттің ғасырлық тарихына байланысты рәміздері бар. Мемлекеттік рәміздер - Ту, Елтаңба, Әнұран. Бұл халық бірлігінің белгілері. Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу - әрбір азаматтың міндеті қазір біздің сайыскерлеріміз де мемлекеттік рәміздер туралы толығырақ айтады.

2- кезең «Сен білесің бе?» сұхбат.

Шувакиндер отбасы:

Анасы: Туымыздың түсі қандай?

Бала: Туымыздың түсі – көгілдір.

Анасы: Тудың ортасында не орналасқан?

Бала: Күн.

Анасы: Күннің астында не бар?

Бала: Күннің астында қыран бейнеленген.

Юренковтар отбасы:

Анасы: Туда қандай бейнелер бар.

Бала: Туда ұлттық ою- өрнек бейнеленген.

Анасы: Тудағы бейнелердің түсі қандай?

Бала: Күн, шұғыла, қыран және өрнек алтын түсті.

Анасы: Тудың авторы кім?

Бала: Шәкен Ниязбеков.

Воробьевтар отбасы:

Анасы: Елтаңбамыздың басты белгісі не?

Бала: Елтаңбамыздың басты белгісі - шаңырақ.

Анасы: Шаңырақтың айналасында не бар?

Бала: Уықтар бар.

Анасы: Уықтарды не қоршап тұр.

Бала: Оны пырақтар қоршап тұр

Өмірғалиевтер отбасы:

Анасы: Балам, бүгін не үйреніп келдің?

Бала: Бүгін рәміздер туралы үйрендім.

Анасы: Онда еліміздің рәміздерін айтып берші.

Бала: Олар: ту, елтаңба және әнұран.

Анасы: Ой, жарайсың, балам! Мынаны есте сақта: әрқашан еліміздің рәміздерін құрметтеп жүр.

Анасы: Балам, сен әнұранды жатқа айта аласың ба?

Бала: Ия, бәріміз әнұранды жаттап алдық.

Анасы: Жарайсың балам! Үлкен азамат бол.

Жүргізуші: Балалар, әділ қазылар алқасы сайыстың 2- кезеңін бағалағанша, біз «Зеректер» тобының балаларының «Рәміздер айтысын»тыңдайық.

«Рәміздер айтысы»

Жүргізуші: Бір күні үш дос кім мемлекеттік рәміздерді жақсы біледі деп жарысады. Біреуі елтаңба болып, біреуі елтаңба болып, ал үшіншісі әнұран болып ойнайды.

Ту айтты:

- Мен ең мықтымын. Еліміздің барлық ұйымында желбіреп тұратын менмін. Барлық үлкен жиналыстарда, салтанатты кештерде, мереке - тойларда төрден орын алатын менмін.



Елтаңба болса, былай дейді:

  • Әрине, ең мықты менмін. Еліміздің барлық мекемелерінің маңдайшасында тұратын менмін. Мен ақша тиындарда, бағалы қағаздарда боламын. Адамдардың төлқұжаттарында мен бармын.Тіпті, шекарадағы бағаналарда тұрып елді қорғаймын.

Сонда әнұран сөзге араласты:

  • Босқа таласпаңдар. Ең мықты менмін.Барлық үлкен жиындар мен мерекелік кештерді мен бастап беремін мен аяқтаймын.Мен, сөйлеген кезде барлық адам тік тұрып тыңдайды.

Жүргізуші: Үшеуің де дұрыс айтасыңдар. Үшеуің де мықтысыңдар. Үшеуің болмасаңдар, ешбір елдің, ешқандай халықтың қадір - қасиеті болмайды. Ешкім ол елді құрметтемейді.

Каталог: wp-content -> uploads -> 2013
2013 -> Министерство сельского хозяйства Республики Казахстан 010 000, г
2013 -> Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы №21 хаттама
2013 -> Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы №2 хаттама
2013 -> Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы №6 хаттама
2013 -> Министерство сельского хозяйства Республики Казахстан 010 000, г
2013 -> Тақырыптың өзектілігі
2013 -> «Алаш» либералдық-демократиялық қозғалысы идеологиясының маңызд


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет