Рецензент: Нұрғалиева Сара Дүйсембайқызы


Жүргізуші: Ал, енді балалар сәл тынығып, сергіп алайық. Әуенді – қимылды ойын «Қызыл орамал»



жүктеу 1.66 Mb.
бет6/8
Дата16.09.2017
өлшемі1.66 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8

Жүргізуші: Ал, енді балалар сәл тынығып, сергіп алайық.

Әуенді – қимылды ойын «Қызыл орамал»

(Әділқазылар алқасына сөз кезегі)



Жүргізуші: Балалар, Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі қандай тіл? Қазақстанда тұратын халықтардың ұлтаралық тілі қандай? (балалардың жауабы) Олай, болса қазір, біздің сайыскерлеріміз мемлекеттік тіл, Отан туралы айтады.

3- кезең: «Көркем сөз үлгілері»

Шувакиндер отбасы: 1. Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіл - қазақ тілі. Өйткені қазақ тілі - ең бай, ең сұлу, ең керекті тіл. Осындай елде туып, азамат болғаныма мен өте қуанамын.

2. Қазақ тілім – саялаған нұр бағым,

Қазақ тілім - ана тілім, ардағым.

Сен арқылы жетіп жатыр өмірге,

Жан сырларым, тілегім, бар арманым.

Юренковтар отбасы: 1.Біздің Отанымыз - ең үлкен. Елімізде тоғай, өзен, көл, бау - бақша, қала, ауыл көп. Қазақстан Республикасында көп халық тұрады. Олар - тату. Біз Отанымызды сүйеміз, ардақтаймыз.

2. Қазақ тілі - өз тілім, ана тілім,

Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.

Қастерлейді ұл - қызың мәңгі сені,

Болашағым, бақытым, дара тілім!

Воробьевтар отбасы:

Отан туралы

Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем,

Ағынды өзен , асқар тау, гүлін сүйем.

Мен оның қасиетті тілін сүйем,

Мен оның құдіретті үнін сүйем.

Бар жәндігін сүйемін қыбырлаған,

Бәрі маған «Отан» деп сыбырлаған.

Жаным менің, кеудемді жарып шық та,

Бозторғайы бол оның шырылдаған.

Отан, Отан,

Бәрінен биік екен,

Мен оны мәңгілікке сүйіп өтем...

2.Ана тілін бағаласақ қалай біз,

Өзіміздің сондай болмақ бағымыз

Ана тілін кім аялай білмесе,

Анасынан безген ұл!- деп қараңыз.



Өмірғалиевтер отбасы:

1.Ұлттық бейнең тіл болар, 2. Қазақ тілі - өз тілім, ана тілім,

Ұлттық байлық тіл болар. Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.

Тілін ұмыт қалдырған, Қастерлейді ұл - қызың мәңгі сені,

Басқа тілге құл болар Болашағым, бақытым, дара тілім!

Ана тілің біліп қой,

Бостандығың, теңдігің,

Ана тілің біліп қой,

Мақтанышың, елдігің

Жүргізуші: Балалар, әділ қазылар алқасы сайыстың 3- кезеңін бағалағанша, біз ойын ойнаймыз.

Ойын «Айгөлек».

Жүргізуші: Ал, қазір «Ақбұлақ» тобының балаларының орындауындағы ән - шашуды қарсы алыңыздар келіпті.

Ән «Ана тілін сүйеміз».

(Әділқазылар алқасына сөз кезегін беру)



4- кезең «Ою ойғанның – ойы ұшқыр»

Жүргізуші: Ал, енді сайыскерлеріміз өздерінің үй тапсырмаларын көрсетеді. Олар ұлттық киім, тұрмыстық заттардағы ою - өрнек туралы айтады.

(Сәукеле, дорба, камзол, сырмақты – қошқар мүйіз, түйе табан, тышқанның ізі, мүйіз оюларымен өрнектеу)



Жүргізуші: Балалар, сайыскерлер дайындалғанша «Ұландар» тобының бүлдіршіндерінің билерін тамашалаңыздар.

«Бүркіт» биі

«Сыр сандық» Жанкүйерлерге сұрақ. (Балалар ою - өрнектердің қазақша атауларын атайды. Ұпай саны қалаған сайыскер тобына қосылады)

Жүргізуші: Сайысымыздың соңғы кезеңі ұлттық тағамдар туралы әңгімелеу.

5- кезең: «Ұлттық тағам» (Үйден жасап, әкелген ұлттық тағамдардың құрамы, дайындау тәсілі туралы әңгімелейді)

Шувакиндер отбасы: Айран.

Юренковалар отбасы: Бауырсақ.

Воробьевтар отбасы: Құрт.

Өмірғалиевтер отбасы: Қазақша жасалған ет.

Жүргізуші: Балалар, әділқазылар алқасы 4- кезеңді бағалағанша, мен сендерді ойын ойнап, сергіп алуға шақырамын.

Ойын: «Күміс алу».

(Әділқазылар алқасына сөз кезегі)



«Алтын бала» кіреді.

«Алтын бала»: Құрметті достар! Сіздерге бақытты балалық шақ тілеймін.

Мен – қазақпын”Жұбан Молдағалиев

Мен - қазақпын мың өліп, мың тірілген,

Жөргегімде таныстым мұң тіліммен.

Жылағанда жүрегім,күн тұтылып,

Қуанғанда күлкімнен түн тірілген.

Мен - қазақпын, бір биік белеспін мен,

Европа да, Азия да емеспін мен.

Аралықпын, жетінші материктей,

Бірақ барша адаммен тең өстім мен.

Мен - қазақпын, мен баймын,байтақ елмін,

Қайта тудым, өмірге қайта келдім.

Мен мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске -

Айта бергім келеді, айта бергім!



Жүргізуші: Ал, енді қазылар алқасы сайыстың қорытындысын шығарғанша әнге кезек берейік.

Ән: «Туған жер».

(Әділқазылар алқасына сөз кезегі) Сайыскерлерді марапаттау.



Жүргізуші: Балалар, бізге «Алтын баланың» әкелген сыйлығы бар екен. Сыйлықтарды тарату.

Жүргізуші: Құрметті ата-аналар, балалар сайысқа келіп, тамашалағандарыңызға көп - көп рахмет! Бүгінгі сайысымызға қатысқан ата-аналарымызға, балаларымызға деген алғысымыз шексіз.

Келесі кездескенше сау болыңыздар!


Сара Қапанқызы Естаева

«Балдаурен» балабақшасы

Көктөбе ауылы
Тақырыбы: «Мерекелік ойындар»

Мақсаты: Балалардың бойында қазақ халқының өміріне деген ызығушылықты қалыптастыру, қазақ хылқының ұлттық салт-дәстүрлерін білуге және құрметтеуге үйрету, қазақ билерінің қимылын бекіту, қазақтың ұлттық ойындарын ойнау барысында өздерінің шапшандығы мен батылдығын көрсете білуге тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар: Көрпеше 10, тақия 10, орамал 10, 2 сандық, асықтар арқан.

Тәрбиеші: Құрметті қонақтар! Бүгін бізде денешынықтыру мерекесі. Бұл мерекені үлкендер де балаларда тойлайды. Әділқазылар біздің ойнымызды бағаласа, қонақтар біз үшін алаңдап, қол соғу арқылы бізді көтеріп отырады. Бүгін бізде жәй ғана жарыс емес үлкен сайыс болады. Балалар ойын қазақтың ұлттық салт-дәстүрлерімен танысады.

Жаттығу: Күбі пісу, алтыбақан көріністерін көрсету. Балалар екі топқа бөлініп тұрады:

Сәлемдесу

Келіңіздер, келіңіздер,

Тамашаны көріңіздер.

Бізден мықты, бізден күшті,

Кім бар екен білдіңіздер ме?.

«Қайрат» тобынан «Қайсар» тобына жалынды сәлем.

«Қайсар» тобы әрқашан алда.

Ұшақтан да ұшқырмыз,

Желден озған жүйрікпіз.

Жарысуға сендермен,

Келіп тұрған мықтымыз.

Балалар орындарына отырады.

Тәрбиеші жұмбақ жасырады.

Оның түсі қызыл, жасыл, сары,

Кигіз үйдің сәні,

Айналдыра төсеп, отырсаң,

Жанның рахаты (көрпе).



Қимылды ойын: «Көрпе»

Балалар залдың ортасында шығып, әр топтан 5-6 баладан бірінің артына бірі тұрады. Сигнал бойынша олар өз сандықтарының үстінде жиналып тұрған көрпеден бір-бірден алып, шеңбер жасайды. Содан кейін сандықты ашып, қыздар бір-бір орамал, ұлдар тақияны алып бастарына киіп, көрпеге отырады. Екінші сигнал бойынша бәрін керісіше орнына қойып, жинайды. Қай топ бірінші болып аяқтаса солар жеңіске жетеді.



Тәрбиеші: Аулада көктем күлемдеп тұр,

Гүлдер бүршік ата бастады.



Би: «Көктемгі гүлдер»

Тәрбиеші: Біз би тамашалап, демалып қалдық, енді ойнымызды жалғастырайық.

Қимылды ойын: «Ат үйретеміз»

Бірінші топтың екі баласы ат болады. Атты жүгендеген жіптің бір ұшы бос болады. Екінші топтың 2-4 баласы сол аттарды ұстап үйрету керек. Сигнал бойынша балалар атпен оны үйретушілермен ролін ойнап, жіптің ұшынан ұстап алу керек. Қай топ бұл тапсырманы жылдам орындаса, сол жеңіске жетеді.

Қандай ойын ханнан басталады? (Асық)

Қимылды ойын: «Асық»

Тәрбиеші: Келесі ойынымызды біздің күшімізді, алғырлығымызды, батылдығымызды, батырлығымызды көрсетеді.

Қимылды ойын: «Арқан тарту»

(Балалар 3-4 рет күш сынысады). Тәрбиеші бізді тағы бір жаңа ойын күтіп тұр екен.



Қимылды ойын: «Көкпар»

Екі топтан бірдей көлемде балалар шығады. Олар салт атты адамды бейнелейді. Ортада лақтың муляжы. Сигнал бойынша ойыншылар ортадағы лақты жерден іліп алып жөнеледі. Қалғандары оны тартып алуға әрекеттенеді. Қай топтың ойыншысы көкпарды тартып алса сол топ жеңіске жетеді.



Тәрбиеші: Балалар мына үнге құлақ салындаршы, бұлақтың сылдыры сияқты. Қандай тамаша!

Қимылды ойын: «Жылға»

Ойыншылар шыңбер жасап тұрады. Жүргізуші сайланады. Музыка әуенімен жүргізуші шеңбердің ішімен аралап кез келген бір ойыншының жанына келіп, оны ертіп алады. Солай еку, сосын үшеуі, сосын бәрі бірінің артынан бірі тіркеліп, музыка әуенімен жылғаны бейнелейды.



Қорындынды: Жеңген команданы анықтау.

Балалардың бәрін марапаттау!


Жинақтаған Сара Қапанқызы Естаева

«Балдаурен» балабақшасы

Көктөбе ауылы

Сергітулер

Алма баққа барайық

Алма тері алайық

Ен үлкенің, жақсысын

Әжемізге сыйлайық.
Доп домалақ доп ұстап

Домалатып көрейік

Диірмен болып ұн тартып

Дым қалдырмай елейік.


Орнымыздан тұрамыз

Мойнымызды бурамыз

Қолымызды көтеріп

Саусақты ашып жұмамыз.


Біз кішкентай баламыз

Өсіп-өсіп толамыз

Күнге қарап, табынып

Көккке қолды созамыз.


Қанат қағып ұшамыз

Қарлығаштай самғаймыз

Бір отырып, бір тұрып

Жаттығулар жасаймыз.


Астанада бар жаңа үй

Жаңа үйде тұрамыз

Баспалдақтан жүгіріп

Қабаттарды санаймыз

Бір қабат,екі қабат

3,4,-біз пәтердеміз.


Көтеріліп шанырақ

Уықтары шаншылар

Керегелер керіліп

Өрімдей боп өрілер

Бәріміз жүрсек айналып

Кигіз үй боп көрінер.


Асыл сөздің атасы

Ақын болар ұрпақпыз

Өнер-білім еңбеккке

Жақын болар ұрпақпыз

Саусағы майысқан

Шебер болар ұрпақпыз.

Тұла бойы толған күш

Батыр болар ұрпақпыз.


Алтын сары қызыл көк

Алуан-алуан жапырақ

Күзгі бақта күлім деп

Көз тартады атырап

Ой, алақай тамаша!

Шашу шашты жапырақ.


Жайқалады ағаштар,

Бетімізге желеседі

Кіп кішкентай балалар

Үп-үлкен болып өседі.

Біз гүлдерші өсеміз

Жапырағы жайқалған

Сабақтары салалы

Шелмен бірге жайқалған.


Нан қоқымын шашпандар

Жерде жатса баспандар

Теріп алып қастерліп

Торғайларға тастандар.


Алып ата күрегін

Аула қарын күреймін

Апама мен құдықтан

Су әкеліп беремін

Еденді де жуамын

Шан тозанды қуамын.


Бойды сергек тік ұста

Емін-еркін тыныста

Он қолынды соз алға
Қол ұшына қара да

Үшбіріш сыз алада

Сол қол босқа тұрмасын

Шенбер жасап түн басын.


Дөнгелектеп тұрамыз

Керегені құрамыз

Уық болып иіліп

Шаныраққа киіліп

Кигіз үйді құрамыз.
Бас бармақ-әкем

Балаң үйрек-шешем

Ортан терек-ағам

Шылдыр шүмек-әпекем

Кішкене бөбек-мен

Бір үйде нешеуміз?

Бір үйде біз бесеуміз.
Орнымыздан тұрамыз

Мойнымызды бұрамыз

Қолымызды көтеріп

Саусақты ашып жұмамыз

Содан сон қолды түсіріп

Иықты кері жіберіп

Алақанды соғамыз

1,2,3,4.
Жел өрлейді у-у-у

Құйың келіп билейді-зу-зу-зу

Қатты-қатты жел соқты гу-гу-гу,

Жапырақтар қол соқты ду-ду-ду.
Оң қолында бес саусақ

Сол қолында бес саусақ

Беске-беске қосқанда

Болып қалды оң саусақ

Оң аяқта бес башпай

Сол аяқта бес башпай

Беске-беске қосқанда

Болад екен оң башпай.


Апам үшін күнде мен

Отын ағаш жарамың

Су құямын гүлге де

Дүкенге де барамын

Сыпырамын үй ішін

Жуам ыдыс-табақты

Жылай қалса бөбемді

Жұбатамын ойнатып.


Оңға, оңға түзу тұр

Солға,солға түзу тұр

Алға қарай бір адым

Арқа қарай бір адым

Жоғары-төмен қарайық

Орнымызды табайық.


Кане, қайсы алақан

Біз-кішкентай балапан

Аралардын нәрі

Бау-бақшаның сәні

Тік,тік,тік пісте

Қысы-жазы бір түсте

Менің тұрақты мекенің

Сәнді етіп жүремін.


Санаяқ жанаша

Бір, екі, үш!

Желбіре жалауша

Достықта біздің күш.


1 деген де тұрайық,

2,3,4-алақанды соғайық

Оң жаққа бұрылып

Сол жаққа бұрылып

Бір отырып, бір тұрып,

Біз жүгіріп алайық


5 деген де асықпай

Орымызды табайық.


Күзде аспанға қараймын

Қайтқан құсты санаймын

Үш бұрыш боп тұрналар

Көк жүзінде сырғалар

Құстар, құстар келеді

Жерді шуға бөлейді

Көктем келді, деп бізге

Жақсы хабар береді.


Ормандағы аюдың

Құлпынайы көп екен

Теріп-теріп аламыз

Қалтамызға саламыз.


Ал балалар тұрайық

Бойымызды жазайық

Ағаштарша тербеіп

Кәне, сергіп алайық

Қолымызды созайық

Орнымызды табайық.


Мұз айдында сырғыймыз

Тауда шанғы тебеміз

Қар лақтырып ойнаймыз

Шелекпен су құямыз

Дене осылай орамалмен

Ысқылап сөртеміз.


Жалғыс саусақ тіптті де

Ұстай алмас жіпті де

Екі саусақ бірікті

Ине қолға ілікті.

Үш саусағым орамды

Жүгіртеді қалымды

Өнерлі екен оң саусақ

Қала салсақ, жол салсақ.


Қане, қанат жазайық

Қарлығашқа ұқсайық

Қарлығаш боп ұшайық

Ұшып-ұшып алайық.


Қазым-қазым қаңқылда

Көлге түсіп саңқылда

Жем берейін жейсің бе?

Кәмпит берсем жейсін бе?

Жоқ-жоқ, жоқ-жоқ

Кәмпит тәтті ас болмас

Арпа менен бидай шаш.
Қанат жаям жалма-жан

Талпынғандай ұшуға

Иіліп кеп қол созам,

Аяғымның ұшына.


Ра-ра –ра Айжан шашынды тара

Жан жағына қараша

У-У-У желбірейді ту

Сен қолынды жу

Ші-ші-ші Менің ағам әнші

Менің апам биші

Ар-ар-ар балам атана бар

Үйге жылдам бар.

Аз-аз-аз қанқылдайды қаз

Келіп қалды жаз

Ыс-ыс-ыс болсын мол ырыс

Ыдысстарды жуыс

Ша-ша-ша жерде жатыр алаша

Алашамда тамаша.




ІІІ. БАЯНДАМАЛАР
Тәрбиешілер мен әдіскерлер білімін толықтыру, тәжірибесін молайту тәсілдерінің бірі – семинарлар өткізу болып табылады. Май ауданы бойынша 2012 жылы мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде қызмет атқарып жүрген педагогтарымызбен «Мектепке дейінгі ұйымдарында тәрбие – білім беру үдерісін жоспарлау», «Мектепке дейінгі жастағы балаларға жан-жақты мәдениеттілік тәрбие беру», «Балалардың шығармашылық және көркем эстетикалық қабілеттерін жан-жақты дамыту», «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында этномәдениеттік бағыт бойынша білім беру», «Жас маман – ертегі білікті ұстаз» тақырыптар аясында, 6 семинар өткізілді. Осы семинарларда ұсынылған кей бір баяндамалар берілген бөлімде жинақталған.
Қазіргі кездегі мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында қолданылатын технологиялар
Май ауданының білім бөлімінің

әдістемелік кабинетінің әдіскері

З. Мухамедова
Адам өлшемінің тек екі бағыты ғана бар – даму немесе деградация. Сондықтан, егер білім беру дамуға бағыттамаса, ол деградацияға қызмет етеді.

Г. Драйден
12 жылдық білім беруге көшу үрдісі мектепке дейінгі тәрбие және білім беруді ұйымдастыруға жоғары талап қоюда. Ол өз кезегінде неғұрлым тиімді педагогика-психологиялық әдістер арқылы бұл мәселені шешуге итермелейді. Мектепке дейінгі оқыту, жаңа сапалық деңгейге шығу инновациялық технологияларды әзірлемей мүмкін емес. Педагогикалық инновация, бұл – дамуы, тәрбие мен оқытуды жақсартуға бағытталған, сонымен қоса мақсаттар мен мазмұнды, формалар мен әдістерді жетілдіруге негізделген өзгерістер. Олар ғылыми ізденіс ретіндегі педагогтың келешектегі өздік дамуын талап ететін санасын қалыптастырады. Педагогикалық әрекетті жаңа технологиялырды қолдану негізінде ұйымдастырғанда барлық күш педагогикалық шешімдердің ең тиімдісіне бағытталады (1, 2 - қосымшалар).

Педагогикалық технология ұғымына төмендегілер кіреді:



  • Концептуалдық негіз.

  • Оқытудың мазмұндық бөлігі (оқыту материалының мазмұны мен білім берудің міндеттері).

  • Технологиялық бөлігі (оқу үрдісінің ұйымдастырылуы, оқу әрекетінің формалары мен әдістері, педагог жұмысының формалары мен әдістері, диагностика.

Қазіргі кездегі мектепке дейінгі білім беру жүйесінде қолданылатын технологияларды келесідей бөліп көрсетуге болады:

  • Дамыта оқыту технологиялары;

  • Мәселелелік оқыту технологиялары;

  • Ойын технологиялары;

  • Альтернативтік технологиялар.

Дамыта оқыту технологиясында балаға қоршаған ортамен қарым-қатынаста болатын жеке-дара субъект ретіндегі рөл беріледі. Бұл қарым-қатынасқа әрекет етудің барлық кезеңдері енеді: мақсат қою, жоспарлау және ұйымдастыру, мақсаттарды іске асыру, әрекет нәтижелерін анализдеу. Дамыта оқыту тұлғаның қасиеттері жиынтығының тұтастығын дамытуға бағытталған. Бұл технология тәрбиешіге өзбетінділікті дамытуға, психикалық жаңа құрылымдардың ішкі үрдістерін қозғалысқа келтіруге мүмкіндік береді.
Генрих Саулович Альшуллер – өнертапқыш, жазушы-фантаст, ТРИЗ технологиясының авторы.

Берілген технологияның бағыттары: шығармашылық әрекетке үйрету, шығармашылық қиялдың әдіс-айлаларымен таныстыру, өнертапқыштық есептерді шығаруға үйрету. Концептуалды жағдайлары: білім – шығармашылық көкейкөзділіктің негізі, құралы; шығармашылық қасиеттер баршаға тән; кез-келген әрекетке үйренуге болатындай, шығармашылыққа да баршаға үйренуге болады.



Мәселелік оқыту мотивацияның ерекше түрі – мәселе қоюды қалыптастырумен негізделген. Сондықтан дидактикалық материалдың мазмұнын дұрыс құрастыруды талап етеді. Ол өз кезегінде мәселелік ситуациялардың тізбегі ретінде берілуі керек.

Қазіргі кезед мәселелік ситуациялардың екі түрін ажыратады: психологиялық және педагогикалық. Біріншісі балалар әрекетіне тиесілі, екіншісі - оқу үрдісін ұйымдастыру болып табылады (4-қосымша).



Ойын технологиялары. Мақсатты бағыттары: дидактикалық: өренің (кругозор) кеңеюі, танымдық қызмет, практикалық қызметте қажетті керекті білім және дағдының қалыптасуы. Тәрбиелеушілік: өзбетінділікке, еркіндікке тәрбиелеу, ынтымақтастыққа, ұжымшылдыққа, коммуникативтілікке тәрбиелеу. Дамытушылық: көңіл бөлуді, есте сақтауды, сөз қорын, ойлауды, салыстыру дағдыларын, сәйкестендіруді, аналогияны таьуды, қиялды, шығармашылық зейіндерді, оқу қызметтің мотивациясын дамыту. Қоғамдандыратын: қоғам құндылықтары мен нормаларына үйрету, қоршаған орта жағдайларына бейімдеу, қарым-қатынасқа үйрету. Концептуалдық жағдайлары: ойын – қиялдағы тұлғаның еркіндігі, бала ойындарының мазмұны ойындардан дамиды, мектепке дейінгі жастың негізгі әрекеті – ойын (3-қосымша).

Денсаулықты сақтау технологиясы – бұл бала мен педагог, бала мен ата-ана, бала мен дәрігер қарым-қатынасының үрдісі кезінде жүзеге асырылатын тәрбиелеу-шынықтырудың, коррекциялық, профилактикалық әрекеттердің тұтас жүйесі. Денсаулықты сақтау технологиясының мақсаты – мектепке дейінгі жастағы балаға денсаулығын сақтауды қамтамасыз ету, салауатты өмір салты бойынша керекті білімділік, біліктіліктерді қалыптастыру, алған білімдерін күнделікті өмірде қолдануға үйрету.

Инновациялық технологиялардың бірі – «Тәй-тәй» технологиясы. Ол дұрыс тамақтану денсаулығының нығаюына, танымдық, қоғамдық және эмоционалдық құзыреттіліктердің қалыптасуына бағытталған. Ол баланың бірегей мүмкіндіктерін ашып, жанұяның балабақша қызметіне араласуына мүмкіндік береді, мәдени құндылықтарды көрсетуге және дамытуға бағытталады. Мемлекетті демократияландыру бағытында берілген технология тиімді технологиялардың бірі болып табылады.

Белсенділік орталықтарындағы тәрбиешінің рөлі. Материалдар мен құралдар арнайы ұйымдастырылған жерлерде қойылады. Олар балалардың оқу мен ойнауға қызығушылығын оятады. Группада келесі орталықтар орналастырылады: сюжетті-рөлдік, құрылыс, әдебиет, өнер, манипуляциялық (әрекет ету), құм мен су, ғылым. Орталықтарда балалар қолдана алатын көптеген материалдар орналасады. Баланың танымдылық әрекетін оятатындай материалдар тәрбиешімен өте ұқыпты таңдалуы керек. Бірнеше бала қолдана алатындай материал болуы шарт және де олар үнемі ауыстырылып отырырылуы қажет. Орталық жұмысын ұйымдастыруда тәрбиеші негізгі рөл атқарады.

Сюжетті-рөлдік орталықтағы тәрбиешінің әрекеті. Бұл орталықта тәрбиеші негізгі рөл ойнайды. Ол балалардың қиялын оятады. Орталыққа келесідей орталықтар енгізілуі мүмкін: үй жануарларын бағу, моделдеу. Ойын кезінде тәрбиеші балаларды бағыттауы керек, бірақ ойынға өзі араласпауы шарт.

Құрылыс орталығы. Бұл орталық балардың назарын өзіне қарататындай ұйымдастырылғаны жөн. Материал көлемі бала жасына байланысты. Оны қосу, азайту, ауыстыру керек. Тәрбиеші балалар әрекетін бақылап, оларды мақтауы керек, мәселелерін шешуге итермелейтін сұрақтар қойып, керекті материалдарды қосуы керек. Ойыншық құрылыстарға жазбалар дайындап, келесі күнге дейін құрастырғандарын бұзбай сақтауға рұқсат беруі қажет.

Көркем әдебиет орталығы. Тәрбиеші балалардың қызығушылықтарын, ұнайтын әрекеттерін, сүйікті ертегілерін айқындап, көрнекі ұйымдастырылған, жастарына сай келетін әдебиеттерді дайындау керек. Тәрбиеші әдебиетьке деген сүйіспеншілікке тәрбиелеуі қажет. Балалар әңгімелерін тыңдап, лайықты кітаптарды таңдауға көмектеседі. Сонымен қоса бала дамуы жөніндегі жазбалар жасайды.

Өнер орталығы. Тәрбиеші бұл орталықта түрлі материалдарды қолдану арқылы сурет салудың алуан әдістерін жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Шығармашылық машықтарын, түсті, формаларды сезінулерін дамытады. Түрлі материалдарды араластыруға мүмкіндік береді.

Ғылым орталығы. Балалар зерттеу жұмыстарын жүргізетін орталығы. Тәрбиеші түрлі материалдармен қамтамасыз етеді. Мысалға, буклеттер, энциклопедиялар, суреттер және т. б. Олармен тәжірибелер жүргізуге рұқсат етеді.

Әр орталықта тәрбиеші балаларға өздік жұмыс жасауға мүмкіндік беріп, әрекетіне араласпайды, тек бағыт беріп, бақылау күнделіктерінде жазба жасайды, бала дамуының деңгейін айқыпдап, оның алға қарай жылжуын қадағалайды.



Қорытынды. Педагогикалық технологияларды зерттей келе келесідей тұжырым жасауға болады. Оқу үрдісі өзінің барлық мазмұнымен, ұйымдастырылуымен, педагогтың қызметтік мінездемесімен тек қана баланы біліммен қаруландыруға ғана бағытталмай, сонымен қоса олардың жан-жақты дамуына бағытталған. Көп жылдар бойы мектепке дейінгі білім беру жүйесі балалардың танымдық дамуын қамтамасыз етті. Алайда мектепке дейінгі тәрбие беру мен оқыту негізінен бала тұлғасы қасиеттерінің дамуына бағытталған. Бүгінгі таңда негізгі басымдық – бала мен тәрбиешінің тұлғалы-бағытталған әрекеті болып табылады. Баланың жеке-даралығын түсіну, қабылдау, қызығушылықтарын ескеру, шығармашылық мүмкіндіктерін дамыту, эмоционалдық игіліктерін сақтау – міне, осылардың барлығы қазіргі кездегі тәрбиешінің басты міндеттері.

Осылайша, жаңа технологиялларды қодану - тәрбиеші қазіргі заманға сай өзгеріп отыратын әлемде өмір сүруге дайын, денісаулығын сақтай алатын, білімі мен машықтарын көрсете алатын, шығармашылығы кең, ақыл-ой өрісі дамыған, өз ойын сауатты жеткізе алатын, бәсекеге жарамды тұлғаны өсіруге жетелейді.


БАЯНДАМА
Дайындаған: Гульзат Бекмухамбтовна Баянбаева, Көктөбе ауылы, «Балдаурен» балабақшасы

Тақырыбы: Өзіндік ұстанымдағы әдептілік
"Ұлттық мәдениеттен жұрдай рухта тәрбиеленген ұрпақтан халқымыздың қажеті мен мүддесін жоқтайтын пайдалы азамат шықпайды". Мұстафа Шоқай
Бүгінгі таңда ХХI ғасыр табалдырығын еркін аттаған азат ұрпаққа тәлім-тәрбие мен білім беруді жетілдірудің басым бағыттарын айқындап, ұлттық игіліктер мен адамзаттық құндылықтар, рухани-мәдени мұралар сабақтастығын сақтай отырып тәрбиелеу, ұлттық сананы қалыптастыру көкейкесті мәселелердің бірі болып отырғаны анық.Олай болса, ұлттық құндылықтарымызды әлемдік деңгейге шығаруға қабілетті тұлға тәрбиелеу үшін

- тәрбиеленушілердің ұлттық сана-сезімін қалыптастыру;

- жас ұрпақ санасына туған халқына деген құрмет, сүйіспеншілік, мақтаныш сезімдерін ұялату, ұлттық рухын дамыту;

- ана тілі мен дінін, тарихын, мәдениетін, өнерін, салт-дәстүрін, рухани-мәдени мұраларын қастерлеу;

- жас ұрпақ бойында жанашырлық, сенімділік, намысшылдық тәрізді ұлттық мінездерін қалыптастыру.

"Тәрбие төрт түрлі: дене тәрбиесі, ақыл тәрбиесі, сұлулық тәрбиесі, һәм құлық тәрбиесі. Егер адам баласына осы төрт тәрбие тегіс берілсе, оның тәрбиесі түгел болғаны...

Бала бала болсын дейтін ата-ана осы төрт тәрбиені дұрыс орындасын" деген екен. Қай кезде де, қай халықта да ұрпақ тәрбиесіне үлкен мән беріліп, жеткіншек қамын ойламаған жерде ел, халық болашағы туралы айту артық. Жастарға адамшылықтың негізін беру - әр халықтың ғасырлар бойы жасаған ұлттық дәстүр салттары мен халықтың педагогикасына негізделген.

Халық педагогикасы - ұлттық тәрбиеге негізделген.

Отбасындағы дене тәрбиесіндегі мақсаты бала денесін дамыту, денсаулығын нығайту, ағзасын шынықтыру және күнтәртібін дұрыс ұйымдастыруға, салауатты өмір салтына тәрбиелеу болды. Сондай-ақ, адам зиялылығының негізі - ақыл ой тәрбиесі деп есептелінеді. Қазақ халқында ерекше құрметтелетін адамшылдық қасиеттің бірі - ар болып есептеледі. Ары бар адамда намыста, әділдікте, адамгершілік пен имандылықта болары сөзсіз.

Әйгілі жазушымыз Мұхтар Әуезовтің "Ел болам десең - бесігіңді түзе" деген сөзінде сан алуан астар бар. Кемеңгеріміздің бұл жерде "бесігіңді түзе" деген сөзді "Ұрпағыңды түзе" деген сөздің баламасы ретінде қолданып отырғанын біреуіміз білсек, екіншіміз аңғара бермеуіміз әбден мүмкін. Ал сол ұрпақты түзу жолға салуға атсалысарлық алғышарттардың бірі - балабақша.

Қазақ халқының салт-дәстүрінің ұрпақ тәрбиесіне қосар үлесі аса зор, мәні үлкен. "Баланы жастан" демекші, бүлдіршіндердің санасына халқымыздың тәрбие негізі, асыл қазынасы - салт-дәстүрлерін дұрыс жеткізе білсек, ертеңгі күні олардан зор ұлтжанды қазақ азаматы шығатынына кәміл сенуге болады.

Қазіргі кезде халықтың педагогика элементтерін балабақшаларда тіл дамыту, математика, айналаны қоршаған орта, бейнелеу өнері, дене шынықтыру оқу іс-әрекеттерінде кеңінен қолданудың маңызы артып келеді. Мысалы: математика оқу іс - әрекетінде ақыл-ой қабілетін дамытатын ойындармен, ән-күй сабақтарында түрлі әуендермен, экология оқу іс - әрекетінде табиғи денелерді қолдануды және хайуанаттар дүниесін елестететін ойындармен танысады. Оқушыларды жоғары мәдениетті адам етіп тәрбиелеу сіздер мен- біздің басты міндетіміз.

Ұлттық тәлім тәрбиенің ірге тасын дұрыс қалай білу педагогтар мен ата-аналармен қосылып жүргізген шараларына байланысты болмақ. Өйткені, бірінші ұлттық тәрбиенің ошағы-отбасында, екінші-білім мекемесінде болғандықтан, ата-аналармен бірлесіп жұмыстар өткізіп тұру қажет.

"Ұяда не көрсең, ұшқанда соны аласың" демекші, ата дәстүріміздің қалыптаса беруіне отбасы тәрбиесінің ықпалы зор.

Халқымыздың ұлттық құндылықтарын, асыл мұраларымызды өздеріңіздің талмай, қажымай еткен еңбектеріңіздің арқасында дарынды да тәрбиелі балалардың бойына сіңіріп, ұлттық мәдениетімізді әлемдік деңгейдегі мәдениетке жеткізіп сақтауға деген патриоттық сезімді қалыптастыруға бір кісідей ат салысайық.


Каталог: wp-content -> uploads -> 2013
2013 -> Министерство сельского хозяйства Республики Казахстан 010 000, г
2013 -> Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы №21 хаттама
2013 -> Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы №2 хаттама
2013 -> Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы №6 хаттама
2013 -> Министерство сельского хозяйства Республики Казахстан 010 000, г
2013 -> Тақырыптың өзектілігі
2013 -> «Алаш» либералдық-демократиялық қозғалысы идеологиясының маңызд


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет