Рецензент: Нұрғалиева Сара Дүйсембайқызы



жүктеу 1.66 Mb.
бет7/8
Дата16.09.2017
өлшемі1.66 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8

БАЯНДАМА
Дайындаған: Гульмира Калидоллаевна Жагипарова, Көктөбе ауылы, «Балдаурен» балабақшасы

Тақырыбы: Қазақ отбасы тәрбиесінің ерекшеліктері

Қазақ отбасы тәрбиесінің өзіне тән ерекшеліктері  оның  халықтық педагогика  мұраларының мазмұны мен түрлерінде бейнеленген. Көне заманнан-ақ қазақ халқында  жазбаша педагогикалық еңбек жазып қалдырмаса да білгір педагогтар, тәрбиешілер, ұстаздар болған. Олар өз көзқарастары мен  әрекеттерінде  белгілі бір дәстүрлі дүниетанымды ұстанып, халықтың мұраттары мен арман тілектеріне сүйеніп отырған.

Қазақ отбасында дене, еңбек, ақыл-ой, адамгершілік, экономикалық, экологиялық, құқықтық, сұлулық тәрбиелері жүргізілген. Қазақ отбасында аталған тәрбие түрлерін жүзеге асырудың мақсаты жан-жақты жетілген азамат тәрбиелеу болды. Отбасындағы дене тәрбиесінің мақсаты  бала денесін дамыту, денсаулығын нығайту, ағзасын шынықтыру және күн  тәртібін дұрыс ұйымдастыруға, салауатты өмір салтына тәрбиелеу болды.

Қазақ халқы  еңбекті бүкіл тәрбие жүйесінің күретамыры деп қарастырды. Еңбекке асыл мұрат деңгейінде қарады. Еңбек тәрбиесі деп  баланы  еңбекке сүйіспеншілікпен, еңбек адамдарына  құрметпен қарауға,  халық шаруашылығының салаларындағы еңбек түрлеріне баулу,  еңбек іс – әрекетінің барысында  олардың дағдысы мен іскерлігін қалыптастыру, болашаққа мамандық таңдауға  дайындауды түсінді. Отбасында еңбекке тәрбиелеу, баулу мен кәсіптік бағдар беру баланың қоғамға пайдалы, өнімді  еңбекке тікелей  қатысуы оқуға деген сапалы көзқарасты тәрбиелеудің, жеке адамды адамгершілік және зиялылық жағынан қалыптастырудың негізгі көзі болып табылады.

Қазақ отбасы баланы қоғамның моральдық нормасын  орындауға қатыстыру, олардың тәртіп және мінез құлық тәжірибесін қалыптастыру, Отанға, халқына, еңбек және  қоғамдық іс-әрекетке жауапкершілік сезімін тәрбиелеу арқылы адамгершілікке тәрбиелей білді. Сондай-ақ, қазақ отбасында адам  зиялылығының негізі – ақыл-ой тәрбиесі деп есептелінді. Ақыл-ой тәрбиесі арқылы баланы ойлау іс-әрекетінің шарты  болатын білім қорымен қаруландыру, негізі ойлау операцияларын меңгерту, зиялылық  біліктері мен дүниетанымын қалыптастыру міндеттері шешілді.

Тәрбиенің басқа да салаларымен тығыз байланысты тәрбиенің түрі экономикалық тәрбиеге де қазақ халқы  ерекше мән  берген. Қазақ халқы бала тәрбиелеуде  экономикалық тәрбие деген ұғымды пайдалабағанымен, тәрбиенің бұл түрі отбасында мақал, өсиет айту, өнеге көрсету арқылы жүзеге асқан. Мысалы, «Еңбегі қаттының ембегі тәтті», «Еңбек - өмірдің тұтқасы, тіршіліктің көзі», «Еңбек – түбі береке», «Үнемшілдік-сараңдық емес», «Ескі киімді баптағаның, жаңа киімді сақтағаның», «Сараң дүниенің малын жыйса да  тоймайды» деген мақалдары дәлел бола алады. Бұл ата-бабамыздың экономикалық тәрбиенің негіздері  еңбек тәрбиесінде  екенін жақсы түсінгенін байқатады. Қазақ отбасында экономикалық тәрбие арқылы айырбас, бөлісу және табыс табу сияқты негізгі экономикалық қатынастарды тәжірибеде меңгеру жүзеге асты.

Қазақ халқы ежелден ұл бала мен қыз баланың тәрбиесін бөліп қараған. Ұлды мал бағуға, отын шабуға, қолөнер шеберлігіне, мал табуға, отбасын асырауға, ал қыз баланы ас пісіруге, кесте тігуге, өрмек тоқу сияқты  үй ішінің ішкі жұмыстарына  үйрету арқылы экономикалық тәрбиенің көзі болып табылатын үнемшілдікке, тәуекелшілдікке үндеп, сараңдыққа салынып кетуден жирендіріп отырған.

Қазақ халқының күнделікті кәсібінде, тұрмыс-тіршілігінде  төрт-түлік мал бағу, аң аулап кәсіп етуді ұйымдастыруында да экономикалық тәрбиенің нышандары айқын аңғарылады. Мәселен, «Мал өсірсең – қой өсір, өнімі оның көл-көсір» деп қой малының пайдасының зор екенін ұғындырса, ешкінің өсімталдығымен оның да  пайдасы көп екендігін: «Есің кетсе ешкі жи, ешкі жи да, есіңді жи» деп нақты ұғымды кеңестер береді. Тіпті, қазақ отбасы балаға ертегі  арқылы да  экономикалық тәрбие бере білген. Оған: «Мақта қыз бен мысық”, «Ақылды қыз бен тазша», т.с.с. ертегілер мен халық арасында кең тараған Қожанасыр туралы әзіл әңгімелерден де экономикалық құбылыстар мен оларды шешудің тиімді  жолдарын аңғарамыз.

«Жеті Жарғы» заңының бір бабы «құн төлеуге   арналуы және «судың да сұрауы бар» деген ата-бабаларымызды кім экономикадан хабарсыз болды дер екен. Сол кезеңдегі қазақ теңгелерінің дүниеге келуі оның тек қана сауда айналымы үшін ғана емес, өзінің экономикасын жүргізу жолдарын ерте меңгергендігін де дәлелдейді.

Қазақ халқы экономиканың жана –табыс табу мәнін балаға түсіндіре отырып, оның таза жолмен  келгені дұрыс екендігін де ескертіп отырған. Табысқа қабілеттілер, еңбекқорлар ғана жететінін, табыс табу, пайда табудан  да үлкен өнер екенін жақсы түсінген. Мәселен, «Артық олжа - басқа еңбек», «Оңай олжа – тұрмас қолға», «Шығын шықпай , кіріс кірмейді», - дейді халық.

Қорыта келгенде, қазақ отбасында экономикалық тәрбие берудің мәні баланы жасынан еңбекті бағалауға, уақытты, ұтымды пайдалануға, үнемшілікке, сараңдыққа салынбауға, ұқыптылыққа, ақша, қаражатқа дұрыс көзқарас қалыптастыру, олардың қалай келетінін немесе табысты да таза еңбекпен жасауға үйрету, тәрбиелеу деуге толық негіз бар. Ал, ата-бабаларымыздың қоршаған ортаны аялауы мен оған деген, ізгі, мейірбан қарым-қатынасын мақтанышпен айтуға тұрады. Себебі олар көшпенді өмір сүргендіктен әркез өздерін табиғаттың бір бөлігіміз деп есептеген. Жер Анаға деген құрмет пен ізет олардың санасында ғасырлар бойы қалыптасқан. Сондықтан, экологиалық нормалардың, ережелердің қажеттілігін жастардың мінез-құлқында тәрбиелеу және экологиялық мәдениет дағдысын қалыптастыру әрекеттері қазақ отбасында бала аяғы шығып, апыл-тапыл жүре бастаған кезден-ақ қолға алынған. Мысалы, баланың тұсауын көк шөппен кесудің терең тәрбиелік мәнімен бірге тірі табиғатқа деген көзқарасын білдірген. Қазақ отбасындағы тәрбие құралдарының бірі болып есептелетін тыйым сөздердің мазмұны ата-бабаларымыздың экологиялық тәрбиеге зор мән бергенінің дәлелі болып табылады. Мәселен «суға дәрет сындырма», «көк шөпті жұлма», «отқа түкірме» және т.с.с.

Қазақ халқы адамның сұлулық сезімдерінің тұлға өмірінде зор рөл атқаратынын жете түсінген. Әсемдікті көре, түсіне, жасай білу адамның рухани өмірін байытады және өнер деп білген.Қазақ отбасындағы сұлулық тәрбиесінің мақсаты баланы көркемдік пен сұлулықты тануға, оған баға беруге, күнделікті өмірдегі адамның жеке басының, қатынас, үй-жағдай және киім-кешек мәдениетін,сыртқы мәдениеті мен ішкі дүниесінің ұштасуының қалыптастыру және талғампаздыққа тәрбиелеуді көздеді.



Қазақ отбасы тәрбиесінің құралдары дегенде халық ауыз әдебиетін, ұлттық ойындар, айтыс, және шешендік сөздерді, ойын-сауықтарды т.б. айтамыз. Қазақ отбасында жоғарыда аталған тәрбие түрлерін жүзеге асырудағы ежелден қолданып келе жатқан өзіндік әдіс-тәсілдері бар. Олар: балаларға қайрымды, ізгі қатынас жасау, сыйлау адамгершілік сезімдеріне әсер ету, жанама ықпал жасау, құлықтық қолдау, өзіне деген сенімін нығайту, сенім арту, реңіш, наразылық білдіру, тыю, айыптау, бұйыру, еркелікте кінәсін мойындату, түсіндіру, мысал келтіру, үлгі-өнеге, ғибрат айтуды есептейміз.

Қазақ отбасында баланың ерте есеюіне көп көңіл бөлген. Оны жүзеге асыруда олар үлгі-өнеге көрсету, жауапкершілікке арту әдістерін шебер пайдаланған. Баланы ерте жастан-ақ жауапты іс-әрекетке тартып отырған. Мысалы, бес жасында атқа мінгізіп, бәйгеге қосу, қозы баққызу, үлкендердің арасындағы дауды шешу, келіссөз жүргізу т.с.с. істерге бірге ертіп жүрген.

Қазақ отбасы тәрбиесіндегі өзіндік ерекшеліктер қатарына жататын әдіс-тәсілдердің бірі бұл-тұспалдап айту арқылы шешендікке баулу. Сонымен қатар тұспалдап сөйлеуді – сыйластықтың керемет бір үлгісі деуге болады, өйткені ол белгілі біреуге  қадап, айыбын бетіне басып айтылмайды .

Бала алғаш өзіне еркелетіп, тұспалдап айтылған мазақтамалар арқылы зеректікке, тапқырлыққа жаттықса, өсе келе өзіндік шығармашылық танытатын болған. Ол үшін қазақ отбасында даярлық ерте жастан жүргізілген. Мәселен, үйге қонақ келгенде алдымен қонаққа арнап балаларға өлең, тақпақ, жұмбақ, жаңылтпаш айтқызатын болған.

Сондай-ақ қазақ отбасы тәрбиесінде ғасырлар бойы қалыптасқан, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан отбасы мүшелерінің қатынасының маңызы зор. Қазақ халқының отбасы тәрбиесіндегі өзіне тән жарасымдылықтын бір ұшы олардың жасы кішісінің үлкеніне «сен» деп сөйлемеуі, алдын кесіп өтпеуі, үлкен тұрып кішінің, әке тұрып ұлдың, шеше тұрып қыздың орынсыз сөйлемеуінде деп есептемейміз. Және қазақ отбасындағы бала тәрбиесін ұл тәрбиесі, қыз тәрбиесі деп жеке- жеке мән беріп қарастыруда оның өзіндік ерекшеліктерінің ішіндегі маңыздысының бірі.

Үлкенді құрметтеу отбасы мүшелерінің бір-бірінің тәрбиесіне жауапкершілік, борыштылық, адамгершілік сезімдерін туғызған.

Қазақ отбасында балаға тілі шығып, анық сөйлей бастаған кезден-ақ, ағайын туысты, нағашы жұртын, ата тегін, руын , ел жұртын білдіруге ерекше көңіл бөлген. «Жеті атасын білу» заң болған.  Ата-бабаларымыз өз тегінің шығу тарихан білуді әр азаматқа парыз деп ұққан. «Жеті атасын білген ұл, жеті жұрттың қамын жер» деген аталы сөз содан қалса керек. Баланың өзі шыққан тегін білуі оның азаматтық, елжандылық, отансүйгіштік қасиеттерін қалыптастырады деп есептеген. Отбасы мүшелері балаға тек жеті атасына дейінгі бабаларының атын жаттатып қанақоймаған. Олардың қандай адам болғанын, өнегелерін үлгі етіп отырған. Әрі сол арқылы отбасы шежіресін жалғастыруға баулуды мақсат еткен.

Қазақ отбасының осындай  өнегелері жеке бастың мінез-құлқы мен рухани мәдени құндылықтарын қалыптастырудың баспалдақтары болады.

Сонымен қорыта келгенде, отбасы тәрбиесіндегі этникалық мәдени құндылықтары деп төмендегілерді айтуға болады:


  1. Жетілген адам, яғни «Сегіз қырлы, бір сырлы адам» тәрбиелеу.

  2. Отанды, халқын, жерін, елін сүю «Атаның ұлы емес, халықтың ұлын» тәрбиелеу.

  3. Адал, арлы азамат тәрбиелеу, яғни «Малым жанымның садағасы, жаным арымның садағасы».

  4. Жеті атасын білуге тәрбиелеу. «Жеті атасын білмеген жетесіз».

  5. Отбасы шежіресі мен мұрагерлік (туыстық қарым-қатынас, үш жұрт, отбасындағы кенже ұлдың рөлі). Ата-баба дәстүрін жалғастыру.


БАЯНДАМА
Дайындаған: Гульмира Калидоллаевна Жагипарова, Көктөбе ауылы, «Балдаурен» балабақшасы

Тақырыбы: Табиғатқа деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу

Табиғат – біздің ортақ үйіміз.Табиғатқа деген сыйды жоғалту адамзаттың адамгершілік құндылықтарын жоғалтуға әкеліп соқтырады. Қазіргі уақыттағы әлемдегі экологиялық жағдай  адам көзқарасының өзгеруін талап етеді. Өсіп келе жатқан ұрпақта жаңа экологиялық сезім қарастырылуы керек деп санаймыз. Келешекте балалар кім болса да, олар қоршаған ортада рөлдерін бөліп, табиғат заңдылықтары бойынша өз түсініктері болуы керек. Экологиялық тәрбие мен білім беру – қазіргі таңдағы айқын бағыттардың бірі. Экологиялық мәдениеттілікке тәрбиелеу неғұрлым ерте басталса, соғұрлым оның болашағы зор болмақ. Баланың сәби кезінен экологиялық мәдениеттілік санасын тәрбиелеу – осы мәселелердің шешілу жолдарының бірі болып табылады. Мектепке дейінгі ұйымдардағы экологиялық тәрбие берудің маңызды міндеті - балаларды табиғаттың әсемдігін көріп түсіне білуге ,тірі табиғатқа қамқор бола білуге үйрету және экология саласы бойынша нақты білім беріп, аймақта қолданылатын ресурстары шектеулі екенін түсіндіру керек. Біз баланы табиғатты пайдаланып қана қоймай, оған қамқор болуға, оны күтіп аялауға үйретуіміз керек.

Экологиялық білім берудің басты міндеттері:

-өсімдіктермен жануарларды күте білу дағдыларын қалыптастыру.

-қоршаған ортада алған әсерлерін жеткізе білу, эмоциялық көңіл-күйлерін басқара білу дағдыларын жетілдіру.

-қоршаған ортаны сүйе, табиғатты қорғай білуді жүйелі түрде жүзеге асыру.

-табиғат пен бала арасындағы оңтайлы қарым-қатынас орнату.

-адамның табиғаттағы тіршілік әрекеті және жеке гигиена жайындағы білімдерді тиімді жолдарымен жеткізу.

Осы міндеттерді жүзеге асыру үшін мынандай жұмыс түрлерін орындауға болады:

-балалардың экологиялық білімдерін қамтамасыз ететін пәндік-дамытушы ортаны құру.

-«Экологиялық соқпақ», «Қызыл кітап», «Жасыл аймақ», «Дәрілік өсімдіктер» орталығын құру,тірі табиғат бұрышын ұйымдастыру.

-үлестірмелі материалдар жинақтау (гербарий,суреттер жинағы, табиғат туралы мақал-мәтелдер т.б)

-экологиялық тақырып аясындағы бағдарламаны жүзеге асыра білу жолдарын таба білу,басқа ұйымдастырылған іс-әрекеттерімен сабақтастыру.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттері кезінде балаларға табиғат туралы жұмбақтар, мақал-мәтелдер, тыйым сөздер, табиғат туралы ертегілер де оқуға болады.

Жұмбақ.

Қарасаң келбетіне -



Тұмсығы найзағайдай.

Шығарып су бетіне,

Қанатын жайса жай,

Көрінер кемедей

Мұхитта телегей.

-бұл жұмбақтың шешуі не?

-балық

-дұрыс , балықтар қайда тіршілік етеді?



-суда

-иә, олар сусыз тіршілік ете алмайды. Суда өседі. Судан шықса, ауа жетпей қалады. Сол үшін балықтың өсіп-өнуіне жағдай жасау керек.

Біз бүгін  «Алтын балықпен» танысамыз.

       Балық желбезекпен тыныс алады. Өкпесі жоқ. Құйрығы бұрылу қызметін атқарады. Балық сопақша болады. Олар ұсақ балдырлар, яғни су  өсімдіктері мен қоректенеді.

    Сергіту сәті: Қане, балалар, тұрамыз,

                          Бойымызды жазамыз.

                         Балықтарға ұқсап біз,

                         Жүзіп-жүзіп аламыз.

  Балалар тәрбиешінің жасаған іс-қимылдарын қайталайды.

Тосын сый. ( Есік қағылады. Балықшы атай кіреді. Сәлемдеседі. Өзі балық аулап келе жатқанын айтады.)

-Ата, балалар сізге тақпақ айтып берсек дейді.

 


Дәмді ететін сорпаңды

 Білем таяз ортаңды,

 Денесінен басы үлкен,

Ұстап алдым шортанды.

Ең ірісін алыппын,

Өзім соған қарықпын

Атам айтқан осыны,

Қасқыры деп балықтың



Балықшы атай: Бәрекелді, қарақтарым, рахмет! Мен сендерге жұмбақтар жасырайын.

 Аузы бар, тілі жоқ.

Терісі бар, жүні жоқ.

Жүрегі бар, ізі жоқ,

 Қанаты бар, ұшпайды.

Су астында қыстайды.

(Балық)

Балықшы атай:-Жарайсыңдар, шешуін дұрыс таптыңдар. Мен бүгін сендерге алтын балық ауладым.



                    Ойын: Кім алтын балықты құрастырады?»

       Тәрбиеші: - балалар, мына алтын балықты қалай күтеміз? Ол үшін аквариумды жақсылап жуып, тасын тазалап, балдырын салады. Содан соң бір күн тұрған суды аквариумге құяды, балықты суға жібереді. Аквариумды жарық жерге қойып, тағамын арнайы ЗОО дүкенінен алуы керек.

  (Барлық іс-әрекеттерді балалардың қатысуымен жүзеге асыру. Тамақтандыру.)

             Осы атқарылып жатқан жұмыстардың барлығы балаларға қоршаған ортаға саналы, мейірімді көзбен қарауға, табиғат аясында ережелерді сақтауға, дұрыс қарым-қатынас жасауға тәрбиелеу, туған өлкесінің сұлулығына, табиғат тіршіліктеріне деген  сүйіспеншілігін, махаббатын ояту. Мүмкін сонда ғана бүлдіршіндеріміз құмырсқа илеуін бұзбауға, тірі жәндіктерді сақтап, оларды әлсіз тіршілік иесі ретінде аяушылықпен қарап, оларға қамқорлық жасап қол ұшын беруге даяр болар.


БАЯНДАМА
Дайындаған: Оразгуль Болатовна Жумадилова, Көктөбе ауылы, «Балдаурен» балабақшасы

Тақырыбы: Қазақ халқының этномәдениеттік құндылықтарының бірі – ұлттық ойындар

Этномәденидің дамуының бір түрі ол ұлттық ойындар. Қазақтың ұлттық ойындарының қалыптасу кезеңі сонау адамзат баласының жаратылған, демек Қазақстан жерінде қалыптасқан алғашқы қауымдық құрылыстан басталады. Содан бері біздерге жетіп, ойналып жүрген ұлттық ойындарының ішіндегі «Бес тас»,»Асық», «Садақ ату», «Қарашие» сияқтылары шамамен 5000 жылдар бұрын пайда болған. Ұлттық ойындардың қалыптасуы тек балаларға ғана керектігімен дамып қойған жоқ,ересектердің күнделікті тіршіліктегі қозғалысы мен көңіл көтеріп, демалыс уақытын өткізудегі қолданылған еңбектің бір түрі ретінде дамыды.

Қазіргі кезде елімізде болып жатқан өзгерістер мектепке дейінгі мекемелерде біршама жаңалықтар енгізіп отыр. Балабақшада тәрбиелік жұмыстар көптеп жүргізілуде. «Халық айтса қалт айтпайды» демекші тәрбие басын тал бесіктен бастағанның өзі де еліміздің ертеңін ойлаған, яғни атадан балаға жалғасып келе жатқан әдет-ғұрыптарымызды, салт-дәстүрімізді, тілімізді, дінімізді қадірлеу, балаға сәби кезінен қалыптастырған жөн. Ұлттық ойын баланың дамып жетілуіне ,адамгершілік қасиеттерінің артуына, психикасына да тигізетін әсері мол.Ұлттық ойындар арқылы өз халқының тарихын, даму сатысын, әдет-ғұрпын айқындап көруге болады. Балаларға ұлттық ойындарын үйрету арқылы әділдікке, достыққа, сыйластыққа, кішіпейілдікке, яғни адамгершілік қасиеттері де дамиды. Басқа да ойындар сияқты қазақтың ұлттық ойындарындағы бұлжытпай орындауға тиісті тәртібін баланың ойын барысында сақтауы, баланы осы кезден бастап тәртіпке, әдептілікке, әділдікке, жинақылыққа баулиды.

Фольклортанушы Ә. Диваев «Қазақ балаларының ойындары» деген еңбегінде адамның жас ерекшелігін үш топқа бөледі:

1. Өмірге келгеннен бастап жеті жасқа дейінгі бала.

2. Жеті жастан он бес жасқа дейінгі бала.

3. Он бес пен жиырма жас аралығындағы жастар.

Осының негізінде қазақтың ұлттық ойындарын үш топқа бөліп қарастырып,бірінші топқа сол жастағыларға лайықты «Санамақ», «Тәй-тәй», «Айгөлек», «Соқыр теке», «Қуырмаш», «Ақ терек- көк терек» т. б. ойындарын, ал одан кейінгі топқа «Тақия тастамақ», «Бәйге», «Көкпар», «Теңге алу», «Қыз қуу» т. б. ойындарын жатқызуға болады.

Мысалы: Мектеп жасына дейінгі балалармен түрлі оқу іс- әрекеті үстінде қолданылатын қазақтың ұлттық ойындарының түрлері. Мектеп жасына дейінгі балалардың этномәдени түсініктерін қалыптастыру үшін әр ұлттың ертегілерімен таныстырудан бастау алады. Әр ұлттың өзіндік бір қалыптасқан түрі ретінде дамиды. Мысалы, көрші ұлт қауымы орыс, өзбек, татар халқының өмір тіршілігімен олардың халық ертегілерімен, ұлттық ойындарымен таныстыруға болады. Мысалы, орыс халық ертегісі «Бауырсақ», «Шұбар тауық», «Жеті лақ» ертегілерімен танысу арқылы сол халықтың өмір тіршілігімен танысады. Сөз қорлары молаяды. Салыстырады,мәселелік ойлар туындайды.

Тіл дамыту сабағында қолданылатын ойын

«Қасқыр қақпан» ойыны.

Ойын барысы: балалар екі топқа бөлініп, үлкен топ «қақпан», екіншісі «қасқырлар» болады.Үлкен топтағы балалар қол ұстасып шеңбер құра жүріп өлең айтады.

Қане, қане, халайық.

Қасқыр қақпан құрайық.

Қане, қақпан берік бол,

Қасқыр, қасқыр, келіп көр, - дегеннен кейін, ұстасқан қолдарын жоғары көтереді. Осы сәтте шетте тұрған қасқырлар шеңбер тасасындағы қой қораға лап қояды. Егер ойын басқарушының «жат» деген сөзінен кейін барлығы қолдарын төмен түсіріп отырып қалса, ортада қалған қасқырлар қақпан тобына қосылады. Ал, өтіп кеткендері ойынды жалғастырады. Сөйтіп, ойын ең соңғы қасқыр қалғанша жалғасады. Ойында қолданылатын өлең жолдары балалардың тілін жаттықтырады, әрі сөзді бірлесіп анық айтуға тәрбиелейді.

Басқа ұлттың мәдениетін, тілін меңгеру үлкен адамға қарағанда балаларға оңай түседі - бұл ақиқат. Балалар есте сақтауға аса көп күш жұмсамайды,олардың қызығушылықтары жоғары, ойына және мінез-құлықтарында әртүрлі стереотиптермен салмақ салынбаған. Сондықтан «жаңа ойынның» шартын оңай қабылдайды. Сауатты және қисынды түрде ұйымдастырылған ойын, үлкен нәтижеге және мақсатқа жеткізеді.



ІҮ. ҚОРЫТЫНДЫ
Республикамыздың жаңа әлеуметтік-экономикалық жағдайы үздіксіз кәсіби білім беру жүйесін жаңарту негізінде мамандардың әлеуетін көтеруді талап етеді. Бұл жағдайда қоғам мен мемлекеттің алдына қойылған міндеттерді шешу үшін кәсіби білігін жетілдіретін, мақсатқа бағытталған, белсенді, басты тұлға – педагог болып табылады.

Барлық нәрсе мектепке дейінгі білім беру ұйымынан басталады. Егер бала балабақшада, шағын орталықта сапалы білім мен дұрыс тәрбие алса, болашақта үлгілі оқушы, үздік студент, қажырлы, еңбекқор маман болуы даусыз. Сондықтан, ең алдымен, тәрбиеші өз жұмысын дұрыс ұйымдастырып, оқыту үрдісінде жаңа технологияларды, қызықты сценарийлерді, ойындарды, мағыналы тәрбие сағаттарын және т. с. с. қолданса, қазіргі заманға сай, өзгеріп отыратын әлемде өмір сүруге дайын, денсаулығын сақтай алатын, білімі мен машықтарын көрсете алатын, шығармашылығы кең, ақыл-ой өрісі дамыған, ойын сауатты жеткізе алатын, бәсекеге жарамды тұлғаны өсіре алатыны сөзсіз.



Ү. ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ


  1. Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. 2012 жыл, 27 ақпан. «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты»// Казахстанская правда. – 2012 жыл, 28 ақпан. №32 ж.

  2. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы Қазақстан Республикасының Президентінің жарлығы. 2010 жыл, 7 желтоқсан. № 1118.

  3. РҚ МЖЖБС 1.001-2009. Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпы міндетті бңлңм беру стандарты. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту. Негізгі ережелер.

  4. Жаратылыстану-математика бағыты бойынша оқытылатын пәндердің әдістемелік құралдарын рәсімдеу талаптары / Мұқанова С. Д. «Оқулық» РҒПО, 2012 ж.

  5. Селевко Г. К. Современные образовательные технологии.- Москва. «Народное образование», 1998.

  6. Бабинский Ю. К. Оптимизация учебно-воспитательного процесса. – М.: Просвещение, 1982.

  7. Беспалько В. П. Слагаемые педагогические технологии. – М.: Педагогика, 1989.

  8. Волков И. П. Цель одна – дорог много. Проектирование процессов обучения. – М.: Просвещение, 1990.

  9. Селевко Г. К., Басов А.В. Новое педагогическое мышление: педагогический поиск и экспериментирование. – Ярославль, 1991.

  10. Байкова Л. А., Гребенкина Л.К. Педагогическое мастерство и педагогические технологии. – М.: «Педагогическое общество России», 2000.

  11. Бершадский М. Е., Гузеев. В. В. Дидактические и психологические основания образовательной технологии. – М.: Центр «Педагогический поиск», 2003.

  12. Журнал «Педагогическая техника». №2. Типография НИИ школьных технологий, 2006.

  13. Из опыта работы. Рецензенты: Дмитриенко Е.А., Тасжурекова Ж. Соросовский образовательный центр “Step by Step”. – Алматы, 2002.


1-қосымша

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ

ТЕХНОЛОГИЯЛАР

Мазмұн мен құрылым бойынша



Үйретуші

Тәрбиелеуші



Зайырлы

Діни


Жалпы білім беретін

Кәсіби


Гуманистік

Ұйымдастыру формалары бойынша

Жекелей

Топтық


Ұжымдық оқыту тәсілі

Дифференцияланған оқыту

Баламен тіл табысу бойынша

Авторитарлық

Тұлғалық-бағытталған

Гуманитарлық-тұлғалық

Бірігу технологиялары

Еркін тәрбиелеу

Доминанттық әдісі бойынша

Репродуктивті

Ойын тех-ры



Түсіндірмелі-суреттік

Мәселелі-ізденушілік



Дамыта оқыту

Шығармашылық



Оқушылардың деңгейі бойынша

Жалпылама технологиясы

Компенсациялаушы

Қиын балалармен жұмыс жасау технологиялары

Дарынды балалармен жұмыс жасау технологиялары

ПЕДАГОГИЧЕСКИЕ

ТЕХНОЛОГИИ

По характеру содержания и структуры



Обучающие

Воспитательные



Светские

Религиозные



Общеобразовательные

Профессиональные



Гуманистические

По организационным формам

Индивидуальные

Групповые



Коллективный способ обучения

Дифференцированное обучение

По подходу к ребёнку

Авторитарные

Личностно-ориентированные

Гуманно-личностные

Технологии сотрудничества

Свободного воспитания

По преобладающему (доминирующему) методу

Репродуктивные

Игровые


Объяснительно-иллюстративные

Проблемно-поисковые



Развивающее обучение

Творческие



По категории обучающихся

Массовая технология

Компенсирующие

Технологии работы с трудными детьми

Технологии работы с одарёнными детьми


2-қосымша

Каталог: wp-content -> uploads -> 2013
2013 -> Министерство сельского хозяйства Республики Казахстан 010 000, г
2013 -> Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы №21 хаттама
2013 -> Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы №2 хаттама
2013 -> Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы №6 хаттама
2013 -> Министерство сельского хозяйства Республики Казахстан 010 000, г
2013 -> Тақырыптың өзектілігі
2013 -> «Алаш» либералдық-демократиялық қозғалысы идеологиясының маңызд


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет