Қуандық Бишімбаевтың адвокаты Салтанаттың денесіндегі жарақаттар туралы айтып, қорғаушысының әйеліне жүйелі түрде зорлық-зомбылық көрсеткені дәлелденбегенін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Күйеуінің ұрып-соғуынан шаршаған Салтанат 2023 жылы тамыз айында Павлодарға ата-анасының үйіне кетіп қалаған. Бишімбаев Салтанатты өзіне қайтып келуге көндіреді. Осы жағдайдан кейін марқұм күйеуінен бірнеше рет кетіп қалуға тырысқан, алайда Бишімбаев түзелуге уәде беруден жалықпаған. Сотталушы қарашаның 24 күні Астанада жүріп тағы жанжал шығарып, Салатанатты ұрып-соғады. Бишімбаевтың екінші адвокаты Талғат Балашовтың айтуынша, сараптама қорытындысына сәйкес, миындағы ісік қайғылы оқиғаға дейін 3-4 апта, білектегі жаралар 3-5 күн бұрын пайда болған. Адвокат гистолог адам мұндай ісікпен екі айға дейін жүре беруі мүмкін екенін айтады.

Сондай-ақ ол Салтанаттың басындағы гематоманың пайда болуына сот-медициналық сарапшылар қарама-қарсы қорытынды жасап жатқанын атап өтті.

  • Бишімбаев сотта өзіне тағылған айыпты мойындамайтынын айтты
  • "Әперген қымбат сыйлықтарын міндет қылған": Прокурор Салтанат Нүкенова өлтірілген күні нақты не болғанын айтып берді

Бұған дейін, Нүкенованың басына 12-13 мәрте соққы жасалып, басына қан ұйығаны туралы айтылған еді.

Сонымен қатар сотталушының адвокаты Назкен Кұсаинова тергеу барысында Бишімбаевтің Салтанат Нүкенованы жүйелі түрде ұрып-соққаны дәлелденбегенін айтты.

“Тергеу кезінде Бишімбаевтың жүйелі түрде ұрып-соғуы, әсіресе зорлық-зомбылық әрекеттері дәлелдеген жоқ. Сондай-ақ Бишімбаевтың Нүкеноваға ұсақ-түйек шығындары үшін ай сайын 5-6 миллион теңгеден астам ақша аударғанын ескерсек, марқұмның қаржылай тәуелді болғаны туралы да ешқандай дәлел жоқ. Аударымдар өтінішке қоса берілген”, – дейді  Назкен Кұсаинова. 

Бұған дейін Бишімбаевтың адвокаттары істі "абайсызда өлтіру" бабына ауыстырып, Нүкенованың құрбыларын жауапқа тартуды сұраған еді.


Автор: Ербол Нурланов

Ербол — талантливый фотограф, зафиксировавший красоту природы и городской жизни Казахстана. Его работы придают нашим материалам визуальное великолепие.