6 наурызда Владимир Зеленский мен Грекия премьер-министрі Кириакос Мицотакистің Одессаға сапары кезінде олардың кортежінің жанына ресейлік зымыран құлады. Ол саясаткерлер тұрған жерден 500 метр жерде жарылған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 24tv.ua басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: minval.az

Басылымның хабарлауынша, Одессада Украина мен Грекия басшыларын алып бара жатқан кортеж жарылыс толқынын сезінген. Олар Зеленскийдің майдан шебіне жиі қауіпті сапарлар жасайтынын және Ресеймен екі жылдан астам уақыт соғыс кезінде ондаған әлемдік көшбасшыларды Украинада қарсы алғанын атап өтті. Бірақ 6 наурыздағы атыс президент үшін ең үлкен қиындықтардың бірі болуы мүмкін дейді.

Зеленский зымыранның көруге және естуге жеткілікті деңгейде жақын жерде жарылғанын айтты. 

"Бұл соққыны да көрдік. Кіммен соғысып жатқанымызды көріп тұрсыздар. Олар қай жерде соққы жасау керегін де білмейді. Бүгін құрбандар болғанын білемінү Әзірге егжей-тегжейлі ақпарат алмадым. Алайда құрбандар мен жараланғандардың бары анық", — деді Зеленский. 

Сондай-ақ Зеленский Украина ең алдымен өзін қорғауы қажет екенін атап өтті. Мұны істеудің ең жақсы жолы — әуе қорғаныс жүйесі дейді. 

"Бұл жерде адам өмірін сақтап қалу үшін қару қажет. Күн сайын террорлық шабуылдардан зардап шегетін адамдар үшін әуе қорғаныс жүйесіқажет", — деді ол.

Мицотакистің айтуынша, зымыран құлағанға дейін Зеленский оған ресейлік соққылардан көп зардап шеккен оңтүстік қаланы көрсеткен.

"Көлігімізге отыра бергенде жарылыс дауысы естілді. Менің ойымша, бұл Украинада нағыз соғыс жүріп жатқанын көрсететін соққы деп ойлаймын", – деді Мицотакис.

Ресей Қорғаныс министрлігі өз әскерлері соққыны Мәскеу уақытымен 11:40-та жасағанын хабарлады.

АҚШ президенті Джо Байден бұл соққының Украинаға көбірек әскери көмек қажет екенін білдіретінін жеткізді. 

Еуропа Кеңесінің төрағасы Чарльз Мишель мұны "Ресейдің қорқақ тактикасының тағы бір белгісі" деп айыптады.

Әскери-теңіз күштерінің спикері Дмитрий Плетенчук 6 наурызда Одессада болған шабуылдың салдарынан бес адам қаза тауып, көп адам жараланғанын айтты. 

Айта кетейік, бұған дейін Ресей Одессаға дронмен шабуылдап, 12 адам қаза тапқаны туралы жазған едік.


Автор: Жанара Кенжебекова

Жанара — исследовательница культуры и традиций. Ее статьи поднимают важные темы многообразия культур Казахстана.