Алматыдағы Бауыржан Момышұлы атындағы әскери мектеп төңірегінде дау туды. Қорғаныс министрлігі мекемеге колледж мәртебесін беру туралы шешім қабылдап, бұған дейін оқуға түскен 163 студентке қарапайым мектептерге оралуды ұсынған. Ал ата-аналар балаларының арманы аяқ асты болып жатқанына наразы. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Информбюро жаңалықтар бөліміне сілтеме жасап хабарлайды.

Шағым білдірген ата-аналардың балалары әскери болуды армандайды. Олар қиын іріктеу кезеңінен өтіп, соңғы күші қалғанша жаттыққанына қарамастан мақсатына жетпей қалу қаупі бар. Себебі Бауыржан Момышұлы атындағы мектеп колледж болады.

“Біз өте қатал іріктеу кезеңінен өттік, балалар физикалық және академиялық, пәндер бойынша дайындалды. Балалар бірінші карантинде 40 күн өмір сүрді, біз – ата-аналар, оларды көрмедік. Балаларға бұл өте қиын болды. Енді балалар үйреніп, өзін үйдегідей сезінген кезде қайтадан мектептерге жіберіліп жатыр. Біз олардың әскери мектептен кейін азаматтық мектепте өзін қалай сезінетінін білмейміз”, – дейді ата-аналардың бірі Татьяна Ким.

Тағы бір ата-ана Күлән Сердешованың сөзінше, ұлы осында оқығысы келетінін, болашақта отанын қорғағысы келетінін айтқан. 

“Қанша жыл бойы барын салды, спорпен шұғылданды. Ал енді бізді тарқатып жатыр. Бұл оның үлкен арманы еді, енді оның күл-талқаны шығып жатыр. Оларға оқуын аяқтауға мүмкіндік беріңіз, өтінемін”, – дейді ол.

  • "Әйелдің ісі деп айтатындар көп": Қазақстандық жігіт кірпік жалғаумен айналысып айына 20 миллион теңге тауып жүр
  • Қарда жалаңаяқ жүгірткен: Ақтөбедегі балабақшада түсірілген видео қызу талқыға түсті

Әкімшілік ата-аналардың шағымын түсінбейді. Олар құжаттарды қабылдау кезеңінде де колледж мәртебесін алу мүмкіндігі туралы ескертілгенін айтып отыр.

“Құжаттарды қабылдайтын күндері біз тағы бес күн жүрдік. Өзім шығып, бұл туралы ата-аналарға хабардар еттім. Жобада 2024 жылы мектеп әскери колледжге айналады. Бұл туралы барлық ата-анаға жазбаша түрде ескертілді”, – деп түсіндірді республикалық "Жас Ұлан" мектебінің жетекшісі Нұрлыхан Ерекешов.

Бұл жағдайға қорғаныс министрлігі де түсініктеме берді.

“Жас Ұлан" үш республикалық мектебін әскери колледжге айналдыру жоспарланып отыр. Қазір Алматы және Қарағанды ​​қалаларындағы республикалық мектепте 10-11-сынып оқушылары оқиды. Олар оқуын аяқтауына жағдай жасап отырмыз”, – дейді ҚР Қорғаныс министрлігі әскери білім және ғылым департаменті бастығының орынбасары Талғат Қалышев.

Демек бұл екі оқу ордасы келесі оқу жылынан бастап мектеп оқушыларын қабылдамайды. Екі мектеп те колледж мәртебесін алады.

Қоса кетейік, бұған дейін "Ұлттық қор — балаларға" жобасына байланысты шу шыққан еді. Бұған дейін жауаптылар 18-ге толмаған балалардың дерегін eGov-тағы базадан бір тексеріп қою туралы құлаққағыс жасаған-ды. Дәл осы деректер қорына кіру барысында біраз жанжал басталған. Өз баласының орнына өзге біреудің тіркелгенін көріп таңғалғандар аз емес. Әсіресе қазақстандықтар жеке сәйкестендіру нөмірінің оңды-солды интернетті кезіп жүргеніне наразы.


Автор: Жанара Кенжебекова

Жанара — исследовательница культуры и традиций. Ее статьи поднимают важные темы многообразия культур Казахстана.