Оралда көпқабатты үйде пәтер иесі тарақандарды улаймын деп көршілерін қоса улады. Нәтижесінде бүлдіршін мен тұрғындар ауруханаға түсті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "Мой город" порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Сурет pixabay-дан

Төтенше жағдай Завокзальный көшесіндегі №61/3 үйде болған. Батыс Қазақстан облысы ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 23.00-де көпқабатты үйдің 36 жастағы тұрғыны өз пәтерінде тарақандарды өлтіретін затты шашып жіберген. Кейін көршілері өздерін нашар сезініп, жедел жәрдем шақырған.

Батыс Қазақстан денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі химиялық затпен жаппай ингаляциялық улану болғанын хабарлады. Бес азамат облыстық жедел медициналық жәрдем станциясының жедел жәрдем бөліміне жеткізілген. Зардап шеккендер қатарында 50 жастағы ер адам, 73, 42 және 32 жастағы әйел мен 5 жасар қыз болған.

  • Қызметкерлері жаппай уланған: Миллиардер Болат Өтемұратовқа тиесілі Rixos Borovoe қонақүйіне айыппұл салынды

  • Ақтауда қандала улаймын деп екі баланы өлтіріп алған әйел 5 жылға сотталды

Барлық науқастар тексерілді және динамикалық бақылауға алынған. Келесі күні барлығы амбулаторлық бақылауға жіберілген.


Автор: Даулет Байгонусов

Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.