Көкшетауда Асқар Забикулинге ескерткіш қойылды. Өрт сөндірушінің мүсіні орталық саябаққа орналастырылды. Бұл турлы Stan.kz ақпарат агенттігі Астана арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Ескерткіштің ашылу салтанатына жиналғандар Асқар Забикулинді бір минут үнсіздікпен еске алды. Гүл шоқтарын қойып, рухына тағзым етті. Ескерткіштің биіктігі 4 метрге жуықтайды. Еске салайық, Асқар Забикулин Астанада өрт болған үйден үш адамды құтқарып қалған. Денесінің 80 пайызын күйік шалып, өзі ауруханада көз жұмды. Офицердің артында жары мен екі баласы қалды.

"Асқар ерлігімен Отан алдындағы азаматтық борышына адалдығын көрсетті. Оның есімі мен жарқын бейнесі қазақстандықтардың жүрегінде мәңгі қалады. Асқардың ерлігі мен батылдығы бүгінгі жастарға үлгі-өнеге болары сөзсіз. Ол жақсы іні ғана емес, жақсы әріптес, жақсы жолдас бола білді. Інімнің аруағына осындай құрмет көрсетіп отырған азаматтарға, отбасы атынан шынайы алғысымды білдіремін”, – дейді Асқар Забикулиннің ағасы Елдар Забикулин.


Автор: Гульжан Оразбаева

Гульжан — исследовательница жизни и достижений знаменитых личностей Казахстана. Ее статьи позволяют читателям взглянуть на страну через призму вкладов ее ярких представителей.