Home Credit Bank ЖШС өкілдері мен жеке кәсіпкерлерге бір минут ішінде қызмет көрсететін жаңа мүмкіндіктерге жол ашты. Банк Алматыда отандық бизнес өкілдерінің басын қосып, оларға арналған жаңа қызмет түрлерін таныстыруға "Collaborate, Innovate, Elevate" форумын өткізді. HCB Business цифрлық банкін құрастырушылар кәсіпкерлердің қалауына сай, онлайн-қызметтер түрін ұсынды. Stan.kz тілшісі банктің жаңа қызметтерімен танысып, олардың ерекшеліктерін білді.

"Былтыр қаңтар айында банктің ШОБ нарығына қызығушылық танытып, осы бағыттағы жұмысты күшейтетінін айттық. Жылдың ортасында Жеке кәсіпкерлермен жұмыс істеу бойынша цифрлық банкті іске қостық. Ал бүгін кәсіпкерлермен ауқымды кездесу өткізіп, Жеке шаруашылық серіктестіктері үшін онлайн сервисті таныстырамыз. Бұл сервис бизнес өкілдерінің қалауына, сұранысына сай етіп жасалып шықты. Осы форум аясында оны таныстыра отырып, серіктестер мен клиенттердің пікірін біліп, жүйені әрі қарай жақсартуға тырысамыз", — деді деді Home Credit Bank төрағасы Кирил Бачваров.

Форумның басты жаңалығы ЖШС өкілдеріне арналған жаңа тауарды HCB Business командасының басшысы Дамир Какиев таныстырды. Енді ЖШС өкілдері бір минутқа жетпейтін уақыт ішінде онлайн шот аша алады. Барлық транзакцияларды ұлттық валютада жүргізіп, сыртқы экономикалық қызмет бойынша қаржыны басқара алады, сондай-ақ, Home Credit Bank клиенті ретінде сату кабинетіне қол жеткізіп, онда QR бойынша және бөліп төлеуге төлем қабылдай алады. Бұл кәсіпкерлердің жұмысын жеңілдетіп қана қоймай, сауда-саттық жасау мүмкіндіктерін арттырады. Енді бұл қызметтерді Жеке кәсіпкерлер ғана емес, ЖШС өкілдері де қолданады.

Жаңа сервистегі жаңа мүмкіндіктер:

•        Сервисте клиенттерге дереу көмек көрсету үшін WhatsApp чаты мен Колл-орталық нөмірі бар;

•        Мобильді қосымшада тіркелу үшін қосымша қорғаныс. Яғни тек логин/парольмен ғана емес, бір реттік парольмен және биометриямен авторизациялау;

•        Теңгемен екі шот ашу мүмкіндігі;

•        Өзге валюталарда шот ашу (рубльмен, доллармен, еуромен);

•        Daily banking: жеке шоттар арасындағы аударым, салықтарды төлеу;

•        Валюта айырбастау (валюта құнына ең төменгі ҚҚС қосу);

•        Клиенттің жеке профиліндегі қызметтерді бөлу мүмкіндігі;

Цифрлық банк жүйесінде бұдан бөлек, эквайринг мүмкіндіктерін қосу, интернет-банктің web-нұсқасын бизнеске бейімдеу, қаржыны басқаруға қосымша мүмкіндіктер беру.

"ЖШС басшысы өз компаниясына заңды тұлға ретінде шот ашып, өз кабинетіне кіріп, қызметкерлеріне қосымша мүмкіндік бере алады. Мысалы, есепшіге жалақы төлеу, есеп жасау мүмкіндіктерін, менеджерге сауда-саттық жүргізіп, төлем қабылдау немесе төлем ақшасын қайтарып беру мүмкіндіктерін бере алады. Яғни бұл кәсіпкердің жұмысын әлдеқайда жеңілдетеді. Алғашқы мобильді қосымшаға кіре салған кезде өз қызметкерлерін тіркеу мүмкіндіктері де бар. Оларға қандай салық төленетінін, оларды кім төлеу керек екенін біле алады. Яғни бұл кәсіпкердің салық бойынша, бухгалтерлік іс бойынша және заңға қатысты өзге де құжаттар бойынша жұмысына қолдау көрсетіп, оған жол сілтеп отырады", — деді Дамир Какиев.

Бұдан бөлек, кәсіпкер өз кабинеті арқылы қызмет түрлерін таңдай алады. Мысалы, есеп айырысу-кассалық қызметін, төлем карталарын бойынша қаржы алу, қажет болған жағдайда клиенттік қаржысын бірден мобильді қосымша арқылы қайтарып беру.

Форум аясында біз HCB Вusiness цифрлық жүйесінің қызметімен тікелей танысуға мүмкіндік алдық. Яғни ЖШС өкілі банк қызметкерлерінің көмегімен бір минут ішінде мобильді қосымшаға тіркеліп, өз тауарын сатып, кейіннен оны қайтарып алып, ақшаны клиентке қайтарып көрді. Кәсіпкер тіркеген қызметкерлерге сай, салықтарды автоматты түрде төлейтін онлайн бухгалтерия ашылып, оның бизнесінің 910 нысанын жасалып шықты.

"Цифрлық банк жүйесін жасамас бұрын кәсіпкерлерге "банктің қандай қызметтері керек" екенін сұрап білдік. Сондықтан жаңа ештеңе ойлап тапқан жоқпыз, тек кәсіпкерлердің қалауына сай, күнделікті банктік операцияларды едәуір жеңілдететін және олардың бизнесін жүргізуге әрі дамытуға көмектесетін цифрлық банк құрдық", — деп атап өтті Дамир Какиев.

Форум аясында HCB Вusiness цифрлық банкінің серіктестерін марапаттау рәсімі өтіп, "Collaborate" номинациясы бойынша Payda жобасын жасаушы Ердос Әлібек пен Visa Kazakhstan басшысы Кристина Дорошқа жүлделер табысталды. Инновациялық креативті шешімдері үшін "Innovate" номинациясы бойынша жүлдені red_mad_robot Central Asia компаниясының басшысы Агиис Қонқабаеваға табысталды. Жаңа сервисте алғашқы болып шот ашқаны үшін "Elevate" номинациясы Александр Сысоев, Жанар Суханбердиева және Жұлдыз Ұзақбаева мен Камила Қайратоваға табысталды. 

Home Credit Bank – жеке тұлғалар үшін ғана емес, бизнес үшін де қызмет көрсету саласын белсене дамытып келе жатқан Қазақстандағы жалғыз еуропалық банк. 6 ай ішінде банк цифрлық банкингті іске қосып, оны дамытуға екі жылда елге 20 млн доллар инвестиция тартып, 400 астам жұмыс орнын ашқан жаңа жобаларға қолдау көрсетті.

Айта кетейік, HCB Вusiness мобильді қосымшасын Play Market және AppStore дүкендерінен жүктеуге болады. Ондағы барлық операциялар 2024 жылдың 1 сәуіріне комиссиясыз жұмыс істейді.


Автор: Даулет Байгонусов

Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.