Алматыда ер адам бірнеше такси жүргізушісін алдап кеткен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: polisia.kz

27 жастағы ер адам қаланың төрт тұрғынын алдап кеткен. Келтірілген шығын көлемі 10 мыңнан 15 мың теңгеге дейін өзгеріп отырған.

"Тергеу барысында күдіктінің такси шақырып, жолда жүргізушінің сеніміне кіріп, біраз уақытқа белгілі бір соманы қарызға беруін өтініп, "жұмысқа" оралған соң қайтаруға уәде берген. Кейбір такси жүргізушілері еш ойланбастан белгісіз біреуге көмектескен. Бізге төрт адам шағымданды. Күдікті қамауға алынды", – деді Медеу аудандық полиция бөлімінің бастығы Әбдінұр Тасыбаев.

Ер адам бұған дейін де бірнеше ұрлық жасағаны үшін сотталғаны анықталды.

Еске салсақ, бұған дейін Алматыда жол ақысын төлемеу үшін такси жүргізушісін аяусыз өлтірген жасөспірімдердің сотталғаны туралы жазған едік. 


Автор: Даулет Байгонусов

Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.