Танымал тележүргізуші, продюсер Динара Сәтжан жеке өміріндегі соңғы жаңалықтарын айтты. Одан кейін өзі тұрып жатқан зәулім үйін көрсетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі ALIBEKOVKZ арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: Видеодан скриншот

Продюсердің айтуынша, екіқабатты зәулім үйі Астананың қымбат тұрғын үй кешендерінің 12 қабатында орналасқан. Пентхаустың жалпы ауданы – 320 шаршы метр. Пентхаустың құны – 100 миллион теңге. 

“Мен үйдің жайлы болғаны өте маңызды. Үйге қонақ өте көп келеді. Түрлі үйлерді көріп жүрміз. Қымбат әрі сәнді дизайн болғанымен, салқындық байқалады. Маған өзімнің үйім ұнайды. Өміріме қажет заттардың бәрі бар. Бір жылдай ата-анаммен бірге тұрдық. Өйткені олар үйлеріне жөндеу жұмыстарын жүргізді. Бірінші қабатта менің ғана жатын бөлмем бар. Көріп тұрғаныңдай, қабырға толған картиналар. Мен отандық өнімдердің қолдаушысымын. Сурет көрмелерінде өзіме ұнаған картиналарды сатып аламын”, – дейді тележүргізуші. 

  • "Табыс бар, талғам жоқ": Тұрсынбек Қабатовтың әйелі қандай үйде тұрып жатқанын көрсетті

  • "Өзім ғана кіре алатын қойма бар": Қарақат Әбілдина жаңа үйіне рум тур жасады

Сонымен қатар, тележүргізуші жеке өміріндегі ел білмейтін жаңалығын да бөлісті.

"Екінші жартымды, сүйіктімді тапқан секілдімін. Жақын арада саусағыма жүзік тағады деп ойлаймын. Бәрі нақты болған кезде өмірімдегі ер адамды жұртқа көрсетемін. Біздің үйлену тойды дүркіретіп өткізбейміз, өйткені бақыт тыныштықты жақсы көреді. Маған үнемі ер адамның үлкен болғаны ұнайтын, арамыз кем дегенде 5 жас болуы керек", –деп ағынан жарылды продюсер. 

Фото: Видеодан скриншот

Еске салайық, Динара Сәтжан не үшін шетелдік өнер жұлдыздарына шапан жабатынын түсіндіргенін жазған едік. 


Автор: Жанара Кенжебекова

Жанара — исследовательница культуры и традиций. Ее статьи поднимают важные темы многообразия культур Казахстана.