Мәжіліс депутаты Таңсәуле Серіков "Ақпаратқа қолжетімділік және қоғамдық қатысу туралы" заң жобасына қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: parlam.kz

"Ақпаратқа қол жеткізу және қоғамдық қатысу туралы" заң жобасын талқылау барысында бүгінде мүмкіндігі шектеулі жандардың ақпаратқа қол жеткізуі шектеулі екені айтылған еді. Сондықтан ақпаратқа қол жеткізу туралы заңға мүгедектердің мүдделерін ескеру принципін, мүгедектердің ақпаратқа қолжетімділігін анықтайтын жеке тармақша қосу ұсынылды.

Алайда заң жобасын мәжіліс депутаты, арбаға таңылған бірінші топтағы мүгедек Таңсәуле Серіков сынға алды.

"Мүгедектерден қуыршақ жасаудың қажеті жоқ. Мүмкіндігі шектеулі жандардың артына тығылмаңыздар. Мүмкіндігі шектеулі жандарға жағдай жасаймыз деп, бізді кінәлі қылып отырсыз. Мүмкіндігі шектеулі жандардың құқығын қорғау үшін алты фракциядан алты депутат отыр. Артымызда 720 мың мүгедек бар. Мұндай өзгеріс енгізудің қажеті шамалы", – деді Серіков.

Мәжілісмен ақпараттық порталды мүмкіндігі шектеулі жандарға қолжетімді етуді ұсынды.

"Мүмкіндігі шектеулі жандарға жағдай жасау үшін әлеуметтік кодекс бар. Норманы сол жерде де енгізе аламыз. Мұны басқа жерде жасаудың қажеті жоқ. Жасасаңыз, мүмкіндігі шектеулі жандардың игілігі үшін жасаңыз", – деп түйіндеді сөзін мәжілісмен.

Таңсәуле Серіков "Ақпаратқа қолжетімділік туралы" заң жобасын сынға алған жалғыз депутат емес. Бұған дейін мәжілісмен Маггерам Маггерамов та бұл заң жобасына қарсылық білдірген. 


Автор: Айгерим Жумабаева

Айгерим — опытный редактор с богатым опытом в изучении и письме о культуре и истории. Ее страсть к языкам и письму помогает создавать увлекательные тексты.