Регламентi Жалпы ережелер



жүктеу 137.22 Kb.
Дата12.05.2019
өлшемі137.22 Kb.
түріРегламент


Шығыс Қазақстан облысы

әкімдігінің

2016 жылғы «14» наурыз

№ 70 қаулысымен

бекітілген
 

«Агроөнеркәсіптік кешен субъектісі инвестициялық салынымдар кезінде жұмсаған шығыстардың бір бөлігінің орнын толтыру бойынша субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет

регламентi



  1. Жалпы ережелер

 

1. «Агроөнеркәсіптік кешен субъектісі инвестициялық салынымдар кезінде жұмсаған шығыстардың бір бөлігінің орнын толтыру бойынша субсидиялау»мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттiк көрсетілетін қызмет) облыстың жергілікті атқарушы органы көрсетеді.

Өтінішті қабылдауды және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беруді«Қазагромаркетинг» акционерлік қоғамы(бұдан әрі - оператор) жүзеге асырады.


  1. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны - қағаз түрінде.

  2. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі -инвестициялық субсидиялау мәселелері бойынша облыс әкімі орынбасарының төрағалығымен өткен, комиссия хатшысының қолы қойылған және мөрімен расталған комиссия отырысы хаттамасынан үзінді көшірме.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны -қағаз түрінде.

2.Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау
4. Мемлекеттiк қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі)жүгінген кездеҚазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 16 қарашадағы № 9-3/999 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 12520) бұйрығымен бекітілген «Агроөнеркәсіптік кешен субъектісі инвестициялық салынымдар кезінде жұмсаған шығыстардың бір бөлігінің орнын толтыру бойынша субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - стандарт) 9-тармағына сәйкес құжаттарының болуы негіз болып табылады.

5.Мемлекеттiк қызмет көрсету процесініңқұрамына кіретін рәсімдердің(іс-қимылдардың) мазмұны,орындалу ұзақтығы:

1-іс-қимыл – көрсетілетін қызметті алушылардың өтінімдерін қарау және инвестициялық субсидиялар беру/беруден бас тарту туралы шешімдер қабылдау үшін облыс әкімі инвестициялық субсидиялау мәселелері жөніндегі комиссия (бұдан әрі – комиссия) құрады;

Комиссияның жұмыс органы облыстың ауыл шаруашылығы басқармасы (бұдан әрі – жұмыс органы) болып табылады;

2-іс-қимыл – әр қаржы жылдың басында комиссия көрсетілетін қызметті алушының объектісін қарап-тексеру және өндірістік қуаттылықтардың жүктемелеріне жеткендігіне көз жеткізу үшін хаттамалық шешіммен жұмыс органының және басқа да ұйымдардың мамандар тобын айқындайды;

3-іс-қимыл –жұмысорганыкөрсетілетін қызметті алушылардыңөтінімдеріналдыналақарау,субсидиялардыесептеужәнеөтінімдердіңҚазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 7 тамыздағы № 9-3/726 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 12305) бұйрығымен бекітілгенИнвестициялықсалымдаркезіндеагроөнеркәсіптіккешенсубъектісішеккеншығыстардыңбірбөлігінөтеубойыншасубсидиялауқағидаларының (бұданәрі–Қағидалар)талаптарынасәйкестігінтексерумақсатындажұмысорганыөкілдеріненсараптамалықкомиссияқұрады;

4-іс-қимыл – жұмыс органы мен оператор арасындағы өзара қатынастарды реттеу үшін жыл сайын тиісті жылдың 25 қаңтарына дейін оператор көрсететін қызметтеріне төлемақы сомасын көрсете отырып, оператордың қызметтер көрсетуі тәртібін, шарттарын, сондай-ақ тараптардың жауапкершілігін және өзге де шарттарды көздейтін инвестициялық субсидиялау бойынша оператордың қызметтер көрсетуі жөніндегі шарт (бұдан әрі – қызметтер көрсету жөніндегі шарт) жасалады;

5-іс-қимыл –оператор қызметтер көрсету жөніндегі шарт күшіне енгеннен кейін облыс аумағында таралатын бұқаралық ақпарат құралдарында және көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында мемлекеттік және орыс тілдерінде инвестициялық субсидиялау үшін көрсетілетін қызметті алушылардан өтінімдер қабылдау басталғаны туралы хабарландыру орналастырады;

6-іс-қимыл –операторкөрсетілетін қызметті алушыдан өтінімді қабылдайды және өтінімдерді тіркеу журналында инвестициялық бағыттар топтары бойынша тіркейді. Орындалу ұзақтығы операторға құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап – 60 (алпыс) минут;

7-іс-қимыл –операторкөрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың толықтығын тексереді және сараптамалықкомиссияотырысыншақырутуралыжазбашахабарламаныоныңмүшелерінежібереді. Орындалу ұзақтығы – 7 (жеті) жұмыс күні ішінде;

8-іс-қимыл –көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі көрсетілетін қызметті алушылардың оператордан келіп түскен өтінімдерін қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады.Орындалу ұзақтығы – 60 (алпыс) минут ішінде;

9-іс-қимыл – жұмыс органының басшысы оператордан келіп түскен құжаттарды сараптамалық комиссия мүшелеріне қарау үшін жолдайды. Орындалу ұзақтығы – 1 (бір) жұмыс күні ішінде;

10-іс-қимыл –сараптамалық комиссияоператордан келіп түскен өтінімдерді қарайды, көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың толықтығын тексереді, олардың Қағидаларға сәйкестігін қарайды, субсидиялар есептемелерін жасайды және жобаның инвестициялық субсидиялауға сәйкестігі/сәйкес еместігі туралы сараптамалық комиссияның қорытындысын дайындайды.Орындалу ұзақтығы – 7 (жеті) жұмыс күні ішінде;

11-іс-қимыл –оператор сараптамалық комиссияөтінімдерді қарағаннан кейін комиссияотырысыншақырутуралыжазбашахабарламаныоныңмүшелерінежолдайды.Орындалу ұзақтығы – 3 (үш) жұмыс күні ішінде;

12-іс-қимыл – комиссия бір кезеңде қаралатын жобалар бойынша көрсетілетін қызметті алушыға инвестициялық субсидиялар беру не беруден бас тарту туралы шешім қабылдайды. Орындалу ұзақтығы – 1 (бір) жұмыс күні ішінде.

Екі кезеңде қаралатын жобалар бойынша, комиссия бірінші кезеңдекөрсетілетін қызметті алушының осы Қағидаларға сәйкестігі/сәйкес еместігі туралы шешім қабылдайды, екінші кезеңде көрсетілетін қызметті алушыға инвестициялық субсидиялар беру не беруден бас тарту туралы шешім қабылдайды.

Даулы мәселелер болған кезде, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушының өтінімінде қамтылған мәліметтерді нақтылау мақсатында комиссия:


  1. жұмыс органының және басқа да ұйымдардың құрылған мамандар тобын көрсетілетін қызметті алушының объектісін қарап-тексеру және өндірістік қуаттылықтардың жүктемелеріне жеткендігіне көз жеткізу үшін жібере;

  2. қосымша құжаттарды сұрата және операторға ауыл шаруашылығы саласындағы тиісті мамандарды не тәуелсіз сарапшыларды тартуды тапсыра алады. Бұл талап көрсетілетін қызметті алушының қызметтер көрсетуге арналғаншартта көзделген қаражат шеңберінде орындалады;

  3. қажетті ақпаратты көрсетілетін қызметті алушының өзінен жазбаша нысанда сұрата алады.

Аталған жағдайда көрсетілетін қызметті алушының өтінімі комиссияның кезекті отырысына қайтадан енгізіледі;

13-іс-қимыл –оператор комиссия отырысының хаттамасына комиссия мүшелері қол қойғаннан кейін көрсетілетін қызметті алушыларға комиссия хатшысының қолы қойылған және жұмыс органының мөрімен расталған комиссия отырысы хаттамасынан үзінді көшірмені жолдайды.Орындалу ұзақтығы – 3 (үш) жұмыс күні ішінде;

14-іс-қимыл –көрсетілетін қызметті алушыға инвестициялық субсидия беру туралы комиссияның шешімінің негізінде инвестициялық субсидия беру үшін жұмыс органы, операторжәне көрсетілетін қызметті алушы арасында үш жақты инвестициялық субсидиялау шарты, сондай-ақ сатып алынатын жабдықтарды, техниканы мақсатты пайдалану және субсидиялау сәтінен бастап 3 (үш) жыл ішінде иеліктен шығармау туралы келісімжасалады.Орындалу ұзақтығы – 8 (сегіз) жұмыс күні ішінде;

15-іс-қимыл –операторинвестициялық субсидиялау шартына қол қойылғаннан кейін жұмыс органына әрбір көрсетілетін қызметті алушы бойынша инвестициялық субсидияларды аудару туралы ұсыныс енгізеді. Орындалу ұзақтығы – 3 (үш) жұмыс күні ішінде;

16-іс-қимыл – жұмыс органы аумақтық қазынашылық бөлімшесіне ақы төлем шоттарының тізілімін ұсынады.Орындалу ұзақтығы – 1 (бір) жұмыс күні ішінде.

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі операторға құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап – 43 (қырық үш) жұмыс күні.

6. Осы Регламенттің 5тармағында көрсетілген 1-іс-қимылдың нәтижесі облыс әкімінің инвестициялық субсидиялау мәселелері жөніндегі комиссия құру туралы өкімі болып табылады, ол 2-іс-қимылды орындау үшін негіз болады.

Осы Регламенттің 5тармағында көрсетілген 2-іс-қимылдың нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының объектісін қарап-тексеру және өндірістік қуаттылықтардың жүктемелеріне жеткендігіне көз жеткізу үшін жұмыс органының және басқа да ұйымдардың мамандары тобын айқындау туралы комиссияның хаттамалық шешімі болып табылады, ол 3-іс-қимылды орындау үшін негіз болады.

Осы Регламенттің 5тармағында көрсетілген 3-іс-қимылдың нәтижесі көрсетілетін қызметті алушылардыңөтінімдерінқарау жөніндегі сараптамалық комиссия құру туралы жұмыс органының басшысының бұйрығы болып табылады, ол 4-іс-қимылды орындау үшін негіз болады.

Осы Регламенттің 5тармағында көрсетілген 4-іс-қимылдың нәтижесі жұмыс органы мен оператордың арасында жасалған инвестициялық субсидиялау бойынша оператордың қызметтер көрсетуі жөніндегі екі жақты шарт болып табылады, ол 5-іс-қимылды орындау үшін негіз болады.

Осы Регламенттің 5тармағында көрсетілген 5-іс-қимылдың нәтижесі оператордың инвестициялық субсидиялау үшін көрсетілетін қызметті алушылардан өтінімдер қабылдау басталғаны туралы хабарландыру орналастыруыболып табылады, ол 6-іс-қимылды орындау үшін негіз болады.

Осы Регламенттің 5 тармағында көрсетілген 6-іс-қимылдың нәтижесі оператордың көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын өтінімдерді тіркеу журналында инвестициялық бағыттар топтары бойынша тіркеуі болып табылады, ол 7-іс-қимылды орындау үшін негіз болады.

Осы Регламенттің 5 тармағында көрсетілген 7-іс-қимылдың нәтижесі оператордыңсараптамалықкомиссияотырысыншақырутуралыжазбашахабарламаныоныңмүшелерінежіберуі болып табылады,ол 8-іс-қимылды орындау үшін негіз болады.

Осы Регламенттің 5 тармағында көрсетілген 8-іс-қимылдың нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі маманының оператор ұсынған құжаттарды тіркеуі болып табылады, ол 9-іс-қимылды орындау үшін негіз болады.

Осы Регламенттің 5 тармағында көрсетілген 9-іс-қимылдың нәтижесіжұмыс органының басшысының оператордан келіп түскен құжаттарды сараптамалық комиссия мүшелеріне қарау үшін жолдауы болып табылады, ол 10-іс-қимылды орындау үшін негіз болады.

Осы Регламенттің 5 тармағында көрсетілген 10-іс-қимылдың нәтижесі жобаның инвестициялық субсидиялауға сәйкестігі/сәйкес еместігі туралы сараптамалық комиссияның қорытындысы болып табылады, ол 11-іс-қимылды орындау үшін негіз болады.

Осы Регламенттің 5 тармағында көрсетілген 11-іс-қимылдың нәтижесі оператордың комиссияны шақырутуралыжазбашахабарламаныоныңмүшелерінежолдауыболып табылады, ол 12-іс-қимылды орындау үшін негіз болады.

Осы Регламенттің 5 тармағында көрсетілген 12-іс-қимылдың нәтижесі комиссияның көрсетілетін қызметті алушының Қағидалардың шарттарына сәйкестігі/сәйкес еместігі туралы, көрсетілетін қызметті алушыға инвестициялық субсидия беру не беруден бас тарту немесе көрсетілетін қызметті алушының өтінімін комиссияның кезекті отырысына қайтадан енгізу туралы хаттамалық шешім қабылдауы болып табылады, ол 13-іс-қимылды орындау үшін негіз болады.

Осы Регламенттің 5 тармағында көрсетілген 13-іс-қимылдың нәтижесі оператордың көрсетілетін қызметті алушыларға комиссия отырысы хаттамасынан үзінді көшірмені жолдауы болып табылады, ол 14-іс-қимылды орындау үшін негіз болады.

Осы Регламенттің 5 тармағында көрсетілген 14-іс-қимылдың нәтижесі жұмыс органы, операторжәне көрсетілетін қызметті алушы арасында үш жақты инвестициялық субсидиялау шартын, сондай-ақ сатып алынатын жабдықтарды, техниканы мақсатты пайдалану және субсидиялау сәтінен бастап 3 (үш) жыл ішінде иеліктен шығармау туралы келісімжасау болып табылады, ол 15-іс-қимылды орындау үшін негіз болады.

Осы Регламенттің 5 тармағында көрсетілген 15-іс-қимылдың нәтижесі оператордыңжұмыс органына әрбір көрсетілетін қызметті алушы бойынша инвестициялық субсидияларды аудару туралы ұсыныс енгізуі болып табылады, ол 16-іс-қимылды орындау үшін негіз болады.

Осы Регламенттің 5 тармағында көрсетілген 16-іс-қимылдың нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің аумақтық қазынашылық бөлімшесіне ақы төлем шоттарының тізілімін ұсынуыболып табылады.



3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау


  1. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметтіберушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:

  1. облыс әкімі;

  2. сараптамалық комиссия;

  3. оператор;

  4. көрсетілетін қызметтіберушінің кеңсесінің маманы;

  5. жұмыс органының басшысы;

  6. комиссия.

  1. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті рәсімдердің
    (іс – қимылдардың) сипаттамасы:

  1. облыс әкімі көрсетілетін қызметті алушылардың өтінімдерін қарау үшін комиссия құрады және инвестициялық субсидиялар беру/беруден бас тарту туралы шешімдер қабылдайды;

  2. әр қаржы жылдың басында комиссия көрсетілетін қызметті алушының объектісін қарап-тексеру және өндірістік қуаттылықтардың жүктемелеріне жеткендігіне көз жеткізу үшін хаттамалық шешіммен жұмыс органының және басқа да ұйымдардың мамандары тобын айқындайды;

  3. жұмыс органы көрсетілетін қызметті алушылардың өтінімдерін алдын ала қарау, субсидияларды есептеу және өтінімдердің Қағидалардың талаптарына сәйкестігін тексеру үшін жұмыс органы өкілдерінен сараптамалық комиссия құрады;

  4. жұмыс органы мен оператор арасындағы өзара қатынастарды реттеу үшін жыл сайын тиісті жылдың 25 қаңтарына дейін оператор көрсететін қызметтеріне төлемақы сомасын көрсете отырып, оператордың қызметтер көрсетуі тәртібін, шарттарын, сондай-ақ тараптардың жауапкершілігін және өзге де шарттарды көздейтін оператордың қызметтер көрсетуі жөніндегі шарт жасалады;

  5. оператор қызметтер көрсету жөніндегі шарт күшіне енгеннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде облыс аумағында таралатын бұқаралық ақпарат құралдарында және көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында мемлекеттік және орыс тілдерінде инвестициялық субсидиялау үшін көрсетілетін қызметті алушылардан өтінімдер қабылдау басталғаны туралы хабарландыру орналастырады;

  6. оператор 60 (алпыс) минут ішінде көрсетілетін қызметті алушыдан өтінімді қабылдайды және өтінімдерді тіркеу журналында инвестициялық бағыттар топтары бойынша тіркейді. Журнал нөмірленеді, тігіледі және жұмыс органының мөрімен бекітіледі;

  7. оператор көрсетілетін қызметті алушылардан өтінімдер болған кезде7 (жеті) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушылар ұсынған құжаттардың толықтығын тексереді және сараптамалық комиссия отырысын шақыру туралы жазбаша хабарламаны оның мүшелеріне жібереді. Сараптамалық комиссияның отырысын өткізу орнын, уақытын және күнін оператор сараптамалық комиссияның төрағасымен келісім бойынша айқындайды.

Құжаттар топтамасын толықтай ұсынбаған жағдайда, оператор көрсетілетін қызметті алушыны қажетті құжаттардың жоқ екендігі туралы жазбаша нысанда хабардар етеді.

Көрсетілетін қызметті алушы жетіспейтін құжаттарды бермеген жағдайда өтінім құжаттар топтамасы толық емес екендігі туралы ақпаратпен бірге сараптамалық комиссияның қарауына жолданады.

Осы Қағидалардың 6-тармағының үшінші бөлімінде көзделген жағдайларда, оператор комиссия отырысына ұқсас жабдықтардың құны туралы кемінде екі өндірушіден (ресми дилерлерден), не ашық көздерден алынған мәліметтерді ұсынады;


  1. көрсетілетін қызметтіберушінің кеңсесі 60 (алпыс) минут ішінде көрсетілетін қызметті алушылардың оператордан келіп түскен өтінімдерін қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады;

  2. жұмыс органының басшысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде оператордан келіп түскен құжаттарды сараптамалық комиссия мүшелеріне қарау үшін жолдайды;

  3. сараптамалық комиссия 7 (жеті) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушылардан келіп түскен өтінімдерді қарайды, ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді, олардың Қағидаларға сәйкестігін қарайды, субсидиялар есептемелерін жасайды және Қағидаларға6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жобаның инвестициялық субсидиялауға сәйкестігі/сәйкес еместігі туралы сараптамалық комиссияның қорытындысын (бұдан әрі – қорытынды) дайындайды, ол комиссия отырысының материалдарына қоса беріледі.

  4. оператор сараптамалық комиссия өтінімдерді қарағаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде комиссия отырысын шақыру туралы оның мүшелеріне жазбаша хабарлама жолдайды. Комиссия отырысын өткізу орнын, уақытын және күнін комиссия төрағасымен келісім бойынша оператор айқындайды;

  5. комиссия 1 (бір) жұмыс күні ішіндебір кезеңде қаралатын жобалар бойынша көрсетілетін қызметті алушыға инвестициялық субсидиялар беру не беруден бас тарту туралы шешім қабылдайды.

Екі кезеңде қаралатын жобалар бойынша, комиссия бірінші кезеңде көрсетілетін қызметті алушының осы Қағидаларға сәйкестігі/сәйкес еместігі туралы шешім қабылдайды, екінші кезеңде көрсетілетін қызметті алушыға инвестициялық субсидиялар беру не беруден бас тарту туралы шешім қабылдайды (1 (бір) жұмыс күні ішінде).

Даулы мәселелер болған кезде, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушының өтінімінде қамтылған мәліметтерді нақтылау мақсатында комиссия:

жұмыс органының және басқа да ұйымдардың құрылған мамандар тобын 5 (бес) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушының объектісін қарап-тексеру және өндірістік қуаттылықтардың жүктемелеріне жеткендігіне көз жеткізу үшін жібере;

қосымша құжаттарды сұрата және операторға 3 (үш) жұмыс күні ішінде ауыл шаруашылығы саласындағы тиісті мамандарды не тәуелсіз сарапшыларды тартуды тапсыра алады. Бұл талап көрсетілетін қызметті алушының қызметтер көрсетуге арналған шартта көзделген қаражат шеңберінде орындалады;

қажетті ақпаратты 1 (бір) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушының өзінен жазбаша нысанда сұрата алады.

Аталған жағдайда көрсетілетін қызметті алушының өтінімі комиссияның кезекті отырысына қайтадан енгізіледі;

13)оператор комиссия отырысының хаттамасына комиссия мүшелері қол қойғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушыларға комиссия хатшысының қолы қойылған және жұмыс органының мөрімен расталған комиссия отырысы хаттамасынан үзінді көшірмені жолдайды;

14) көрсетілетін қызметті алушыға инвестициялық субсидия беру туралы комиссияның шешімінің негізінде инвестициялық субсидия беру үшін жұмыс органы, оператор және көрсетілетін қызметті алушы арасында үш жақты инвестициялық субсидиялау шарты, сондай-ақ сатып алынатын жабдықтарды, техниканы мақсатты пайдалану және субсидиялау сәтінен бастап 3 (үш) жыл ішінде иеліктен шығармау туралы келісімжасалады.Инвестициялық субсидиялау шартына және мақсатты пайдалану туралы келісімге мынадай тәртіппен қол қойылады:

оператор мен көрсетілетін қызметті алушы арасында комиссия шешім қабылдаған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде;
      жұмыс органы оператордан инвестициялық субсидиялау шартын алған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде;

15) оператор инвестициялық субсидиялау шартына қол қойылғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде жұмыс органына әрбір көрсетілетін қызметті алушы бойынша инвестициялық субсидияларды аудару туралы ұсыныс енгізеді;



16)көрсетілетін қызметті беруші 1 (бір) жұмыс күні ішінде аумақтық қазынашылық бөлімшесіне ақы төлем шоттарының тізілімін ұсынады.

9. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдер (іс-қимылдар) реттілігінің, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының толық сипаттамасы осы Регламентке қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы «электрондық үкімет» веб-порталында, көрсетілетін көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында орналастырылады.
Каталог: assets
assets -> 017 ж қаңтар 31 қаңтар дсұ санитарлық және фитосанитарлық шаралар бойынша Комитетпен жарияланған хабарламалар тізімі
assets -> Тоо "Аксесс Энерго птэц-2" объявляет о проведении тендера по закупкам следующих материальных, финансовых ресурсов и услуг: раз
assets -> Конверттерді ашу хаттамасы
assets -> Конкурсқа қатысуға жіберу туралы хаттама
assets -> Егемен Қазақстан. – 2014. №209. – 25 қазан Егемен-ақпарат Ақын қолымен жазылған өлең «Сәкеннің қоштасуы»


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет