Ресей тумасы Александр Шевченко ел азаматтығын алды. Енді келесі аптадан бастап Қазақстан үшін ойнайды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Александр Шевченконың желідегі парақшасынан

Бұл туралы теннисші өзінің Instagram парақшасында айтты. 

“Баршаңызға сәлем! Барлықтарыңызға келесі аптадан бастап теннис кортында Қазақстан үшін ойнайтынымды жеткізгім келеді. Бұл жаңалықпен мақтанамын және кортта ойнау арқылы өзіме және елге есте қалар сәттер сыйлағым келеді”, — деген жазба жариялады.

Александр Шевченко 29 қараша 2000 жылы Ресейдің Ростов на дону қаласында туған. Ол дәл қазір әлемнің 48-ракеткасы. Бір рет ATP 250 турнирінің финалында ойнаған. Ресей теннисшісі Анастасия Потаповаға (29-ракетка) жыл соңында үйленген.

Бұған дейін мәнерлеп сырғанаудан жасөспірімдер арасындағы Ресей Гран-при кезеңі және Ресей кубогы финалының жеңімпазы 16 жастағы Софья Самоделкинаның Қазақстан азаматтығын алғанын жазғанбыз.


Автор: Ербол Нурланов

Ербол — талантливый фотограф, зафиксировавший красоту природы и городской жизни Казахстана. Его работы придают нашим материалам визуальное великолепие.