Маңғыстауда бұзақылық жасағаны үшін жауапқа тартылған ақтөбелік шенеунік енді Байғанин аудандық мәдениет үйін басқарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Еуразия арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Қазақ зағиптар қоғамы Ақтөбе мәдениет үйінің экс-директоры Манас Көшербаев тағы да басшылық қызметке келген.

“Биыл 15 ақпанда Байғанин аудандық мәдениет үйінің директорының орнына конкурс жарияланған. Оған құжаттары конкурс талаптарына сәйкес келетін кез келген Қазақстан азаматы өтініш бере алады. Байқауға үш адам құжат тапсырыпты. Олардың қатарында Көшербаев Манас Маратұлы да болды. Конкурстық комиссия екі азаматтың біліктілігі талаптарға сай келмейтінін, екі үміткердің де басшылық қызметте болмағанын анықтады. Ал Манас Көшербаевтың құжаттары барлық талаптарға сай болды. Сондықтан 6 наурызда Манас Көшербаев Байғанин аудандық мәдениет үйінің меңгерушісі болып тағайындалды”, – деп мәлімдеді Байғанин аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі.

Еске сала кетейік, 2023 жылы Маңғыстау облысындағы Ыбықты Сай шатқалында бұзақылық жасап, қабырғаға ойып, жазу жазған шенеунік ұсталған еді. Видеодағы ер адам ақтөбелік шенеунік екені анықталды.

Маңғыстаудағы жанжалдан кейін қазақ зағиптар қоғамы Ақтөбе мәдени орталығының директоры Манас Көшербаев өз еркімен жұмыстан кету туралы арыз жазды.


Автор: Ербол Нурланов

Ербол — талантливый фотограф, зафиксировавший красоту природы и городской жизни Казахстана. Его работы придают нашим материалам визуальное великолепие.