АҚШ-та 2023 жылдың қазанында Powerball лотереясынан 1,76 миллиард доллар ұтып алған адамның кім екені белгілі болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі New York Post басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

65 жастағы Теодорус Страйк Калифорния шатындағы Фрейзер-Парк ауылында тұрады екен. Ер адам Гавайи аралында дүниеге келген, ұлы мен немерелері бар.

Лотереяны ұтып алғанға дейін Страйкта қаржылай мәселелер болыпты. Сондай-ақ 86,7 мың долларға сатып алған қайта үйін кепілге қойған. Ал қаңтарда ипотекасын толық жауыпты. 

Жеңімпаздың көршісі ер адамның немерелерін жақсы көретінін айтқан. Ал наурыз айынан бастап оның жер теліміне кірер жолда "Бөгде адамдарға өтуге болмайды" деген тақтайша пайда болған. 


Автор: Айгерим Жумабаева

Айгерим — опытный редактор с богатым опытом в изучении и письме о культуре и истории. Ее страсть к языкам и письму помогает создавать увлекательные тексты.