Республиканское государственное учреждение «национальный банк республики казахстан»



жүктеу 68.9 Kb.
Дата14.03.2018
өлшемі68.9 Kb.


ҚР ӘМ 2014 жылғы 25 маусымдағы № 9535 тіркелген



«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

ҰЛТТЫҚ БАНКІ»
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ

МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ





РЕСПУБЛИКАНСКОЕ

ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ
«НАЦИОНАЛЬНЫЙ БАНК

РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН»


БАСҚАРМАСЫНЫҢ

ҚАУЛЫСЫ




ПОСТАНОВЛЕНИЕ

ПРАВЛЕНИЯ

Алматы қаласы







город Алматы


2014 жылғы 6 мамыр 78




Кредит (қарыз) және оның сыйақысы бойынша үмітсіз берешекті кешіру қағидаларын және негіздерін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне оңалту
 және банкроттық, салық салу мәселелері бойынша
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Кредит (қарыз) және оның сыйақысы бойынша үмітсіз берешекті кешіру қағидалары және негіздері бекітілсін.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға қолданылады және 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады.

 

 



Ұлттық Банк

Төрағасы

 

Қ. Келімбетов

 
КЕЛІСІЛДІ

Қазақстан Республикасы

Қаржы министрлігі

Б. Сұлтанов

2014 жылғы «27» мамыр 

Қазақстан Республикасының

Ұлттық Банкі Басқармасының

2014 жылғы 6 мамырдағы

№ 78 қаулысымен

бекітілді


 

 

Кредит (қарыз) және оның сыйақысы бойынша үмітсіз берешекті кешіру қағидалары және негіздері

 

1. Осы Кредит (қарыз) және оның сыйақысы бойынша үмітсіз берешекті кешіру қағидалары және негіздері (бұдан әрі – Қағидалар) «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексiнің (Салық кодексі) (бұдан әрі – Салық кодексі) 90-бабы 2-тармағының 8) тармақшасына сәйкес әзірленді және екінші деңгейдегі банктердің (бұдан әрі – банк) кредит (қарыз) және оның сыйақысы бойынша үмітсіз берешекті кешіру негіздерін және тәртібін белгілейді.



Осы Қағидалар банк өзара байланысты тараптарға не Салық кодексіне сәйкес кредит (қарыз) жөніндегі шартты жасау күнінен бастап берешекті кешіру күніне дейін танылатын өзара байланысты тараптардың міндеттемелері бойынша үшінші тұлғаларға берген кредит (қарыз) бойынша берешек кешірілген кезде осы Қағидалар қолданылмайды.

2. Кредит (қарыз) және оның сыйақысы бойынша үмiтсiз берешекті кешіру Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес борышты кешіру нәтижесінде кредит (қарыз) және оның сыйақысы бойынша талап ету құқығын тоқтату, сондай-ақ «Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы» 1995 жылғы 23 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес негізгі міндеттеме сомасынан төмен бағамен соттан тыс тәртіппен сауда-саттықтан ипотекалық шарт жасаған күні негізгі міндеттемені толық қамтамасыз еткен кепіл мүлікті кепілге берілген мүлкін сатудан кейін өтелмеген кредиттің (қарыздың) сомасына сату кезінде кредит (қарыз) және оның сыйақысы бойынша талап ету құқығын тоқтату болып танылады.

Кредит (қарыз) бойынша үмітсіз берешекке Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген негіздер бойынша банкроттық және тарату кезеңіндегі қарыз алушылардың кредит (қарыз) бойынша берешегі кірмейді.

Кредиттің (қарыздың) негізгі борышы бойынша берешек те, оның сыйақысы бойынша берешек те осындай кредит (қарыз) бойынша үмітсіз берешек болып табылады.

3. Қағидаларға сәйкес кредит (қарыз) бойынша үмітсіз берешек деп бір мезгілде мынадай талаптарға сәйкес келетін кредит (қарыз) бойынша берешек түсініледі:

1) осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген жағдай басталған күнінен бастап кредит (қарыз) және (немесе) оның сыйақысы бойынша берешек бойынша төлем мерзімі өткен күндердің саны күнтізбелік бір жүз сексен және одан көп күн құрайды;



2) халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес берешектің кешіруге жататын бөлігінің кемінде жүз пайызы мөлшерінде резервтер (провизиялар) қалыптастырылды не Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 25 ақпандағы № 65 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8670 тіркелген) бекітілген Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес провизиялар (резервтер) құру қағидаларына сәйкес бұрын қалыптасқан резервтер (провизиялар) есебінен Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес салық төлеушінің борышкерге талап ету құқықтарын тоқтатпай берешек бойынша есептен шығару жүргізілді;

3) Қағидалардың 4-тармағында көзделген талаптардың біріне сәйкес келеді.

4. Қағидалардың 3-тармағының 3) тармақшасын қолдану мақсаттары үшін мынадай талаптар пайдаланылады:

1) кредит (қарыз) бойынша үмітсіз берешек бойынша төмендегі талаптардың біріне сәйкес келетін кепілге салынған мүлік түріндегі қамтамасыз етудің болуы:

кепілге салынған мүлік бойынша соттан тыс сауда-саттықтың сатып алушының болмауы немесе сауда-саттықты жеңіп алған тұлғаның сатып алу бағасын енгізбеуіне байланысты екі реттен көп болмауы;

Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 322-бабы 1-тармағының 2), 3) тармақшаларында көзделеген негіздер бойынша кепілдің тоқтатылуына байланысты кепілге салынған мүлікті өндіріп алу мүмкін емес;

кепіл ұстаушыға (банкке) байланысты емес себептер бойынша үмітсіз берешек бойынша кепілге салынған мүлік толық немесе ішінара жоғалған немесе бүлінген;

2) қарыз шартын жасау күні негізгі міндеттемені толық қамтамасыз еткен, кепілге салынған мүлікті негізгі міндеттеменің сомасынан төмен баға бойынша сатқаннан кейін, оның ішінде орындалмаған кепілдік, кепілдеме, тұрақсыздық айыбы түріндегі қамтамасыз ету болған кезде:

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сауда-саттықтан;

кепіл берушінің кепіл ұстаушының жазбаша келісімімен;

кепілге салынған мүлікті банк меншігіне айналдыру арқылы өткізгеннен кейін кредит (қарыз) бойынша берешектің болуы;

3) кредит (қарыз) беру күніне кепілді қамтамасыз етуі болмаған, не мемлекеттік тіркеуге жатпайтын кепілді қамтамасыз етуі болған кредит (қарыз) бойынша кешіру күніне тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған 1000 еселенген айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерде үмітсіз берешектің болуы.

5. Кредит (қарыз) бойынша барлық үмітсіз берешекті немесе бір бөлігін кешіру банктің басқару органы бекіткен Ішкі кредит саясаты туралы қағидаларда белгіленген банк органының әрбір кредит (қарыз) үмітсіз берешекті кешіру жөніндегі шешімі негізінде жүзеге асырылады, онда:

1) қарыз алушы;

2) кредит беру туралы жасалған шарт (банктік қарыз шарты);

3) кредиттік бюрода кредиттік тарих субъектісі жөніндегі ақпараттың болуы туралы мәліметтер, кешіру туралы шешім қабылданған өтелмеген үмітсіз берешектің жиынтық мөлшері көрсетіледі.

6. Кредит (қарыз) бойынша үмітсіз берешекті кешіру мынадай тәртіпте жүзеге асырылады:

1) Қағидалардың 5-тармағына сәйкес шешім қабылданады;

2) дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінде тұрған жеке тұлға немесе заңды тұлға болып табылатын қарыз алушының кредиті (қарызы) бойынша үмітсіз берешек кешірілген жағдайларда, банк қарыз алушыға кредиті (қарызы) бойынша үмітсіз берешегі кешірілгені туралы хабарлайды және қарыз алушы-салық төлеушінің орналасқан (тұрғылықты) жері бойынша салық органына Салық кодексінің 581-бабының 10) тармақшасында белгіленген тәртіпте қарыз алушыдан міндеттемелер есептен шығарылғаны туралы хабарлайды;



3) кешірілген берешек туралы мәліметтер кредиттік тарихтің субъектісі туралы ақпаратта көрсету үшін кредиттік бюроға ұсынылады.





Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет