Республики казахстан



жүктеу 0.85 Mb.
бет3/5
Дата07.03.2018
өлшемі0.85 Mb.
түріСамостоятельная работа
1   2   3   4   5

Қолданылған әдебиеттер:

1.     Сыздық Р. Тіл мәдениеті және оның проблемалары. // Р.Сыздық 


// Тілдік норма және оның қалыптануы. – Астана: Елорда, 2001. – 230 б.

2.     Кунапьянова А.Д., Аубакирова Л.Р. Тіл мәдениетінің өлшемдері және оған қойылатын талаптар.// «С. Аманжолов оқулары – 2004»: Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның материалдары. – Өскемен: С.Аманжолов атындағы ШҚМУ баспасы, 2004. – 464 б.

3.     Аубакирова Л.Р., Кунапьянова А.Д. Оқушылардың тіл мәдениетін қалыптастырудағы отбасының орны. /  Л.Р.  С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың жас ғалымдары конференциясының баяндамалары. –Өскемен: С.Аманжолов атындағы ШҚМУ баспасы, 2004. – 392 б.

4.     Қазақ ұлттық энциклопедиясы. Р.Әміров. Қазақ ауызекі тілінің синтаксистік ерекшеліктері. А., 1972.

5.     М.Серғалиев, Ш.Нұрғожина. Қазақ сөйлеу тілінің экспрессивті-эмоциональды лексикасы. А., 1995.

МИКРОМОДУЛЬ 2 «Кәсіби тілдің мазмұны, құрамы, ролі»
Практикалық сабақ № 8

Тақырыбы Мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейтудегі кәсіби қазақ тілінің рөлі. Кәсіби мәтін № 8

Сабақтың мазмұны. Кәсіби тілдің құзыреті және қолданым жиілігі. Мемлекеттік тілде қарым-қатынас және оның категориялары. Қарым-қатынас жасаудың түрлері. Қатынасымдағы тілдің құзыреті мен коммуникативтік қызметі. Кәсіби мәтінмен жұмыс.

Әдістемелік нұсқаулар:

Тіл қарым қатынас құралы

Ел тәуелсіздігін тіл тәуелсіздігімен астастыра қарап,  туған тілдің тұғырын биіктету қамы қолға алынғалы да біраз уақыт болып қалды. «Қазақстан    Республикасындағы    тіл    саясатының    тұжырымдамасы», «Қазақстан Республикасындағы  Тіл туралы Заң»  сияқты  стратегиялық маңызы бар құжаттардың дүниеге келуі осы бағытта жасалған оң қадамдар.

Тіл қарым-қатынас құралы. Адамның ой-өрісін, мәдени дәрежесін, ақыл-парасатын, рухани байлығын көрсететін айна. Тіл мәдениетінің өзектілігі әрқашан ескеріліп, қай халық болса да бұл мәселені айналып өткен емес. «Өнер алды - қызыл тіл» деп қазақ халқы да сөйлеу шеберлігіне үлкен мән берген. Қазіргі таңда тіл мәдениетінің көкейтестілігі арта түсті.

Қазақстан Республикасы Президентінің «Тілдерді қолдану мен дамыту бағдарламасында»: «Тілді дамыту - Қазақстан Республикасы мемлекеті саясатының аса өзекті бағыттарының бірі» , сондай-ақ «Мемлекеттік тілді оқытудың саны мен сапасына көңіл бөлу керек» делінген. Елбасы Н.Ә.Назарбаев: «Қазақстанның болашағы қазақ тілінде» - деп тұжырымдайды.

Ал қазақ халқының тіл келешегі мектеп оқушыларында. Көптеген ғылыми-педагогикалық   әдебиеттерді,   мерзімді   баспасөз   ақпараттарын талдап-зерттей   келе,   бүгінгі   күнгі   оқушылардың   сөз   саптауы   көңіл аударарлық     көпшілігінің    тіл    мәдениеті    төменгі     деңгейде     деген қорытынды жасауға болады.   Олар   өз   ойларын   дұрыс,   түсінікті   етіп   жеткізе алмайды, басы артық бос сөздерді көп қолданып, ойын шашыратып жібереді. Кейбірі орысша     сөздерді     қосып,     араластыра     сөйлесе,     бірі     жаргонмен диалектілермен сөйлегенді сән көреді. Бұл мәселе туралы көптеп айтылып та,   жазылып   та   жатыр.   Мысалы   педагогика   ғылымының докторы И. Нұғыманов пен 3. Қашқынбаева: «Оқушының жеке тұлға болып дамуы мен алған білімін іске асыруда сөйлеу тілін, әрекетін, сөйлеу мәдениетін, әдебін қалыптастыру педагогиканың қазіргі кездегі көкейтесті мәселелерінің бірі болып   табылады»   -    дейді. Бүгінгі таңда қазақ    мектептерінің    өзекті    мәселелерінің    бірі – оқушылардың тіл мәдениетін көтеру, сауатты жаза алатын, өз ойын айқын жеткізе алатын азамат тәрбиелеу.

Қазіргі заманымызда қойылған басты талаптардың бірі - өмірден өз орнын таңдай алатын, өзара қарым-қатынаста өзін еркін ұстап, кез-келген ортаға тез бейімделетін, белгілі бір ғылым саласынан білімі мен білігін көрсете алатын, өз ойы мен пікірін айта білетін мәдениетті жеке тұлға қалыптастырып, тәрбиелеу. Оқушының жеке тұлға болып дамуы мен алған білімін іске асыруда сөйлеу тілін, әрекетін, тіл мәдениетін, әдебін қалыптастыру педагогиканың қазірдегі өзекті мәселелерінің бірі болып табылады.

Жұмыстың негізгі мақсаты – оқушыларды қазақ тілі сабағында тіл мәдениетіне тәрбиелеудің теориялық-практикалық мәнін зерттеу. Осыдан келіп, жұмыстың негізгі міндеттері туындайды:

-    тіл мәдениеті ұғымына ғылыми түсінік беру;

-    оқушы жастардың  тіл мәдениетінің төмен болуының

себептерін саралау;

-    тіл мәдениетінің жоғары болуына қойылатын талаптарды

айқындау;

-    тіл мәдениетінің даму сатысы қандай өлшемдер арқылы

анықталатындығын көрсету;

-    тіл мәдениетін қалыптастыру жұмысының негізгі бағыттарын

 анықтау;

-    оқушыларды тіл мәдениетіне тәрбиелеудегі дидактикалық,

әдістемелік ұстанымдарды негіздеу;

-    мектептің орта  буынында тіл мәдениетін оқытуды саралу;

-    жоғары буын оқушыларын тіл мәдениетіне оқытуды

тұжырымдау.     Курс жұмысы кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытындыдан және әдебиеттер тізімінен тұрады. Негізгі бөлім екі тараудан құралған.

1. ТІЛ МӘДЕНИЕТІНІҢ ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ  НЕГІЗДЕРІ

1.1 Тіл мәдениеті туралы ғалымдар көзқарасы

Дүние жүзі тарихына үңілсек, көптеген халықтар Академияларындағы ғылым атаулы тілді зерттеуден бастаған.

Тілдің тіл саясатының биік ұғымы, барлық мәні оның қолдануында. Тіл мәдениетінің деңгейі, оның зерттелуі әрі қоғамдық қызметі арқылы көрінеді.

Тіл - қоғам өмірінің объективті құбылысы, ол бүкіл халық үшін бірдей және адамдар білген құбылыстардың алуан түрін түгел қамтиды.

 «Тіл - қоғамдық құбылыс» деген тезисті ұсынбағанмен, тілдің қоғам өмірімен байланыстылығы, қоғамдағы орны, ролі деген мәселелермен ХІХ В.Гумбольдт еңбектері кейініректе  туған лннгвистикалық  мектептердің тілдің әлеуметтік сипатына ерекше мән берулеріне түрткі болды. Бұл мәселеге Н.Я.Марр да ерекше мән берді.

Жалпы тілді халықтың жан дүниесімен, ой-санасымен, тарихы мен мәдениетімен тығыз байланыста қарау В.Фон Гумбольдт, И.Гердер, Г.Пауль, В.Вундт, Г.Штейнталь, Э.Сепир, Б.Уорф, А.Потебня т.б. ғалымдардың есімдерімен байланыстырылады.

Қазақ зиялылары: А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, М.Балақаев, К.Аханов, Т.Қордабаев, Ы.Маманов, Н.Уәлиев, Р.Сыздықова, А.Жапбаров, Ә.Болғанбаев, С.Исаев, А.Ысқақов, Р.Әміров, Қ.Жұбанов т.б. ғалымдардың еңбектерінде «тіл» ұғымының сан қырлы жағына тоқталады. Тіл табиғатының қыр-сырына терең жан-жақты үңілу – ғалым А.Байтұрсынұлынан бастау алып, Қ.Жұбанов зерттеулерімен өз жалғасын тапқан.

Ал, «Мәдениет» деген түсінікке тоқталатын болсақ, мәдениет - деген ұғымға беті-қолын жуғаннан бастап, адамзат ақыл-ойының қазіргі жеткен ең соңғы биігіне дейінгі барлық ұғым енеді, - деп М.И.Калинин атап көрсетеді.

Мәдениет, оқу-ағарту, ғылым, өнер т.б. рухани өмір табыстарының жиынтығы, - дейді тілші-ғалым М.Балақаев өзінің «Қазақ тілінің мәдениеті» атты еңбегінде.

Мәдениет туралы түсінікке де әр ғалым әр түрлі анықтама береді. Қарап отырсақ, мәдениеттің өзі екіге бөлінеді екен. Материалдық және рухани мәдениет. Соның ішінде тіл мәдениеті рухани мәдениетке жатады. Ендігі жерде тіл мәдениеті сөз болмақ.

Тіл мәдениеті оқушылардың тілін ұстарту міндетін жүзеге асырудың амал-тәсілдерін көрсетеді. Тіл мәдениетіне тән нормалар оқушылардың таза, нақты, лайықты әдеби тілмен сөйлеуге, диалект сөздер мен дөрекі сөздерді қолданбауға, сөйлеген сөздері жатық, әсерлі, түсінікті болуын қадағалайды. Сонымен қатар, олардың мәнерлеп оқуын, сондай-ақ өз ойларын логикалық тұрғыдан байланыстыра, жүйелі жазу дағдыларын қальштастыруға тиіс.

Осы мәселені зерттеу тақырыбы ретінде ала отырып, алдымен тіл мәдениеті дегеніміз не деген сұраққа жауап іздедік. М.Балақаевтың жоғарыдағы мәдениет туралы айтқан анықтамасын ары қарай тіл мәдениетімен жалғастырсақ ол өз ойын былайша көрсетеді: «Тіл мәдениеті дегеніміз - тілдік тәсілдердің ширау, жетілу дәрежесі. Сонымен қатар, ол тіл жұмсаудағы ізеттілік, сауаттылық қана емес, тілдік тәсілдерді, фонетикалық, орфографиялық, орфоэпиялық, морфологиялық, синтаксистік, стильдік құбылыстарды ұқыпты, дұрыс қолдану дағдысы».

«Тіл мәдениеті дегеніміз - сөйлеудегі, жазудағы сыпайылық, ізеттілік қана емес, сонымен қатар айқын ойлылық, сөзді дәл айыру шеберлігі, сөйлеу өнеріне шыныққандық», - деп анықтама береді Н.Уәлиев өзінің «Сөз мәдениеті» атты еңбегінде.

Ал тілші-ғалым Р. Сыздықова: «Тіл мәдениеті дегеніміз - сөздерді дұрыс орнымен қолдану (лексикалық), дұрыс құрастыру (синтаксистік), дұрыс қиюластыру (морфологиялық), дұрыс дыбыстау (орфоэпиялық), сауатты жазу (орфографиялық), тілді әсерлі етіп жұмсау(лингвостилистикалық) нормаларын ұстану, орнықтыру, жетілдіру», - дейді.

 «Тіл мәдениеті» негізінен «Сөз мәдениеті», «Сөзді орынды қолдану» деген ұғымды білдіреді. Өйткені, тіл мәдениетінің негізгі зерттейтін объектісі - сөз,  сөздің дұрыс айтылуы, дұрыс жазылуы, дұрыс қолданылуы, сол арқылы ойдың айқын, әсерлі жетуі, екі ұштылықтың, күңгірттіктің болмауы. Соған орай тіл мәдениеті ғылымын үлкен екі салаға: ауызша сөйлеу мәдениеті, сөз қолдану мәдениеті деп бөлуге болады.

Сондықтан сөйлеу мәдениетіне  байланысты өтілетін практикалық сабақтарда ауызша сөйлеу тілінің ерекшеліктеріне көп көңіл бөлініп, қателерді тіл фактілері негізінде талдап, сырын ашып көрсетудің пайдасы зор.

Тіл байлығы - сөз байлығы. Ал сөз байлығы әр адамның лексикасындағы қолданылатын сөздердің санымен байланысты болғанымен, негізгі байлық – ой байлығы, сол сөздерді қиюластырып, әсем де әсерлі ой мұнарасын қалай білуде. Себебі сөзді көп біліп, бірақ оны орынды, ойлы, образды жұмсай алмасаң, одан не пайда? Ал сөзге көп мағына сыйғызып, әр сөздің парын, мән-мазмұнын, стильдік бояуын дөп басып беру ойлау қабілетімен, оның шығармашылық сипатымен ұштасып жатады. Ал ой байлығына жету үшін тіл дамуының кешегісі мен бүгінгісін, лексикалық қабаттын баю, толығу жолдарын, тілде пайда болған жаңа құбылыстардың өміршеңдігін, бір сөзбен айтқанда, тілдің ішкі, сыртқы мүмкіншілігін жақсы меңгеріп, оған қамқорлықпен, жанашыр көзбен қадағалап отыру керек.

Сөз қолдану мәдениетін арттыратын негізгі шаралардың бірі - тіл тазалығы. Тіл тазалығы дегенде, ойымыздың, сөзіміздің бөтен, бөгде элементтермен шұбарланбауын талап етеміз. Әрине, бөтен тілден сөз алмай, таза ана тілі материалының негізінде ғана өмір сүретін әдеби тіл деген болмайды. Көркем шығарманы, сондай-ақ, әдеби нормадан ешбір ауытқымай, бөтен тілдік элементтерді қоспай, сірестіріп, «таза әдеби» тілде де жаза беруге болмайды. Өйткені, көркемсөз шеберлері оқырмаңдарына өмірдің өзі көтерген саласын жан-жақты көрсету, олардың дүниетанымын, эстетикалық талғамын арттыру мақсатын көздейді.

Қандай адам болмасын, ой-өрісінің, білімінің, мәдениеті мен рухани дүниесінің қаншалықты екені оның жазған жазуынан, сөйлеген сөзінен де байқалды. «Кісіге қарап сөз алма, сөзіне қарап кісіні ал», - деп ұлы Абай тегін айтпаған. Ана тілінің мол байлығын игерген, құдіретіне түсінген, күшіне тағзым етіп, бас иген адам өзіне де, өзгеге де талап қоя алады, сөзді қалай болса солай қолдануға жол бермейді. Сөз мәдениеті мен өз мәдениетін қатар ұстап, екеуін бірге әлпештеп, қамқор болса, ана тіліне деген сүйіспеншілігі арта түсері даусыз.



Практикалық сабақ № 9

Тақырыбы Кәсіби тілдің мазмұны, құрамы. Кәсіби мәтін № 9

Сабақтың мазмұны. Ғылыми тілдің сипаты. Іскери кәсіби тілдің әдебі. Кәсіби мәтінмен жұмыс.

Әдістемелік нұсқаулар:

Қазіргі таңда қазақ тілін оқытудың негізгі мақсаттарының бірі – мемлекеттік тілді сауатты, кәсіби деңгейде оқыту.

Ауызекі сөйлеу барысында студенттерді кәсіби лексикамен таныстырып, сөздік қорын одан әрі қарай толықтыру - міндетіміздің бірі болып табылады. Студенттерді тек қана күнделікті қолданылатын лексикамен шектелмей, оқып жатқан мамандығына сай сөйлеуі тиіс. Яғни, кәсіби маман дайындау, оқу үрдісін жетілдірудің негізгі ұстанымдарының бірі болып, студенттерге қазақ тілін оқытудың жаңа түрлері мен әдістерін іздеу қажеттігін туындатады.

Өзім гуманитарлық-әлеуметтік, заң, ақпараттық технологиялар факультеттерінде көп жылдар бойы еңбек етіп, әр мамандыққа байланысты кәсіби лексикасын құрастырудамын. Материалдарды ұсынар алдында мамандыққа сай ең алдымен біраз әдебиет, мәліметтер алып, олардың ішінде жиі қолданылатын сөздер мен сөз тіркестерін жүйелеп, тапсырмалар немесе мәтіндер құрастырамын. Жинақталған лексиканы кезеңдерге бөліп, бірте-бірте сөздік қорын молайтып, қойылған мақсаттарға жетудемін. Кәсіби лексикаға байланысты сөздік қоры жақсы дамыса, мәтіндерді де ұсынуға болады. Мәтіндер қарапайымнан күрделіге қарай ауысу заңдылықтарына негізделеді. Кәсіби лексиканы оқыту барысында төмендегі бағыттарға ерекше назар аударуымыз керек:

-                     лексикалық материалды жүйелі түрде беру;

-                     грамматикалық, лексикалық ерекшеліктерін ескерту;

-                     мамандыққа қатысты құжаттар стилін ескеру;

-                     берілген материал нақты, сауатты болу.

Жоғарыда айтылып кеткен бағыттарға сүйене отырып, кәсіби мамандыққа байланысты материалдарды үнемі түрлендіруге де болады.

Кәсіби лексиканы жақсы меңгеру үшін түрлі жаттығулар, тапсырмалар, аудару жұмыстары жүргізіледі.

Тапсырма: сөйлемдердің мысалдарын келтір және қазақ тіліне аударыңыз.      
Тапсырма: мәтінді оқып, өз ойыңызбен айтып шығыңыз.

Серный колчедан представляет собой сульфид железа с примесью соединений меди, цинка, свинца, мышьяка, селена и др.

Обжиг серного колчедана  является одной из технологических стадий производства серной кислоты, целлюлозы и др.

При обжиге серный колчедан реагирует с кислородом воздуха  по суммарному уравнению:

4FeS2 + 11O2 = 2Fe2O3 + 8SO2 + 3415 кДж                (1);

Реакция протекает  с выделением тепла и является практически необратимой.

Реакция (1) состоит из ряда последовательных и параллельных реакций. В начале при температуре около 5000 С и выше происходит разложение FeS2 с выделением FeS и парообразной серы:

                    2FeS2 = 2FeS + S2  - 103,9 кДж              (2);

Выделившаяся  сера сгорает с образованием двуокиси серы:

                     S + O2 = SO + 362,4 кДж                       (3);

Односернистое железо FeS сгорает с образованием двуокиси серы и последовательным образованием FeO, Fe3O4 и затем Fe2O3. Суммарное уравнение сгорания FeS имеет вид:

             4FeS + 7O2 = 2 Fe2O3 + 4SO2 + Q                (4);

Небольшая часть  двуокиси серы окисляется до ангидрида SO3.

В промышленности для обжига серного колчедана применяют  печи трех типов: полочные с мешалкой, пылевидного обжига и кипящего слоя.

В промышленных условиях газ, получаемый при обжиге серного колчедана, в зависимости от вида сырья, типа печи и условий проведения процесса содержит: SO2 – 7 – 14%, O2 – 2 – 11%, SO3 £ 0,5%, остальное азот и пары воды.

Образующийся при сгорании серного колчедана твердый остаток, называемый огарком, состоит в основном из окиси железа Fe2O3 с примесью Fe3O4, невыгоревшего FeS2 и т.д.

Обжиг серного колчедана  является типичным гетерогенным некаталитическим процессом в системе газ – твердое тело, скорость которого зависит от температуры, скорости потока газа, концентрации кислорода в газе и серы в колчедане, размера частиц колчедана, степени его перемешивания и др.

Процесс может протекать  в кинетическом, диффузионном или диффузионно-кинетическом режиме.


Тапсырма: берілген сұхбаттың үлгісі бойынша бір-біріңізбен әңгімелесіп көріңіз.

Жоғарыда берілген тапсырмаларды орындау арқылы студенттер кәсіби сөздердің дұрыс айту, оларды дұрыс жазу дағдысы қалыптасады. Студенттер өз ойларын жеткізуде қарапайым сөздерді қолданбай, кәсіби тілде сөйлеуге тырысады.

Бүгін мемлекеттік тілді жетік меңгерген, қазіргі заманға сай білімді де, сауатты да мамандарды дайындауымыз керек.

 

Әдебиеттер

1.           М.Сағындыкова «Кәсіби бағдар негізінде оқытуда мәтін таңдау ерекшеліктері». «Қазақ тілі: әдістеме», № 5(13), 2007 ж.

2.           К.Жақсылыкова. «Жоғары оқу орындары студенттеріне қазақ тілін кәсіби мәтіндер арқылы меңгерту жолдары».

3.           «Қазақ тілі: әдістеме», № 9-10, 2010 ж.

4.           Қ.Рақымжанов. «Практикалық қазақ тілі. Салық қызметкерлеріне арналған оқу құралы». Павлодар, 2008 ж.

5.           Ф.Сарманова «Студенттердің сөздік қорын молайту үшін берілген материалдар». ҚМУ, 2010 ж.
Практикалық сабақ № 10

Тақырыбы Этномәдени айшықтары. Кәсіби мәтін №10

Сабақтың мазмұны. Этномәдени айшықтары. Кәсіби мамандардың тілі мен сөйлеу мәдениеті. Кәсіби мәтінмен жұмыс.

Әдістемелік нұсқаулар:

Тіл мәдениеті – әдеби тілдің нормасы мен оның дамуын, сөйлеу тілімен қарым-қатынасын зерттейтін тіл білімінің саласы. Тіл мәдениетінің тіл білімінің басқа салаларынан айырмашылығы – оның күнделікті өмірде тілді қолдану, жазу, сөйлеу мәдениетімен тығыз байланыста болатындығында. Тіл мәдениеті дегеніміз – коммуникативтік қарым-қатынас кезінде тілдік тәсілдерді дұрыс ұйымдастырып, белгілі бір тәртіппен жүйелі қолдану.

Тіл мәдениеті тілдік норманың 3 түрін қамтиды:



  1. тілдік норма (лексикалық, сөзжасамдық, грамматикалық, дыбысталу нормасы);

  2. этика – сөз нормалары (сөйлеу этикасының ережелері);

  3. коммуникативті норма (сөйлеу қарым-қатынасының тиімділік қағидалары).

Сөйлеу мәдениеті орфоэпиялық нормаға негізделеді. Орфоэпиялық норма – сөздерді дұрыс айту, лексикалық норма – сөздерді іріктеп, сұрыптап, талғаммен қолдану болса, грамматикалық норма сөйлеу мәдениетінде біршама тұрақталып, қалыптасқан норма саналады. Сөйлеу мәдениетінде ойдың дәлдігі, сөздің анықтығы, тазалығы, көңіл күйге әсер ететін шынайылығы (ол қарапайым сөзден немесе бейнелі образды сөздерден құралуына қарамастан), көркемдігі маңызды рөл атқарады.

Сөз мәдениетін қалыптастыруға қажетті лингвистикалық орталықтар қатарына лингвистикалық болжау орталығы жатады. Лингвистикалық алдын ала болжау орталығы дәстүрлі тіл жүйесінің сапалық және сандық бағыттарын кешенді түрде зерттеу міндеттерін, сөз, сөйлеу қызметінің дәстүрін қалыптастыру мәселесін қарастырады. Сөз мәдениетіне қатысты лингвистикалық экология тіл және сөз мәдениетінің экологиясы деп аталады. Сөз мәдениетінің экологиясына тілдік ситуация, тілдік сана, тілдік орта, тілдік ортаның тазалығы, сөз қызметіндегі стилистикалық қатынастардың бұзылуы, сөйлеу этикасы мәселелері, сөз мәдениеті және мониторинг, т.б. мәселелер жатады.

Тіл мәдениетіне тілдің құрылымдық жүйесіндегі орфоэпикалық, пунктуациялық, лексикалық-грамматикалық, синтаксистік нормалар қамтылып, олардың коммуникативтік эстетикалық қызметі толық айқындалған жағдайда стилистикалық норма жүзеге асады. Стилистикалық норма сөйлеушінің тілдік сөйлеу тәртібін қалыптастырады. Сөз мәдениеті көркем сөйлеуде, ғылыми-көпшілік немесе ресми ортада, тіпті ауызекі сөйлеу стилінде тілдің барлық салаларымен тамырлас келеді. Сөйлеу мәдениеті топ алдында мәдениетті сөйлеу, оның алғышарттарын, әдіс-тәсілін танып білу, озық үлгілерін меңгерудің жолдарын, нақты қасиеттерін ұғыну сияқты мәселелермен тығыз байланысты.

Қазіргі уақыт талабына сай әлемдік тіл білімінде Тіл мәдениеті «сөйлеудің тиімділік теориясы» деп аталып, әсер ету мен әрекеттестік бағытында зерттелуде.

Қазақ тілінің сөз мәдениетін көтеру – ұлттық мүдде талаптарының бірі. Қазақ Тіл мәдениетінің үлкен бір саласы – сөйлеу мәдениеті, оны жоғары деңгейге көтерудің басты заңдылығы – дұрыс айту нормасы. Жазу және сөйлеу мәдениетінің қазақ әдеби тілін қалыптастырудағы орны және оның орфографиялық ережелерді жүйелеу мәселелерімен байланысы қазақ тіл білімінде жан-жақты зерттеліп келеді. Сөйлеу мәдениетін ұлттық мүдде ретінде тану; сөз мәдениетіне әлеуметтік көзқарасты қалыптастыру, сөз мәдениетін әлеуметтік ғылымдар мен ұлттық мәдениеттің ең басты тірегі ретінде бағалау, сөз мәдениетін ұлт мәдениетімен қатар насихаттау, лингвистикалық болжау орталықтарын ашу, сөз мәдениетіне қарама-қарсы құбылыс - лингвистикалық экологияны жеке сала ретінде қарастыру, «әсем жеткізу» ұстанымдары негізінде сөз мәдениетін жетілдіру, т.б. мәселелерді дұрыс жолға қою негізінде Тіл мәдениеті дамиды.
Практикалық сабақ № 11

Тақырыбы Кәсіби сала тақырыбындағы қанатты сөздердің кәсіби тілдегі мәні мен рөлі. Кәсіби мәтін № 11

Сабақтың мазмұны. Кәсіби сала мамандығы бойынша қанатты сөздер, фразеологиялық тіркестер, мақал-мәтелдердің қазақша-орысша баламалары. Кәсіби сала тақырыбындағы қанатты сөздердің кәсіби тілдегі мәні мен рөлі. Кәсіби сала мамандарына көмекші құралдар: орысша-қазақша және қазақша-орысша сөздіктері, фразеологиялық тіркестердің қазақша-орысша, орысша-қазақша сөздіктері. Мақал-мәтелдерді кәсіби тілде қолдану. Кәсіби мәтінмен жұмыс.



Әдістемелік нұсқаулар:

Оқу,білім  туралы.

 Оқу инемен құдық қазғандай.

                        Білекті  бірді  жығар,

                        Білімді  мынды  жығар.

Жақсының  аты  өлмейді,

Ғалымның  хаты  өлмейді,

Ұстаздың заты  өлмейді.

                        Оқи  берсең , көзің  ашылады,

                        Отыра  берсең , ұйқы  басынады.

Ақылды өтірік  шаршатады.

                          Ақылды  мақтанса,істі  тындырар,

                         Ақылсыз мақтанса,аяғын сындырар.

Ақыл азбайды,

Білім  тозбайды.

                        Оқусыз  білім  жоқ,

                        Білімсіз  күнің  жоқ.

Тіліңмен  жүгірме,

Біліммен  жүгір.

                        Талаптанған  мұратына  жетер,

                         Талапсыздың күні  өкінішпен  өтер.

Шебердің қолы –ортақ,

Шешеннің тілі-ортақ.

Практикалық сабақ № 12

Тақырыбы Кәсіби мәтін – тілдік бірлік. Кәсіби мәтін № 12

Сабақтың мазмұны. Кәсіби тілдегі мәтін және оның ерекшеліктері. Мәтінмен жұмыс жүргізудің түрлері. Аударма. Кәсіби мәтінмен жұмыс.

Әдістемелік нұсқаулар:

 Ақпараттық технологиялар барынша дамыған бүгінгі таңда ақпаратпен жұмыс істеудің маңызы өте зор. Әсіресе ол кәсіби қызметтің ажырамас бөлшегіне айналған. Шетсіз-шексіз ақпараттар толқынында адасып кетпей, дұрыс бағытта алға жылжу үшін бүгінгі маманға ақпараттық мәдениет қажет. Жоғары деңгейлі ақпараттық мәдениеті бар, өз саласындағы құжаттар ағынының ерекшеліктерін жақсы білетін маман ақпараттың әртүрлі көздерімен жұмыс істей алады, ақпарат алмасу арқылы оны жүйелеп, түсіндіре алады. Сөйтіп, мемлекеттік тілді жақсы меңгеріп, білікті маман иесі болып шығады. ЖОО-ларда кәсіби-бағдарлы қазақ тілін оқытуды студенттерге әлеуметтік және кәсіби маңызды ақпаратты жеткізудің, өзінің болашақ кәсіби қызметінде қазақ тіліндегі деректерді қолдану дағдысын қалыптастырудың құралы ретінде қарастырған жөн. Осылайша студенттердің, яғни болашақ мамандардың үздіксіз білім алуын қамтамасыз ету керек. Бұл міндеттер кәсіби-бағдарлы қазақ тілін оқыту арқылы жүзеге аспақ. Қазақ тілін кәсіби-бағдарлы бағытта оқыту студенттердің нақты кәсіби, іскери, ғылыми салалар мен жағдаяттарда кәсіби ойлау ерекшеліктерін ескере отырып, мемлекеттік тілде қарым-қатынас жасай білу қабілетін дамытуды көздейді. Яғни, студент өзінің болашақ мамандығы ерекшеліктерін басшылыққа ала отырып, мемлекеттік тілді меңгереді. Болашақ мамандық тілін меңгеруде бүгінде кәсіби мәтіндерді оқуға ерекше көңіл бөлініп жүр. Оқылым әрекеті арқылы студент болашақта өзінің кәсіби білімін толықтырып, жетілдіріп отырады, сөйтіп, тілдік қиыншылықтарға, ақпараттық мәдениеттің жетіспеушілігіне ұрынбайды.

 Кәсіби-бағдарлы оқытудың негізгі міндеттерінің бірі – студенттің коммуникативтік дағдысын дамыту, яғни қарым-қатынас жасау шеберлігін қалыптастыру. Әсіресе ауызша қатынас жасауға көбірек көңіл бөлінетіні белгілі. Кәсіби-бағдарлы бағытта қазақ тілінде сөйлеу әрекетін қолдану арқылы болашақ маманның тілін дамытып, ой-өрісін кеңейтеміз. Ал бұл әрекетті, ең алдымен, жазбаша мәтіндер арқылы жүзеге асыруға болады.

 Мәтіндер – бұл кез келген тілді үйретудің негізі десек, қателеспейміз. Әсіресе сөйлеу дағдысын қалыптастыруда мәтіндердің рөлі ерекше. Осы орайда зерттеушілердің көпшілігі мәтіндердің коммуникативтік маңызына баса назар аударады. Мәселен, Ф.В.Чичерина: «С учетом параметров коммуникативной ситуации (адресант, адресат, сообщение/текст, сопутствующие обстоятельства) текст детерминируется как коммуникативно-самостоятельная единица, обладающая определенными коммуникативными свойствами», – десе [3], Б. М. Джандар: «Являясь целостным и законченным по содержанию и по форме речевым произведением, текст представляет определенную тему и акт общения, содержит изучаемый лексико-грамматический материал, служит образцом речевой коммуникации носителей языка и, как известно, конечная цель обучения иностранному языку – творческое владение речью и способность творчески подходить к восприятию текста на иностранном языке» деген ойын алға тартады [1]. Әрине, біз де бұл пікірлерге қосыла отырып, мәтінмен тиімді жұмыс істеу үшін өте үлкен дайындықтың қажет екендігін баса айтқымыз келеді. Бұл жұмыс жүйелі түрде іске асуы керек, оқытушы тарапынан үздік әдістеме және үлкен шеберлік талап етіледі. Студенттің ауызша сөйлеу дағдысын қалыптастыру үшін ұсынылатын мәтіндер белгілі бір талаптарға жауап беруі тиіс:

біріншіден, үйренушілердің талап-тілектері мен қызығушылықтарын қанағаттандыра білуі керек, яғни мәтінде жаңа да қызықты мәліметтер болғаны жөн;

екіншіден, үйренушілердің болашақ мамандығы мен кәсіби қызығушылықтары ескерілуі тиіс (кәсіби бағыттылық олардың пәнге деген қызығушылығын арттырады);

үшіншіден, мәтін мазмұны ұсынылған тақырыпқа сай және нақты коммуникативті міндетті шешуге бағытталған болуы керек;

төртіншіден, кәсіби-бағдарлы қазақ тілін үйретуде оның социомәдени аспектісіне ерекше мән беру керек, яғни студенттерге лингвоелтанымдық және елтанымдық (қазақ елінің тарихи және мәдени даму кезеңдері, сөйлеу әдебі, тұрмысы мен дәстүрі, ұлттық мінез ерекшеліктері) білімді барынша дарыта білуіміз керек;

 Сонымен, мәтін таңдауда студенттердің коммуникативтік және когнитивтік қажеттіліктерін барынша ескеру керек. Мәтіннің көлемі мен деңгейі студенттердің қазақ тілін білу, сөйлеу деңгейіне сай болғаны жөн. Оның мазмұны студенттердің кәсіби қызығушылықтарын қанағаттандыра білуі керек, онда болашақ кәсіби қызметтің барлық салалары, кәсіби жағдаяттар көрініс тапқаны жөн.

 Мәтінді оқу барысында әртүрлі сөйлеу жағдаяттарын тудыруға болады. Мәтінмен жұмыс істеудің дәстүрлі әдістемесіне көз жүгіртсек, мынадай жаттығуларды көбірек кездестіреміз: мәтінді оқу, оны аудару, мәтін бойынша сұрақтарға жауап беру, мәтін бойынша жоспар құрастыру, мәтін мазмұнын айту. Әрине бұл жаттығулардың тілдік тұрғыдан алғанда маңызы өте зор екендігін біз жоққа шығара алмаймыз, алайда сөйлеу әрекетін тудыруда олардың тиімділігінің аз екендігін мойындауымыз керек. Нәтижесінде үйренушілер үшін әртүрлі жағдаяттарда қазақ тілінде сөйлеу қажеттілігі туындағанда олар сөйлеу барысында қиындықтарға ұрынады, айтуға сөз таба алмай, әңгімелесуден де бас тартуы мүмкін. Сондықтан да мәтінмен жұмыс істеу арқылы тиімді нәтижеге жету үшін студенттің сөйлеу дағдысы мен шеберлігін қалыптастыруға бағытталған арнайы жаттығулар жүйесі қажет. Әдетте зерттеушілер мәтінмен жұмыс істеудің үш кезеңін ұсынады. Осы орайда Куимова М.В. төрт кезеңді ұсынады. Оның ең біріншісі оқылымның түріне нұсқау түрінде келеді [2].

 Кез келген мәтінді оқыту мәтінге дейінгі жаттығулармен басталады. Бұл жаттығулар мәтінді қабылдауға қажетті лингвистикалық және жағдаяттық атмосфера тудырады. Олар мәтінді оқу барысында тілдік қиындықтарды жеңу үшін, мәтінде көтерілген проблеманы анықтай білуге бағытталған. Міне, олардың бірнешеуі:

а) мына кілт сөздер мен сөз тіркестерін оқып, мәтіннің тақырыбын анықтаңыз.

ә) берілген сөйлемдерді логикалық бірізділікпен орналастырыңыз;

б) мына үзіндіні оқып, қарамен белгіленген сөздердің мағынасын анықтаңыз;

в) мәтінді үш бөлікке бөліңіз (кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды).

 Мәтінді оқу кезінде орындалатын жаттығулар мәтінді мағыналық бөліктерге бөліп, жекелеген фактілерді, олардың арасындағы мағыналық байланысты анықтауға бағытталған.

а) бірінші параграфты оқыңыз, негізгі ақпаратты жеткізетін сөйлемді табыңыз;

ә) ... сипаттайтын сөйлемдерді таңдаңыз;

б) ... туралы айтылатын параграфты көрсетіңіз;

в) ... туралы айтатын негізгі (кілт сөздер) фактілерді табыңыз;

г) ... сипаттайтын /жоққа шығаратын/ мақұлдайтын фактілерді табыңыз;

д) ... туралы келесі идеяны түсіндіріңіз;

е) мәтінде көтерілген проблеманы анықтаңыз.

 Мәтіннен кейінгі жаттығулар оқылған мәтіннің негізгі мазмұнын түсінуді қамтамасыз етуге, оқылған нәрсеге сыни көзқарас таныта білу шеберлігін дамытуға бағытталған. Оларға мынадай тапсырмалар жатады:

а) мына сұрақтарға жауап беріңіз;

ә) бұл мәтіндегі таң қалдырған/жаңа/маңызды адам есімі туралы ақпарат беріңіз;

б) мәтінге берілген суретке түсініктеме беріңіз;

в) мына мәлімдемелерді толықтырыңыз;

г) мәтіннің негізгі идеясымен байланысты проблемаларды атаңыз.

Сонымен, кәсіби-бағдарлы оқытуда мәтіндерді негізге алған жөн. Студенттің кәсіби бағытта сөйлеу тілін қалыптастыру, әртүрлі кәсіби, іскери жағдаяттарда әңгіме жүргізуге, өзіндік ой-пікір танытуға дағдыландыру үшін мәтіндермен жұмыс істеудің маңызы өте зор. Әрине, ең алдымен, мәтіннің мазмұны кәсіби бағытқа сай келуі керек. Сондай-ақ мәтінді коммуникативті мақсатта меңгертудің арнайы үздік әдістемесі болғаны абзал. Жоғарыда қарастырылған жаттығулар жүйесі осындай әдістеменің бір нұсқасы ғана. Бұл жүйе студентке болашақ мамандығы бойынша ақпарат алмасуға, қазақ тілінде еркін қарым-қатынас жасай білуге, кәсіби тұлғалық қасиеттерін қалыптастыруға септігін тигізеді.


Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Ќазаќстан республикасыныњ білім жєне ѓылым министірлігі
umkd -> Ќазаќстан Республикасы Білім жєне ѓылым министрлігі
umkd -> Бағдарламасы «Мектептегі атыс дайындығы»
umkd -> Семей мемлекеттік педагогикалыќ институты
umkd -> «Кәсіптік қазақ тілі» ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Ќазаќстан республикасыныѕ білім жјне єылым министірлігі
umkd -> Ќазаќстан республикасы
umkd -> «Инженерлік-технологиялыќ факультеттіњ»
umkd -> Ќазаќстан республикасыныњ білім жєне ѓылым министрлігі
umkd -> «Таңдап алған спорт түрінің техникалық, тактикалық және дене дайындығы» пәні бойынша


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет