Қазақстан Дүниежүзілік банктің пандемия қорынан өтеусіз грант алды. Осылайша Қазақстан Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының еуропалық өңірінің 36 елінің біріне айналды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: ашық дереккөз

Астанада Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігінің, БҰҰ-ның ҚР-дағы тұрақты үйлестірушісі Микаэль Фриберг-Сторидің, ДДҰ-ның Қазақстандағы өкілі доктор Скендер Сыланың,  Пандемия қорының атқарушы директоры Прия Басудың, дипломатиялық миссиялар өкілдерінің қатысуымен Пандемия қорының гранты ресми түрде іске қосылды.

Қазақстан үш жыл мерзімге 19 млн АҚШ доллары сомасына елдік грант және 27 млн АҚШ доллары сомасына көп елдік грант алды.

Министрліктің таратқан ақпаратына сүйенсек, пандемия қорының қаражаты елдің денсаулық сақтау жүйесінің эпидемиологиялық қадағалау, шекаралық бақылау, зертханалық қауіпсіздік, ерте анықтау және ден қою, сондай-ақ персоналды оқыту саласындағы міндеттерін шешуге бағытталатын болады.

ДДҰ-ның Қазақстандағы елдік офисі осы гранттың елде іске асырылуын үйлестіреді және Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігіне жалпы техникалық қолдауды қамтамасыз етеді.

Қазақстан үш жыл мерзімге 19 млн АҚШ доллары сомасына елдік грант және 27 млн АҚШ доллары сомасына көп елдік грант алды.


Автор: Даулет Байгонусов

Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.