Алматы көшелерінде күні бойы жауған қардың салдарынан үлкен кептеліс пайда болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Сағат 18:00-дегі жағдай бойынша жолдарда 11 балдық кептеліс шкаласын көрсеткен.

Карталарға қарағанда, қаланың барлық орталық көшелерінде көлік қозғалысы үшін қиынға соққан.

Кептелістердің көпшілігі мына көшелерде шоғырланған:

— Әл-Фараби даңғылының шығыс бағыты;

— Сейфуллин даңғылының солтүстік бағыты;

— Абай даңғылының батыс және шығыс бағыты;

— Жандосов көшесінің батыс бағыты;

— Рысқұлова даңғылының батыс бағыты;

— Райымбек даңғылының батыс бағыты.

Бұған дейін Алматыда ауа райының қолайсыздығынан 7 көлікті ағаш басып қалған.


Автор: Жанара Кенжебекова

Жанара — исследовательница культуры и традиций. Ее статьи поднимают важные темы многообразия культур Казахстана.