Жақында бесінші қызын дүниеге әкелген Алтынай Жорабаева бала күтіміне қатысты ойын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: https://www.instagram.com/altynaizhorabayeva/ 

Сондай-ақ, өнер иесі қызының есімін қате жазбауды сұрады. 

“Неге біз біреуді түзегіміз кеп тұрады?! Құжат бойынша да, былай да Амина Алишерқызы. Әмина емес”, – деп жазды әнші. 

Жаңа босанған жұлдызды ана сонымен қатар жөргектер туралы да сөз қозғады. 

“Қазір жөргектердің неше түрлісі шығыпты. Баланың денесін тітіркендірмес үшін дұрыс таңдау жасау керек. Балаларыма бәрібір бір жасқа дейін кигіземін. Содан кейін тосып үйретемін”, – дейді көпбалалы ана. 

 

  • "Барлығын басынан үйреніп жатырмын": Алтынай Жорабаева бала күтіміне қатысты кеңес сұрады

  • "Төртеу туғанымда шаруасы жоқ": Алтынай Жорабаева күйеуінің жаңа туған сәбиіне қалай қарайтынын айтты

Өнер иесінің айтуынша, күйеуі мен қызының махаббаты ерекше. Тіпті перзентханадан шыққанда да “Амина екеуміз кете берейік, сендер кейін келесіңдер” депті. 

“Перзентханада жатқанда Алишер үйге кетуге асықты. Бізді шығарып алуға келген көп қонақты көріп, “Тез үйге қайтайық, Амина шаршап қалды. Екеуміз кете берейік, өздерің асықпай келерсіңдер” деді”, – деп әзілдеді өнер жұлдызы. 

Коллаж: https://www.instagram.com/altynaizhorabayeva/

Еске салайық, өнер иесі қос анасын туған күнімен ерекше құттықтағанын жазған едік. 


Автор: Жанара Кенжебекова

Жанара — исследовательница культуры и традиций. Ее статьи поднимают важные темы многообразия культур Казахстана.