ҚҰрылыс нормалары және ережелер


-кесте – Сүзуші траншеялар мен құмды-қиыршық тасты сүзгілердің суару құбырларына ауыртпалықтың мәні және жүктеу қабатының қалыңдығы



жүктеу 3.79 Mb.
бет14/22
Дата22.09.2017
өлшемі3.79 Mb.
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   22

9.26-кесте – Сүзуші траншеялар мен құмды-қиыршық тасты сүзгілердің суару құбырларына ауыртпалықтың мәні және жүктеу қабатының қалыңдығы



Құрылыс

Жүктеу қабатының биіктігі, м

Суару құбырларына ауыртпалық, л/(мтәу)


Бір сатылы құмды-қиыршық тасты сүзгі немесе екі сатылы сүзгінің екінші сатысы

1,0-ден 1,5 дейін

80-нен 100 дейін

Екі сатылы сүзгінің бірінші сатысы

1,0-ден 1,5 дейін

150-ден 200 дейін

Сүзуші траншея

0,8-ден 1,0 дейін

50-ден 70 дейін

1-ЕСКЕРТУ  Аз ауыртпалықтар кіші биіктікке сәйкес келеді.

2-ЕСКЕРТУ   Ауыртпалықтар ауаның орташа жылдық температурасы 3С-тан 6С дейінгі аудандар үшін көрсетілген.

3-ЕСКЕРТУ   Орташа жылдық температурасы 6С жоғары аудандар үшін ауыртпалықты 20%-дан 30% дейін ұлғайту, 3С-тан төмен аудандар үшін 20%-тан 30% дейін кеміту қажет.

4-ЕСКЕРТУ    суды бұрудың шекті мәні 150 л/(адамтәу) болғанда ауыртпалықты 20%-дан 30% дейін ұлғайту қажет.




9.3.14 Сүзуші құдықтар
9.3.14.1 Сүзуші құдықтарды тоспа сулар 1 м3/тәулік аспаса, тек құмды және құмдақты топырақтарда ғана орнату қажет. Құдықтың негіздемесі топырақ сулардан кемінде 1 м жоғары тұруы қажет.
1-ЕСКЕРТУ  Шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау үшін жер асты суларын қолданған жағдайда сүзуші құдықтарды орнату мүмкіндігі санитарлық эпидемиологиялық және экологиялық қадағалаудың құзырлы мемлекеттік органдарымен келісім бойынша гидрогеологиялық шарттарға байланысты шешіледі.

2-ЕСКЕРТУ  Құдықтар үстінде септиктерді қарастыру қажет.


9.3.14.2 Сүзуші құдықтарды темір бетон сақиналарынан, күшті күйдірілген кірпіштен немесе бут тасынан жобалау қажет. Жоспардағы мөлшерлер 2 м  2 м аспауы, тереңдігі 2,5 м аспауы тиіс. Өткізуші құбыр астында:

- құдық ішінде биіктігі 1,0 м дейін қиыршық тастан, шағылдан, күйдірілген шлактан және басқа да материалдардан жасалған терең сүзгіні;

- құдықтың сыртқы қабырғаларында сондай материалдардан жасалған төсемені;

- құдық қабырғаларында сүзілген суды шығаруға арналған саңылауларды қарастыру қажет.

Құдық жабынында диаметрі 700 мм люкті және диаметрі 100 мм желдету түтігін қарастыру қажет.

9.3.14.3 Құдықтың есепті сүзгілеу бетін сүзгі ұзындығына құдық қабырғасының беті мен түбінің ауданы сомасын ретінде анықтау қажет.

Сүзгілеу бетінің 1,0 м2–на ауыртпалық құмды топырақ қабатында 80 л/тәулік және құмдақтарда 40 л/тәулік ретінде қабылдануы тиіс.

Келесі жағдайларда ауыртпалық артылады: 10% -дан 20% дейін + орташа және ірі түйіршікті құмдарда сүзгілеу құдықтарын орнатқанда немесе топырақ сулары деңгейі мен құдық негіздемесі арасындағы қашықтық 2,0 м жоғары болғанда; 20% дейін – тоспа суларының орташа қысқа температурасы 10С жоғары болғанда және суды бөлудің шекті мәні 150 л (адам тәу) болғанда.

Маусымды түрде әрекет ететін объектілер үшін ауыртпалық 20% дейін артылуы мүмкін.
9.3.15 Биологиялық тоғандар
9.3.15.1 Биологиялық тоғандар су айдындарының өздігінен тазалануы кезінде орын алатын процесстерге негізделген, тоспа суларының биологиялық тазалануы үшін жасанды түрде жасалған ай айдындары болып табылады. Тоғандарды органикалық заттардан тұратын қалалық, өндірістік және жоғарғы тоспа суларды тазалау кезінде қолдану қажет.

9.3.15.2 Биологиялық тоғандарды IV климаттық ауданында орналасқан елді мекендер үшін дербес тазалау құрылыстары ретінде (тиісті түрде негізделгенде) қолдануға рұқсат етіледі.

Тоғандар келесі шарттарда жобалануы мүмкін:

- тоспа суларды қосымша тазалау үшін басқа тазалау құрылыстарымен бірге;

- табиғи және жасанды аэрациямен (пневматикалық және механикалық).

9.3.15.3 Биологиялық тоғандарда тазалау кезінде тоспа суларда болмауы тиіс:

- ОБТтол 200 мг/л жоғары – табиғи аэрациялы тоғандар үшін;

-  500 мг/л жоғары – жасанды аэрациялы тоғандар үшін.

ОБТтол 500 мг/л жоғары болса, тұндырғыларда тоспа суларды алдын ала тазартуды қарастыру қажет.

9.3.15.4 Терең тазалауға арналған тоғандарға биологиялық және физикалық-химиялық тазалаудан өткен тоспа суды жіберуге болады:

- табиғи аэрациялы тоғандар үшін ОБТтол 25 мг/л аспайды;

- жасанды аэрациялы тоғандар үшін 50 мг/л аспайды.

9.3.15.5 Тазалауға арналған тоғандар алдында тесіктері 16 мм аспайтын торшаларды және 30 мин аралығында жинақтағыштарда тоспа суларды тұндыруды қарастыру қажет.

Жасанды аэрациялы тоғандардан соң тазартылған суды жинақтағыштарда 2 сағаттан 2,5 сағатқа дейін тұндыруды қарастыру қажет.

9.3.15.6 Биологиялық тоғандарды сүзгіден өткізбейтін немесе әлсіз сүзгіден өткізетін топырақ қабаттарында орналастыру қажет. Сүзгілеу қатысында жағымсыз топырақтарда сүзгілеуге қарсы шараларды қарастыру қажет.

9.3.15.7 Биологиялық тоғандарды жылдың жылы мезгілінде желдің басым бағыты жағынан тұрғын үй құрылысына қатысты жел соғатын жағынан орналастыру қажет. Тоғандағы су қозғалысының бағыты осы жел бағытына перпендикулярлы болуы қажет.

Биологиялық тоғандар реаэрация (екінші жағдай) мөлшері бойынша немесе тоғанның сулы бетіне 1 га тоспалы (бірінші жағдай) ауыртпалығы бойынша есептеледі.

Бірінші жағдайда бұл ауыртпалық тәулігіне 250 м3/га дейін (тұндырылған тоспалы су үшін араластырмай) және биологиялық тазартылған тоспа сулар үшін тәулігіне 5000 м3/га дейін тең болып қабылданады; екінші жағдайда – реаэрация мөлшерін есептегенде, климаттық жағдайларға байланысты тоғанның тәулігіне 1 м2 оттектің 8 г дейін тоғанның тәулігіне 1 м2 оттектің 6 г тең болып қабылданады.

9.3.15.8 биологиялық тоғандарды қалғандарының жұмысын тоқтатпай тазалау немесе профилактикалық жұмыстар жүргізу үшін тоғанның кез келген секциясын ажырату мүмкіндігімен, әрқайсында 3-тен 5 дейін кезекті сатылы екі параллельді секциялардан кем болмайтындай етіп жобалау қажет. Бұл ретте биологиялық тоғандарда биологиялық тазартылған тоспа сулар түсетін болса – 3 саты болуы тиіс, ал тұндырылған тоспа сулар түскенде – 4 сатыдан 5 сатыға дейін болуы тиіс.

9.3.15.9 Табиғи аэрациялы тоған еніне ұзындығының қатынасы 20 кем болмауы тиіс. Қатынас аз болғанда тоғанның барлық нақты қимасы бойынша судың қозғалысын қамтамасыз ететін енгізу және шығару құрылғыларының конструкцияларын қарастыру қажет.

9.3.15.10 Жасанды аэрациялы тоғандарда секциялар жақтарының қатынасы кез келген бола алады, бұл ретте аэрациялаушы құрылғылар жылдамдығы тоғанның кез келген нүктесінде 0,05 м/с кем болмауын қамтамасыз ету қажет. Тоғандар пішінің жоспары аэраторлар типіне байланысты болады: пневматикалық және механикалық тоғандар үшін тік бұрышты болуы мүмкін, ал өздігінен қозғалатын механизмдер үшін – дөңгелек болуы тиіс.

9.3.15.11 Бір сатыдан екіншісіне қайта қосу құбыры астауының белгісі түбінен 0,3 м-ден 0,5 м дейін жоғары болуы қажет. Тазартылған суды шығаруды тоған тереңдігінен 0,15-тен 0,2 дейін тереңдікке су деңгейінен төмен орналасқан жинау құрылғысы арқылы жүзеге асыру қажет.

9.3.15.12Суды әдетте тоғандардан соң хлорлау қажет. Жекелеген жағдайларда (хлорлы су құбырын салу ұзындығы 500 м жоғары болса немесе жекелеген хлораторды салу қажеттілігі болса) тоған алдында хлорлауға рұқсат етіледі.

9.3.15.13 Жанасудан соң судағы қалдық хлордың концентрациясы 0,25 г/м3 ден 0,50 г/м3. дейінгі мәннен аспауы тиіс.

9.3.15.14 Тоғанның жұмыс көлемін ондағы тоспа сулардың орташа тәуліктік шығынының болуы уақыты бойынша анықтау қажет.

9.3.15.15 Табиғи аэрациялы тоғанда tlag, судың болу уақыты, тәулігіне, тоспа сулардан фосфор мен азотты алған соң мына формула бойынша анықтау қажет:


(9.53)
мұндағы N – тоғанның кезекті сатыларының саны;

Klag - тоғанның әрбір сатысын көлемдік қолдану коэффициенті;

Klag - сондай, соңғы саты;

Klаg және Klag келесідей қабылданады:

- секция ұзындығының еніне қатынасы 20:1 және одан астам болған жасанды тоғандар үшін 0,8-ден 0,9 дейін, 1:1 және 3:1 қатынасында;

- табиғи жергілікті су айдындары (көлдер, жабық тоғандар және т.б.) негізінде салынған тоғандар үшін – 0,35;

- аралық жағдайлар үшін интерполяциямен анықталады;



Len – тоғанның осы сатысына түсетін судың ОБТтол;

Len – дәл сондай, соңғы саты үшін;

Lex – тоғанның осы сатысынан шығатын судың ОБТтол;

Lex - дәл сондай, соңғы саты үшін;

Lfin – су айдыны ішіндегі процесстермен шартты және келесідей қабылданатын қалдықты ОБТтол:

- жазда 2 мг/л-ден 3 мг/л дейін (өсімдікті тоғандар үшін - 5 мг/л дейін);

- қыста 1 мг/л-ден 2 мг/л дейін;

k – оттекті тұтыну жылдамдығының константасы (тәу-1):

- өндірістік тоспа сулар үшін эксперименталды жолмен белгіленеді; қалалық және құрамы бойынша оған ұқсас өндірістік тоспа сулар үшін эксперименттік деректер k болмаған жағдайда тазалау тоғанының барлық аралық секциялары үшін 0,1 тәу-1 тең болып қабылдануы мүмкін;

- соңғы сату үшін k = 0,07 сут-1 (су температурасы 20 С болғанда);

Терең тазартылатын тоғандар үшін k мәнін келесідей қабылдау қажет:

- 1-саты үшін - 0,07 тәу-1;

- 2-саты үшін - 0,06 тәу-1;

- тоғанның қалған сатылары үшін – 0,05 тәу-1 тен 0,04 тәу-1 дейін;

- бір сатылы тоған үшін k = 0,06 тәу-1.

20С температурасынан басқа су температуралары үшін k мәні мына формалары бойынша түзетілуі қажет:

- температурасы 5С -тан 30С дейінгі су үшін



(9.54)
- температурасы 0С-тан 5С дейінгі су үшін
(9.55)
мұндағы k - 20С температурасында зертханалық шарттарда анықталған коэффициент.
9.3.15.16 Табиғи аэрациялы тоған су айдынының жалпы ауданын Flag, м2, мына формула арқылы анықтайды:

(9.56)
мұндағы Qwтоспа сулар шығыны, м3тәу;

Ca - (9.48)-формуласы бойынша анықтау қажет;

Cex – тоғаннан шығатын суда қолдау қажет оттек концентрациясы, мг/л;

ra – 3,0 г/(м2тәу) ден 4,0 г/(м2тәу) дейін қабылданатын бірлікке тең болатын, оттек тапшылығы кезінде атмосфералық аэрация мөлшері;

Len,, Lex, Klag - (9.53)-формуласы бойынша қабылдау қажет.
9.3.15.17 Табиғи аэрациялы тоғанның есепті тереңдігін Hlag, м, мына формула бойынша анықтау қажет:

(9.57)
Тоғанның есепті тереңдігі келесі жағдайларда мына мәндерден аспауы тиіс:

Len болғанда 100 мг/л жоғары - 0,5м;

Len болғанда 100 мг/л дейін – 1,0 м;

Терең тазалау тоғандары үшін:

Len болғанда 20 мг/л ден 40 мг/л дейін – 2,0 м;

Len болғанда 20 мг/л дейін – 3,0 м.

Қыста тоғанның бетінде мұз қатуы мүмкін болғанда Hlag 0,5 м ұлғайтылуы қажет.

9.3.15.18 Жасанды аэрациялы тоғанда терең тазалауда судың тұру уақыты , тәу мына формула бойынша анықтау қажет:


(9.58)
мұндағы kd – оттекті тұтыну жылдамдығының динамикалық тұрақтысы, ол мынаған тең:

kd = 1 k, (9.59)
мұндағы 1 – лабиринтті типті дәліздер бойынша судың қозғалуымен немесе аэрациялаушы құрылғылармен жасалатын, тоғандағы су қозғалысының жылдамдығына vlag, м/с байланысты коэффициент; 1 мөлшері мына формула бойынша анықталады:
(9.60)
Егер vlag мәні 0,05 м/с асатын болса, онда 1 – 7-ге тең болады.
9.3.15.19 ОБТтол 3 мг/л дейін суды тазарту тереңдігін арттыру үшін және онда биогенді элементтер (взот және фосфор) құрамын төмендету үшін және металлдар мен минерализациядан тазалау және қосымша тазалау әсерін ескере отырып, тоғанда биік су өсімдіктерін – қамысты, қоғаны, құрақты және т.б. қолдану ұсынылады. Биік су өсімдіктері тоғанның соңғы секциясында орналастырылуы тиіс. Биік су өсімдіктері алатын ауданды 1,0 м2 көлеміне 150-ден 200 дейін өсімдік отырғызу тығыздығында 1 га-ға 10000 м3/тәулік құрайтын ауыртпалық бойынша анықтауға жол беріледі.
ЕСКЕРТУ  Санитарлық-эпидемиологиялық қадағалаудың құзырлы мемлекеттік органдарымен келісу және негіздеу кезінде биік су өсімдіктерінің тоғанның бастапқы секцияларында (сатыларында) орналастыруға рұқсат етіледі.
9.3.16 Циклді әсер ету реакторлары
9.3.16.1 Биологиялық тазалау үшін биогенді элементтерді жоятын (тоспа суларын алдын ала мөлдірететін және онсыз) аэротенктер мен екінші тұндырғыларды өз бойынша үйлестірген, циклді әсерлі реакторларды қолдануға жол беріледі. Олардан тоспа суын бұруды терең су өткізетін құбырлы арнайы қалқымады су ағызғыларымен жүргізу қажет.

9.3.16.2 Кезекпен іске қосылатын циклді әрекет ететін бірнеше жұмыс реакторларын қолдану ұсынылады. Бір реактор болғанда тоспа суларды жинақтағышты қарастыру қажет. Тоспа суларды жинақтағыштың асып кетуіне жол бермеу үшін оның көлемі циклді әсерлі реактордың ең жоғарғы өнімділігі мен тәулік аралығында ағын сулардың түсуінің біркелкілігін ескере отырып есептеледі.

9.3.16.3 Циклді әсерлі реакторды таңдау келесілерді міндетті түрде ескере отырып, өндіруші зауыттардың эксплуатациялық сипаттамалары бойынша (материалдары) жүргізіледі:

- өнімділігі;

- цикл фазасының ұзақтығы;

- цикл аяқталған соң тазартылған судың төгілетін көлемі;

- оттекті тұтынуы;

- ауа шығыны;

- қолданылатын аэрациялық жүйенің сипаттамасы;

- шамадан тыс артық белсенді тұнбаның өсуі;

- пайдаланудың нақты шарттарында тұнбаның анаэробты мөлшері.

9.4 Тазартылған тоспа суларды оттекпен қанықтыру құрылғылары

9.4.1 Тазартылған тоспа суларды оларды су объектісіне түсірмес бұрын оттекпен қосымша қанықтыру қажет болғанда, арнайы құрылғыларды қарастыру қажет:

- су объектісіндегі судың деңгейжиегі мен тазарту құрылыстарының алаңы арасындағы деңгейлердің еркін құламасы болған жағдайда;

- көпсатылы суағарлар-аэраторлар, жылдам тезағарлар және т.б.;

- қалған жағдайларда – барботажды құрылыстар.

9.4.2 Суағарлар-аэраторларды жобалау кезінде келесілерді қабылдау қажет:

- су құятын саңылаулар үстінде тісшелі қалқаншалары бар жұқа тісшелі қабырға түрінде қолданылады (қалқан мен қабырғаның тісшелері бір біріне үшкір жағымен қаратылған);

- тістер биіктігі 50,0 мм тең, бұрыш биіктігі 90 тең;

- тістердің үшкірлері арасындағы саңылау биіктігі 50,0 мм тең;

- төменгі бьеф құдығының ұзындығы 4,0 м, жазықтық тереңдігі 0,8 м тең етіп орындайды;

- судың шекті шығыны - qw суағардың 1 м-не 120,0 л/с –тан 160,0 л/с дейін;

- суағардағы судың екіпіні hw, м (тісті саңылау ортасынан), - мына формула бойынша:


(9.61)

9.4.3 Суағар-аэраторлар сатыларының саны Nwa және су объектісіне шығудағы тоспа суда оттектің тұтынатын концентрациясын Cex, мг/л қамтамасыз ету үшін қажетті әрбір сатыдағы деңгейлердің құлдырау мөлшері zst, м, келесі қатынаста кезекті іріктеумен анықталады:


(9.62)
мұндағы Ca – 9.3.7.29 бойынша анықталатын сұйықтықтағы оттектің ерігіштігі;

Cex – су айдынына шығыста қамтамасыз етілуі тиіс болатын тазартылған тоспа сұйықтығындағы оттек концентрациясы;

Cs – қанықтыру үшін құрылыс алдындағы тоспа судағы оттек концентрациясы; Cs деректері болмаған жағдайда 0-ге тең болады;

Nwa – су құю деңгейлерінің саны;

KT, K3 - 9.3.7.29 бойынша қабылданатын коэффициенттер;

20 - 9.27-кесте бойынша қабылданатын деңгейлер ауытқуына байланысты суағарларда аэрация тиімділігін ескеруші коэффициент.


9.4.4 Барботажды құрылыстарды жобалау кезінде келесі мәндерді қабылдау қажет:

- сатылар саны 3-тен 4 дейін;

- аэраторлар – ұсақ көпіршікті және орташа көпіршікті;

- аэраторлардың орналасуы – құрылыс түбі бойынша біркелкі;

- аэрация жітілігі - 100 м3/(м2сағ) аспайды.


9.27-кесте – Деңгейлер ауытқуына байланысты суағарлардағы аэраторлар тиімділігін ескеретін коэффициент мәні


zst, м

0,40

0,50

0,60

0,70

0,80

20

0,71

0,65

0,59

0,55

0,52

9.4.5 Барботажды құрылыстардағы ауаның шекті шығынын qb, м33, мына формула бойынша анықтау қажет:



(9.63)
мұндағы Nbаэрация сатыларының саны;

Ca, K1 – мәнін 9.3.7.29 бойынша қабылдау қажет;

K2, K3, KT, Cex, Cs – мәнін 9.4.3 бойынша қабылдау қажет.
9.5 Тоспа суларды залалсыздандыру
9.5.1 Шаруашылық-тұрмыстық ағын сулар мен олардың су объектілеріне тасталатын немесе техникалық мақсатта қолданылатын өндірістік тоспа сулармен қоспалары РНҚ 01.01.03, ӘН 2.1.5.732, ӘН 2.1.5.1183 және «Арнайы суды пайдалануға рұқсатты беру, оның күшін тоқтату ережелері» талаптарына сәйкес залалдануы тиіс.

Залалсыздандыруды тоспа суларды биологиялық тазалаудан соң жүргізу қажет (немесе егер биологиялық тазарту қолданыла алмаса, физикалық-химиялық тазартудан соң).

9.5.2 Тұрмыстық және өндірістік тоспа суларды бірлестірген биологиялық тазарту, бірақ жеке механикалық тазарту кезінде негізделген жағдайда биологиялық тазалау құрылыстарына бермес бұрын суларды хлорлай отырып, механикалық тазартылған соң тек тұрмыстық суларды залалсыздандыруды қарастыруға рұқсат етіледі.

9.5.3 Су объектілеріне тасталатын ағын суларды залалсыздандыруды ӘН 2.1.5.732. сәйкес ультракүлгін (УК) сәулелендіруді жүргізу ұсынылады.

9.5.4 УК-сәулелендіру мөлшері тоспа суларды тазарту сипаты мен сапасымен анықталады, бірақ ол 30 мДж/см2 кем болмауы тиіс.

Залалсыздандыруға бағытталған тазартылған суда өлшенген заттар мен ОБТ5 құрамы 10 мг/л, ХПК – 50 мг/л, 1 литрдегі термотолерантты колиформды бактериялар – 5×10-6, колифагтер – 5×10-4 БОЕ/л аспауы қажет.

Көрсеткіштердің тым болмаса біреуі бойынша рауалы деңгейлерден асқан жағдайда нақты құрылыстар үшін сәулеленудің нақты мөлшерін анықтау және УК-сәулеленумен тиімді зарарсыздандыруды мүмкіндігінше қамтамасыз ету бойынша қосымша зерттеу жүргізу талап етіледі.

9.5.5 Негіздеме бойынша тазартылған су сапасына жоғары талаптар қойылған жағдайда залалсыздандыру үшін озонды қолдануға рұқсат етіледі. Озонды қолдана отырып залалсыздандырушы қондырғыларды жобалауды пайдаланушы қызметкерлердің еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасының барлық талаптарын ескере отырып, ғылыми-зерттеу ұйымдарының және жабдықты дайындаушы-кәсіпорындардың ұсыныстары бойынша орындау қажет.

9.5.6 Су объектісіне тастамас бұрын залалсыздандырылған судың қайта хорлануын қамтамасыз еткен жағдайда, хлормен немесе басқа құрамында хлоры бар реагенттермен (хлорлы әкпен, ерітінді тұздары немесе минералдандырылған сулар электролизімен, тоспа сулардың тікелей электролизімен химиялық кәсіпорындардан өнім түріндегі алынатын натрий гипохлоридімен) залалсыздандыруға жол беріледі.

9.5.7 Белсенді хлордың есепті мөлшерін:

- механикалық тазартудан соң 10,0 г/м3;

- тұндыру тиімділігі 70% жоғары кезінде және толық емес биологиялық тазарту кезінде механикалық химиялық тазартудан соң 5,0 г/м3;

- толық биологиялық, физикалық-химиялық және терең тазартудан соң 3,0 г/м3.
1-ЕСКЕРТУ Белсенді хлор мөлшерін пайдалану процессінде нақтылау қажет, бұл ретте байланыстан соң залалсыздандырылған судағы қалдық хлордың мөлшері 1,5 г/м3 кем болмауы тиіс.

2-ЕСКЕРТУ  Тазарту құрылыстарының хлор шаруашылығы реагенттерге арналған қоймалар сиымдылығын өзгертпей хлордың есепті мөлшерін 1,5 есе ұлғайту мүмкіндігін қамтамасыз етуі қажет.


9.5.8 Тазарту құрылыстарындағы хлор шаруашылығы мен электролиздік қондырғыларды ҚР ҚНжәнеЕ 4.01-02 сәйкес және «Хлорды өндіру, сақтау, тасымалдау және қолдану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарды» ескере отырып жобалау қажет.

9.5.9 Негіздеме кезінде тік электролизді орнатуға тоспа суларды физикалық-химиялық немесе биологиялық тазартудан соң қолдануға жол беріледі.

9.5.10 Басқару шкафы мен электр жабдығын тазарту құрылыстарының басқа жайларымен бұғаттауға жол берілетін жылытылатын жайларда орналастыруға жол беріледі.

9.5.11 Хлорлы тоспа суды араластыру үшін кез келген типті араластырғыштарды қолдану қажет.

9.5.12 Хлор немесе гипохлориттің құбырлар мен бұрушы астаулардағы немесе резервуардағы тоспа сумен байланысының ұзақтығын 30 минут деп қабылдау қажет.

9.5.13 Байланыс резервуарларын қырғыштары жоқ бастапқы тұндырғылар ретінде; ал резервуарлар санын – екіден кем емес етіп жобалау қажет. Су барботажын жітілігі 0,5 м3/(м2сағ) кезінде қысылған ауамен қарастыруға болады.

9.5.14 Биологиялық тоғандардан соң тоспа суларды залалсыздандыру кезінде хлоры бар тоспа судың байланысы үшін бөлікті бөлу қажет.

9.5.15 Контактілі резервуарларына түсетін жауын-шашын мөлшерін 98% ылғалдылық кезінде тоспа судың 1,0 м3 –мөлшеріне л түрінде қабылдау қажет:

- механикалық тазалаудан соң 1,5 л/м3;

- аэротенктер мен биосүзгілерде биологиялық тазалаудан соң 0,5 л/м3.


Каталог: data -> files
files -> Инструкция по обеззараживанию питьевой воды и очищенных сточных вод
files -> Сјулет, ќала ќўрылысы жјне ќўрылыс саласындаєы мемлекеттiк нормативтік ќўжаттар
files -> О напиткеФакт об Алое ВераВсе об Алое ВераОсобенности напиткаСодержит витамины«Чудо-растение»Интересно, что…Контактные данные
files -> Aloe vera (алоэ вера) – желеобразное вещество, находящееся в листьях растения Алоэ Вера, произрастающего в засушливых районах Африки, Азии, Гавайев, Флориды и Южной Калифорнии
files -> Утверждены
files -> ҚҰрылыстық нормалар және ережелер
files -> ДиаДерм Крем Регенерирующий


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   22


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет