ҚҰрылыс нормалары және ережелер


-кесте – Өнеркәсіптің кейбір салаларының тоспа суларына және қалалық тоспа суларға арналған реагенттер дозасының мәні



жүктеу 3.79 Mb.
бет16/22
Дата22.09.2017
өлшемі3.79 Mb.
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   22

9.31-кесте – Өнеркәсіптің кейбір салаларының тоспа суларына және қалалық тоспа суларға арналған реагенттер дозасының мәні

(жалғасы)


Тоспа сулар

Ластаушы заттар

Ластаушы заттардың концентрациясы, мг/л

Реагенттер

Реагенттің дозасы, мг/л

Әктер

Алюминий тұздары

Темір тұздары

Белсенді полимер бойынша анионды флокулянт

Белсенді полимер бойынша катионды флокулянт

Көмір байыту фабрикаларының шламды сулары, шахта сулары

Көмір бөлшектерінің суспензиясы

100 дейін

Анионды флокулянт

-

-

-

2,0-ден 5,0 дейін

-

100-ден 500 дейін

-

-

-

5,0-ден 10,0 дейін

-

500-ден 1000 дейін

-

-

-

10,0-ден 15,0 дейін

-

1000-нан 2000 дейін

-

-

-

15,0-ден 25,0 дейін

-

Қағаз және картон фабрикалардың

Целлюлоза суспензиясы

1000 дейін

Анионды флокулянтпен бірге алюминий тұздары

-

50-ден 300 дейін

-

0,5-тен 2,0 дейін

-

Катионды флокулянт

-

-

-

-

2,5-тен 20,0 дейін

Қалалық және тұрмыстық

ОБТтол

300 дейін

Анионды флокулянтпен бірге немесе онсыз алюминий тұздары

-

30-дан 40 дейін*

-

0,5-тен 1,0 дейін

-

-

40-тан 50 дейін*

-

-

-

Өлшенген заттар

350 дейін

Анионды флокулянтпен бірге немесе онсыз темір тұздары

-

-

40-тан 50 дейін**

0,5-тен 1,0 дейін

-

-

-

100-ден 150 дейін***

0,5-тен 1,0 дейін

-

-

-

50-ден 70 дейін***

-

-

Катионды флокулянт

-

-

-

-

10,0-ден 20,0 дейін



9.31-кесте – Өнеркәсіптің кейбір салаларының тоспа суларына және қалалық тоспа суларға арналған реагенттер дозасының мәні

(жалғасы)


ЕСКЕРТУ  Реагенттердің дозалары келесілерді есептемегенде тауарлық өнім бойынша, флокулянттар – белсенді полимерлер бойынша көрсетілген:

  • - Al2O3 бойынша;

  • ** - FeSO4 бойынша;

  • *** - FeCl3 бойынша

9.7.2.8 Үлпек қалыптасу камераларында болу уақытын келесідей қабылдау керек:

- тұндырумен коагуляцияланған өлшенген заттарды бөлу кезінде 10 минуттан 15 минутқа дейін;

- флокулянттар үшін 20 минуттан 30 минутқа дейін;

тоспа судың флотациясын тазарту кезінде:

- коагулянттар үшін – 3 минуттан 5 минутқа дейін;

- флокулянттар үшін 10 минуттан 20 минутқа дейін.

9.7.2.9 Реагенттер қосылған тоспа суларды араластырғыштарда және үлпек қалыптасу камераларында араластыру қарқындылығын келесіні құрайтын жылдамдықтың орташа градиентінің мөлшері бойынша бағалау керек:

- коагулянттар бар араластырғыштар үшін – 200 с-1;

- флокулянттармен 300 с-1-ден 500 с-1 дейін;

үлпек қалыптасу камералары үшін:

- коагулянттар мен флокулянттар үшін тұндыру кезінде 25 с-1-ден 50 с-1 дейін;

- флотация кезінде 50 с-1-ден 75 с-1 дейін.

9.7.2.10 Коагуляцияланған қоспаларды судан бөлуді осы нормативке сәйкес тұндырумен, флотациямен, центрифугалаумен немесе сүзгіден өткізумен жүзеге асыру керек.
9.7.3 Құрамында циан бар тоспа суларды зарарсыздандыру
9.7.3.1 Қатты уытты цианидтерді (қарапайым цианидтерді, синиль қышқылын, мырыштың, мыстың, никельдің, кадмийдің кешенді цианидтерін) зарарсыздандыру үшін олардың рН 11-ден 11,5 дейін мөлшерімен құрамында белсенді хлор бар реагенттерімен қышқылдандыруды қолдану керек.

9.7.3.2 Құрамында белсенді хлор бар реагенттерге хлор әгі, кальций мен натрий гипохлориттері, сұйық хлор жатады.

9.7.3.3 Белсенді хлордың дозасын келесі есеппен қабылдау керек:

- мырыштың, никельдің, кадмийдің, синиль қышқылының цианидтерінің және қарапайым цианидтердің 1,00 мг-на 2,73 мг;

- мөлшері 5,00 мг/л кем емес мыстың кешенді цианидтері үшін – 3,18 мг/мг.

9.7.3.4 Реагенттердің жұмыс ерітінділерінің концентрациясы белсенді хлор бойынша 5%-дан 10% дейін болуы керек.

9.7.3.5 Құрамында циан бар тоспа суларды өңдеу үшін әдетте реакцияның кем дегенде екі камераларынан тұратын мерзімдік әрекет қондырғысын қарастыру керек. Реагенттер бар тоспа сулардың байланысқа түсу уақыты – қарапайым цианидтерді қышқылдау кезінде 5 мин және кешенді цианидтерді қышқылдау кезінде – 15 мин.

9.7.3.6 Тоспа суларды белсенді хлормен өңдегеннен кейін оларды рН 8-ден 8,5 дейін белсендіру керек.

9.7.3.7 Ылғалдылығы 98% шөгіндінің көлемі екі сағат тұндыру кезінде өңделетін судың 5% көлемін құрайды. Тұндырғылардың алдында полиакриламидті енгізген кезде (0,1%-дық ерітіндінің 20,0 мг/л дозасы) тұндыру уақыты 20 мин дейін қысқартылуы керек.
9.7.4 Құрамында хром бар тоспа суларды зарарсыздандыру
9.7.4.1 Құрамында хром бар тоспа суларды зарарсыздандыру үшін рН 2,5-тен 3,0 дейін болған кезде натрий сульфатын немесе бисульфитын қолдану керек.

9.7.4.2 Натрий бисульфитының дозасын тең деп қабылдау керек:

- концентрациясы 100 мг/л дейін болғанда алтывалентті хромның 1 мг-на 7,5 мг;

- 5,5 мг/мг – хромның концентрациясы 100 мг/л жоғары болған кезде.

9.7.4.3 Зарарсыздандырылған тоспа суларды тұндырғыға жіберудің алдында оларды рН 8,5-тен 9,0 дейін әк сүтімен бейтараптандыру керек.
9.7.5 Биогенді қоректендіру
9.7.5.1 Биогенді қоректендіру үшін биогенді қоспа ретінде келесілерді қолдану керек:

- құрамында фосфор бар реагенттер - суперфосфатты, ортофосфорды қышқылды;

- құрамында азот бар реагенттер - аммоний сульфатын, аммиактық селитраны, сулы аммиакты, карбамидті;

- құрамында азот- және фосфор бар реагенттер - техникалық диаммонийфосфатты, аммофосты.

9.7.5.2 Жұмыс ерітінділерінің концентрациясын 5% дейін P2O5 бойынша және N бойынша 15% дейін қабылдау керек.
9.8  Тоспа суларды адсорбциялық тазартуға арналған құрылыстар
9.8.1 Жалпы нұсқаулар
9.8.1.1 Тоспа суларды ерітілген органикалық ластаушы заттардан адсорбция әдісімен терең тазарту үшін сорбент ретінде белсенді көмірлерді пайдалану керек.

9.8.1.2 Белсенді көмірді тоспа судағы суспензиядан немесе басқа материалдан астарға жуылған тығыз (жылжымалы немесе жылжымайтын) салу қабаты ретінде қолдану керек.


9.8.2 Белсенді көмірді салудың тығыз қабаты бар адсорберлер
9.8.2.1 Адсорберлер ретінде қиыршықтығы 0,8 мм-ден 5,0 мм дейін қиыршықталған көмірдің тығыз қабаты ретінде салумен арынсыз ашық және арынды сүзгілердің конструкциясын қолдану керек.

9.8.2.2 Адсорберлерге келіп түсетін тоспа сулардағы өлшенген заттардың мөлшері 5,0 мг/л аспауы керек.

9.8.2.3 Адсорбциялық қондырғыны жүктеу алаңы Fads, м2, келесі формула бойынша анықталуы керек:

(9.66)
мұндағы qw - тоспа сулардың орташа сағаттық шығыны, м3/сағ.;

v - 12 м/сағ. аспайтын болып қабылданатын ағынның жылдамдығы.

Бір адсорберді сөндіру кезінде қалғандарындағы сүзгіден өткізу жылдамдығы 20% жоғары ұлғаймауы керек.

9.8.2.4 Жұмыс істеп тұрған адсорберлердің саны Nads келесі формула бойынша анықталуы керек:

(9.67)
мұндағы Hads – сындарлы қабылданатын бір сүзгінің сорбциялық жүктеу биіктігі, м;

Htot – келесі формула бойынша анықталатын, сорбциялық қабаттың жалпы биіктігі, м:
(9.68)
мұндағы H1 – сорбенттің адсорбциялық сыйымдылығы tads кезеңінде К деңгейіне дейін бітетін сорбциялық қабаттың биіктігі, келесі формуламен есептеледі:
(9.69)

мұндағы sb – анықтамалық мәліметтер бойынша қабылданатын белсенді көмірдің үйілмелі салмағы, г/м3;



- сыйымдылықтың біту коэффициенті Ksb болғанда адсорберден төгілетін белсенді көмірдің ең төменгі дозасы, г/л, келесі формула бойынша анықталады:
(9.70)
мұндағы Cen, Cex – сорбцияланатын заттың тазартқанға дейінгі және кейінгі концентрациясы, мг/л;

Ksb - 0,6-дан 0,8 дейін тең болып қабылданады;

- тәжірибелік түрде анықталатын белсенді көмірдің барынша жоғары сорбциялық сыйымдылығы, мг/л;

H2 – пайдалану шарттары бойынша қабылданатын және келесі формула бойынша анықталатын tads уақытының ішінде Cex концентрациясына дейін қондырғының жұмыс істеуін қамтамасыз ететін сорбциялық қабатты салу биіктігі:
(9.71)

мұндағы - келесі формула бойынша анықталатын белсенді көмірдің барынша жоғары дозасы, г/л:


(9.72)

мұндағы - тәжірибелік түрде анықталатын белсенді көмірдің ең төменгі сорбциялық сыйымдылығы, мг/л;



H3 – биіктігі Н1 сорбент қабатының қайта жүктелу немесе қалпына келу уақытының ішінде қондырғы жұмысының ұзақтығына есептелген сорбенттің резервтік қабаты, м.
9.8.2.5 Жүктеу бөлшектерінің ірілігі 0,8 мм-ден 5,0 мм дейін болған кезде қиыршықталған көмір қабатында арынды жоғалту жүктеу қабатының 0,5 м-ден 1,0 м аспауы керек.

9.8.2.6 Белсенді көмірді адсорберден шығаруды жылдамдығы 40 м/сағаттан 45 м/сағатқа дейін судың жоғарылайтын ағынымен жасалынатын 20%-дан 25% дейін жүктеудің салыстырмалы кеңдігі кезінде сорғымен, гидроэлеватормен, эрлифтпен және шнекпен қарастыру керек.

Арынды адсорберлерде 0,3 МПа кем емес қысыммен көмірді түсіруді қарастыруға рұқсат беріледі.

9.8.2.7 Ылғалды көмірмен жанасатын металл конструкциялар, құбырлар, арматура және ыдыстар тоттанудан қорғалуы керек.


9.8.3  Белсенді көмірдің жалған сұйылтылған қабаты бар адсорберлер
9.8.3.1 Жалған сұйылтылған қабаты бар адсорберлерге келіп түсетін тоспа сулардық құрамында 0,3 мм/с аспайтын гидравликалық ірілік кезінде 1,0 г/л асатын өлшенген заттар болмауы керек.

Адсорберлерден шығарылатын өлшенген заттарды және көмірдің ұсақ бөлшектерін адсорбциялық аппараттардан кейін жою керек.

9.8.3.2 Үйілмелі салмағы 0,7 тн./м3 асатын адсорбенттерді ылғалды немесе құрғақ түрде, ал 0,7 тн./м3 аспайтындарды – тек ылғалды түрде ғана дозалау керек.

9.8.3.3 Адсорберлердің 0,5 м-ден 1,0 м дейін биіктігі бойынша 10,0 мм-ден 20,0 мм дейін диаметрлі дөңгелек тесумен және іс жүзіндегі қимасы 10%-дан 15% дейін секцияландырушы торларды орнату керек.

Секциялардың оңтайлы саны – үш-төрт.

9.8.3.4 Адсорбердегі судың жоғарылаушы ағынының жылдамдығын белсенді көмірлер үшін 1,0 мм-ден 2,5 мм дейінгі көлемдегі бөлшектері үшін 30 м/сағаттан 40 м/сағатқа дейін және бөлшектерінің көлемдері 0,25 мм-ден 1,00 мм дейін көмірлер үшін 10 м/сағаттан 20 м/сағатқа дейін деп қабылдау керек.

9.8.3.5 Суды тазалауға арналған белсенді көмірдің дозасын тәжірибелік түрде анықтау қажет.
9.9  Тоспа суларды ионалмасулық тазартуға арналған құрылыстар
9.9.1 Ионалмасу қондырғыларын тазартылған суды өндірісте қайта пайдалану және құнды компоненттерді пайдаға асыру мақсатында тоспа суларды минералды және органикалық иондалған қосылыстардан терең тазарту және оларды тұзсыздандыру үшін қолдану керек.

9.9.2 Қондырғыға жіберілетін тоспа сулардың құрамында келесілер болмауы керек:

- тұздар - 3000 мг/л жоғары;

- өлшенген заттар - 8 мг/л жоғары;

- ОХТ 8 мг/л аспауы керек.

Тоспа судың құрамында өлшенген заттардың мөлшері көп және көп ОХТ болған кезде оны алдын ала тазартуды қарастыру керек.

9.9.3 Сутек-катиониттік сүзгілердегі катиониттың Wkat көлемін, м3, келесі формула бойынша анықтау керек:

(9.73)


мұндағы qw – өңделетін судың шығыны, м3/сағат;

- өңделетін судағы катиондардың жиынтық концентрациясы, гэкв/м3;

- тазартылған судағы катиондардың рұқсат берілген жиынтық концентрациясы, гэкв/м3;

nreg - тәулігіне әрбір сүзгіні қалпына келтіру саны (нақты жағдайларға байланысты таңдалынады, бірақ екіден аспайды);

- катиониттің төменірек сорбцияланатын катион бойынша жұмыс алмасу сыйымдылығы, гэкв/м3:

(9.74)
мұндағы k – қалпына келтірудің толық еместігін есепке алатын және 0,8-ден 0,9 дейін қабылданатын қалпына келтіру тиімділігінің коэффициенті;

- зауыттық паспорттық мәліметтер бойынша, иониттердің каталогтары бойынша немесе тәжірибелік мәліметтер бойынша анықталатын катиониттің толық алмасу сыйымдылығы, гэкв/м3;

qk – қалпына келтіргеннен кейін катионитті жууға жұмсалатын судың үлесті шығыны, 3-тен 4 дейін қабылданатын катиониттің 1,0 м3-не м3;

Kion - иониттің түрін есепке алатын коэффициент; катионит үшін 0,5 қабылданады;

- жуу суындағы катиондардың жиынтық концентрациясы (катионитті иондалған сумен жуу кезінде).

9.9.4 Катиониттік сүзгілердің ауданын Fk, м2, келесі формулалармен анықталуы тиіс:

(9.75)

(9.76)

мұндағы Hk – ионалмасу сүзгілерінің каталогы бойынша 2 м-ден 3 м дейін қабылданатын сүзгіде катионит қабатының биіктігі;

qw – судың шығыны, м3/сағат;

vf - 9.9.5 бойынша қабылданатын сүзгіден өткізу жылдамдығы, м/сағат.

(9.75)- және (9.76)-формулалар бойынша есептелген аудандардың едәуір ауытқулары кезінде (9.73)-формулада қалпына келтіру сандарын nreg түзетуді жүргізу керек.


9.9.5 Суды сүзгіден өткізудің бірінші деңгейдің арынды сүзгілеріне арналған vf жылдамдығы судың құрамындағы тұздың жалпы мөлшері кезінде аспауы керек:

- 5 мгэкв/л дейін – 20 м/сағат;

- 5-тен 15 мгэкв/л дейін – 15 м/сағат;

- 15-тен 20 мгэкв/л дейін – 10 м/сағат;

- 20 мгэкв/л асатын – 8 м/сағат.

9.9.6 Бірінші деңгейдің катиониттік сүзгілерінің санын қабылдау керек:

- кем дегенде екі жұмыс сүзгісі;

- біреуі резервтік.

9.9.7 Арынды катиониттік сүзгілердегі арынды жоғалтуды 9.32-кесте бойынша қабылдау керек.


9.32-кесте – Арынды катиониттік сүзгілердегі арынды жоғалту мәндері


Сүзгіден өткізу жылдамдығы

vf, м/сағат

Сүзгілерде арынды жоғалту, м, ионит түйіршіктерінің көлемі кезінде, мм

0,3-тен 0,8 дейін

0,5-тен 1,2 дейін

Жүктеу қабатының биіктігі кезінде, м

2,0

2,5

4,0

2,5

5

5,0

5,5

4,0

4,5

10

5,5

6,0

5,0

5,5

15

6,0

6,5

5,5

6,0

20

6,5

7,0

6,0

6,5

25

9,0

10,0

7,0

7,5

9.9.8 Катионитті қопсыту кезіндегі суды жіберу қарқындығын 3 л/(см2)-дан 4 л/(см2) дейін қабылдау керек, қопсытудың ұзақтығы 0,25 сағатқа дейін. Қалпына келтірудің алдында катионитті қопсыту үшін катионитті жуудан қалған судың соңғы фракцияларын пайдалану керек.

9.9.9 Бірінші деңгейдің катиониттік сүзгілерін қалпына келтіруді қышқылдардың (тұзды, күкіртті) 7%-дан 10% дейінгі ерітінділерімен жүргізу керек.

Қышқылдың қалпына келтіру ерітіндісін катионит қабаты арқылы өткізу жылдамдығы 2 м/сағат аспауы керек. Катионитті ары қарай жуу катионит қабаты арқылы 6 м/сағаттан 8 м/сағат дейін жылдамдықпен жоғарыдан төмен қарай өткізілетін иондалған сумен жүзеге асырылады.

Үлесті шығын сүзгінің 1 м3 жүктемесіне 2,5 м-ден 3,0 м дейін құрайды.

Жуу сулары көлемінің бірінші жартысы қышқылдың қалпына келтіруші ерітіндісін жасауға арналған бакқа, екінші жартысы – катионитті қопсытуға арналған су багына тасталады.

9.9.10 Екінші деңгейдің сутек-катионитті сүзгілерін 9.9.3 - 9.9.7 сәйкес және сілтілі металдар катиондарының және аммонийдің концентрациясынан шыға келе есептеу керек.

9.9.11 Екінші деңгейдің катиониттік сүзгілерін қалпына келтіруді күкірт қышқылының 7%-дан 10% дейінгі ерітіндісімен жүргізу керек.

Қышқылдың үлесті шығыны катиониттің жұмыс көлемдік сыйымдылығының 1,0 мгэкв-не 2,5 мгэкв құрайды.

9.9.12 Аниониттық сүзгілердегі аниониттің көлемі Wan, м3, келесі формула бойынша анықталуы керек:



(9.77)
мұндағы qw – өңделетін судың шығыны, м3/сағат;

- өңделетін судағы аниондардың жиынтық концентрациясы, мгэкв/л;

- тазартылған судағы аниондардың рұқсат берілген жиынтық концентрациясы, мгэкв/л;

nreg – тәулігіне әрбір сүзгіні қалпына келтіру саны (екеуден аспауы керек);

- анионит жұмыстық алмасу сыйымдылығы, мгэкв/л:
(9.78)
мұндағы an – 0,9 әлсіз негізді аниониттер үшін қабылданатын анионитті қалпына келтіру тиімділігінің коэффициенті;

- паспорттық мәліметтер негізінде, иониттер каталогы немесе тәжірибелік мәліметтер бойынша анықталатын аниониттік толық алмасу сыйымдылғы, мгэкв/л;

qan – шайырдың 1 м3-не 3 м3-ден 4 м3 дейін тең деп қабылданатын шайырды қалпына келтіргеннен кейін анионитті жууға жұмсалатын судың үлесті шығыны;

Kion – иониттің түрін есепке алатын коэффициент; анионит үшін 0,8 қабылданады;

- жуу суындағы аниондардың жиынтық концентрациясы, мгэкв/м3.

9.9.13 Бірінші деңгейдің аниониттық сүзгілерінің сүзгіден өткізу ауданы Fan, м2, келесі формула бойынша анықталуы керек:


(9.79)
мұндағы qw – өңделетін судың шығыны, м3/сағат;

nreg – екіден көп деп қабылданатын тәулігіне аниониттық сүзгілерді қалпына келтіру саны;

tf – қалпына келтірулердің арасындағы әрбір сүзгі жұмысының ұзақтығы, (сағаттарда), келесі формула бойынша анықталады:

(9.80)
мұндағы t1 – 0,25 сағат деп қабылданатын анионитті қопсыту ұзақтығы;

t2 – қалпына келтіру ерітіндісінің мөлшеріне және оны өткізудің 1,5 м/сағаттан 2,0 м/сағатқа дейінгі жылдамдығына байланысты анықталатын қалпына келтіру ерітіндісін өткізу ұзақтығы;

t3 – жуу суының мөлшеріне және 5 м/сағаттан 6 м/сағатқа дейінгі жуу жылдамдығына байланысты анықталатын анионитті жуу ұзақтығы;

vf – 8 м/сағаттан 20 м/сағатқа дейінгі шектерде қабылданатын суды сүзгіден өткізу жылдамдығы.
9.9.14 Бірінші деңгейдің аниониттық сүзгілерін қалпына келтіруді ащы натрдың, кальцийленген соданың немесе аммиактың 4%-6 %-дық ерітінділерімен жүргізу керек; қалпына келтіруге жұмсалатын реагенттің үлесті шығыны 1 мгэкв сорбцияланған аниондардың (аниониттің 1 мгэкв жұмыстық алмасу сыйымдылығына) 2,5 мг экв-дан 3,0 мгэкв дейін тең.

Бірінші деңгейдің аниониттық сүзгілерін қалпына келтіруге арналған екі деңгейлі аниондау бар қондырғыларда екінші деңгейдің аниониттық сүзгілерін қалпына келтіруден кейінгі ащы натрдың қолданылған ерітінділерін пайдалану керек.

9.9.15 Екінші деңгейдің аниониттық сүзгілерін салуды күшті негізді анионитпен жүргізу керек, жүктеу биіктігі 1,5 м-ден 2,0 м дейін болуы керек.

Екінші деңгейдің аниоттық сүзгілерін есептеуді 9.9.7 және 9.9.8 сәйкес жүргізу керек.

Өңделетін суды сүзгіден өткізу жылдамдығын 12,0 м/сағаттан 20,0 м/сағатқа дейін қабылдау керек.

9.9.16 Екінші деңгейдің аниоттық сүзгілерін қалпына келтіруді есептеуді 6%-дан 8% дейін концентрасиясымен ащы натрдың ерітіндісімен жүргізу керек.

Қалпына келтіру ерітіндісін өткізу жылдамдығы 1,0 м/сағаттан 1,5 м/сағатқа дейін құрауы керек.

1 гэкв сорбцияланған иондарды қалпына келтіруге жұмсалатын ащы натрдың үлесті шығыны 1 гэкв-ға 7 гэкв-дан 8 гэкв дейін (аниониттің 1 гэкв жұмыстық алмасу сыйымдылығына).

9.9.17 Аралас әрекет ету сүзгілерді (АӘС) суды терең тазарту және иондалған судың рН шамасын реттеу үшін бір- немесе екі деңгейлі иондаудандан кейін қарастыру керек.

9.9.18 АӘС есептеу сүзгіден өткізудің 50 м/сағат дейін жылдамдығы кезінде 9.9.7 және 9.9.8, 9.9.12 және 9.9.13 сәйкес жүргізіледі.

9.9.19 Қалпына келтіруді жүргізу керек:

а) катиониттің:

- күкірт қышқылының 7%-дан 10% дейінгі ерітіндісімен;

б) аниониттің:

- ащы натрдың 6%-дан 8% дейінгі ерітіндісімен.

Қалпына келтіру ерітінділерін өткізу жылдамдығы 1,0 м/сағаттан 1,5 м/сағат дейін құрауы керек. Сүзгілердегі иониттерді жууды тұзсыздандырылған сумен жүргізу керек. Жуу процесінде иониттерді сығылған ауамен араластыру керек.

9.9.20 Ионалмасу тазарту және тоспа суларды тұзсыздандыру аппараттары, құбырлары мен арматуралары тоттануға қарсы орындаумен жасалынулары керек.

9.9.21 Иониттерді қалпына келтіруді элюаттардың фракциялық іріктеумен жүргізу керек. Элюатты 2-ден 3 дейінгі фракцияларға бөлу керек.

Шығарылатын компоненттер бойынша концентрациялануы жоғары элюат фракцияларын зарарсыздандыруға, қайта өңдеуге, пайдаға асыруға жіберу, шығарылатын компоненттер бойынша концентрациялануы төмен фракцияларды қалпына келтірудің кейінгі циклдерінде қайтадан пайдалануға жіберу керек.


Каталог: data -> files
files -> Инструкция по обеззараживанию питьевой воды и очищенных сточных вод
files -> Сјулет, ќала ќўрылысы жјне ќўрылыс саласындаєы мемлекеттiк нормативтік ќўжаттар
files -> О напиткеФакт об Алое ВераВсе об Алое ВераОсобенности напиткаСодержит витамины«Чудо-растение»Интересно, что…Контактные данные
files -> Aloe vera (алоэ вера) – желеобразное вещество, находящееся в листьях растения Алоэ Вера, произрастающего в засушливых районах Африки, Азии, Гавайев, Флориды и Южной Калифорнии
files -> Утверждены
files -> ҚҰрылыстық нормалар және ережелер
files -> ДиаДерм Крем Регенерирующий


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   22


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет