ҚҰрылыс нормалары және ережелер


 Меншікті шығымдар, біркелкілік емес коэффициенттері мен тоспа сулардың шығымы



жүктеу 3.79 Mb.
бет3/22
Дата22.09.2017
өлшемі3.79 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22

5.5 Меншікті шығымдар, біркелкілік емес коэффициенттері мен тоспа сулардың шығымы
5.5.1 Елді мекендердің су бұру жүйелерін жобалаған уақытта тұрмыстық тоспа сулардың тұрғын жайлардан меншікті есептік орташа жылдық (бір жыл ішінде) су бұруын айналадағы аумақ пен жасыл желектерді суаруға жұмсалатын суды есептемей, ҚР ҚНжЕ 4.01-02 сәйкес есептелген орташа тәуліктік (бір жыл ішінде) су тұтынуға дер алу қажет.

5.5.2 Бөлек тұрғын және қоғамдық ғимараттардан шығатын тоспа сулардың есептелген шығымын анықтау үшін меншікті су бұруды топтанған шығымды есепке алу қажет болған жағдайда ҚР ҚНжЕ 4.01-41сәйкес қабылдау қажет.

5.5.3 Өнеркәсіптік кәсіпорындардан шығатын тоспа сулардың мөлшері мен олардың біркелкі құйылмау коэффициенттерін ықтимал су айналымы мен тоспа сулардың қайта пайдаланылу мүмкіндігіне қатысты су шаруашылығы балансын сараптап, технологиялық деректер бойынша, деректер болмаған жағдайда өнімнің немесе шикізаттың бір бірлігіне жұмсалатын су шығымының белгіленген нормалары бойынша я болмаса осы сияқты кәсіпорындардың деректері бойынша анықтау қажет. Бұл ретте суды аз қажет ететін технологиялық процесстерді, суды қайта пайдаланатын су айналымын қолдану есебінен судың тиімді жұмсалуын қарастыру қажет.

Кәсіпорындардың тоспа суларының жалпы санынан елді мекеннің немесе басқа су пайдаланушының су бұру желісінде қабылданатын шығымдарды ажырату қажет.

5.5.4 Су бұру жүйесі жоқ аудандардағы меншікті су бұруды бір тұрғынға 25 л/тәул деп алу қажет.

5.5.5 Елді мекендегі тоспа сулардың есептелген орташа тәуліктік шығымын нормативтің 5.5.1-5.5.4 белгіленетін шығымдар сомасы ретінде айқындау қажет.

Халыққа қызмет көрсететін жергілікті өнеркәсіп кәсіпорындарынан шығатын сулардың мөлшерін, сонымен қатар есепке алынбаған шығымды елді мекеннің жиынтықты орташа тәуліктік су бұрудың қосымша 5% көлемінде қабылдауға жол беріледі (тиісті түрде негізделген жағдайда).

5.5.6 Тоспа сулардың есептелген тәуліктік шығыстарын нормативтің 5.5.5 айқындаоған тоспа сулардың ҚР ҚНжЕ 4.01-02 сәйкес қабылданатын тәуліктік біркелкілік емес коэффициенттеріне орташа тәуліктік (бір жылдағы) шығыстарының сомасы ретінде анықтау қажет.

Төңіректегі жер бедері жазық болған жағдайда тоспа сулардың есептік шығымы әр көз бойынша біркелкілік еместіліктің жалпы коэффициенттерінің ескерілуімен анықталады.

5.5.7 Тоспа сулардың есептелетін жалпы ең көп және ең аз шығымын тәуліктік, сағаттық және сағат ішілік біркелкілік еместілікті ескере отырып, ғимараттардан, тұрғын үйлерден, өнеркәсіптік кәсіпорындардан келетін тоспа сулардың ағылу графигін, желілердің ұзақтығы мен конфигурациясын, сорғы станцияларының болуын және т.б. ескеретін су бұру жүйелерін моделдеу нәтижелері бойынша я болмаса ұқсас нысандарды пайдалану кезінде су бұру графигінің іс жүзіндегі деректері бойынша анықтау қажет. Жүйенің гидравликалық есебі [1] сәйкес жүргізіледі.

Аталған деректер болмаған жағдайда 5.13-кесте бойынша жалпы коэффициенттерді (ең жоғары және ең төмен) қолдануға жол беріледі.

5.5.8 Өнеркәсіптік кәсіпорындардың өндірістік тоспа суларының есептелген шығымын төмендегідей алу қажет:

- тоспа сулар цехтерден келетін кәсіпорындардың сыртқы коллекторлары үшін – ең жоғары сағат шығымы бойынша;

- кәсіпорынның жалпы зауыттық және алаңнан тысқары орналасқан коллекторлары үшін – біріктірілген сағат графигі бойынша;

- кәсіпорындар тобының алаңнан тысқары орналасқан коллекторы үшін – тоспа сулардың коллектормен ағатын уақытың ескерілуімен біріктірілген сағат графигі бойынша.
5.13-кесте  - Жалпы коэффициенттердің (ең жоғары және ең төмен) мәндері


Тоспа судың біркелкі құйылмауының жалпы коэффициенті

Тоспа сулардың орташа шығымы, л/с

5

10

20

50

100

300

500

1000

5000 және одан артық

Кgen. max




1% қамсыздандыру кезінде ең жоғары

3,00

2,70

2,50

2,20

2,00

1,80

1,75

1,70

1,60

5% қамсыздандыру кезінде ең жоғары

2,50

2,10

1,90

1,70

1,60

1,55

1,50

1,47

1,44

Kgen. min



5% қамсыздандыру кезінде ең төмен

0,38

0,46

0,50

0,55

0,59

0,62

0,66

0,69

0,71

1% қамсыздандыру кезінде ең төмен

0,20

0,23

0,26

0,30

0,35

0,40

0,45

0,51

0,56

1-ЕСКЕРТУ   Кестеде келтірілген тоспа сулардың құйылуының жалпы коэффициенттерін өндірістік тоспа сулардың мөлшері жалпы шығымның 45% аспағанда алуға жол беріледі.

2-ЕСКЕРТУ Тоспа сулардың орташа шығымы 5 л/с кем болғанда біркелкілік еместіліктің ең жоғары коэффициенті 3 деп алынады.

3-ЕСКЕРТУ 5% қамсыздандыру шығымның тәулік аралығында орта есеппен 1 рет көбейтілуін (азайтылуын) көздейді.

4-ЕСКЕРТУ  1% қамсыздандыру – 56 тәулік аралығында.


5.5.9 Тоспа суларды сорғылармен әперу кезіндегі желілер мен құрылыстар үшін есептелген шығымды сорғы қондырғыларының жұмыс өнімділігіне теңдей алып қабылдау қажет.

5.5.10 Тоспа суларды тазалау үшін су бұратын коммуникациялар мен құрылыстарды жобалаған уақытта тоспа сулардың түрлі көздерінен тоспа сулардың есептелген шығымын орташаландырудың техника-экономикалық орындылық пен санитарлық-гигиеналық мүмкіншілігін қарастыру қажет.

5.5.11 Нормативтің 4.1-атап көрсетілген сызбаларды әзірлеген уақытта орташаландырылған меншікті су бұруды (бір жыл ішіндегі) 5.14-кесте бойынша қабылдауға жол беріледі.

Өнеркәсіптік және ауыл шаруашылығы кәсіпорындарынан келетін тоспа сулардың көлемі күшейтілген нормалардың немесе қолданыстағы ұқсас жобалардың негізінде анықталуы тиіс.


5.14-кесте  - Елді мекендерде бір тұрғынға келетін орташа тәуліктік (бір жыл ішінде) меншікті су бұру нормалары


Су бұру нысандары

Елді мекендерде бір тұрғынға келетін орташа тәуліктік (бір жыл ішінде) меншікті су бұру, л/тәул

2020 ж. дейін

2030 ж. дейін

Қалалар

400

320

Ауылдық елді мекендер

110

90

1-ЕСКЕРТУ Орташа тәулікті меншікті су бұруды климат және басқа да жергілікті жағдайларға қарай, абаттандырылу дәрежесіне қарай 10% бастап, 15% дейінгі аралықта өзгертуге жол беріледі.

2-ЕСКЕРТУ Өнеркәсіптің 2020 ж. кейінгі дамуы туралы деректер болмаған жағдайда кәсіпорындардан келетін тоспа сулардың қосымша шығымын 5.14-кесте бойынша анықталған шығымның 15% көлемінде алуға жол беріледі.


5.5.12 Өздігінен ағатын тораптарды, коллекторлар мен каналдарды, сондай-ақ тұрмыстық және өндірістік тоспа сулар ағатын арын құбырларды 5.5.7 - 5.5.8 сәйкес жиынтықталып есептелген ең үлкен шығымның және жаңбырлы кезең мен қар еритін кезеңде құдықтардағы люктардың нығыздалмаған жерлері арқылы су бұру желілеріне ұйымдаспаған түрде және жер асты суларының инфильтрациялануы есебінен құйылатын беткі және жер асты суларының қосымша құйылуының өткізілуіне тексеру қажет.

Қосымша құйылу шамасын qad, л/с, арнайы ізденістердің немесе ұқсас нысандарды пайдалану деректерінің негізінде, ал олар болмаған жағдайда мына формула бойынша анықтау қажет:
(5.14)
мұнда, L – құбырлардың есептелетін құрылысқа (құбырлардың жармасына) дейінгі жалпы ұзындығы, км;

тd – ҚР ҚНжЕ 2.04-01 сәйкес анықталатын жауын-шашын мөлшерінің, мм, ең жоғары тәуліктік шамасы.

Кез келген пішіндегі көлбеулі қималы өздігінен ағатын құбырлар мен каналдар ұлғайған шығымды өткізуге су 0,95 биіктікке толған кезде тексеріліп есептелуі тиіс.


5.6 Жартылай бөлшектенетін су бұру жүйесінің тоспа суларының есептелген шығымы
5.6.1 Жартылай бөлшектенетін су бұру жүйесінің ортақ ағызылатын коллекторларындағы тоспа сулардың есептелген шығымын qmix, л/с мына формула бойынша қабылдау қажет:
(5.15)
мұнда, qcit – біркелкілік емес коэффициентінің ескерілуімен өндірістік және тұрмыстық тоспа сулардың ең жоғары есептелген шығымы, л/с;

qlim – есептелетін учаскеге дейін орналасқан әр бөлек камерадан ортақ ағызылатын коллекторға әперілетін жаңбыр суларының шекті шығымының qlim сомасына тең келетін тазалануға жататын жаңбыр ағындысының шығымы, л/с.

Беткі тоспа сулардың жылдық көлемінің кем дегенде 70% тазалауға бұрылуын қамтамасыз ететін шекті жаңбыр ағындысының шығымын шекті жаңбыр қарқындылығы Plim (0,05 жылдан 0,10 жылға дейін) бір мәрте асырылған кезеңде 5.4.1 сәйкес анықтау қажет.
Plim көрсетілген мәндерін жергілікті шарттар бойынша нақтылауға жол беріледі.

5.6.2 Жартылай бөлшектенетін су бұру жүйесінің ортақ ағызылатын коллекторына жиі жауатын жаңбырлар үшін метеорологиялық параметрлерді қолдана отырып, шекті, суқоймасына құйылмайтын жаңбыр кезінде қолданыстағы немесе жобаланған су бұру жаңбыр желісімен әперілетін жаңбыр суларының qlim шекті шығымын жаңбыр суларының ағындысын коэффициентінің мәні 1 тең болған уақытта 5.4.2 сәйкес есептеу арқылы анықтауға жол беріледі. Жаңбыр суларының шекті шығымын мына формула бойынша анықтау қажет:



(5.16)
мұнда, Кdiv – тазалауға жіберілетін жаңбыр суларының шығымдалған бөлігін көрсететін және 5.6.3 бойынша анықталатын коэффициент;

qr коэффициентінің ескерілуісіз 5.4.1 сәйкес анықталатын жаңбыр суларының бөлу камерасына лайық келетін шығым.

5.6.3  Кdiv бөлу коэффициентінің мәндерін төменде көрсетілген қатынасқа байланысты 5.15-кесте бойынша анықтау қажет:



(5.17)

мұнда, mr, – 5.4.2 бойынша анықталатын параметрлер


5.15-кесте  - Кdiv бөлу коэффициентінің мәндері


Дәреже көрсеткіш nlim

Kdiv, тең болғандағы Kdiv коэффициентінің мәндері

0,05

0,10

0,15

0,20

0,25

0,30

0,35

0,40

0,45

0,50

0,75

0,02

0,04

0,07

0,10

0,15

0,19

0,24

0,3

0,36

0,42

0,5

0,025

0,05

0,08

0,12

0,16

0,21

0,26

0,31

0,37

0,43

0,3

0,03

0,06

0,09

0,13

0,18

0,22

0,27

0,32

0,38

0,43

ЕСКЕРТУ   5.15-кестеде қабылданған Kdiv мәндері 20 мин тең келетін тармақтың ұзақтығы tr, үшін, сондай-ақ тармақтың ұзақтығы кез келген болған уақытта (5.15) п - nlim = 0 формуласындағы дәреже көрсеткіштерінің айырмасы үшін әділ. Тармақтың бөлу камерасына дейінгі есептелген ұзақтығы tr  20 мин мен дәреже көрсеткіштерінің 5.15-кесте бойынша қабылданған бөлу коэффициентінің мәніне айырмасына n  0 тармақтың бөлу камерасына дейінгі ұзақтығы мен п дәреже көрсеткіштерінің айырмасына байланысты 5.16-кесте бойынша анықталатын түзету коэффициентін енгізу қажет.

5.6.4 Ортақ ағызылатын су бұру желісінің учаскелеріндегі тоспа су қоспаларының есептелген шығымын біркелкілік еместілік пен есептелген жаңбыр қарқындылығының жаңбыр сулары коэффициентін ескере отырып, бірінші нөсерөткізгішке дейін өндірістік-тұрмыстық тоспа сулардың qcit шығым сомасы ретінде анықтау қажет.


5.16-кесте  - Түзету коэффициентінің бөлу коэффициентінің мәні


n дәрежесі көрсеткіштерінің әралуандылығы - nlim

tr тармақ, мин болғанда

Kdiv Түзету коэффициентінің бөлу коэффициентіне мәні


10,0

30,0

60,0

90,0

120,0

0,03 және одан кем

1,0

1,0

1,0

1,1

1,1

0,07

0,9

1,0

1,1

1,2

1,2

0,15

0,9

1,1

1,2

1,3

1,3

0,20

0,8

1,1

1,4

1,6

1,7

0,30

0,8

1,2

1,6

1,9

2,1

5.6.5 Ортақ ағызылатын су бұру желісінің учаскелеріндегі тоспа су қоспаларының есептелген шығымын есептелген қарқындылықтағы біркелкілік еместілік пен есептелген жаңбыр қарқындылығының жаңбыр сулары коэффициентін qgen, л/с ескере отырып, мына формула бойынша анықтау қажет:
(5.18)
мұнда, qcit - өндірістік және тұрмыстық тоспа сулардың шығымы, л/с;

qr – соңғы нөсерөткізгіш пен есептелген қима арасындағы ағынды бассейнінен ағатын жаңбыр суларының шығымы, л/с.

5.6.6 Жартылай бөлшектенетін су бұру жүйесінің ортақ ағызылатын коллекторын олар толығымен толған уақытта шығымдардың өткізілуіне есептеу қажет.

Өндірістік-тұрмыстық тоспа сулардың шығымы qcit 10 л/с асатын жартылай бөлшектенетін су бұру жүйесінің ортақ ағызылатын коллекторының учаскелерінде осы шығымның өткізілу шарттарын тексеру қажет. Бұл ретте төменірек жылдамдықтарды 5.17-кесте бойынша, толған уақытта 0,3 тең деп алу қажет.
5.17-кесте  - құрғақ ауа райындағы есептелетін шығымдар кезінде ортақ ағызылатын желі құбырларындағы су қабатының тереңдігіне байланысты тоспа сулар ағысының ең төмен жылдамдығының мәндері


Құрғақ ауа райындағы есептелетін шығымдар кезінде ортақ ағызылатын желі құбырларындағы су қабатының тереңдігі, см

Тоспа сулар ағысының ең төмен жылдамдығы, м/с

31 бастап, 40 дейін қоса алғанда

1,0

41 бастап,60 дейін қоса алғанда

1,1

61 бастап,100 дейін қоса алғанда

1,2

101 бастап,150 дейін қоса алғанда

1,3

150 жоғары

1,4


5.7 Жаңбыр суларының ағысын реттеу
5.7.1 Тазалау құрылыстарына немесе сорғы станцияларына түсетін жаңбыр сулары ағынының реттелуін шығымды азайту және теңестіру мақсатында қарастыру қажет. Ағынның реттелуін құбырлардың диаметрлерін азайту үшін ұзақтығы үлкен тарту коллекторларының алдында да қолдану қажет.

Жаңбыр суларының ағынын реттеу үшін ҚНжЕ 2.06.03 мен ҚН 551 талаптарына сәйкес жобаланатын тоғандар немесе резервуарлар (тұндырғылар) жасау, сонымен қатар ауыз су көзі ретінде пайдаланылмайтын, шомылу мен спортқа жарамайтын және балық шаруашылығы мақсаттарына қолданылмайтын күшейтілген жыралар мен қолданыстағы тоғандарды пайдалану қажет.

5.7.2 Реттейтін тоғандар мен резервуарларға ағын шығымы көбейген уақытта бөлу камералары арқылы жаңбыр суларын ғана жіберу қажет.

Бұл ретте барлық еріген су мен жиі жауатын жаңбыр ағынын тоғанды айналдыра жіберу қажет.

Реттейтін тоғанды тазалау құрылысы ретінде пайдалану орынды болған жағдайда бұл жерге бүкіл беткі ағын жіберілуі тиіс. Мұндайда шөгіндіні, қоқыс мен мұнай өнімдерін алу үшін арнайы жабдықты қарастыру қажет.

5.7.3 Су қашыртқы мен су шығарулар үшін жаңбырлардың есептелген қарқындылығының бір мәртелі асырылу кезеңін жаңбыр есептелгеннен артық қарқындылықпен жауған жағдайда әр нысан үшін жергілікті шарттар мен ықтимал салдарды ескеріп, белгілеу қажет.


5.8 Су бұру желілерін гидравликалық есептеу
5.8.1 Су бұру желісінің өздігінен ағатын құбырларының (лотоктардың, каналдардың) гидравликалық есебін (5.19)-формула бойынша құрылған кестелер мен графиктер бойынша есептелген ең жоғары секундтық шығымға жүргізу қажет.

Өздігінен ағатын коллекторларды жобалаған уақытта қойылатын негізгі талап болып, тасымалданатын тоспа сулардың қозғалыс жылдамдығы кезінде есептелген шығымдардың мына формула бойынша өткізілуі табылады:


(5.19)
мұнда, vсұйықтықтың қозғалыс жылдамдығы, м/с;

С – каналдың немесе құбырдың суланған бетінің бұдырлығы мен гидравликалық радиусына байланысты болатын және мына формула бойынша анықталатын коэффициент:
(5.20)
мұнда,

n1 – қима дөңгелек өздігінен ағатын коллекторлар үшін қабылданатын бұдырлық коэффициенті - 0,014, арын құбырлар үшін - 0,013;

R - гидравликалық радиус, м;

i – гидравликалық көлбеу.

Лотоктар мен каналдардың гидравликалық көлбеуін i мына формула бойынша анықтауға жол беріледі:



(5.21)

мұнда, g – тартылыс күшінің үдеуі, м/с2;

 - ағынның түрлі дәрежедегі турбуленттілігін ескеретін формула бойынша анықтау керек болатын ұзындық бойынша үйкеліс кедергісінің коэффициенті:
(5.22)
мұнда,  - балама бұдырлық, см;

R - гидравликалық радиус, см;

a2 – құбырлар мен каналдардың бұдырын ескеретін коэффициент;

Re – Рейнольдс саны;

 мен а2 мәндерін 5.18-кесте бойынша қабылдау қажет.

5.18-кесте  - Түрлі материалдардан жасалған құбырлар үшін балама бұдырлық пен бұдырлық сипаты коэффициенттерінің мәндері


Құбырлар мен каналдар


, см

а2

Құбырлар:

бетон және темірбетон

0,200

100

қыш

0,135

90

шойын

0,100

83

аса берік шойын (ВЧШГ)

0,100

83

болат

0,080

79

асбестцементті

0,060

73

желім бірігулері бар ПВХ

0,007

65

аралық дәнекерленген полиэтилен

0,010

40

әйнек пластик

0,012

35

Каналдар:

буттан, сүргіленген тастан

0,635

150

кірпіш

0,315

110

бетон және темірбетон монолитті

0,300

120

жиналма (зауытта дайындалған)

0,080

50

5.8.2 Су бұру желілерінің арын құбырларының гидравликалық есебін ҚР ҚНжЕ 4.01-02 сәйкес жүргізу қажет.

5.8.3 Шикі және божыған тұнбаларды, сонымен қатар белсенді тұнба таситын арын тұнба жүретін құбырлардың гидравликалық есебін тұнбалардың қозғалыс режимін, физикалық қасиеттерін және құрамының ерекшеліктерін ескеріп жүргізу қажет.

Ылғалдылық 99% және одан артық болған жағдайда тұнба ағын сұйықтығы қозғалысының заңдарына бағынады.

5.8.4 Арын тұнба ағатын құбырларды есептеген уақытта гидравликалық көлбецді i мына формула бойынша анықтау қажет:

(5.23)
мұнда, mud – тұнбаның ылғалдылығы, %;

 - мына формула бойынша анықталатын ұзындығы бойынша үйкеліске кедергі коэффициенті:


(5.24)

v – тұнба қозғалысының жылдамдығы, м/сек;

D – құбырдың диаметрі,

Диаметрі 150 мм тұнба ағатын құбырлар үшін мәнін 0,01 ұлғайту қажет.


Каталог: data -> files
files -> Инструкция по обеззараживанию питьевой воды и очищенных сточных вод
files -> Сјулет, ќала ќўрылысы жјне ќўрылыс саласындаєы мемлекеттiк нормативтік ќўжаттар
files -> О напиткеФакт об Алое ВераВсе об Алое ВераОсобенности напиткаСодержит витамины«Чудо-растение»Интересно, что…Контактные данные
files -> Aloe vera (алоэ вера) – желеобразное вещество, находящееся в листьях растения Алоэ Вера, произрастающего в засушливых районах Африки, Азии, Гавайев, Флориды и Южной Калифорнии
files -> Утверждены
files -> ҚҰрылыстық нормалар және ережелер
files -> ДиаДерм Крем Регенерирующий


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет