ҚҰрылыс нормалары және ережелер


  Құбырлардың ең кішкентай диаметрлері



жүктеу 3.79 Mb.
бет4/22
Дата22.09.2017
өлшемі3.79 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22

5.9  Құбырлардың ең кішкентай диаметрлері
5.9.1 Өздігінен ағатын желі құбырларының ең кішкентай диаметрлерін төмендегідей алу қажет:

- көше желісі үшін – 200 мм;

- тұрмыстық және өндірістік су бұрудың квартал ішілік желісі үшін – 150 мм;

- жаңбыр және ортақ ағызу желісі үшін –250 мм;

- квартал ішілік - 200 мм.

Арын тұнба ағатын құбырлардың ең кішкентай диаметрі - 150 мм.


1-ЕСКЕРТУ   Шығымы 300 м3/тәул дейін жететін квартал ішілік және көше желілері үшін елді мекендерде диаметрі 150 мм құбырларды қолдануға жол беріледі.

2-ЕСКЕРТУ  Тиісті негіздеу болған жағдайда өндірістік су бұру желісіне диаметрі 150 мм кем құбырларды қолдануға жол беріледі.


5.10 Есептелген жылдамдық пен құбырлар мен каналдардың толтырылуы

5.10.1 Су бұру желілерінің тұнба басуына жол бермеу үшін тоспа сулар қозғалысының есептелген жылдамдығын құбырлар мен каналдардың толу дәрежесіне және құрамында тоспа сулар бар қалқымалы заттардың ірілігіне қарай алу қажет.

Тұрмыстық және жаңбыр су бұру жүйесінің желісінде құбырлар жартылай толған жағдайда ең төмен жылдамдықты 5.19-кесте бойынша қабылдау қажет.

5.10.2 Лотоктар мен құбырлардағы түссіздендірілген немесе биологиялық тазартылған тоспа сулардың ең төмен есептік жылдамығын 0,4 м/с деп алуға жол беріледі.

5.10.3 Тоспа сулардың ең жоғары есептелген жылдамдығын төмендегідей алу қажет:

-  металл құбырлар үшін 8 м/сек дейін;

- металл емес құбырлар үшін 4 м/сек;

- жаңбырлы су тарту желісі үшін тиісінше 7 м/с бастап, 10 м/с дейін.

5.10.4 Дюкерлердегі түссіздендірілмеген тоспа сулар қозғалысының есептелген жылдамдығын кемінде 1,0 м/с деп алу қажет. Мұндайда тоспа сулар дюкерге жақындайтын жерлерде жылдамдық дюкердегі жылдамдықтан асырылмауы тиіс.
5.19-кесте  - Тұрмыстық және жаңбырлы су бұру жүйелерінің желісіндегі құбырлардың ең жоғары есептік толтырылуына байланысты ең төменгі жылдамдықтың мәні


Диаметрі, мм

Жылдамдық vmin, м/с, H/D толған кезінде


0,60

0,70

0,75

0,80

150 бастап, 250 дейін, қоса алғанда

0,70

-

-

-

300 бастап, 400 дейін, қоса алғанда

-

0,80

-

-

450 бастап, 500 дейін, қоса алғанда

-

-

0,90

-

600 бастап, 800 дейін, қоса алғанда

-

-

1,00

-

900

-

-

1,15

-

1000 бастап, 1200 дейін, қоса алғанда

-

-

-

1,15

1500

-

-

-

1,30

1500 жоғары

-

-

-

1,50

1-ЕСКЕРТУ Өндірістік тоспа сулар үшін ең төмен жылдамдықты өнеркәсіптің жекелеген сала кәсіпорындарын құрылыстық жобалау бойынша немесе пайдалану деректері бойынша нұсқауларға сәйкес қабылдау қажет.

2-ЕСКЕРТУ Қалқымалы заттардың сипаты жағынан тұрмыстыққа жақын өндірістік тоспа сулар үшін, ең төмен жылдамдықты тұрмыстық тоспа суларға алатындай алу қажет.

3-ЕСКЕРТУ Жаңбырлы су бұру желісі үшін Р = 0,33 жыл болғанда ең төмен жылдамдықты 0,6 м/с деп алу қажет.

5.10.5 Шикі және божыған тұнбалар қозғалысының, сондай-ақ арын тұнба ағатын құбырлардағы нығыздалған белсенді тұнбаның ең төмен есептелген жылдамдығын 5.20-кесте бойынша алу қажет.


5.20-кесте  - Значения наименьшей расчетной скорости движения сырых и сброженных осадков, и уплотненного активного ила в напорных илопроводах


Шөгіндінің ылғалдылығы, %

vmin, м/с, болғанда


Шөгіндінің ылғалдылығы, %

vmin, м/с, болғанда


D= 150 мм

бастап, 200 мм дейін



D= 250 мм бастап,

400 мм дейін



D= 150 мм

бастап, 200 мм дейін



D= 250 мм бастап,

400 мм дейін



98

0,8

0,9

93

1,3

1,4

97

0,9

1,0

92

1,4

1,5

96

1,0

1,1

91

1,7

1,8

95

1,1

1,2

90

1,9

2,1

94

1,2

1,3









5.10.6 Жаңбыр қозғалысының ең жоғары жылдамдығы мен каналдардағы өндірістік тоспа сулар суқоймаларына жіберілуге жол берілетін ең жоғары жылдамдықты каналдарда 5.21-кесте бойынша алу қажет.

5.10.7 Кез келген пішіндегі (тіктөртбұрыштан басқа) көлденең қимасы бар құбырлар мен каналдардың есептеліп толтырылуын 0,8 диаметрден (биіктіктен) асырмай алу қажет.

Көлденең қимасы тіктөртбұрыш каналдардың есептеліп толтырылуын биіктіктің 0,75 асырмай қолдануға жол беріледі.

Жаңбырлы су тарту желісінің құбырлары үшін толық толуды алу қажет. Толық толтыруды тоспа сулар аз уақытқа тасталған уақытта диаметрі 500 мм дейінгі құбырлар үшін алуға жол беріледі.
5.21-кесте  - Жаңбыр және суқоймаларға тасталуға жол берілетін каналдарғы өндірістік тоспа су қозғалысының ең жоғары жылдамдығының мәндері


Топырақ немесе бекітілу түрі

Ағын тереңдігі 0,4 м бастап, 1,0 м дейін болғанда каналдардағы ең жоғары қозғалыс жылдамдығы, м/с


Бетон плиталармен бекітілу

4,0

Орташа әктастар, құмдақтар

4,0

Одерновка:

жалпақ жағы

1,0




қабырғаға

1,6

Төсем салу:

бірқабатты

2,0




қос қабатты

3,0 бстап, 3,5 дейін

ЕСКЕРТУ  Ағын жылдамдығы 0,4 м кем болған уақытта тоспа сулардың қозғалыс жылдамдығының мәндерін 0,85 коэффициентімен, тереңдігі 1,00 м астам болғанда - 1,25 коэффициентімен алу қажет.


5.11  Құбырлардың, каналдар мен лотоктардың көлбеулері
5.11.1 Құбырлар мен каналдардың ең төмен көлбеулерін тоспа су қозғалысының жол берілетін ең төмен жылдамдығына байланысты қабылдаған жөн. Су бұру жүйелерінің барлық түрлері үшін құбырлардың ең төмен көлбеулерін құбырлар үшін төмендегідей диаметрлермен алу қажет:

- 150 мм - 0,008;

- 200 мм - 0,007.

Тиісті негіздеу болған жағдайда жергілікті шарттарға байланысты желінің жекелеген учаскелері үшін төмендегідей диаметрлердегі көлбеулерді алуға жол беріледі:

- 200 мм - 0,005;

- 150 мм - 0,007.

Нөсерөткізгіштен жалғану көлбеуін 0,02 деп алу қажет. Диаметрі 200 мм артық құбырлардың ең төмен көлбеулері [1] сәйкес анықталады.

5.11.2 Ашық жаңбыр желісінде көлік жүретін жол лотоктарының, кюветтер мен су бұру орларының ең төмен көлбеулерін 5.22-кесте бойынша қабылдау қажет.

5.11.3 Трапецеиялы қимадағы кюветтер мен орлардың ең шағын көлемдерін төмендегідей алу қажет:

- түбі бойынша ені 0,3 м;

- тереңдігі 0,4 м.
5.22-кесте – Көлік жүретін жол лотоктарының, кюветтер мен су тарту орларының ең төменгі көлбеулерінің мәндері


Лотоктар, кюветтер, орлар

Ең төмен көлбеу

Көлік жүретін жолдағы лотоктар:

асфальтобетон жамылғысы

0,003

тас төсеуіш немесе ұсақталған тас жамылғысы

0,004

көпірлі жұмыр тас

0,005

Бөлек лотоктар мен кюветтер

0,005

Су бұратын орлар

0,003



6 Су бұру сызбалары мен жүйелері
6.1 Елді мекендердің су бұру сызбалары мен жүйелері
6.1.1 Елді мекендердегі су бұруды бөлек-толық немесе толық емес, жартылай бөлек, сонымен қатар жинақталған жүйелер бойынша қарастыру қажет.

Беткі суларды суағарлардың ашық жүйесімен тиісті негіздеу болған және су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау және су бұру саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдармен келісілген жағдайда, сондай-ақ «Елді мекендердегі су бұру жүйелеріндегі тоспа суларды қабылдау ережесі» мен «Елді мекендердегі сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің техникалық пайдаланылу ережелері» талаптарына сәйкес бұруға жол беріледі.

6.1.2 Су бұру жүйесін беткі тоспа сулардың тазалануына, климат жағдайларына, айналадағы жер бедеріне қойылатын талаптар мен өзге де факторларды ескеріп таңдау қажет. Жаңбыр интенсивтілігі q20 1 га 90 л/с кем аудандарда жартылай бөлек су бұру жүйесінің қолданылу мүмкіншілігін қарастыру қажет.
6.2 Шағын елді мекендер (5000 адамға дейін) мен бөлек тұрған ғимараттардың су бұру жүйелері
6.2.1 Шағын елді мекендердегі су бұру желісін әдетте, толық емес бөлек жүйе бойынша қарастыру қажет.

6.2.2 Шағын елді мекендер үшін әдетте, бір немесе бірнеше елді мекендер, жекелеген ғимарат мен өндірістік аймақ топтары үшін орталықтандырылған су бұру желілерін қарастыру қажет. Орталықтандырылған су бұру сызбаларын құрамында көң бар тоспа суларды қоспай, тұрғын және өндірістік аймақтар үшін біріктіріп жобалау қажет. Мұндайда өндірістік тұрмыстық суларды тұрмыстық тоспа сулармен 6.3.7 ескеріп біріктіру қажет.

Тұрғын және өндірістік аймақтар үшін орталықтандырылған сызбаларды бөлек орналастыруға техника-экономикалық негіздеу болған жағдайда жол беріледі.

6.2.3 Орталықтандырылмаған су бұру сызбаларын төмендегідей жағдайларда қарастыруға жол беріледі:

- сумен жабдықтау үшін пайдаланылатын су сақтағыш деңгейжиектердің ластану қаупі болмаған жағдайда;

- ең алдымен, су бұру жүйелерімен болуы тиіс нысандар үшін (ауруханалар, мектептер, бала бақшалар, әкімшілік-шаруашылық ғимараттар, өнеркәсіптік кәсіпорындар, бөлек тұрғын үйлер), сондай-ақ су бұру жүйелерімен жабдықталатын нысандар кем дегенге 500 м қашықтықта орналасқан жағдайда елді мекендер құрылысының бірінші сатысы үшін қолданыстағы немесе қалпына келтірілетін елді мекендерде орталықтандырылған су бұру сызбасы болмаған жағдайда;

- ғимарат топтарын немесе жекелеген ғимаратты су бұру жүйелерімен жабдықтау қажет болған жағдайда;

- бөгейтін сорғы станцияларының санын азайту үшін бедері бірдей ірі елді мекендер үшін тиісті негіздеу болған жағдайда.

6.2.4 Су бұру сызбасы орталықтандырылған болған жағдайда төмендегідей құрылыстарды қолдану қажет:

- механикалық тазалау (торлар, құмұстағыш, тұндырғы және т.б.);

- табиғи биологиялық тазалау (сүзгілеу алаңдары, биологиялық тоғандар, буландырғыш тоғандар, жинақтауыш тоғандар және т.б.);

- жасанды биологиялық тазалау (әртүрлі типтердегі аэротенктер мен биосүзгілер, циркуляциялық тотықтандырғыш каналдар);

- қызметкерлердің уақытша тұруына арналған вахталық ауылдар үшін және адамдар уақытша қоныстанатын басқа да нысандар үшін физика-химиялық тазалау.

6.2.5 Орталықтандырылмаған су бұру сызбасы кезінде тоспа суларды тазалау үшін сүзгілейтін құдықтарды, жер асты сүзгілеу алаңдарын, құм-гравий сүзгілерін, сүзгілейтін траншеяларды, толық тотығуға аэротенктерді, жұмысы мерзімдік болатын нысандар (пионерлік лагерлер, туристік базалар және т.с.с.) үшін физика-химиялық тазалау құрылыстарын қолдану қажет.

6.2.6 Шағын елді мекендердің тоспа суларын тазалау үшін ГОСТ 25298 бойынша зауытта дайындалған қондырғыларды немесе жобалауға техникалық тапсырмаға сәйкес қуаты мен тазалау деңгейі ұқсас қондырғыларды пайдаланған орынды. Жергілікті тазалау құрылыстарын заманауи тазалау технологияларын пайдалану негізінде халық санын, тоспа сулардың ластану сипаты мен дәрежесін ескеретін жобалауға техникалық тапсырмаға сәйкес жобалау ұсынылады.

6.2.7 Тұрмыстық тоспа сулардың шығымы 1 м3/тәул дейін болған жағдайда бөлек тұрған ғимараттар үшін люфт-клозет немесе септиктер (шұңқырлар) құруға жол беріледі.

6.2.8 Синтетикалық беткі-белсенді заттармен (СББЗ) ластанған кір жуатын орындардан шыққан тоспа суларды ара-қатынасы 1:9 болған жағдайда тұрмыстық тоспа сулармен бірге өңдеуге жол беріледі. Монша-кір жуатын орындар үшін бұл ара-қатынасты 1:4, монша үшін - 1:1 деп алу қажет.

Монша-кір жуатын орындардан шыққан тоспа сулар аз болған жағдайда СББЗ жол берілетін концентрациясын қамтамасыз ету үшін олардың өңделуін қарастыру қажет. Негізделген жағдайда реттейтін резервуарларды қолдануға жол беріледі.

6.2.9 Тоспа суларды тазалау құрылыстарына сорғылармен әперу кезінде шағын елді мекендердің тазалау құрылыстарын реттейтін ыдыс құрылғысымен сорғы қондырғыларының жұмыс өнімділігіне тең келетін шығымды есептеу қажет.

6.3 Өнеркәсіптік кәсіпорындардың су бұру сызбалары мен жүйелері
6.3.1 Өнеркәсіптік кәсіпорындардың су шаруашылығы жүйесі жекелеген технологиялық операцияларда және жекелеген цехтер үшін немесе тұтас бір кәсіпорын үшін суытатын су айналымымен өндірістік сулардың барынша қайта (кезекті) пайдаланылуын қарастыру қажет.

Техникалық мақсаттарда пайдаланылатын судың қайтарусыз жоғалған орны тазаланып, зарарсыздандырылғаннан кейін беткі тоспа суларды, тұрмыстық, қала және өндірістік тоспа суларды жинау есебінен толтырылуы тиіс.

Суды өндірістік қажеттіліктерге тазартылған тоспа суларды су объектілеріне ағызып, тікелей әперу жүйесін қолдану негізделген және санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау жүргізетін, су ресурстары мен балық қорын қорғайтын уәкілетті мемлекеттік органдармен, ал дюкер кемеде жүретін тоспа сулар арқылы өткен уақытта өзен флотын басқаратын уәкілетті мемлекеттік органмен келісілген жағдайда ғана жол беріледі.

6.3.2 Өнеркәсіптік кәсіпорындардың су бұру сызбалары мен жүйелерін таңдаған уақытта төмендегілерді ескеру қажет:

- қалдықсыз және сусыз өндірісті енгізу, құрғақ процесстерді, су шаруашылығының тұйықталған жүйе құрылғыларын пайдалану, суытудың ауа әдістерін қолдану есебінен технологиялық процессте ластанған тоспа сулардың түзілу мүмкіншілігіне жол бермеу;

- түрлі технологиялық процесстерге пайдаланылатын судың сапасы мен мөлшеріне талаптар қою;

- түрлі технологиялық процесстерде түзілетін тоспа сулардың мөлшері мен сипаттамасын және ондағы ластаушы заттардың физика-химиялық қасиеттерін, су тұтыну мен су бұрудың материалдық және энергетикалық баланстарын;

- жекелеген компоненттерді бөліп алу және суды қайта пайдалану (айналымды сумен жабдықтау жүйелері), сонымен қатар өндірістік сумен жабдықтаудың жергілікті тұйықталған жүйелерін құру мақсатында тоспа сулар ағысын жергілікті тазалау мүмкіншілігі;

- суды сапасына түрлі талаптардың қойылуымен түрлі технологиялық процесстерде тізбекті түрде пайдалану мүмкіншілігі;

- жергілікті тазалануды қажет ететін тоспа сулардың бөлек ағынмен шығарылу мүмкіншілігі;

- сапалық сипаттамалары ұқсас тоспа суларды біріктіру мүмкіншілігі;

- тоспа суларды су объектілеріне немесе елді мекеннің немесе басқа су пайдаланушының су бұру жүйесіне төгу мүмкіншілігі;

- өндірісте тазартылған тұрмыстық және қалалық тоспа суларды (айналымды сумен жабдықтау жүйелері), сонымен қатар беткі тоспа суларды пайдалану және тоспа суларды су объектілеріне төкпей, су шаруашылығының тұйықталған жүйелерін құру мүмкіншілігі;

- су бұру жүйесіне түрлі тоспа сулар келіп түскен уақытта құбырларда газ тәріздес немесе қатты өнімдердің түзілуімен химиялық процесстердің жүру мүмкіншілігі.

6.3.3 Өнеркәсіптік кәсіпорындардың су бұр жүйелерімен жабдықталуын толық бөлек жүйеде қарастыру қажет.

6.3.4 Өндіріске қайтару мақсатында немесе су объектілеріне немесе елді мекенің су бұру жүйесіне не болмаса басқа бір су пайдаланушыға жібермей тұрып, дайындау үшін арнайы тазалауды қажет ететін тоспа суларды бөлек ағын жасап бұру қажет.

6.3.5 Түрлі ластаушы заттары бар өндірістік тоспа су ағындарының біріктірілуін оларды біріктіріп тазалау ұтымды болған жағдайда қарастыру қажет.

6.3.6 өндірістік тоспа сулары мен қаланың тоспа суларын алаңнан тысқары орналасқан тазалау құрылыстарында келіп құятын тоспа сулардың сипаттамалары мен оларды қайта пайдаланылу мүмкіншіліктерінің шарттарына байланысты бірге немесе бөлек тазалауға болады.

6.3.7 «Елді мекендердегі су бұру жүйелеріндегі тоспа суларды қабылдау ережесі» сәйкес бірге бұрылуға және елді мекеннің тұрмыстық тоспа суларымен бірге тазалануға жататын өндірістік тоспа сулар:

- желілер мен құрылыстардың жұмысын бұзбауы;

- арасында су бұру желісінің құбырларын қоқыстауы немесе құбырлардың қабырғасына тұрып қалуы мүмкін заттар болмауы;

- құбырлардың материалы мен су бұру құрылыстарының элементтерін бүліндірмеуі;

- су бұру желілері мен құрылыстарында жарылу қаупі бар және улы газдардың түзілуіне әкелуі мүмкін жанғыш қоспалар мен еріген заттар болмауы;

- құрамында тазалау құрылыстарының жұмысын бұзатын немесе олардың техникалық сумен жабдықтау жүйелерінде пайдаланылуына немесе су объектілеріне төгілуіне (тазалау әсерінің ескерілуімен) кедергі келтіретін концентрацияларда зиянды заттар болмауы тиіс.

6.3.8 Өндіріс барысында ластанбаған тоспа сулар кәсіпорынның өндірістік айналымды сумен жабдықтау жүйелерінде пайдаланылуы немесе басқа тұтынушыға, соның ішінде суармалауға тапсырылуы мүмкін.

6.3.9 Өнеркәсіптік кәсіпорындардан шығатын тоспа сулардың мөлшерін су айналымын және тоспа сулардың қайта (айналымды) пайдаланылуын ұлғайту мүмкіншілігі бөлігінде су шаруашылығы балансын сараптап, технологиялық деректер бойынша анықтау қажет.

Деректер болмаған жағдайда – өнімнің немесе шикізаттың бір бірлігіне келетін су шығымының іріленген нормалары бойынша, осы сияқты кәсіпорындардың деректері бойынша.

Өнеркәсіптік кәсіпорындардың тоспа суларының жалпы мөлшерінен елді мекеннің немесе басқа су пайдаланушының су бұру желісінде қабылданатын мөлшерді бөлу қажет.


6.4 Елді мекендер мен өнеркәсіптік кәсіпорындардың аумағынан беткі тоспа сулардың су бұру сызбалары
6.4.1 Cу бұру желісі бөлек болған жағдайда беткі тоспа суларды қала аумағынан беткі ағынның жергілікті немесе орталықтандырылған тазалау құрылыстарында тазалау қажет.

Бұл ретте қойылатын талаптарға байланысты механикалық тазалау құрылғыларын (торлар, құмұстағыштар, тұндырғылар, сүзгілер) пайдалану қажет.

Кейбір жағдайларда бекі, тұрмыстық және өндірістік тоспа сулар ортақ тазалау құрылыстарында бірге тазалануы мүмкін. Мұндайда беткі тоспа суларды жинауыштарға жинап, қаланың тоспа сулары ең аз келетін сағаттарда су бұру жүйелеріне әперу қажет.

6.4.2 Су бұру жүйесі жартылай бөлек болған жағдайда беткі сулар қоспасын тұрмыстық және өндірістік тоспа сулармен қалалық тоспа сулар үшін қабылданған толық тазалау сызбасы бойынша тазалау қажет. Тазалау құрылыстарына түсірілетін гидравликалық жүктемені азайту үшін реттеу ыдыстарын пайдалануға жол беріледі.

6.4.3 Беткі тоспа суларды өнеркәсіптік кәсіпорындардың аумағынан тазалау қажет. Кәсіпорындардағы беткі тоспа сулардың тазалану шараларының әзірленуі аумақ пен ауаның ластану көздері, су жинау алабы бассейнінің сипаттамасы, осы ауданға жауатын атмосфералық жауын-шашын, аумақты суару және жуу режимдері туралы заттай деректерге негізделуі тиіс.

Егер кәсіпорын аумағы бетіне жиналатын қоспаларды құрамы мен мөлшері бойынша айырмашылығы селитебтіден аз болса, беткі тоспа сулар елді мекеннің жаңбырлы су бұру желісіне жіберілуі мүмкін.

6.4.4 Беткі тоспа суларды тазалау үшін бұру сызбасы техникалық мүмкіншілік пен экономикалық ұтымдылықтың бағалануы негізінде таңдалуы тиіс:

- өндірістік сумен жабдықтау жүйелеріндегі беткі тоспа суларды пайдалану;

- беткі тоспа суларды өз бетінше тазалау.

6.4.5 Нақты жағдайларға байланысты (ластану көздері, су жинау алабы бассейнінің көлемі, орналасуы мен бедері және т.б.) су бұру және беткі тоспа суларды тазалау сызбаларын әзірлеген уақытта ағынды өндірістік су бұру желісіне бұрып немесе алдын ала тазалап барып, жаңбырлы су бұру желісіне бұрып, бетіне зиянды заттар түсуі мүмкін өндірістік аумақтың жекелеген учаскелерінің оқшаулану қажеттілігін ескеру қажет. Бірқатар жағдайларда аумақтың ластану сипаты мен дәрежесі жағынан ерекшеленетін өндірістік алаңдардағы ағындарды бөлек тазалаудың қаншалықты ұтымды болатындығын бағалау қажет.

6.4.6 Беткі тоспа суларды тазалау үшін пайдаланылуы қарапайым және жұмысы сенімді механикалық және физика-химиялық тазалау құрылыстарын қарастыру ұсынылады. Барлық жағдайларда тұндырғы құрылыстарды қолданған жөн. Тазалау процессін қарқындату және тұндырғы құрылыстарындағыға қарағанда тереңрек тазалануды қамтамасыз ету үшін сүзгіленуді, коагуляцияны, флотацияны қолдану ұсынылады. Органикалық қоспалардың мөлшерін азайту қажет болған жағдайда түссіздендірілген тоспа суларды биологиялық тазалау құрылыстарына жіберу қажет. Қаланың тоспа сулары мен беткі тоспа сулардың биологиялық тазалануын қарқындату үшін жанаспалы-тұрақтандыру әдісін (аэротенктерде) қолдануға жол беріледі.


Каталог: data -> files
files -> Инструкция по обеззараживанию питьевой воды и очищенных сточных вод
files -> Сјулет, ќала ќўрылысы жјне ќўрылыс саласындаєы мемлекеттiк нормативтік ќўжаттар
files -> О напиткеФакт об Алое ВераВсе об Алое ВераОсобенности напиткаСодержит витамины«Чудо-растение»Интересно, что…Контактные данные
files -> Aloe vera (алоэ вера) – желеобразное вещество, находящееся в листьях растения Алоэ Вера, произрастающего в засушливых районах Африки, Азии, Гавайев, Флориды и Южной Калифорнии
files -> Утверждены
files -> ҚҰрылыстық нормалар және ережелер
files -> ДиаДерм Крем Регенерирующий


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет