ҚҰрылыс нормалары және ережелер



жүктеу 3.79 Mb.
бет6/22
Дата22.09.2017
өлшемі3.79 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22

7.10 Желілердің желдетілуі

7.10.1 Тұрмыстық және жалпы ағызатын желілердің сорып желдетілуін ғимараттың ішкі су бұру желісінің діңгектері арқылы қарастыру қажет.

7.10.2 Арнайы сору құрылғыларын дюкерлердің кіретін камераларында, қарайтын құдықтарда (диаметрі 400 мм жоғары құбырларда судың ағылу жылдамдығы күрт төмендеген жерлерде) және тік құламаның биіктігі 1 м жоғары болған уақытта және арын басылатын камералардағы тоспа су шығымы 50 л/с астам болғанда тік құламалы құдықтарда қарастыру қажет.

7.10.3 Жекелеген жағдайларда тиісті негіздеу болса, желілердің қолдан сорып желдетілуін қарастыруға жол беріледі.

Желдеткіш шығарындылар санитарлық-қорғалған аймақтар шегінде орналасқан жағдайда оларды тазалайтын құрылыстарды қарастыру қажет.

7.10.4 Құрамында ұшқыш улы және жарылу қаупі бар заттар бар тоспа суларды бұратын сыртқы желілердің табиғи сорып желдету үшін ғимараттан шығатын әр жерге ғимараттың жылытылатын жеріне орналастырылатын диаметрі 200 мм кем болмайтын сору діңгектерін қарастыру қажет. Мұндайда олар гидравликалық ысырманың сыртқы камерасымен байланыс орнатып тұру және шатыр атшасынан кемінде 0,7 м жоғары шығарылуы тиіс.

7.10.5 Су бұру желілері мен қимасы үлкен коллекторлардың арналарының, соның ішінде тау-кен немесе қалқалы әдіспен салынатын желдетілуі арнайы есептеулер бойынша қабылданады. Бұл ретте қалқалы немесе тау-кен әдісімен салынатын су бұру желілері коллекторларының желдетілуін әдетте, шахта діңгектерінің үстінен орнатылатын желдеткіш киосктар арқылы қарастыру қажет.

Желдеткіш киосктардың құрылғысын қарайтын ұңғымалардың үстінен орнатуға жол беріледі.


7.11 Төгілу станциялары
7.11.1 Су бұру жүйелерімен жабдықталмаған ғимараттардан (аудандардан) қоқыр-соқырдан тазарту көлігімен жеткізілетін сұйық қалдықтарды (қоқыс, жуынды және т.б.) төгілу станцияларында қабылдау және су бұру желісіне тастамай тұрып, өңдеу қажет.

7.11.2 Төгілу станцияларын диаметрі 400 мм кем болмайтын су бұру желісі коллекторының жанына орналастыру қажет. Төгілу станцияларын келіп түсетін тоспа сулардың мөлшері болса, коллектор бойынша жалпы есептелген шығымның 20% асырылмауы қажет. Тазалау құрылыстарының ластануына жол бермеу мақсатында төгілу станцияларын тікелей қаланың тоспа суларын тазалау құрылыстарының аумағына орналастыруға тыйым салынады.


ЕСКЕРТУ Ерекше жағдайларда төгілу станцияларын тазалау құрылыстарының ластануына жол бермеуін қамтамасыз ететін (арнайы бөлінген қоршалған аумақ және т.б.) жеткілікті шаралар қабылданған және санитарлық-эпидемиологиялық және экологиялық қадағалау жүргізетін уәкілетті мемлекеттік органдармен келісілген жағдайда қаланың тоспа суларын тазалау құрылыстары орналасқан аумақтың өзіне орналастыруға жол беріледі.
7.11.3 Төгілу станциясында арнайы көліктің қабылдануын (тиелуін), оның жуылуын, сұйық қалдықтардың су бұру желісіне тасталуына жол беретін дәрежеге дейін араластырылуын, сонымен қатар ірі механикалық қоспалардың ұсталып қалуын қамтамасыз ету қажет.

Қар ерітетін камераларды (қондырғыларды) пайдалану ұйымымен келісілген жағдайда тазалау құрылыстары бар жаңбырлы су бұру жүйелеріне тастауға жол беріледі.

7.11.4 Сұйық қалдықтардың араластырылуы мен көліктің қабылдау бөлімінде жуылуы су құбырынан ағатын сумен көзделеді. Сұйық қалдықтар қабылдау воронкаларындағы каналдарда, бөлек торларда және су бүркеніші құрылған уақытта араластырылады.

7.11.5 Қосылатын судың сұйық қалдықтардың мөлшеріне қатынасын 1:1 деп алу қажет.

Мыналарды қарастыру қажет:

- жалпы шығымның 30% - көлік құралдарының брандспойттармен жуылуына;

- 25% - қалдықтардың қабылдау воронкаларындағы каналда араластырылуына;

- 45% - торлар бөлімшесінде және су бүркенішін құруға.

Су су құбыры желісінен ағыстың бөлінуімен әперілуі тиіс.
7.12 Қар ерітетін орындар
7.12.1 Су бұру құрылыстары кезінде көшелерден, жылы тоспа сулардан жиналатын қар мен мұзды еріту үшін алынған еріген судың өздігінен ағатын су бұру желісіне тасталуымен пайдаланылатын қар ерітетін орындарды құруға жол беріледі.

Қар ерітетін орынның құрамына соның ішінде:

- қар ерітетін камера (біреу немесе бірнеше);

- қарды әперіп, ұсақтатын құрылғылар мен механизмдер;

- қарды белгілі бір аралықта жинауға арналған алаң;

- ұсақталған қоқысты уақытша жинауға арналған алаң;

- өндірістік-тұрмыстық жайлар кіруі тиіс.

7.12.2 Әкелінетін қарды ірі ауыр заттарды: жол жабынының фрагменттері, ірі тастар, дөңгелектің тысы және т.с.с. арасынан бөліп, қар ерітетін камераға әпермей тұрып, уату керек. Бұл үшін:

- арнайы уатқыш-сепараторларды;

- арасынан өтіп, шынжыр табанды бульдозерлердің көмегімен басылатын торларды пайдалануға болады.

7.12.3 Температурасы қарды еріту үшін жеткілікті болатын тоспа су қар ерітетін орынға келесідей әперілуі мүмкін:

- өздігінен ағатын су бұру желісінен алынып (жүктелетін сорғыларымен арнайы құрылатын сорғы станциясының көмегімен);

- өздігінен ағатын құбырдан байпасты торапқа бұрылып;

- сорғы станциясының арын құбыр желісінен әперіліп.

Қарды ерітуге әперілетін судың мөлшері мен температурасы температурасы 60С жоғары еріген су алу үшін жеткілікті болуы тиіс. Арнайы арын құбырларды қар ерітетін орынға салуға жол беріледі.

7.12.4 Тоспа су өздігінен ағатын су бұру жүйесінен алынған уақытта есептеуді тоспа сулардың ең төмен сағаттық құйылуына жүргізіп, 50% қар ерітетін орынның қажеттілігіне алу қажет. Арын құбырлардан алған уақытта ондағы жылдамдықты тоспа судың өздігінен тазалану режимін қамтамасыз ететін іріктелу нүктесінен кейін қамтамасыз ету қажет.

7.12.5 Қар ерітетін камераларды келесідей орналастыру қажет:

- тоспа судың арынмен әперілуімен астымен;

- байпасқа ағын су бұрылатын каналдар салынған деңгейде.

7.12.6 Қар ерітетін камералардың көлемі мен ішкі құрылғысы ондағы тұнбаға түсетін және бетіне қалқып шығатын қосындылардың ажыратылуымен әперілетін қардың еруін қамтамасыз етуі тиіс. Қар ерітетін орынның міндеті каналдарға тастардың жиналуына және торлардың жүзіп жүретін ірі заттардан ауырлауына жол бермеу үшін еріген судан тұрмыстық тоспа суларға тән емес қосындыларды ажырату. Қар ерітетін камералардың конструкциясы мұндай қосындылардың ұсталып қалуын, артынан шығарылуымен және кетірілуімен қамтамасыз етуі тиіс.

7.12.7 Қар ерітетін камераны есептеген уақытта келесілерді анықтау қажет: қар ерітілетін аймақтың көлемі мен ерітілуге (жылутехникалық есептеумен) әперілетін тоспа судың шығымы, тұнбаға түсетін және бетіне қалқып шығатын қосындылар жиналатын аймақтың көлемі, камераның тазалану мерзімділігі.

7.12.8 Ұсталған қосындылар грейферлермен түсірілуі мүмкін. Негізделген жағдайда арнайы механикалық жабдықты (қырғыштар, нориялар және т.с.с.) пайдалануға жол беріледі. Жағымсыз иістердің шығуына жол бермеу үшін қар ерітетін камераның бетіне алынбалы плиталар жабылуы тиіс.

Қар ерітетін камерадан шығарылған қоқысты қалдықтар полигонына апару қажет.

7.12.9 Қар ерітетін камераларды қары тазаланатын аймақтардың жақын болуын, тоспа судың әперілу нүктелерінің болуын және еріген судың бұрылуын, жол желісіне қатысты қол жетімділікті, келетін жолдың ыңғайлылығын және жүк автокөлігінің қарама-қарсы қозғалысының ұйымдастырылуын, қар көп жауғаннан кейін кезектің болу мүмкіншілігін, тұрғын үйлерді қашықтықты және т.б. ескеретін оларды орналастырудың бас сызбасының негізінде жобалау қажет.



7.13 Өнеркәсіптік кәсіпорындардың су бұру желілерін жобалау ерекшеліктері
7.13.1 Өнеркәсіптік алаңдағы өндірістік су бұру желілерінің санын тоспа сулардың құрамын, олардың шығымы мен температурасын, судың қайта пайдаланылу мүмкіншілігін, сумен қамтамасыз етудің ағындысы жоқ жүйелерінің жергілікті тазалануы мен құрылысының жүргізілу қажеттілігін ескере келе анықтау қажет.

7.13.2 Өнеркәсіптік алаңдарда тоспа сулардың құрамына байланысты ашық және жабық каналдарда, лотоктарда, тоннелдерде, сонымен қатар эстакадалар бойынша су бұру құбырларының салынуын қарастыруға жол беріледі.

7.13.3 Құрамында жеміргіш, ұшқыш токсинді және жарылу қаупі бар заттар бар (ауаға қатысты газдар мен будың меншікті салмағы 0,8 кем), тоспа суларды бұратын құбырлардан өтетін тоннелдердің сыртқы қабырғасына дейінгі қашықтықты кем дегенде 3 м, жертөле жайларына дейін кем дегенде 6 м етіп алу қажет. Жеміргіш тоспа суларды тасымалдайтын арын құбырларды сырттан салған уақытта оларды желдетілетін өтетін немесе жартылай өтетін каналдарға орналастыру қажет. Бақылау камералары орнатылған жағдайда мұндай құбырларды өтпейтін каналдарға салуға жол беріледі.

7.13.4 Тиектелетін, ревизиялық және біріктіру құрылғылары үшін құрамындағы ұшқыш токсиндік және жарылу қаупі бар тоспа сулар ағатын құбырларда жоғары сападағы герметиктілікті қарастыру қажет.

7.13.5 Жеміргіш өндірістік тоспа суларды тасымалдау үшін құрамы мен концентрациясына, сонымен қатар температурасына байланысты ішінде тасымалданатын заттардың әсерін төзімді келетін құбырларды қолдану қажет.

7.13.6 Жеміргіш тоспа суларды бұруға арналған аузы кең құбырлардың түйіскен жерлерін осы сұйықтықтардың әсеріне төзімді келетін материалдармен бекіту қажет.

Түйіспелері қатты құбырлар үшін шөгіп қалуы мүмкін емес негізді қарастыру қажет.

7.13.7 Жеміргіш тоспа сулардың су бұру желісіндегі құрылыстар сұйықтықтар мен олардан шығатын булардың коррозиялық әсерінен қорғалған болуы тиіс.

7.13.8 Қышқыл тоспа суларға арналған құдықтардың лотоктарын қышқыл өтпейтін материалдардан жасалуын қарастыру қажет; мұндай құдықтарға металл қапсырмалар мен сатылар орнатуға жол берілмейді.

Диаметрі 500 мм дейінгі құбырлар үшін тік сызықты лотоктардың қыш құбырлардың жарты бөліктерімен қапталуын қарастыру қажет.

7.13.9 Құрамында оңай тұтанатын, жанғыш және жарылу қаупі бар заттар бар тоспа сулардың ғимараттар шығатын жерлеріне гидравликалық ысырмасы бар камералардың орналастырылуын қарастыру қажет.

7.13.10 Резервуарларда ашық сақталатын, ластанған тоспа сулары жиі тасталмайтын жанғыш, оңай тұтанатын және токсиндік сұйықтықтар, қышқылдар, сілтілер және т.с.с тұратын алаңнан жаңбыр суларының тартылуын қалыпты жағдайларда суды жаңбырлы су бұруға, ал су сақтайтын орындар-резервуарлардан су аққан жағдайда қойма шаруашылығына кіретін технологиялық апаттық қабылдағыштарға жіберуге мүмкіндік беретін ысырмалары бар тарату құдығы арқылы қарастыру қажет.

7.13.11 Өндірістік су бұру желілерінен, өнеркәсіптік алаңдардан және жергілікті тазалау құрылыстарындағы тоспа суларды ондағы тоспа сулардың тазалану дәрежесі 6.3.7- талаптарына сай келген жағдайда ғана төгуге жол беріледі.

8 Сорғы және ауа үрлеу станциялары

8.1 Жалпы нұсқаулар

8.1.1 Сорғы және ауа үрлеу станциялары қызметінің сенімділігіне қарай 8.1-кестеде көрсетілген үш санатқа бөлінеді.


8.1-кесте  - Сорғы станциялар жұмысының сенімділік санаттары


Жұмыс сенімділігінің санаты


Сорғы станцияларының жұмыс режимінің сипаттамасы

Бірінші

Тоспа сулардың әперілуінің кідіруіне немесе әперетін судың азаюына жол бермейтіндер

Екінші

Тоспа сулардың әперілуінің 6 сағаттан аспайтын уақытқа кідіруіне жол беретіндер, я болмаса елді мекеннің немесе өнеркәсіптік кәсіпорынның сумен жабдықтау жүйесінің сенімділігімен белгіленетін шекте әперілетін судың азайтылуына жол беретіндер

Үшінші

Тоспа сулардың әперілуінің бір тәуліктен аспайтын уақытқа кідіруіне жол беретіндер (халқының саны 500 адамға дейін жететін елді мекендердің сумен жабдықталуының тоқтатылуымен)

ЕСКЕРТУ Екінші және үшінші санаттардағы сорғы станцияларының жұмысындағы кідіріс 4.13 талаптар, өндірістің технологиялық шарттары ескерілгенде немесе халқының саны 500 адамға дейін жететін елді мекендердің бір тәуліктен аспайтын мерзімге сумен жабдықталуы тоқтатылғанда болуы мүмкін.

Ауа үрлеу станцияларының жұмысында кідірістің болу мүмкіндігі мен мұндай кідіріс созылатын уақыт технологиялық талаптармен айқындалады.


8.1.2 Сорғы және ауа үрлеу станцияларының жинақталуына, машина залдарының көлемінің белгіленуіне, көтергіш-тасымалдайтын жабдыққа, құрылғыларға (көпірлер, алаңдар, сатылар және т.б.) қызмет көрсететін агрегаттардың, арматуралар мен құбырлардың орналастырылуына, қойылатын негізгі талаптар, сонымен қатар машина залдарының су басуына қарсы шараларды ҚР ҚНжЕ 4.01-02 сәйкес қабылдау қажет.

8.1.3 СУ бұру сорғы станцияларының жүктеу сорғыларымен жинақталуына қойылатын талаптарды сорғыларды өндіруші белгілейтін өзіндік ерекшеліктерді ескере отырып, нормативке сәйкес қабылдау қажет.

Атап айтқанда, 2 сағаттан 4 сағатқа дейінгі уақыт ішінде ауыстыруға мүмкіндік болатын жағдайда сорғы станциясы тұратын бөлмеде сақтап, резервтік агрегаттардың қондырылуын қарастырмауға жол беріледі.

8.1.4 Құрамында жанғыш, оңай тұтанатын, жарылу қаупі бар және токсиндік заттар бар өндірістік тоспа суларды айдау үшін сорғы станцияларын жобалаған уақытта нормативтен басқа, жабдықтарды өндіруші зауыттардың нұсқаулары мен нұсқаулықтары, «Қазақстан Республикасында электр қондырғыларды орнату ережелері», «Қазақстан Республикасындағы өрт қауіпсіздігі ережелері» және «Елді мекендердегі сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін техникалық пайдалану ережелері» пайдаланылады.
8.2 Сорғы станциялары
8.2.1 Сорғыларды, жабдықтар мен құбырларды тоспа сулардың немесе шөгіндінің есептелген ағысы мен физика-химиялық қасиеттеріне, көтерілетін биіктігіне байланысты және сорғылар мен арын құбырлардың сипаттамаларын, сондай-ақ нысанның қолданысқа енгізілу кезектілігін ескере отырып, таңдау қажет.

8.2.2 Жабдықтың жинақталуы мен біріктірілуі агрегаттардың, арматураның және жекелеген тораптардың станцияның жұмысын тоқтатпай ауыстырылу мүмкіншілігін қамтамасыз етуі тиіс.

Резервтік сорғылардың санын 8.2-кесте бойынша қабылдау қажет.
8.2-кесте  - Резервтік сорғылардың саны


Тұрмыстық және оған құрамы жағынан жақын өндірістік тоспа сулар


Жеміргіш тоспа сулар

Сорғылардың саны

жұмыс

сорғы станциялары жұмысының сенімділік санаты резервтік

жұмысы

сорғы станциялары жұмысының барлық сенімділік санаты резервтік

бірінші

екінші

үшінші

1

2

1

1

1

1 және 1 қоймада

2

2

1

1

2 бастап, 3 дейін

2

3 және одан артық

2

2

1 және 1 қоймада

4

3

-

-

-

-

5 және одан артық

50% кем емес

1-ЕСКЕРТУ  Жаңбыр суларын бұратын сорғы станцияларында резервтік сорғыларды жаңбыр суларын су объектілеріне апатты тастау мүмкін болмайтын жағдайларды қоспағанда, әдетте, қарастырудың қажеті жоқ

2-ЕСКЕРТУ  Жұмыс өнімділігінің артуымен байланысты қайта құрылымдау кезінде тұрмыстық және оған құрамы жағынан жақын өндірістік тоспа суларды үшінші санаттағы сорғы станцияларында айдау үшін қоймада сақталуын қарастыра отырып, резервтік агрегаттарды орнатпауға жол беріледі.


Мұндайда төмендегілерді ескеру қажет:

- су бұру жүйесінде пайда болатын тұнбаны, шөгінді мен құмды айдау үшін гидроэлеваторлық және эрлифттік қондырғыларды қолдануға жол беріледі;

- жаңбыр суларын айдайтын сорғы станцияларының жұмыс өнімділігін сай жерлердің су басуына жол бермейтіндей, ағын мен рұқсат етілетін айдалатын кезеңді бір ізге салып, реттеп, қабылдау қажет;

- сенімділігі жағынан бірінші санатқа жататын сорғы станцияларында электр қоректенуді екі көзден қамтамасыз ету мүмкін болмаған жағдайда іштен жану қозғалтқыштары, жылу және т.б. дербес электр энергия көздері (дизелді электрстанциялар және т.с.с.) бар резервтік сорғы агрегаттарын орнатуға жол беріледі;

- тереңге орнатылған сорғы станцияларының жұмыс өнімділігін келешекте арттыру қажет болған жағдайда сорғыларды жұмыс өнімділігі жоғарырақ сорғыларға немесе қосымша сорғылар мен агрегаттар орнату үшін резервтік фундамент қондырғысына ауыстыруға жол беріледі.

8.2.5 Сорғы станциясының жеткізуші коллекторында жер бетінен басқарылатын жетегі бар бекітпе құрылғыны қарастыру қажет.

8.2.6 Автоматтандырылған сорғы станцияларында аспаптардың электр қуатымен аккумуляторлардан немесе үздіксіз қоректендіру құрылғыларынан қамтамасыз етілуін қарастыру қажет.

8.2.7 Сорғы станциясының маңайдағы аумағын тоспа сулар басып қалмау үшін мұндай тоспа сулардың апат кезінде санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау жүргізетін уәкілетті мемлекеттік органмен су объектілеріне, арнайы резервуарларға және т.с.с. бұрылуының ұйымдастырылуымен апатты шығарылуын қарастыру қажет. Бекітпе арматурадағы жетектер пломбаланған болуы тиіс.

8.2.8 Әр сорғыға дербес соратын құбыр қарастыру қажет.

8.2.9 Екінші және үшінші санаттағы сорғы станциялары үшін бір арын құбыр қарастыруға жол беріледі.

8.2.10 Бірінші санаттағы сорғы станцияларынан екі немесе одан артық арын құбырлары тартылған жағдайда қажет болса, 100% есептелген шығымның араларындағы ара-қашықтық апат кезіндегі өткізудің ескерілуімен алынады. Бұл ретте резервтік сорғыларды пайдалануға жол беріледі.

8.2.11 Құбыр арматура, гидравликалық соққыларды басу құрылғылары, вантуздар тиісті құрамдағы тоспа сулардың өткізілуіне есептелген болуы тиіс.

8.2.12 Сорғыларды су астынан орнату қажет. Сорғының корпусы тоспа сулардың есептелген деңгейінен жоғары орналасқан жағдайда резервуарда сорғылардың қосылуын және жұмысының кавитациялық емес жұмыс шарттарын қамтамасыз ету шараларын қарастыру қажет.

8.2.13 Тұнбалар мен шламдарды айдауға арналған сорғыларды тек судың түбіне немесе сұйықтық көтерілгенде (сорғының паспорт деректері бойынша) ғана орнату қажет.

8.2.14 Соратын және арын құбырларындағы тоспа сулардың немесе шөгіндінің қозғалыс жылдамдығы жүзінділердің тұнбаға түсуіне жол бермеуі тиіс. Тұрмыстық тоспа сулар үшін ең төмен жылдамдықты 5.10.1-талаптарына сай қабылдау қажет.

8.2.15 Шламдарға немесе тұнбаларға арналған сорғы станцияларында соратын және арын құбырлардың жуылу мүмкіндігін қарастыру қажет. Жекелеген жағдайларда шлам өтетін құбырларды тазалайтын механикалық құралдарды қарастыруға жол беріледі.

8.2.16 Батырылатын сорғылары бар сорғы станцияларын олардың конструктивтік және технологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, дайындаушы фирмалардың ұсыныстарына сәйкес жобалау қажет.

8.2.17 Сорғыларды қоқысталудан қорғау қажет болған жағдайда сорғы станцияларының қабылдау резервуарларында механикаландырылған тырмалары немесе уатқыш-торлары бар торларды қарастыру қажет.

8.2.18 Сорғыларды қоқысталудан қорғау үшін қабылдау резервуарларында (немесе олардың астында) мыналарды қарастыру қажет:

- тоспа сулармен бірге жүретін қалқымалы заттарды ұстап қалуға арналған құрылғыларды (алуан түрлі торлар, сүзгіштер, торкөздер және т.с.с.);

- тоспа сулар ағысындағы ірі жүзінділерді уатуға арналған жабдықтар мен механизмдер;

- кескіш дөңгелектермен жабдықталған сорғылар;

- арнайы «қоқысталмайтын» дөңгелектермен жабдықталған сорғылар;

- жұмыс өнімділігі аз сорғы станцияларындағы қолмен тазалайтын торлар, себеттер және т.с.с.

8.2.19 Жабдықтар орнатылған уақытта енін жеткізуші реттейтін жүретін жолдар қамтамасыз етілуі тиіс.

8.2.20 Ұсталып қалған майда қалдықтарды тоспа сулардың ағысына қайта тастауға, я болмаса тиісті жабдықта құрғатуға және герметиктелген контейнерлермен қоқыс тастайтын жерге апаруға немесе кәдеге жаратуға болады. Уатылған қалдықтарды метантенктерге жіберген уақытта тоспа сулар шөгіндісінен шығатын газ – метан көбейтіледі, сонымен қатар ол компостерлеу кезінде толтырғыш ретінде пайдаланыла алады.

8.2.21 Қалдықтардың көлемі 0,1 м3/тәул кем болған жағдайда қолмен тазалайтын торларды қолдануға жол беріледі. Торлардағы тесіктерді орнатылатын сорғылардың өткізгіш қимасының диаметрінен кіші 10 мм бастап, 20 мм дейін етіп алу қажет.

Механикаландырылған тырмалары немесе уатқыш-торлары бар торларды орнатқан уақытта резервте болатын торлардың санын 8.3-кесте бойынша қабылдау қажет.


8.3-кесте  - Типіне байланысты резервтік торлардың саны


Тордың түрі

Торлардың саны

жұмыс

резервтік

Механикаландырылған тырмасы тесіктерінің ені, мм:

20 артық

1 және одан артық

1

16 бастап, 20 дейін

3 дейін

1

3 артық

2

Келесідей жерлерге орнатылатын уатқыш-торлар:

құбырларда

3 дейін

1 (қолмен тазаланатын)

каналдарда

3 дейін

1

3 артық

2

Қолмен тазаланатын

1

-

8.2.22 Тұрмыстық тоспа сулардан шығатын, торларда ұсталып қалатын қалдықтардың мөлшерін 8.4-кесте бойынша немесе торлардағы тесіктердің еніне қарай график бойынша, 1 адамға л/жылына келетін торлардан алынатын қалдықтардың мөлшерін 8.1-суретке сәйкес қабылдау қажет.


8.4-кесте  - Қалдықтардың орташа тығыздығы 750 кг/м3 және түсімдердің біркелкілік емес коэффициенті - 2 болғанда торларда ұсталып қалатын тұрмыстық тоспа сулардан шығарылатын қалдықтардың мөлшері


Торлардағы тесіктердің ені, мм

1 ад. торлардан алынатын қалдықтардың мөлшері, л/жыл

1 бастап, 2 дейін

19,5

3 бастап, 4 дейін

17,5

5 бастап, 6 дейін

16,0

8 бастап, 10 дейін

13,5

16 бастап, 20 дейін

8,0

25 бастап, 35 дейін

3,0

40 бастап, 50 дейін

2,3

60 бастап, 80 дейін

1,6

90 бастап, 125 дейін

1,2

8.2.23 Ағыс өте күште болған уақыттағы торлардың тесіктерінен өтетін тоспа сулардың жылдамдығын келесідей қабылдау қажет:

- механикаландырылған торлардың тесіктерінде 0,8 м/с бастап, 1 м/с дейін;

- уатқыш-торлардың тесіктерінде 1,2 м/с дейін.

8.2.24 Торлар механикаландырылған болған жағдайда қалдықтарды уатуға және уатылған қоймалжынды тордың алдындағы тоспа суға әперуге арналған уатқыштардың орнатылуын немесе герметиктелген контейнерлердің 9.2.1.8-талаптарына сәйкес орнатылуын қарастыру қажет. Қалдықтардың көлемі 1 тн./тәул артық болған жағдайда жұмыс уатқыштан басқа, резервтік уатқышты қарастыру қажет.

8.2.25 Торлардың айналасында ені төменде көрсетілгеннен кем болмайтын өтетін жол болуы тиіс:

- механикаландырылған тырмамен - 1,2 м, (алды - 1,5 м);

- қолмен тазаланумен - 0,7 м;

- каналдарға орнатылатын уатқыш-торлар – 1,0 м.

Тереңдетілген сорғы станцияларында уатқыш-торлардың құбырларға қабырғадан кем дегенде 0,25 м қашықтыққа орнатылуын қарастыру қажет.



1 адамға келетін торлардан алынатын қалдықтардың мөлшері, л/жыл

Каталог: data -> files
files -> Инструкция по обеззараживанию питьевой воды и очищенных сточных вод
files -> Сјулет, ќала ќўрылысы жјне ќўрылыс саласындаєы мемлекеттiк нормативтік ќўжаттар
files -> О напиткеФакт об Алое ВераВсе об Алое ВераОсобенности напиткаСодержит витамины«Чудо-растение»Интересно, что…Контактные данные
files -> Aloe vera (алоэ вера) – желеобразное вещество, находящееся в листьях растения Алоэ Вера, произрастающего в засушливых районах Африки, Азии, Гавайев, Флориды и Южной Калифорнии
files -> Утверждены
files -> ҚҰрылыстық нормалар және ережелер
files -> ДиаДерм Крем Регенерирующий


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет