ҚҰрылыс нормалары және ережелер


-кесте – Тұндыру уақытына байланысты ашықтандыру әсерінің мәні



бет9/22
Дата22.09.2017
өлшемі3.79 Mb.
#1518
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   22

9.6-кесте – Тұндыру уақытына байланысты ашықтандыру әсерінің мәні


Ашықтандыру әсері,

%


Тұндыру уақыты tset, с, қабатта h1 = 500 мм қалқымалы заттардың концентрациясы, мг/л

200

300

400

20

600

540

480

30

960

900

840

40

1440

1200

1080

50

2160

1800

1500

60

7200

3600

2700

70

-

-

7200



1 - Э = 50 %; 2 - Э = 60 %; 3 - Э = 70 %
9.1-сурет - Тұндыру әсері болған жағдайда дәреже көрсеткішінің n2 қаланың тоспа суларындағы қалқымалы заттардың бастапқы концентрациясына тәуелділік графигі
9.7-кесте -Тұндырғылардың негізгі есептелген параметрлерінің мәндері


Тұндырғы

Көлемнің пайдаланылу коэффициенті Кset

Бөліктің жұмыс тереңдігі

Hset, м

Ені

Bset,

м


Жұмыс ағынының жылдамдығы vw, мм/сек

Тұнба бар шұңқырға түбінің көлбеуі

Көлденең

0,50

1,500 бастап, 4,000 дейін

2hset - 5hset

5,0 бастап, 10,0 дейін

0,005 бастап, 0,050 дейін

Радиалды

0,45

1,500 бастап, 5,000 дейін

-

5,0 бастап, 10,0 дейін

0,005 бастап, 0,050 дейін

Тік

0,35

2,700 бастап, 3,800 дейін

-

-

-

Айналатын жиналу-тарату құрылғысымен

0,85

0,800 бастап, 1,200 дейін

-

-

0,05

Азаятын-көбейетін ағынмен

0,65

2,700 бастап, 3,800 дейін

-

2uo - 3uo

-

Жіңішке қабатты блоктармен:
















Ағынға қарсы (ағын бағытымен) жұмыс сызбасы

0,50 бастап, 0,70 дейін

0,025 бастап, 0,200 дейін

2,0 бастап, 6,0 дейін

-

-

Тоғыспалы жұмыс сызбасы

0,80

0,025 бастап, 0,200 дейін

1,5

-

0,005

1-ЕСКЕРТУ  Кset коэффициенті тұндырғының гидравликалық тиімділігін анықтайды және су тарату, су жинау құрылғыларының конструкцияларына байланысты болады; дайындаушы-ұйым көрсетеді.

2-ЕСКЕРТУ  Турбуленттік құраушының шамасы vtb, мм/сек, жұмыс ағынының жылдамдығын vw, мм/с байланысты 9.8-кесте бойынша анықтау қажет




9.8-кесте  - Жұмыс ағынының жылдамдығына vw байланысты турбуленттік құрашы шамасының мәні vtb


vw, мм/с

5,00

10,00

15,00

vtb, мм/с

0,00

0,05

0,10

9.2.4.8 Бір тұндырғының жұмыс өнімділігін qset, м3/сағ құрылыстардың белгіленген геометриялық көлемі мен тоспа сулардың ашықтандырудың талап етілетін әсерін басшылыққа ала отырып, мына формулалар бойынша анықтау қажет:

а) көлденең тұндырғылар үшін:
(9.16)
б) радиалды, тік және айналатын жиналма-бөлшектенетін құрылғысы бар тұндырғылар үшін:

(9.17)
в) ағыны азаятын-көбейетін тұндырғылар үшін:
(9.18)
г) айқаспалы жұмыс тәсілі кезінде жұқа қабатты блоктары бар тұндырғылар үшін:
(9.19)
д) ағынға қарсы жұмыс тәсілі кезінде дәл осылай:

(9.20)
мұнда, Кset - 9.7-кесте бойынша қабылданатын көлемді пайдалану коэффициенті;

Lset - секция, бөлімше ұзындығы, м;

Lbl - жұқа қабатты блоктың (модулдің) ұзындығы, м;

Bset - секцияның, бөлімшенің ені, м;

Bbl - жұқа қабатты блоктың ені, м;

Dsetтұндырғының диаметрі, м;

den – кіргізу құрылғысының диаметрі, м;

u0 – (9.14)-формула бойынша анықталатын ұсталатын бөлшектердің гидравликалық ірілігі, мм/сек;

vtb – тұндырғыдағы ағынның жылдамдығына vw, мм/с байланысты 9.8-кесте бойынша қабылданатын турбуленттік құраушы, мм/с;

Hbl – жұқа қабатты блоктың биіктігі, м;

hti – жұқа қабатты блок (модуль) қабатының биіктігі, м;

Kdis – 1 тең бедерлі пластиналар кезінде 1,2 тең жазық пластиналар кезінде қабылданатын бөлінген бөлшектерді көшіру коэффициенті.

9.2.4.9 Тұндырғылардың негізгі конструктивтік параметрлерін төмендегідей қабылдау қажет:

а) көлденең және радиалды тұндырғылар үшін:

- бастапқы суды кіргізу және тұндырғының кіргізу және ашықтандырылған суды жинау құрылғыларының ені (периметрі) бойынша тепе-тең жинау;

- бастапқыдағы тұндырғылар үшін бейтарап қабаттың биіктігін түбінен 0,3 м биік (тұндырғыдан шығатын жерде), екіншіліктегілер үшін 0,3 және тұнба қабатының тереңдігін 0,3 м бастап, 0,5 м дейін;

- тұнба жиналатын шұңқыр қабырғаларының көлбеу бұрышын 50°С бастап, 55°С дейін;

б) тік тұндырғылар үшін:

- оталық құбырдың ұзындығын тұндыру аймағының тереңдігімен бірдей тереңдікке;

- орталық құбырдағы жұмыс ағынының қозғалыс жылдамдығы 30 мм/с асырмай;

- құбырдың кеңейген жерінің диаметрі құбыр диаметрінің 1,35 тең болуы тиіс;

- шағылысу қалқасының диаметрі құбырдың кеңейген жерінің диаметрінің 1,3 тең болуы тиіс;

- шағылысу қалқасының конусносталу бұрышы 146 тең болуы тиіс;

- құбырдың кеңейген жері мен шағылысу қалқасының арасындағы жұмыс ағынының жылдамдығы бастапқыдағы тұндырғылар үшін 20 мм/с және екіншіліктегі тұндырғылар үшін 15 мм/с аспау тиіс;

- шағылысу қалқасының асты мен шөгінді деңгейінің арасындағы бейтарап қабаттың биіктігі 0,3 м тең болуы тиіс;

- конусты түбінің көлбеу бұрышы 50° бастап, 60 дейін;

в) ағыны азаятын-көбейетін тұндырғылар үшін:

- көбею аймағаның ауданына тең азаятын аймақтың ауданын;

- 2/3 Hset тең келетін бөліп тұрған аймақтың ортасын бөліп тұрған қалқаның биіктігін;

- қалқаның жоғарғы жиегінің деңгейі су деңгейінен 0,3 м биік, бірақ тұндырғының қабырғасынан биік емес;

- ортаны бөліп тұрған қалқаның ішіндегі ауыспалы қиманың үлестіру лотогы;

г) жұқа қабатты блоктары бар тұндырғылар үшін пластиналардың көлбеу бұрышы 45° бастап, 60° дейін.

Лотоктың бастапқы қимасын есептелген шығымның кемінде 0,5 м/с жылдамдықпен, түпкі қимада кемінде 0,1 м/с жылдамдықпен өткізілуіне есептеу қажет.

Су біркелкі таратылу үшін үлестіретін лотоктың су құйылатын аузының жиегін 0,5 м сайын үшбұрыш етіп жасау керек.

9.2.4.10 Тазалану дәрежесін арттыру немесе пайдаланылатын станциялардың жұмыс өнімділігін арттыру мүмкіншілігін қамтамасыз ету үшін қолданыстағы тұндырғылар (көлденең, радиалды, тік) жұқа қабатты элементтерден құрылған блоктармен толықтырылуы мүмкін.

Бұл жағдайда блоктарды су жиналатын лотоктың алдында су тұндырғыдан шығатын жерге орналастыру қажет.

9.2.4.11 Тұндыру кезінде бөлінетін шөгіндінің мөлшерін Qmud, м3/сағ келіп құятын судағы Cen қалқымалы заттардың концентрациясы мен ашықтандырылған судағы Cex қалқымалы заттардың концентрациясын ескере келе, анықтау қажет:


(9.21)

мұнда, qw – тоспа су шығымы, м3/сағ;

mud шөгіндінің ылғалдылығы, %;

mud – шөгіндінің тығыздығы, г/см3.

9.2.4.12 Түзілетін шөгіндінің көлемі мен оның тұндырғыда жиналатын жерінің сыйымдылығын ескере келе, шөгінді шығарылып тұратын уақыт аралығын анықтау қажет.

Гидростатикалық қысым астындағы шөгінді алынған уақытта бастапқыдағы тұндырғылар мен екіншіліктегі тұндырғылар шұңқырының сыйымдылығын биосүзгілерден кейін 2 тәуліктен аспайтын мерзім бұрын бөлінген шөгіндінің көлеміне тең келетіндей, екіншіліктегі тұндырғылар шұңқырының сыйымдылығын аэротенктерден кейін екі сағаттан аспайтын мерзім бұрын бөлінген шөгіндінің көлеміне тең келетіндей қарастыру қажет. Шөгінді механикалық жолмен кетірілген кезде оның бастапқыдағы тұндырғыларға жиналатын жерінің сыйымдылығын 8 сағаттан аспайтын уақыт ішінде тұнбаға түскен шөгіндінің мөлшеріне қарай алу қажет.

9.2.4.13 Түскен шөгіндінің шұңқырларға қарай механикалық тәсілмен немесе тиісінше еңкейтілген (50 асырмай) қабырғалармен жүріп өтуін қарастыру қажет.

9.2.4.14 Шөгіндінің шұңқырдан алынуын гидростатикалық қысым астында өздігінен ағып кететіндей, қалқымалы заттары көп сұйықтықты айдауға арналған сорғыларымен сорылатындай, гидроэлеваторлармен, эрлифтермен, шөміші бар элеваторлармен, грейфермен және т.б. қондырғылармен алынатындай қарастыру қажет.

Шөгінді тұрмыстық тоспа сулар құйылатын шұңқырлардан алынған кездегі гидростатикалық қысым төменде көрсетілгендерден кем болмауы тиіс:

- бастапқыдағы 15 кПа;

- екіншіліктегі 12 кПа биосүзгілерден кейін;

- аэротенктерден кейін 9 кПа.

Шөгіндіні алуға арналған құбырлардың диаметрі 200,0 мм аспауы тиіс.

9.2.4.15 Қалқып шығатын ластаушы заттарды су жиналатын құрылғының алдында ұстап қалу үшін жартылай батырылған қалқаларды және судың бетіне жиналған заттардың алып тасталуын қарастыру қажет.

Қалқа су деңгейінің астына түсірілетін тереңдік кем дегенде 0,3 м болуы тиіс.

Тұндырғы жиектемесінің су бетінен биіктігін 0,3 м деп алу қажет.

9.2.4.16 Су қабылдайтын лотоктар қабырғасы жұқа суағарлармен жабдықталған болуы тиіс. Суағардың лотокқа бекітілуі биіктігінің реттеліп отырылу мүмкіндігін қамтамасыз етуі тиіс. Суағардың жиектемесі тік немесе үшбұрыш болуы тиіс. Суағардың 1 м түсірілетін жүктеме 10 л/с аспауы тиіс.
9.2.5 Екі қабатты тұндырғылар мен ашықтандырушы-шіріткіштер
9.2.5.1 Негізделген жағдайда екі қабатты тұндырғылар мен ашықтандырушы-шіріткіштерді пайдалануға жол беріледі.

Екі қабатты тұндырғылардың бір қабатты немесе қосарласқан түрін қарастыру қажет. Қосарласқан тұндырғыларда шөгінді жиналатын науалардағы тоспа сулардың қозғалыс бағытының өзгеру мүмкіншілігін қамтамасыз ету қажет.

9.2.5.2 Қосарласқан тұндырғыларды 9.2.4.1 - 9.2.4.5, 9.2.4.11 - 9.2.4.16 сәйкес жобалау қажет. Бұл ретте төмендегілерді қабылдау қажет:

- шөгінді бетке қарай қалқып шығу үшін су айнасының бос бетін – жоспарда тұндырғы алаңының 20%;

-  шөгінді жиналатын жанындағы науалардың қабырғалары арасындағы ара-қашықтық – кемінде 0,5 м;

- шөгінді жиналатын жанындағы науалардағы қабырғалардың деңгейжиекке қарай көлбеуі – кемінде 50;

- қабырғалар бірін-бірі кемінде 0,15 м жауып тұруы тиіс;

- шөгінді жиналатын науаның тереңдігі 1,2 м бастап, 2,5 м дейін;

- шөгінді жиналатын науадағы саңылаудың ені 0,15 м тең болуы тиіс;

- науадағы саңылаудан бастап есептегенде бейтарап қабаттың септикалық камерадағы шөгіндінің деңгейіне дейінгі биіктігі 0,5 м тең болуы тиіс;

- септикалық камераның конусты түбінің көлбеуі – кемінде 30;

- алынатын шөгіндінің ылғалдылығы 90% тең болуы тиіс;

- шөгіндінің күлсіз затының ыдырауы 40% тең болуы тиіс;

- қалқымалы заттардың ұсталу тиімділігі 40% бастап, 50% дейін болуы тиіс.

9.2.5.3 Екі қабатты тұндырғылардың септикалық камерасының сыйымдылығын 9.9-кесте бойынша анықтау қажет.
9.9-кесте  - Екі қабатты тұндырғылардың септикалық камерасының сыйымдылық мәндері


Тоспа сулардың орташа жылдық температурасы, С


6,0

7,0

8,5

10,0

12,0

15,0

20,0

Септикалық камераның сыйымдылығы, л/адам-жылына

110,0

95,0

80,0

65,0

50,0

30,0

15,0

1-ЕСКЕРТУ  Екі қабатты тұндырғылардың септикалық камерасының сыйымдылығы оған тұнба аэротенктерден және көп жүктелетін биосүзгілерден толық тазалауға әперілген уақытта 70% және тұнба тұндырғылардан тамшылы биосүзгілер мен аэротенктерден бос емес тазалауға әперілгенде 30% көбейтілуі тиіс. Тұнба науадағы саңылаулардан төмен 0,5 м тереңдікте кіргізілуі тиіс.

2-ЕСКЕРТУ  Тоспа су сүзгілеу алаңына ашықтандыру үшін әперілген уақытта екі қабатты тұндырғылардың септикалық камерасының сыйымдылығын 20% асырмай азайтуға болады.


9.2.5.4 Ауаның орташа жылдық температурасы 3,5С дейін болғанда өткізу қабілеті 500 м3/тәул дейінгі екі қабатты тұндырғылар ауаның орташа жылдық температурасы 3,5С бастап, 6,0С дейін болғанда жылытылатын жайларға және өткізу қабілеті 100 м3/тәул дейін болғанда жылытылмайтын жайларға орналастырылуы тиіс.

9.2.5.5 Ашықтандырушы-шіріткіштерді концентрлік шіріткіштің ішіне орналастырылатын ашықтандырушы мен аэрациядан тұратын табиғи жинақталған құрылыс түрінде жобалау қажет.

9.2.5.6 Ашықтандырушыларды ішкі флокуляция камерасымен, үлестіретін ыдыс пен ашықтандырушыдағы су деңгейі әртүрлі болғандықтан, табиғи аэрацияланумен тік тұндырғылар түрінде жобалау қажет.

а) Ашықтандырушыларды жобалаған уақытта төмендегілерді қабылдау қажет:

- ашықтандырушының диаметрі - 9 м аспайды;

- үлестіретін ыдыс пен ашықтандырушыдағы су деңгейінің айырмашылығы – коммуникациялардағы арынның жоғалуының ескерілуісіз 0,6 м аспайды;

- ішінде 20 мин аспайтын уақыт тоспа сулар болатын кездегі флокуляция камерасының сыйымдылығы;

-  флокуляция камерасының тереңдігі 4 м бастап, 5 м дейін;

- тұндыру аймағындағы су қозғалысының жылдамдығы 0,8 мм/с бастап, 1,5 мм/с дейін;

- орталық құбырда 0,5 м/с бастап, 0,7 м/с дейін;

- орташа жылдамдықтың ескерілуімен флокуляция камерасының төменгі қимасының диаметрі 8 мм/с бастап, 10 мм/с дейін;

- флокуляция камерасының төменгі шеті мен тұнба жиналған бөліктегі шөгінді бетінің арасындағы ара-қашықтық – кемінде 0,6 м;

- ашықтандырушы түбінің көлбеуі – кемінде 50;

- қалқымалы заттар бойынша ластаушы заттар концентрациясының азаюы - 70% дейін және ОБТтол бойынша 15% дейін.

б) Өндірістік тоспа су шөгінділерінің салынуының тәуліктік дозасы тәжірибелік белгіленеді:

- ашықтандырушы қабырғалары сыртқы беті мен шіріткіш қабырғаларының ішкі бетінің енін – кемінде 0,7 м;

- түбінің көлбеуі – кемінде 30°;

- сыртқы қабықшаның гидромеханикалық әдіспен бүлінуі – шөгіндіні d қысыммен сақиналы құбырға сүйірмек арқылы 45 бұрышпен шөгіндінің бетіне әперу жолымен.

9.2.5.7 Шіріткіштің жобалаған уақытта төмендегілерді қабылдау қажет:

- шіріткіштің шөгіндінің ылғалдылығына және тоспа сулардың қыс мезгіліндегі орташа температурасына байланысты шөгінді жүктемесінің тәуліктік мөлшрлеме бойынша сыйымдылығы;

- шөгінді жүктемесінің тәуліктік мөлшерлемесін 9.10-кестеге сәйкес.


9.10-кесте  - Шөгінді жүктемесінің тәуліктік мөлшерлемесінің мәні


Тоспа сулардың немесе шөгіндінің орташа температурасы, С

6,0

7,0

8,5

10,0

12,0

15,0

20,0

Шөгінді жүктемесінің тәуліктік мөлшерлмесі, %

0,72

0,85

1,02

1,28

1,7

2,57

5,0

1-ЕСКЕРТУ Жүктеменің тәуліктік мөлшерлемесі шөгінді үшін 95% ылғалдылықпен көрсетілген. 95% басқа ылғалдылық кезінде Pmud, жүктеменің тәуліктік мөлшерлемесі кестедегі мәнді төмендегі ара-қатынасқа көбейту арқылы нақтыланады:




9.2.6 Септиктер
9.2.6.1 Тиісті негізделген жағдайда жер асты жағдайлары қолайлы болса, жер асты суларының деңгейі төмен болса, жер асты сулары мен су көздерінің ластанудан қорғалуы сенімді болса, климат жағдайлары қанағаттандыратын болса, тоспа суларды (суармалау алаңдарын, жер асты сүзгілеу алаңдарын, сүзгілейтін құдықтар мен траншеяларды, биологиялық тоғандарды, буландырғыш-тоғандарды және жинақтағыш-тоғандарды) объектілерден тазалаудың кәдімгі тәсілдерін қолдануға жол беріледі.

Алдын ала механикалық тазалау үшін 100 аспайтын ұқсас тұрғындарға қызмет көрсететін тоспа сулардың автономды тазалау жүйелерінде септиктерді қолдануға жол беріледі.

9.2.6.2 Септиктерді жер асты сүзгілеу алаңдарына, құм-гравий сүзгілерге, сүзгілейтін траншеялар мен сүзгілейтін құдықтарға келіп түсетін тоспа суларды механикалық тазалау үшін қолдану қажет.

9.2.6.3 Септиктің толық есептелген көлемін келесідей алу қажет: тоспа сулардың шығымы 5 м3/тәул дейін болса, кемінде 3,0 еселік тәуліктік құйылу, 5 м3/тәул артық шығым кезінде кемінде 2,5 еселік.

Септиктердің көрсетілген есептелген көлемін олардың жылына кемінде бір рет тазалану жағдайына байланысты қабылдау қажет. Тоспа сулардың қыс мезгіліндегі орташа температурасы 10С жоғары немесе бір тұрғынға келетін 150 л/тәул артық су бұру қалыпты болған жағдайда септик толық есептелген көлемін 15% батсап, 20 % дейін азайтуға жол беріледі.

9.2.6.4 Тоспа сулардың шығымына байланысты:

- тоспа сулардың шығымы 1 м3/тәул болғанда бір камералы септиктерді;

- тоспа сулардың шығымы 10 м3/ тәул болғанда екі камералы септиктерді;

- тоспа сулардың шығымы 10 м3/ тәул болғанда үш камералы септиктерді қарастыру қажет.

9.2.6.5 Бірінші камераның көлемін есептелген көлемге байланысты қабылдау қажет:

- екі камералы септиктерде 75%;

- үш камералы септиктерде 50%.

Бұл ретте екінші және үшінші камералардың көлемін есептелген көлемнің 25% алу қажет.

Бетон сақиналардан орындалатын септиктерде барлық камералардың көлемін теңдей алу қажет. Мұндай септиктерде жұмыс өнімділігі 5 м3/тәул артық болған жағдайда камераларды бөліктерге бөлмей қарастыру қажет.

9.2.6.6 Септиктен шығатын тоспа суларды зарарсыздандыру қажет болған жағдайда көлемін жоспарда кем дегенде 0,75 м х 1,0 м деп алу керек болатын жанаспа камера қарастыру қажет.

9.2.6.7 Ғимараттардан шығатын шығарулары қарайтын құдықтар арқылы септиктерге жалғануы тиіс.

9.2.6.8 Жеткізуші құбырдың лотогы септиктегі сұйықтықтың есептелген деңгейінен кем дегенде 0,05 м жоғары орналасуы тиіс. Жүзіп жүретін заттарды ұстап қалатын құрылғылар мен табиғи желдетілуді қарастыру қажет.


Каталог: data -> files
files -> Инструкция по обеззараживанию питьевой воды и очищенных сточных вод
files -> Сјулет, ќала ќўрылысы жјне ќўрылыс саласындаєы мемлекеттiк нормативтік ќўжаттар
files -> О напиткеФакт об Алое ВераВсе об Алое ВераОсобенности напиткаСодержит витамины«Чудо-растение»Интересно, что…Контактные данные
files -> Aloe vera (алоэ вера) – желеобразное вещество, находящееся в листьях растения Алоэ Вера, произрастающего в засушливых районах Африки, Азии, Гавайев, Флориды и Южной Калифорнии
files -> Утверждены
files -> ҚҰрылыстық нормалар және ережелер
files -> ДиаДерм Крем Регенерирующий


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   22




©kzref.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет