Рысбеков Туякбай Зеитович: биобиблиографический указатель



жүктеу 1.57 Mb.
бет1/11
Дата29.04.2019
өлшемі1.57 Mb.
түріУказатель
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті

Ғылыми кітапхана
Министерство образования и науки РК

Западно-Казахстанский государственный университет им М. Утемисова

Научная библиотека

ТҰЯҚБАЙ ЗЕЙІТҰЛЫ
РЫСБЕКОВ

Орал - Уральск, 2017




ББК 91.9:63

Р 95

УДК 016:929
Рысбеков Тұяқбай Зейітұлы: биобиблиографиялық көрсеткіш. - Орал: М. Өтемісов ат. БҚМУ РБО, 2017. - 121 б.

Ұсынылып отырған биобиблиографиялық көрсеткіш – тарих ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан жоғары мектептері академиясының Академігі, ҚР әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар академиясының, Балтық педагогикалық академиясының, Халықаралық жоғары мектеп ғылым академиясының академигі (Мәскеу), Академияның Батыс Қазақстан бөлімшесінің төрағасы және академик хатшысы, халықаралық Еуразия қозғалысы Жоғары Кеңесінің мүшесі Тұяқбай Зейітұлы Рысбековке арналады.

Библиографияға ғалымның өмірі мен шығармашылық қызметін сипаттайтын мәліметтер, оның еңбектері мен ол туралы жазылған дүниелер 6 қыркүйек 2017 жылғы көрсеткіш материалдарында хронологиялық әріптермен енгізілген.

Көрсеткіш ғаламдарға, ізденушілерге, студенттерге, оқытушыларға, көзі қырақты көпшілік оқырман қауымға арналады.




Рысбеков Туякбай Зеитович: биобиблиографический указатель. -Уральск: РИЦ ЗКГУ им. М.Утемисова, 2017.- 121 с.

Предлагаемый биобиблиографический указатель посвящен доктору исторических наук, профессору, академику Академии гуманитарных и социальных наук РК, Балтийской педагогической академии (СПб), Международной академии науки Высшей школы (Москва), академику-секретарю и председателю Западно-Казахстанского отделения академии, члену Высшего Совета международного Евразийского движения Туякбаю Зеитовичу Рысбекову.

В указатель включены материалы, характеризующие жизнь и творческую деятельность ученого, перечень его публикаций и материалы о нем, охваченные по 6 сентября 2017 года. Материалы расположены в хронологическом порядке.

Указатель предназначен для студентов, преподавателей, научных работников и широкого круга читателей.



ББК 91.9:63

Ó М.Өтемісов атындағы БҚМУ Баспа орталығы, 2017


Тұңғиық тарихтың тамыршысы
Ғалым Тұяқбай Рысбеков туралы толғаныс
Ата-бабалар қалыптастырған қасиетті әдет-ғұрыптармен, салт-дәстүрлермен өмір сүрген өнегелі отбасыларды халқымыз текті әулеттер қатарында бағалаған. Бұл орайда, 1947 жылдың 25 шілдесі күні дүниеге келген перзентіне Тұяқбай деп ат қойган Зейіт пен Дәнеқыз ананың осы сөзге лайық болмағы даусыз. Жамбыл облысы, Талас ауданының Ақжол ауылындағы және сол өңірдегі ағайындарға кеңінен танымал Рысбек әулетінің өнегелі отбасында жалғыз перзент Тұяқбайдың жастайынан дүниеге келген - адамгершілік-имандылық қасиеттермен қалыптасып өсуіне ықпал еткені хақ.

Оның балалық, жасөспірімдік шағы - киелі Әулиеата атырабының тарихи өңірі - Талас ауданы Ақкөл ауылының көркем табиғаты аясында өтті. Арындап ағатын Талас өзенінің кейде таситындығы, кейде шымырлап ағатыны бала Тұяқбайдың жандүниесіне айрықша әсер беретінді. Сонымен бірге, бірде Қаратаудың басын бұлт тұмшаласа, бірде көкпен ұштасқан шыңдарын ақ қар, көк мұз көмкерген көгілдір нұрға оранған келбетімен балалық қиялын өрістететін. Тұяқбайдың балалық, бозбалалық шағы өткен Қарт Қаратаудың қия беткейлері, жоталары да, Таластың арынды ағысы да болашақ әлемге шақыратын.

АЛҒАШҚЫ ҚАДАМ

Жалпы адамзат, оның ішінде қазақ халқын орны толмас қайғыға, қасіретке, шы- ғынға ұшыратқан соғыстан кейінгі жаңа буын ұрпақ өртеңнен өркендеген өскіндер- дей тұрмыстың барлық салаларында қарқынды екпінмен еңбек етті. Сондай өрендердің бірі - Тұяқбай білім алу сапарының алғашқы кезеңінде орталау мектепті үздік бітіріп, одан кейін Жамбыл (қазіргі Тараз) қаласын- дағы Абай атындағы педагогикалық учили- щеде арнаулы орта білім алды.

Тараз қаласында білім алған жылдарында жасөспірім Тұяқбайдың туған халқының көпғасырлық тарихын жан-жақты тануға, зерттеуге-зерделеуге деген құштарлығы қалыптаса бастады. Осы жердегі Тектұрмас әулие- баба, Қарахан баба, Айша Бибі, Бабаджа-Хатунның және т.б. ондаған қасиетті тарихи кесенелердің ұлағатын сезіне түсті. Педагогикалық училищеде оқып жүрген жылдарында оқу орнындағы «Мұғалім» атты қабырға газетінің редакторы болып, әралуан тақырыптарға мақалалар жазуға машықтанды. Оған курс жетекшісі Майра Ыбыраева ұстазының ықпалы мол болды. Кейін сол ұлағатты ұстазы көрнекті жазушы Әзілхан Нұршайықовтың «Махаббат, қызық мол жылдар» романындағы әдеби кейіпкердің түптұлғасы (прототипі) екенін білді. Педагогикалық училищеде білім алған жылдары ұлағатты ұстаз- дарының ұйымдастыруымен қазақтың көрнекті ғалымдарымен ғылыми-танымдық мәні зор дидарласулар жиі өткізілетін. Ізденіске құштар Тұяқбай сынды жастардың болашаққа бағдар түзеуінде аталған оқу орнына келген көрнекті тұлға Төлеген Тәжібаевтың дәрістері айтарлықтай әсер етті. Соны- мен бірге, қазақ тіл біліміндегі көрнекті ғалымдардың бірі Мәулен Балақаевтың да арнайы өткізген сұхбат-дәрістері жас Тұяқбайға зор әсерін тигізді.

Тұяқбай Зейітұлының тағдырында С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік (қазіргі Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық) университетінің тарих факультетінде (1966-1970 жж.) оқыған жылдары елеулі орын алады.

Танымал ғалым-ұстаздар, профессорлар (С.М. Кенжебаев, Х.А. Арғынбаев, С.Ж. Жантуаров, Н.Н. Дауылбаев, т.б.) оқыған дәрістерден, семинар сабақтарынан мол тағылым алды. Ғалым - ұстаздардың жетекшілігімен студенттердің дәстүрлі конференцияларында баяндамалар жасап, ғылыми-зерттеу ізденістеріне бағдар түзеді, еңбектері ғылыми басылымдарда, баспасөзде жариялана бастады.

Әсіресе студенттердің «Жеті муза» қоғамы ұйымдастырған шығармашыльщ кездесулерге, студенттердің өздері ұйымдастырған «Аққу» ансамблі, оқу орнындағы театр студиясының шығармашылық іс-шараларына белсене араласты. Бір ғажабы, драматургтер Қ. Байсейітов пен Қ. Шанғытбаевтың «Беу, қыздар-ай!» пьесасының М.О. Әуезов атындағы академиялық драма театры сахнасында қойылуында студент Тұяқбайдың доцент Қасен бейнесін сахналауы да жастық шағындағы үлкен істерді игеруге ұмтылған өршіл ойының көрсеткіші еді.

1971 жылы кәсіби тарихшы мамандығы бойынша университетті үздік дипломмен бітірген жоғары білімді жас маман Тұяқбай өзімен бірге оқыған Баян Ғаббасқызымен көңілдері жарасып, оқу-ағарту министрлігінің жолдамасымен Орал қаласындағы педагогикалық институтта еңбек жыл- дарын бастады. Жоғары білімді жас мамандарды жылы шыраймен қарсы алған жоғары оқу орны ұжымының ыстық ықыласы да бұларды еңбек етуге құлшындыра түсті.

Тұяқбай 1973 жылы түлеп ұшқан университетіне қайта оралды, 1974 жылы тарихшы- ғалым Д. Дулатованың ғылыми жетекшілігі мен тарих мамандығы бойынша кандидаттық диссертациясын қорғады.

Көрнекті ұстаз-ғалымдар М.Қозыбаев, Н.Нұрпейісов, М.Асылбековті тәлімгерлік - тәрбиешілік, кеңесшілік ықпалымен сенімді еңбек қағидасын қалыптастырды. Тәуелсіз Қазақстан тарихының жаңа кезеңінде Тұяқбайдың жарық көрген 600-дей мақаласы, 6 көлемді монографиясы - отандық тарих ғы- лымының қорына мол үлес болып қосылды. 1977 жылы өзі еңбек жолын бастаған жоғары оқу орнына қайта оралып, доцент атағын иеленген оған институт басшылығы «Кеңес Одағы тарихы» кафедрасына басшылық етуді тапсырды. Сол кезеңдегі саяси-идеологиялық, мемлекеттік басқару жүйесі мен жоғары білім беру ғылыми-зерттеу жұмыстарының ықпалды, өзекті арнасы болып саналатын осы кафедраға 10 жыл абыроймен жетекшілік етті.

ОРАЛҒА ОРАЛУ

Орал педагогикалық институты ұжымының жалпы жиналысында тікелей ашық сайлау нәтижесімен Тұяқбай Зейітұлы осы байырғы жоғары оқу орнының ректоры болып сайланды (1991). Педагогикалық еңбек жолын бастаған және одан кейінгі қызметтерін де атқарып келе жатқан осы жоғары оқу орнының ректоры болған 18 жылдың ішінде ол жас ұрпақты оқытудың, тәрбиелеудің, ғылыми ізденістер жолына баулудың, көмектесудің үздік өнегесін таныта білді.

Жоғары оқу орындарының басшысы қызметтерін абыроймен атқара жүріп Тұяқбай Зейітұлы кәсіби тарихшы маман тұрғысындағы ғылыми еңбектер жазуын ешқашан тоқтатқан емес.

Орал пединститутында қызмет еткен жылдарында (1971-1996), кейін гуманитарлық университеттің (1996-2000), содан кейін М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің (2003-2011) ректоры қызметтеріндегі жылдарында Т.З.Рысбеков танымал педагог - ғалым болып қалыптасты.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік алған алғашқы жылдары Түркі халықтары мен мемлекеттерінің достастығы, туысқандығы және ынтымақтастығының І және ІІ конгресіне арнайы шақыртумен қатысып, (Түр- кия: Измир, 1993; Анкара, 1994), мазмұнды баяндамалар, пікір алысулар жасады.

ҒАЛЫМ ЖӘНЕ ӘЛЕМДІК МӘСЕЛЕЛЕР

Әлем халықтарының тарихына, өзара байланыстарына арналған өзекті мәселелердің талқылануы аясында ұлтаралық қатынастар мәдениетін қалыптастыруда өзінің ғылыми үлесін қосып келеді.

Жоғары оқу орнының көпжылдар бойы басшысы және білікті ғалым - ұстазы болған Тұяқбай Зейітұлы алыс, жақын шетелдердегі жоғарғы білім беру жүйесін зерттеп үйрену мақсатында бірнеше шет мемлекеттерге арнайы іссапармен барды. Мысалы, АҚШ (Монтана), Ұлыбритания, Түркия (Измир, Анкара), Финляндия (Хельсинки), Алмания (Ганновер, Дюссельдорф), Моң- ғолия (Ұлан-Батор), Чехия (Прага), Италия (Болонья) елдерінде болды. Әлемдегі танымал университтердің білім беру жүйесіндегі пайдалы тәжірибелердің отандық оқу орындарында үйлесімді қолданылуының иннова- циялық технологиялары туралы да өзіндік ұсыныстарын оқу үдерісінде жүзеге асырды.

Атап айтқанда, үйренген тәжірибесі негізінде балаларға арнаулы білім беру мәселесін шешу мақсатында түлектері жаңа сауалнама (тест) сынынан жақсы нәтижеге жетіп, 100 пайыздық деңгейде жоғарғы оқу орындарына қабылданған дарынды балаларға арналған лицей - мектепті Батыс Қазақстан гуманитарлық университеті жанынан ашуды жүзеге асырды (1992 ж.). Сол лицей - мектептщ негізінде қазір БҚО әкімінің шешімімен Ломоносов атындағы Мәскеу университеті мен БҚМУ бірігіп, дарынды балаларға арналған физика-математика бағытындағы мектеп болып қайта құрылғаны да жаңашылдықтың жарқын үлесі екендігі анық.

2005 жылдан бастап ғалым - ұстаз басқаратын университет бакалавриаттың 50, магистратураның 24, РһD докторантураның 4 мамандығы бойынша дайындықты жүзеге асыра бастады, оның тиімділігі сапалы нәтижелерімен байқалып отыр. Сонымен бірге, 2008-2011 жылдар аралығында универси- теттің стратегиялық жоспарларына сәйкес 25 монография, 500-ге жуық мақалалар жарық көрді. Тарих, педагогика, филология, философия ғылымдарынан 36 кандидаттық және докторлық диссертация қорғалды, теориялық жаңалықтардың тәжірибелік тұрғыдағы қолданыстары да оқу-үдерісінде пайдалы ықпалын байқатып отыр.

Өзі басшылық еткен Махамбет Өтемісұлы атындағы БҚМУ рейтингтік зерттеулерге тұрақты қатысады. 2004 жылы көпсалалы университеттер арасында - 3, 2006 жылы - 4, 2007 жылы - 7, 2008-2011 жылдары 11 орындарға ие болды.

ҚАЙРАТКЕРЛІК ҚАСИЕТ

Өмір бойы жоғары оқу орнындағы ұстаздық және басшылық қызметтерін қатар атқарып келе жатқан Тұяқбай Зейітұлы Рысбеков сонымен бірге, республикамыздағы және Батыс Қазақстан облысы көлеміндегі қоғамдық істерге үлес қосушы қайраткерлік қызметімен де мәлім. Ол бірнеше рет Орал қалалық және БҚО Мәслихат депутаты болып сайланды (1994 жыл- дан 2016 жыл аралығында).

Ұстаз-ғалым Тұяқбай Зейітұлы - өнегелі отбасының отағасы, байтақ Отанының беделді, үлгілі азаматы. Жары - Баян Шынтемірова - тарих ғылымының докторы, саясаттану кафедрасының профессоры. Тәуелсіз Қазақстан Республикасының жаңа тарихындағы қайраткер-азаматтарымыздың қатарындағы Тұяқбай Зейітұлы Рысбеков - туған жерінен түлеп ұшып, бұл күндері байтақ Отанымызға және алыс, жақын шетелдерге танымал болып отырған ғалым - ұстаз азамат, қазақ ұлтының жаңа буын ұрпақтарына өзіндік ұлағатымен өнегелі тұлға.

Тәуелсіз Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласындағы «Ұлттық бірегейлікті сақтау» бөлімінде жаңа тарихымызда өмір сүріп отырған замандастарымызға ортақ ұлттық-отаншылдық басты ұстанымды атап көрсетті: «Әрине, туған жердің тарихын білген және оны мақтан еткен дұрыс. Бірақ одан да маңыздырақ мәселені - өзіңнің біртұтас ұлы ұлттың перзенті екеніңді әсте ұмытуға болмайды.

Біз әркім жеке басының қандай да бір іске қосқан үлесі мен кәсіби біліктілігіне қарап бағаланатын меритократиялық қоғам құрып жатырмыз».

Қазақ ұлты да ұлағатты перзенттерін ардақтай білу арқылы жаңа биіктерге көтерілетініне күмән келтірмейміз.



ҒАБИТ КЕНЖЕБАЕВ,

Абай атындагы ҚазҰПУ проректоры

ТҰЯҚБАЙ ЗЕЙТҰЛЫ РЫСБЕКОВТЫҢ ӨМІРІ МЕН ҒЫЛЫМИ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТІНІҢ НЕГІЗГІ БЕЛЕСТЕРІ
Рысбеков Тұякбай Зейітұлы 1947 жылдың 25 шілдедесінде Жамбыл облысының Талас ауданы Ақкөл ауылында дүниеге келген.

1961- 1965 жж. Абай атындағы Жамбыл педагогикалық училищесінде білім

алған


1965-1966 жж. Үш-Арал ОМ бастауыш сыныбының мұғалімі
1966-1971 жж. Еңбек Қызыл ту орденді С.М. Киров атындағы мемлекеттік

университетінің студенті



1971-1973 жж. А.С. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтының

тарих кафедрасының оқытушысы



1973-1974 жж. А.С. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтының

жалпы тарих кафедрасының аға оқытушысы



1974-1978 жж. Еңбек Қызыл ту орденді С.М. Киров атындағы мемлекеттік

университеттің тарих кафедрасының аспиранты



1977 ж. «Деятельность местных Советов Казахстана по руководству

культурно - просветительной работой в ауле и селе (1933 -

40 гг.)» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады
1978 ж. Тарих ғылымдарының кандидаты атағы берілді

1977-1979 жж. А.С. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтының

СССР тарихы кафедрасының аға оқытушысы



1979 ж. СССР тарихы кафедрасының доценты
1979-1987 жж. СССР тарихы кафедрасының меңгерушісі, доцент
1982 ж. Қазақ ССР Ағарту Министрлігінің Құрмет Грамотасы
1987 ж. «Еңбек ардагері» медалі берілді
1987-1990 жж. СССР және жалпы тарихы кафедрасының меңгерушісі,

доцент


1988-1991 жж. Тарих және педогогика факультетінің деканы

1990 ж. «Советы Казахстана в период упрочения и развития

Социализма (1938-1960 гг.)» тақырыбында докторлық

диссертация қорғады.
1991 ж. Тарих ғылымдарының докторы атағы берілді
1991-1996 ж. А.С. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтының

ректоры, профессор


1991 ж. «Қазақстан жоғары мектебі» журналының редакция

алқасының мүшесі


1992 ж. «Ы. Алтынсарин» медалімен марапатталды
1994-2016 жж. Орал қалалық және БҚО маслихат депутаты
1995 ж. «Гуманитарлық ғылымдар академиясының» Академигі

болып сайланды


1995 ж. «ҚР білім үздігі» төсбелгісі
1996 ж. «Қазақстан Республикасы әлеуметтік ғылымдар

академиясының» Академигі


1996 ж. «Қазақстан жоғары мектебі» журналының жеңімпазы

1996 ж. «Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген қайраткері»

атағы берілді


1996 ж. Балтика педагогикалық академиясының Академигі (Санкт-

Петербор)


1996-2000 жж. Батыс Қазақстан гуманитарлық университетінің ректоры
1996-2000 жж. Университет жанында 07.00.02 – Отандық тарих (ҚР тарихы)

мамандығы бойынша тарих ғылымының кандидат (кейін

докторлық) ғылым дәрежесін беретін диссертация

қорғалалатын К.14.44.04 Диссертациялық Кеңестің Төрағасы


1997 ж. «Қазақстан Білім-Ағарту Министрлігінің Құрмет Грамотасы»
1997 ж. «Әлеуметтік және педагогикалық ғылымдары

академиясының» Академигі (Мәскеу)


1997 ж. Халықаралық жоғары мектеп ғылым академиясының

Академигі (Мәскеу)


1997ж «Ақиқат» журналының лауреаты
1998 ж. Орал қаласының Құрметті Азаматы
1999 ж. Халықаралық ақпараттандыру Академиясының академигі

(Мәскеу)
2000-2002 жж. Батыс Қазақстан гуманитарлық университеттінің бірінші

проректоры, ҚР тарихы кафедрасының меңгерушісі
2001 ж. «Қазақстан Республикасы тәуелсіздігіне 10 жыл» медалі

2002 ж. Қазақстанның Жоғары мектеп Академиясының академигі
2002-2003 жж. Батыс Қазақстан облыстық маслихатының хатшысы
2003 ж. Петровский академиясының корреспондент мүшесі
2003–2011 жж. М. Өтемісов атындағы БҚМУ ректоры

2004 ж. «ҚР ғылымының дамуына қосқан үлесі үшін» медалі

2004 ж. Халықаралық Еуразия қозғалысы саяси советінің мүшесі
2004 ж. ЖОО Ассоциациясының «Үздік автор» атағы берілді
2004 ж. Петр Академиясының мүше-корреспонденті (Санкт-

Петербор)


2004 ж. «А. Байтұрсынов» медалі (күміс)

2005 ж. «SPI алтын медалі» Халықаралық өнеркәсіпке ықпал жасау

Ассоциациясы (Париж)


2005 ж. ҚР Білім және ғылым министрлігі ректорлары советінің

мүшесі
2005 ж. «Ақпараттық қоғамды дамытудағы қосқан үлесі үшін»

жоғары халықаралық орден иегері (Мәскеу)
2006 ж. «Қазақ тарихы» журналының редакциялық алқасының

мүшесі
2006 ж. «Европалық интеграцияның дамуына қосқан жеке үлесі

үшін» Халықаралық марапаты (Оксфорд, Ұлыбритания)
2006 ж. «Еуропа жоғарғы оқу орындары ректорлары клубының»

мүшесі
2006 ж. «Біріккен Еуропа» (Оксфорд) халықаралық наградасымен

марапатталды
2006 ж. «Ұлттық экономика көшбасшысы -2006» (Мәскеу) құрмет

белгісі берілді


2006 ж. «Нұр Отан» саяси партиясының бюро және совет мүшесі
2006 ж. «Парасат» ордені
2006-2009 жж. ҚР БжҒМ жанындағы диссертациялық жұмыстарды бекіту

бойынша Президиум мүшесі


2007 ж. ҚР спортының құрметті қызметкері
2007 ж. «ҚР Білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағына

сіңірген еңбегі үшін» медалі


2007 ж. «Білім беру ісінің құрметті қызметкері»
2007 ж. «International Professional» медалі, Интернационалдық

библиографиялық орталығы (Кембридж, Ұлыбритания)



2007 ж. «А. Байтұрсынов» медалі (алтын)
2007 ж. «Жоғары мектептің Халықаралық Ғылым Академиясы»

(МАН ВШ) Құрмет грамотасы (Мәскеу)


2007 ж. «Невада-Семипалатинск» Халықаралық антиядорлық

қозғалысының Құрмет Грамотасы (Мәскеу)


2007 ж. Халықаралық Евразия экономикалық Академиясының

Академигі


2008 ж. «Ғылыми зерттеу жұмысындағы ерекше еңбегі үшін»

Вильгельм Лейбниц медалі (Ганновер, Германия)


2008 ж. «Астананың 10 жылдығы» медалі
2009-2010 жж. Университет жанында 07.00.02 – Отандық тарих (ҚР тарихы)

мамандығы бойынша тарих ғылымының кандидат (кейін

докторлық) ғылым дәрежесін беретін диссертация

қорғалалатын К.14.44.04 Диссертациялық Кеңестің Төрағасы


2010 ж. «Ерекше еңбегі және ғылыми зерттеулері» ордені (Ганновер,

Германия)


2010 ж. Европалық Жаратылыстану ғылымының Академиясының

Академигі


2010 ж. Европа жоғары оқу орындарының ректорлар клубының

мүшесі
2011 ж. «ҚР тәуелсіздігіне 20 жыл» медалі берілді


2011 жылдан бастап М. Өтемісов ат. БҚМУ ректорының кеңесшісі
2013 ж. «Наполеон» медалі (Франция, Париж)
2013 ж. «Таңдаулы ғалым» Номинациясы жеңімпазы сертификаты

(Оксфорд, Ұлыбритания)


2014 ж. «ЖОО таңдаулы оқытушы – 2013» Грантының жеңімпазы

куәлігі мен медалі


2014 ж. «ҚР маслихаттарына 20 жыл» медалі
2014 ж. «Grand prix European De La Qualite» медалі (Женева,

Швейцария)


2015 ж. «Қазақ хандығының 550 жылдығы» юбилей медалі
2015 ж. Қазақстан ардагерлер қауымдастығының Бауыржан Момыш-

ұлының «Батыр шапағаты» медалі


2016 ж. ҚР Ұлттық Ғылым Академиясының құрметті мүшесі

(академигі)


2016 ж. «Мемлекет қайраткері М.Б.Ықсановтың 80 жылдығы»

юбилей медалі



ОСНОВНЫЕ ДАТЫ ЖИЗНИ НАУЧНО-ПЕДАГОГИЧЕСКОЙ И ТВОРЧЕСКОЙ ДЕЯТЕЛЬНОСТИ ТУЯКБАЯ ЗЕИТОВИЧА РЫСБЕКОВА
Рысбеков Туякбай Зеитович родился 25 июля 1947г. в с. Акколь Таласского района Жамбылской области.
1961- 1965 гг. Учащийся Джамбульского педагогического училища им. Абая
1965-1966 гг. Учитель начальных классов Уш-Аральской СШ
1966-1971 гг. Студент Казахского ордена Трудового Красного Знамени

государственного университета им. С.М. Кирова


1971-1973 гг. Преподаватель кафедры истории Уральского

педагогического института им. А.С. Пушкина


1973-1974 гг. Старший преподаватель кафедры Всеобщей истории

Уральского педагогического института им. А.С. Пушкина.


1974-1977 гг. Аспирант кафедры истории КазССР Каз. ордена Трудового

знамени госуниверситета им. С.М. Кирова


1977г. Защита кандидатской диссертации на тему: «Деятельность

местных Советов Казахстана по руководству культурно -

просветительной работой в ауле и селе (1933-40 гг.)»
1978 г. Присвоено ученое звание кандидата исторических наук

1977-1979 гг. Старший преподаватель кафедры истории СССР

Уральского педагогического института


1979г. Доцент кафедры истории СССР
1979-1987 гг. Зав. кафедрой истории СССР, доцент
1982 г. «Почетная грамота Министерства Просвещения КазССР»
1987-1990 гг. Зав. кафедрой истории СССР и всеобщей истории, доцент

1987 г. Награжден медалью «Ветеран труда»
1988-1991 гг. Декан факультета истории и педагогики
1990 г. Защита докторской диссертации на тему: «Советы

Казахстана в период упрочения и развития социализма

(1938-1960 гг.)»
1991 г. Присвоеное ученое звание доктора исторических наук
1991-1996гг. Ректор Уральского пединститута им А.С. Пушкина -

присвоено почетное звание Профессора



1991 г. Член редакционной коллегии журнала «Высшая школа

Казахстана»


1992 г. Медаль «Ы. Алтынсарина»
1994-2016 гг. Депутат Уральского городского и Западно-Казахстанского

областного маслихатов



1995 г. Избран академиком Академии гуманитарных наук РК

1995 г. «Отличник образования РК» нагрудной знак
1996 г. Избран академиком Академии социальных наук РК

1996 г. Победитель журнала «Высшая школа Казахстан»

1996г. Присвоено звание «Заслуженный работник РК»

1996 г. Академик Балтийской педагогической академии
1996-2000 гг. Ректор Западно-Казахстанского гуманитарного университета
1997 г. Лауреат журнала «Ақиқат»
1997 г. Избран академиком Академии социальных и педагогических

наук (Москва)


1997 г. «Почетная грамота Министерства Просвещения образования

Казахстана»


1997 г. Академик Международной Академии наук Высшей школы

(Москва)


1998 г. Почетный гражданин города Уральска

Каталог: images -> stories -> bibliograf ukaz
bibliograf ukaz -> Жеңіс сәті – тарихта өшпес із қалдырған айрықша оқиға, ұлы мейрам
bibliograf ukaz -> Құрастырушыдан
bibliograf ukaz -> Ғылыми кітапхана Қыдыршаев абат сатыбайұЛЫ
bibliograf ukaz -> Список научных трудов Шинтемировой Баян Габбасовны
bibliograf ukaz -> Ғылыми кітапхана Ақпараттық-библиографиялық бөлім
bibliograf ukaz -> Г. Ш. Хибашева ақпараттық
bibliograf ukaz -> Шарабасов Серікќали Єабдешўлы 946 жылы тамызда Батыс Ќазаќстан облысы, Жаѕаќала ауданында дїниеге келген


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет